Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алтынай апай.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
24 Мб
Скачать
☆

3.7. Топырақ микроорганизмдерін өсіру жағдайлары

Тығыз қоректік орталарға себілген микроорганизмдерді өсіру үшін белгілі температурада ұстау қажет. Әр түрлі микроорганизмдердің өсуі үшін қолайлы температуралар әр түрлі болады. Мысалы, 2-200С арасында жақсы дамитын организмдер бар. Оларды психрофильді организмдер деп атайды. Микроорганизмдердің көпшілігі мезофильді, олар үшін қолайлы орта температурасы +25, +350С. Ал ерекше жылуды жақсы көретін топ-термофильдер. Олардың өсуі үшін қолайлы температура 50-600С және одан да жоғары. Лабораторияларда микроорганизмдерді өсіруге арнайы шкаф – термостат қолданылады, онда тұрақты температура жылу электр реттегіш арқылы сақталып тұрады. Термостаттың 2 типі бар: ауа және су арқылы температураны сақтайтын.

Тығыз қоректік орталарға себудің техникасы

Мақсаты: Актиномицетті және саңырауқұлақтарды ҚАА мен Чапек орталарына себу арқылы өсіру және анықтау.

Құрал-жабдықтар мен материалдар: 10г топырақ үлгісі; ішіне 90мл стериальді су құйылған 250мл колба 1; 9мл стерильді су бар пробиркалар -6; 1мл-лік пипеткалар – 7; шынылы шпательдер -2; стерильді Петри табақшасы -8; әрқайсысы 500мл болатын ҚАА, Чапек орталары; пробиркаларға арналған штатив; су моншасы; микроскоп.

Жұмыс барысы: Сұйылтуды дайындау. 10г топырақ үлгісін 90мл стерильді суы бар колбаға салып, оны 3-5 минут аралығында бірыңғай сұйық болғанға дейін жақсылап шайқап, араластырамыз. Сәл тұғаннан кейін дайындалған топырақ суспензиясынан /1:10/ стерильді пипеткамен оның 1мл алып, келесі 9мл стерильді суы бар пробиркаға құямыз.Бұл сұйылтудың 1:10 дәрежесі. Бұл сұйылтудан дайындалған топырақ суспензиясын жаңа стерильді пипеткамен алар кезде, сұйықтықты мипетканың бойына 3-5рет өткізіп алған жөн. Содан кейін, осы пипеткамен сұйылтудан 1мл сұйықтық алып, оны келесі пробиркаға құяды. Бұл сұйылтудың 1:1000дәрежесі. Осылайша сұйылтудың одан әрі басқа дәрежесін дайындауға болады. Міндетті түрде әр сұйылтуға жаңа зарарсызданған пипетка қолданады. Осы қажетті сақтамаған жағдайда, алынған деректер қате болып шығады.

Петри табақшасындағы агао қосқан қоректік орталарға себу. Алдын-ала зарарсызданған, су моншасында балқытылған колбаға КАА және Чапек қоректік орталарынан Петри табақшаларының әрқайсысына 20-30 мл-ден құямыз. Табақшаларды агар қатқанша горизонтальды жағдайда ұстаймыз/10-15минут/. Сұйылтудың кезекті бір дәрежесін Петри табақшаарында сепкенде зерттелетін топырақтағы микроорганизмдердің сандарын шамамен білу қажет. Мысалы, актиномицеттер мен саңырауқұлақтарды анықтағанда әдетте сұйылтудың 1:102, 103, және 104 дәрежелерін қолданады. Себу материалдарының көлемі әр табақшаға шаққанда 0,1 мл. Осы сұйықтықты тығыздалған агар бетіне жақсылап зарарсызданған Дригаль шпателмен жағады. Себілген табақшаларды температурасы 28-300С болатын термостатқа қояды. Инкубация мерзімі 5-8 тәулік.

Микроорганизмдердің таза дақылдарын өсіру мен бөліп алу әдістері және оларды сақтау

Микроорганизмдердің таза дақылдары деп – бір клеткалардан өнген ұрпақты айтады. Таза дақылдарды бөліп алу мен олардың қасиеттерін зерттеу және ондағы физиологиялық, биохимиялық процестерді білу топырақты микробиологиялық зерттеудің маңызды тәсілдерінің бірі. Таза дақылды бөліп алу әдісі – микроорганизмдер қоспасынан жеке клеткаларды бөліп алуға негізделген. Бұл әдіс шартты түрде үш топқа блінеді:

  1. Қоректік ортадан жеке микроорганизм клеткаларын бір-бірінен ажыратып бөліп алуға негізделген топырақтан микрооранизмдерді бірінші репт бөліп алу кезінде пайдаланылатын әдіс.

  2. Микроскопттардың көмегімен және жәй көзге бақылау арқылы жеке клеткалар ажыратылады.

  3. Микроорганизмдердің биологиялық қасиеттерін мысалы: қозғалғыштығының температураға қатысын, антибиотиктерге төзімділігін анықтауға пайдаланатын әдістер.

Бірінші топқа сұйылту әдістері жатады, көбіне сұйық қоректік орталарда пайдаланылады. Бірінші пробиркаға құйылған топырақ суспензиясынан бір милилитрін екінші пробиркаға құйып, ары қарай соңғы пробиркада микроорганизмдердің бір клеткасы қалғаншы сұйылта береді. Осы бір клетка дамып таза дақыл алынады. Бірақ, бұл әдіс өте дәл болмағандықтан топырақ микробиологиясында таза дақылдарды бөліп алу мақсатында көп қолданбайды. Көбіне топырақ микроорганизмдерінің физиологиялық топтарына сандық есеп жүргізу үшін пайдалануға болады.

Петри табақшасына құйып, қатырылған тығыз қоректік орта бетіне топырақ суспензиясынан себу әдісін пайдаланғанда микроорганизмдер колонияларын бір-бірінен оқшау (араласпаған) жеке орналасқан түрінде алуға болады. Бұл әдісте де микроорганизмдердің таза дақылдарын ажыратып ала алмайды. Мысалы: тығыз қоректік ортаға себу кезінде әртүрлі микроорганизмдер клеткалары өте тығыз орналасып, бір колонияда дамуы мүмкін. Сондақтан микроорганизмдердің таза дақылдарын бөліп алғаннан кейін тағы да олардың тазалығын тексеру қажет. Ол үшін құрамы әртүрлі тығыз қоректік ортаға сеуіп колониялардың біріңғай өсу сипатын бақылауға алу керек.

Микроорганизмдердің таза дақылдары лабораторияларда сақталынады. Олардан микроорганизмдер коллекциялары жасалынады. Бұл жүздеп, мыңдап жиналған коллекциялардың микробиологиялық ғылымының дамуын үлкен маңызы бар. Коллекцияларды жинаудың мақсаты микроорганизмдер құрамындағы заттардың пайдалы қасиетін сақтау ұзақ уақыт бойы қиындық туғызумен келеді., сондықтан оларды сақтаудың үздік әдістері іздестірілуде.

Тірі дақылдарды коллекциялауда кең қолданылатын және ең бірінші қолданылған әдіс жаңадан дайындалған қоректік орталарға кезеңді түрде қайта жаңартып сеуіп отыру. Бұданда колеекциялардың саны, көлемі көбейіп одан ары қиындық туғызып отыр. Бұл процесті микроорганизмді қайта себі көп жүргендіктен олардың қасиетінің түбімен өзгеріп кетуіне әкеледі.

Сондықтан дақылдарды саутаудың әртүрлі әдістерін қарастырамыз. Мысалы:50С температурада агарлы қоректік ортада вазелин майын бірнеше қабат етіп, жағып мұздатылған күйінде сақтау. Спора түрінде құрғақ сақтау көп қолданылады. Кварц құмының ішінде де споралар жақсы сақталады.

Микроорганизм дақылдарының белгілері

Әр түрге жататын микроорганизмдердің таза дақылдары қоректік орталарда әртүрлі өседі. Кейбіреулері ортаның бетінде біркелкі тұстас өседі, кейбіреулері лайланады немесе түбіне тұнба боп түсіп, беті пленкамен қапталады. Микроорганизмдер тіршілік барысында шағарған өнімдер ортада әртүрлі түсті болып, иістер бөледі.

Микроорганизмдердің дақылдық белгілері колония құруына байланысты. Колония – бұл жәй көзбен көруге болатын, субстрат үстінде жиналған бір түрге жататын көп особтардың жиынтығы. Топырақ суспензиясынан сеуіп өсірген табақшалардағы колонияларды санап, микроорганизмдерге есептеу жүргізілетіні белгілі.

Сонда, бактерия колонияларын мына төмендегі белгілеріне қарай сипаттайды:

  1. Колонияның мөлшері (ірі колония диаметрі > 10мм, орташа 1-10мм, майда < 1мм).

  2. Кескіні (колония дөңес, конус тәрізді, жазық).

  3. Шеттері( тегіс, күрекше тәрізді, тісті, толқындалған).

  4. Жоғарысынан (бүдірсіз-тегіс, бүдірлі, қатпарлы, қыртысты, дөңгелек болып сызылған).

  5. Боялуы.

  6. Түсінің жылтырлығы және түссіздігі, мөлдірлігі.

  7. Консистенциясы (қамыр тәрізді, қою, шырышты, сұйық, жабысқақ, қатты), консистенциясын колонияға ілмешекті тигізіп көріп байқайды.

  8. Микроскоп арқылы қарағандағы колония түрі (дән тәрізді, бірыңғай, бөлшектенген), колония формасын жақсы көру үшін суреттік аспап (рисовальный аппарат) арқала қарайды.

Петри табақшасындағы микроорганизмдер колонияларын санау

Бұл үшін Петри табақшасын тушь немесе сиямен бірнеше секторға немесе сегментке бөледі. Егер қоректік орта мөлдір болса колонияларды табақша астынан түсіп тұратын жарық сәулесі арқылы санайды. Ал егерде орта мөлдір болмай шықса микроорганизмдер қолониясын агардың бет жағынан есептейді. Саналған колонияларды сиямен нүкте салу арқала белгілеп қояды. Өте майда колонияларды үлкейтетін шыны – лупамен санайды. Тиісті сұйылтудан себілген Петри табақшасындағы микроорганизмдер колониясын есептеп, табақшадағы колониялар санының орта көрсеткішін анықтайды, оны 1г құрғақ топыраққа шағады:

а = б Х в Х г / д

Бұнда а – 1г құрғақ топырақтағы микроорганизмдер клеткаларының саны; б – Петри табақшасындағы микроорганизмдер колониясының орта саны; в – тиісті сұйылту; г- пипеткадағы 1мл сұйықтықтағы тамшы саны; д – анализге алынған топырақ салмағы. Осымен қатар бұл анализ кезінде топырақ ылғалдығын анықтайды.

Талдау сұрақтары:

  1. Микроорганизмдерді қоректік орталарда өсірудің қандай қажеттілігі бар?

  2. Жетілген және жетілмеген саңырауқұлақтардың көбею жолы қандай?

  3. Ашытқы саңырауқұлақтардың капсула түзуінің тіршілікте қандай маңызы бар?

  4. Таза дақылдарды (культураны) бөліп алу қалай жүреді?

  5. Микроорганизмдер коллекциялары дегеніміз не?

  6. Бактерия колониялаларының негізгі белгілері қандай?

  7. Бактерияларды Грам оң және Грам теріс болу әдістерін қалай түсінесіз?

  8. Дифференциалды – диагностикалық орталар микроорганизмдердің қандай қасиеттерін зерттеуге арналған?

  9. Колонияларды қандай қасиеттерімен сипаттайды?