- •3. Курс бойынша практикалық сабақтар кешені
- •3.1. Топырақ организмдерінің негізгі топтары
- •Топырақ үлгісін таңдау және оны микробиологиялық анализге дайындау
- •3.2. Топырақ микроорганизмдерін микроскопиялық зерттеу әдістері
- •Микроорганизм препараттарын дайындау үшін шыныға қатыру мен бояу әдістерінің негіздері
- •Тірі микроорганизмдерден препараттар дайындау әдістері
- •«Аспа тамшы» әдісімен препарат дайындау
- •3.3. Топырақ микроорганизмдерін зерттеудің экологиялық әдістері
- •Н.Г.Холодном әдісімен топырақтағы микроорганизмдердің әйнекте қаптап өсуін бақылау
- •3.4. Топырақ микроорганизмдерінің жекелеген топтарын зерттеу
- •3.5. Микроорганизм дақылдарын өсіретін орталар
- •3.6. Лабораториялық ыдыстар мен орталарды зарарсыздандыру әдістері
- •3.7. Топырақ микроорганизмдерін өсіру жағдайлары
- •Тығыз қоректік орталарға себудің техникасы
- •Төменгі сатыдағы өсімдіктердің жалпы сипаттамасы
- •Актиномицеттердің топырақта таралуы және ерекшеліктері
- •Ашытқылар
- •Топырақ балдырлары
- •Диатомды балдырлар - Bacillariophyta.
- •Сары-жасыл балдырлар - Xanthophyta
- •Балдырлар культурасын жасау
- •Топырақ организмдері және олардың топырақ құрылымына, құнарлығына әсері
- •3.9.Топырақта тіршілік ететін қарапайымдылар. Құрттар мен маллюскаларды анықтау әдісі
- •Топырақ микрооргганизмінің әртүрлілігін және сулы топырақ фаунасын зерттеу
- •Құраттар – Vermes
- •Маллюскалар
- •Сапрофиттер
- •3.10.Топырақтағы заттар айналымына топырақ микроорганизмдерінің қатысы
- •Микроорганизмдер көмегімен көміртек қосылыстарының өзгеріске ұшырауы
- •3.11.Топырақ микроорганизмдердің тіршілік қызметінің ерекшеліктері
- •Микроорганизмдердегі зат алмасу
- •Топырақтың со2 бөлу жылдамдығын анықтау
- •Микроорганизмдердің қоректену түрлері және типтері
- •Микроорганизмдердегі тыныс алу және ашу
- •Топырақтың полифенолоксидаза белсенділігін анықтау
- •3.12.Топырақтағы микроорганизмдердің физиологиялық топтары
- •Азотты заттардың микроорганизмдер көмегімен өзгеріске ұшырауы
- •Аэробты аммонификаторлардың жиналуын және белоктың ыдырау өнімдерін анықтау
- •Нитрификация
- •Денитрификация
- •Талдау сұрақтары:
- •Негізгі терминдер және олардың мәні
- •3.13.Топырақ микроорганизмінің атмосфера азотын сіңіруі (тұтуы)
- •Топырақта аэробты азотобактерді табу әдісі
- •Анаэробты спора түзуші бактерияларды анықтау
- •Симбиозды түрде тіршілік ететін азот сіңіруші түйнек бактериялары (Rhizobium)
- •Симбиозды түрде тіршілік ететін азот тұтушы бактерияларды анықтау
- •3.14.Топырақ түзілуіндегі бтологиялық процестер
- •Топырақтың биологиялық белсенділігі – топырақ құнарлығы тестерінің бірі
- •Топырақтың нитрификациялану активтігін анықтау
- •Қарашіріктің түзілуі және ыдырауы
- •Суда ерігіш қарашірікті анықтау/Кубель-Тиман әдісі/
- •Ризосфералық және тамыр айналасындағы микроорганизмдерді е.З.Теппер әдісімен зерттеу
- •Тыңайтқыштар мен ылғалдың топырақтағы микробиологиялық процестерге әсері
- •Топырақ – қоректік орта
- •Талдау сұрақтары:
- •Негізгі терминдер және олардың мәні
- •3.15.Топырақ биологиясының экологиялық және қолданбалы аспектілері
- •3.1. Топырақ организмдерінің негізгі топтары
- •3.2. Топырақ микроорганизмдерін микроскопиялық зерттеу әдістері
- •3.7. Топырақ микроорганизмдерін өсіру жағдайлары
- •3.8.Төменгі сатыдағы өсімдіктердің жалпы сипаттамасы
- •3.9.Топырақта тіршілік ететін қарапайымдылар. Құрттар мен маллюскаларды анықтау әдісі
- •3.11.Топырақ микроорганизмдердің тіршілік қызметінің ерекшеліктері
Талдау сұрақтары:
Қарашіріктің құрылуы немесе түзілуіндегі микроорганизмдердің ролі қандай?
Қарашіріктің минерализациялануы қалай жүреді?
Қарашіріктің құрамы неден тұрады?
Зимогенді, афтохтонды микроорганизмдер қызметі қандай?
Азоттың топырақтағы маңызы қандай?
Биосферадағы азот айналымы қалай жүреді?
Азотты қосылыстарды трансформациялайтын микроорганизмдерді ата
Қарашіріктің түзілуіндегі экологиялық бағыттың мәні неде?
Жеңіл гидролизденетін азотты анықтау не үшін қажет?
Топырақтағы автохтонды микроорганизмдердің қызметі қандай?
Гумус заттарын ыдырататын микроорганизмдер қалай аталады?
Топырақ құнарындағы қарашіріктің мәні неде?
Ризосфера микроорганизмдерінің қызметі қандай?
Ризосфера микроорганизмін зерттеуді қалай жүргізеді?
Топырақтағы микроорганизмдердің өзара қарым-қатынасының маңызы қандай?
Биотикалық қауымдастықты қалай түсігесіз?
Топырақты өңдегенде қалай микроорганизмнің тіршілігі жанданады?
Топырақ қыртысын аудара жырту мен аудармай жыртудың микробиологиялық процесстерге әсері қандай?
Өңделген жерде микроорганизмдер тіршілігінің қарқынды жүру себебі неліктен?
Әртүрлі топырақ типтеріне қарай микроорганизмдердің сандары мен түрлерінің әртүрлі болу себебі неліктен?
Топыраққа әк төгудің қандай маңызы бар?
Ингибиторларды пайдаланғанда топырақта қандай процестердің жүруі тездейді?
Минерал тыңайтқыштарды ұзақ жылдар пайдалану зиянды дейміз. Неге?
Топырақты биологиялық жолмен жақсартуды қалай түсінесіз?
Негізгі терминдер және олардың мәні
Пестицидтер – ауыл шаруашылық өсімдіктерін зиянкестерден сақтауда қолданылатын химиялық заттар.
Гербицидтер – арам шөптерді жоюға қолданылатын препараттар.
Фунгицидтер – өсімдіктерді ауру қоздырушы саңырауқұлақтардан қорғауға қолданылатын препараттар.
Симбиоз – екі қауымдастықтағы организмдердің бірлесіп тіршілік етуі.
Протокоперация – екі түрге де пайдалы, бірігіп субстратты ыдыратады, бірақ бірігіп тіршілік етуі шартты емес.
Метабиоз – микроорганизмдердің бір түрі екінші бір түрінен кейін тіршілік ете алмайды.
Литосфера – топырақтың қатты бөлігі.
Геобионттар – топырақта тұрақты тірішілік ететін организмдер.
Геоксендер – топырақта уақытша өмір сүретін организмдер.
Геофильдер – тіршілігінің бір кезеңін топырақта өткізетін организмдер.
Колиндер – өсімдіктер бойынан сыртқы ортаға бөлініп шыққан әр түрлі заттар.
3.15.Топырақ биологиясының экологиялық және қолданбалы аспектілері
Экожүйенің тірі бөлігі мен қоршаған орта арасындағы өзара әрекеттесулер жүйесін және жеке популяциялармен биотикалық қауысдастықтың арасындағы байланыстарды топырақ биологиясының экологиялық аспектілері қарастырады. Ол мәселелердің алдында экологиялық концепциялар мен түсініктерді білу қажет.
Экология – барлық тірі организм мен олардың популяциясынан бастап бүкіл биосфераның байланысын, қарым-қатынасын, тіршілік ету заңдылықтарын зерттейтін экожүйенің құрылымы мен қызметі туралы ғылым.
Кейінгі жылдары жаһандық(глобальды) экология қарқынды дамуды. Бүкіл әлемдік экологиялық зерттеулерде топыақ биологиясының, оның ішінде топырақ микроорганизмдерінің жер бетіндегі газ қабатының пайда болуы мен құрамын сақтауға қатысты қызметі маңызды мәселе болып қарастырылып отыр.
Экологияның негізгі принципі – табиғат құбылыстарының пайда болуын, тіршілік ету жағдайларын жүйелі түрде оқыту.
-Жүйе – өзара әрекеттесуші және өзара байланысты компоненттердің реттеліп біріккен қызметтерінің бүтін жиынтығы.
-Популяция – бір түрге жататын, экологиялық қызметтері бірдей кеңістікте белгілі орындары бар особтардың жиынтығы. Белгілі аймақтағы популяциялар топтары биотикалық топтастықты құрады.
-Биогеоценоз – бұл жер бетіндегі табиғи денелердің, құбылыстардың (атмосфера, тау жынысы, өсімдік, жануарлар дүниесі және микроорганизмдер, топырақ, су) жиынтығы. Осы денелердің және олардың компоненттерінің арасындағы болған ерекше өзара қарым-қатынас, зат және энергия алмасулармен өзіне тән ішкі қайшылықтары бар, үнемі жылжуда, дамуда болатын заттардың бірлігі (Сукачев,1940).
Биогеоценоз тірі және тірі емес бөліктен, яғни биоценоз бен биотоптан тұратын күрделі биокосты жүйе, оған табиғаттағы тірі организмдер кешені мен өлі компоненттер кіреді. Онымен биогеоценология ғылымы айналысады. Жер беті биоценозын өсімдік түрлерімен анықтауға болады. Мысалы, орман, шалғынды шөп немесе батпақты жер. Ал, экожүйенің түсінігін су тамшысын, өсімдік жапырағын ондағы микроорганизмдермен қосып айту керек. Биотикалық қауымдастық құрамына кіретін әрбір популяцияның биогеоценозда алатын белгілі орны бар. Ол – тамақтанатын орны және экологиялық қуыс. Тамақтанатын орны – популяцияның тіршілігі мен қызметін, тұратын жерін байқатады.
-Экологиялық қуыс – бұл популяциялардың биогеоценоздағы қызметімен бірге экологиялық маманданған кәсібін көрсетеді. Экологиялық қуыстың биотоптық, трофикалық және көп факторлық проекциясы болады. Орта жағдайына қарай концепциялары көшуі жүреді. Популяцияның өсіп-өнуіне, белсенділігіне әсер тетін жағдай – фактор болып табылады. Популяция осы орта факторларына бейімделіп тіршілік етеді. Популяциялардың бейімделген өзгерістерінің нәтижесінде популяцияларда тұрақты және жаңа қасиеттер шығады, ал бұнда жаңа түрдің пайда болу негізі жатыр. Осылайша популяция эволюция процестерінде факторлар әсерінен дамиды, өзгереді. Факторлардың минимум және максимум шекке жетуі организмдердің дамуын тежейді, мұны лимиттік факторлар деп атайды. Популяциялық экология немесе демэкология организмдердің қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын және попцляциялардың арасындағы қарым-қатынасты популяциялық деңгейде зерттейді.
Экологиялық қауымдастық немесе минэкология топтастықтардағы әрбір мүшелердің қатынасын, топтастық құрылымын, гомеостаз бен сукцессия заңдылықтарын зерттейді.
Топтастық гомеостазы дегеніміз – биологиялық және биологиялық емес факторлар әсерінен стресс шығу кезінде өзінің тұрақтылығын сақтау қабілеті.
Бір популяция алға жылжуынан қарама-қарсы популяция басқа популяцияны орнынан қозғайды, бірінші алмасқан түр биологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіреді. Топтастықты түрлердің әртүрлілігі жоғары болған сайын, госеостаз да жоғары дәрежеде болатынын сипаттайды. Жас экожүйеде түрлер саны көп емес, басыңқы түр тез көрінеді, ал қалыптасқан, жетілген экожүйеде басыңқы түр әрең көрінеді, байқалады. Уақыт барысында топтастық компоненттерінің өзарасында және биотикалық ортаның әсеру нәтижесінде топтастық өзгеріске ұшырап отырады. Бұл процесс сукцессия деп аталады. Сукцессияның жүруі сыртқы және ішкі қарым-қатынасқа, қауымдастыққа әсер ететін факторлар дәрежелерінің деңгейіне байланысты болады. Популяцияның түр өзгерісі мен орта жағдайының өзгерісі параллельді жүріп отырады.
Сукцессия бүкіл биоценозға немесе оның бөліктерінде жүруі мүмкін. Топырақ – жер бетіндегі бүкіл биогеоценоздың негізгі компоненті және сол жүйеде басқа компоненттердің қызметін байланыстырушы.
Талдау сұрақтары:
Топырақ биологиясының экологиялық аспектілерін қалай түсінесіздер?
Биоценоз, биогеоценоз дегеніміз не?
Популяция, экологиялық қуыс, экожүйе ұғымдарына түсінің беріңіз.
Гомеостаз, сукцассия процестерінің маңызы не?
Әдебиеттер:
Бабьева И.П., Зенова Г.М. Биология почв.- Москва, МГУ, 1989.
Мишустин Е.Н., Емцов Б.Т. Микробиология.- М., Агропромиздат, 1987.
Құлдыбаев М.М. Ауыл шаруашылық микробиологиясы.-Алматы,Білім, 1994.
Ежов Г.И. Руководство к практическим занятиям по сельскохозяйственной микробиологии.-М. Высшая школа, 1981.
Дарқанбаев Т.Б., Шоқанов Н.Қ. Микробиология және вирусология негіздері.-Алматы, Мектеп, 1982.
Құлдыбав М.М., Шоқанов Н.Қ. Микробиология пәнінің практикалық сабақтары. Алматы,Білім. 1995.
Лабинския А.С. Микробиология с техникой микробиологических исследований.-М,Медицина, 1987.
Теппер Е.З., Шильников Б.К., Переверзева Г.И. Практикум по микробиологии.-М., Агропромиздат, 1987.
Сағымбаев Г.К. Экология и экономика.-Алматы, Қаржы-Қаражат, 1997.
Шилов И.А. Практикум по экологии наземных позвоночных животных.-М.,Высшая школа, 1961.
Звягенцива Д.Г., Асеева И.В., Бабьева И.П., Мирчик Т.Г. Методы почвенной микробиологии и биохимми.-М.,Изд-во. Моск.Ун-та,1980.
