- •3. Курс бойынша практикалық сабақтар кешені
- •3.1. Топырақ организмдерінің негізгі топтары
- •Топырақ үлгісін таңдау және оны микробиологиялық анализге дайындау
- •3.2. Топырақ микроорганизмдерін микроскопиялық зерттеу әдістері
- •Микроорганизм препараттарын дайындау үшін шыныға қатыру мен бояу әдістерінің негіздері
- •Тірі микроорганизмдерден препараттар дайындау әдістері
- •«Аспа тамшы» әдісімен препарат дайындау
- •3.3. Топырақ микроорганизмдерін зерттеудің экологиялық әдістері
- •Н.Г.Холодном әдісімен топырақтағы микроорганизмдердің әйнекте қаптап өсуін бақылау
- •3.4. Топырақ микроорганизмдерінің жекелеген топтарын зерттеу
- •3.5. Микроорганизм дақылдарын өсіретін орталар
- •3.6. Лабораториялық ыдыстар мен орталарды зарарсыздандыру әдістері
- •3.7. Топырақ микроорганизмдерін өсіру жағдайлары
- •Тығыз қоректік орталарға себудің техникасы
- •Төменгі сатыдағы өсімдіктердің жалпы сипаттамасы
- •Актиномицеттердің топырақта таралуы және ерекшеліктері
- •Ашытқылар
- •Топырақ балдырлары
- •Диатомды балдырлар - Bacillariophyta.
- •Сары-жасыл балдырлар - Xanthophyta
- •Балдырлар культурасын жасау
- •Топырақ организмдері және олардың топырақ құрылымына, құнарлығына әсері
- •3.9.Топырақта тіршілік ететін қарапайымдылар. Құрттар мен маллюскаларды анықтау әдісі
- •Топырақ микрооргганизмінің әртүрлілігін және сулы топырақ фаунасын зерттеу
- •Құраттар – Vermes
- •Маллюскалар
- •Сапрофиттер
- •3.10.Топырақтағы заттар айналымына топырақ микроорганизмдерінің қатысы
- •Микроорганизмдер көмегімен көміртек қосылыстарының өзгеріске ұшырауы
- •3.11.Топырақ микроорганизмдердің тіршілік қызметінің ерекшеліктері
- •Микроорганизмдердегі зат алмасу
- •Топырақтың со2 бөлу жылдамдығын анықтау
- •Микроорганизмдердің қоректену түрлері және типтері
- •Микроорганизмдердегі тыныс алу және ашу
- •Топырақтың полифенолоксидаза белсенділігін анықтау
- •3.12.Топырақтағы микроорганизмдердің физиологиялық топтары
- •Азотты заттардың микроорганизмдер көмегімен өзгеріске ұшырауы
- •Аэробты аммонификаторлардың жиналуын және белоктың ыдырау өнімдерін анықтау
- •Нитрификация
- •Денитрификация
- •Талдау сұрақтары:
- •Негізгі терминдер және олардың мәні
- •3.13.Топырақ микроорганизмінің атмосфера азотын сіңіруі (тұтуы)
- •Топырақта аэробты азотобактерді табу әдісі
- •Анаэробты спора түзуші бактерияларды анықтау
- •Симбиозды түрде тіршілік ететін азот сіңіруші түйнек бактериялары (Rhizobium)
- •Симбиозды түрде тіршілік ететін азот тұтушы бактерияларды анықтау
- •3.14.Топырақ түзілуіндегі бтологиялық процестер
- •Топырақтың биологиялық белсенділігі – топырақ құнарлығы тестерінің бірі
- •Топырақтың нитрификациялану активтігін анықтау
- •Қарашіріктің түзілуі және ыдырауы
- •Суда ерігіш қарашірікті анықтау/Кубель-Тиман әдісі/
- •Ризосфералық және тамыр айналасындағы микроорганизмдерді е.З.Теппер әдісімен зерттеу
- •Тыңайтқыштар мен ылғалдың топырақтағы микробиологиялық процестерге әсері
- •Топырақ – қоректік орта
- •Талдау сұрақтары:
- •Негізгі терминдер және олардың мәні
- •3.15.Топырақ биологиясының экологиялық және қолданбалы аспектілері
- •3.1. Топырақ организмдерінің негізгі топтары
- •3.2. Топырақ микроорганизмдерін микроскопиялық зерттеу әдістері
- •3.7. Топырақ микроорганизмдерін өсіру жағдайлары
- •3.8.Төменгі сатыдағы өсімдіктердің жалпы сипаттамасы
- •3.9.Топырақта тіршілік ететін қарапайымдылар. Құрттар мен маллюскаларды анықтау әдісі
- •3.11.Топырақ микроорганизмдердің тіршілік қызметінің ерекшеліктері
Анаэробты спора түзуші бактерияларды анықтау
Мақсаты: Топырақта анаэробты спора түзуші Clostridium pasteurianum бактериясын микроскоппен көріп, түсін, иісін байқау.
Құрал-жабдықтар мен материалдар: Виноградский ортасы бар пробирка, микроскоп, зат шынысы, люголь ерітіндісі, пипетка, сүзгі қағаз.
Жұмыс барысы: топырақта азот сіңіруші анаэробты спора түзуші бактериялар кең таралған.
Clostridium pasteurianum бактериясын табу үшін Виноградский ортасы қолданылады.(г/л). Оның құрамы: Глюкоза -20, K2HPO4-0,1, MnSO4NaCl, FeSO4-орны бар MgSO4 -0,5, CaCO3- 20 дистелденген су.
Clostridium pasteurianum культурасын өсіріп алу үшін Виноградский қоректік ортасынан пробиркаға қалың етіп құйып, зерттелетін топырақ түйірлерін салып, 10мин 800С пастеризациялайды. 2-3 тәуліктен кейін орта лайланып, көпіршіктеніп газ бөлінеді. Бұл анэробты спора түзуші бактериялардың дамып, май қышылының ашу процесінің жүргенін көрсетеді. Мұнда глюкоза май қышқылына және көмір қышқыл газына ыдырап пробиркада көпіршік көбейіп, май қышқылы мен сірке қышқылының иісі пайда болады.
Clostridium pasteurianum клеткаларын микросокппен қарап табуға болады. Олар ірі таяқша тәрізді (2,5;7,5*01-1,0мн) перитрихалды жіпшелер арқылы қозғалғыш, спора түзетін клостридиумдар. Клостеридтердің клеткаларын бояуға да болады. Ол үшін клостеридтер бар сұйықтықтан бір тамшы зат шынысына тамызып жабынды шынымен жауып, шынының бір бүйірінен люгол ерітіндісінен пипеткамен тамызамыз, шының екінші жағынан сүзгі қағазбен тамшыларды сорғызып аламыз. Микроскоп арқылы қарағанда препаратра клостеридтер қара қошқыл күңгірттеу болып, ал спора клеткалары боялмай сұр түсті болып анық көрінеді.
Симбиозды түрде тіршілік ететін азот сіңіруші түйнек бактериялары (Rhizobium)
Түйнек бактериялары бұршақ тұқымдас өсімдіктермен (симбиозды) бірлесіп тіршілік етеді. Олар тамырдың айналасында түйнек түрінде пайда болған өсінділер. Олардың формасы, көлемі, өсімдік түрлеріне қарай әртүрлі. Мысалы, жоңышқада түйнек бактериялары өте майда, клеткалары сопақша. Бұршақта ірілеу, соя мен лобияда олардың диаметрі 1 см-ге дейін жетеі, дөңгелектеу болып келеді. Бұл әрбір бұршақ тұқымдас өсімдікте азотты сіңіретін түйнек бактериялары әртүрлі болатынын дәлелдейді. Мысалы, Rhizobium loguminosorum түрі бұршақ тамырының түйнегінде жасымын тамырында, мал азықтық бұршақ өсімдіктерінің тамыр түйнектерінде тіршілік етсе, Rh. Phaseoli- фасольда, Rh. Lupini –люпинде, Rh.Trifolli жоңышқа тамыр түйіршіктерінде болады.
Түйнек бактериялары – көп жіңішкелі (перитрихты) және бір жіпшелі (монотрихты) қозғалғыш, грамм теріс, майдатаяқша тәрізді болып келеді. Топырақта түйнек бактериялары коккалар түрінде тіршілік етеді. Олар топырақта кең тараған, бірақ оларды табу өте қиын, олар үшін элективті орталар жоқ. Оларды тек өсімдіктер арқылы бөліп алуға болады. Дәнді қоректік ортаға салып зарарсыздандырып, сосын зерттелетін топырақтан сепкенде 2-3 аптада түйнек пайда болса, ол топырақта бактериялары да табылады.
Симбиозды түрде тіршілік ететін азот тұтушы бактерияларды анықтау
Мақсаты: Өсімдік тамырларындағы түйнек бактерияларынан препарат жасап және оларды өсіріп микросокппен қарап көз жеткізу.
Құрал-жабдықтар мен материалдар: Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамыр жүйесі фиксацияланған түйнектер. Ботаникалық ұстара, фуксиннің сулы ерітіндісі, метилен көгі, заттық және жабынды әйнектер, пинцет, препарат жасайтын инелар, микроскоп, микробтологиялық ілмешектер, бұршақ агары құйылған Петри табақшасы, бюкстер, 0,1процентті сулема ерітіндісі, 96 процент спирт, зарарсыздандырылған дистилденген су, Дригаль шпателі, бұршақ агары құйылып, қиғаштап қатырылған пробиркалар.
Жұмыс барысы: Алдымен түйнек бактерияларынан препарат дайындалады. Ол үшін люпин, фасоль, жоңышқа өсімдіктерінің түйнектері пайдаланылады. Түйнек бактерияларын анықтау үшін өсімдік тамырындағы түйнектің ішінен шырынды сығып алып, заттық әйнекке бактериологиялық ілмешекпен кішкене іліп салып, бір тамшы су құйып, ептеп құрғатып метилен көгімен бояп, спирт шамының жалынында фиксациялайды. Әртүрлі бұршақ тұқымдас өсімдіктерден жасалған препараттарды микроскоп арқылы қарап, клеткаларын суретке салу керек. Түйнек бактериялары облигат анаэробтар, ептеп иілген таяқша клеткалар, қозғалғыш, спора түзбейді. Кейде бұтақталған ірі болады, кейбіреулері колба тәріздес бактеройдтар.
2.Түйнек бактерияларын жекелеп өсіру.
Бұл үшін бұршақ агары пайдаланылады, оған алдымен бұршақ қайнатпасын жасаймыз: 50г бұршақ тұқымдас өсімдікке ақ фасоль немесе ноқатқа 1л су құйып қабығы сыдырылғанша қайнатады(пісірмеу керек). Мақта сүзгіден өткізеді де қайтадан 1 л-ге жеткенше су құяды, үстіне 1процент қант, 0,05 мл 0,1проценттік К2НРО4 ерітіндісі, ортасы рН -7 болу үшін сода ерітіндісін қосамыз. Қаттыорта болу үшін оған 1,5-2 процент агар қосып, 1210С температурада 20 минут зарарсыздандыр. Осы ортаны Петри табақшасына құйып қатырады.
3.Түйнектерді өңдеу. Түйнектерді топырақтан тазартады да 0,1проценттік сулема ерітіндісіне 5минуттай салып алады. Содан соң оны жақсылап дистелденген сумен жуады да 96 проценттік спиртте бір минуттай ұстайды. Осыдан кейін тағы да жақсылап жуады. Осылай өңделген түйнектен ірілеу түйнекті алып, зарарсыздандыру ережесін сақтай отыра Петри табақшасына салып, пинцетпен жаншиды. Микробиологиялық ілмешекпен шырыннан кішкене алып, Петри табақшасындағы қатқан бұршақ агарының ортасына тамызады. Дригаль шпателімен жұғынды алып, келесі екі табақшадағы орта бетіне жұқтырады. Түйнек бактериялары себілген табақшаларды 25-280С температурасы бар термосттатқа қояды. Шапшаң өнетін түйнек бактериялары 4-5 күнде өсіп шығады, ал жәй өсетіндері 9-10 тәуліктен көріне бастайды.
Өсіп шыққан колониялардан пробиркада қатырылған ортаға бактерияларды бөліп алуға болады. Колонияларды микроскоппен қарап суретін салады. Түйнек бактерияларының колониялары ақшыл, шырышталған болып келеді.
Талдау сұрақтары:
Топырақ микроорганизмінің физиологиялық топтарын ата.
Өсімдіктердің атмосфера азотымен қоректене алмауы неліктен?
Табиғатта азот айналымы қандай тізбектерден тұрады?
Аммонификация процесі дегеніміз не?
Негізгі терминдер және оның мәні:
Микориза – жоғары сатыдағы өсімдіктердің тамыры мен саңырауқұлақтардың арасындағы симбиоздық қарым-қатынасы.
Зимогенді – топырақтың беткі қабатындағы өсімдіктің массасын ыдырататын микроорганизмдер.
Автохтонды – топыраққа қарашірікті ыдыратуға қатысатын микроорганизмдер.
Ашу – азотсыз органикалық заттардың микроорганизмдердің әсерінен анаэробты жағдайда биохимиялық өзгеріске ұшырауы.
Ингибиторлар – топырақта өсімдіктің өсуін тежейтін заттар бөлетін микроорганизмдер.
Нитрификация – аммиактың азотты қышқылға, содан соң азот қышқылына дейін тотығуы (процесс екі сатыда жүреді).
Иммобилизация – азоттың топырақтан шайылып немесе ұшып кетуін болдырмай, топырақта сақталуын жүргізетін процесс.
Денитрификация топырақта жүретін процестердің нәтижесінде азот қосылысының әртүрлі азот тотықтарында одан молекулалық азотқа айналып топырақта азоттың жоғалуын тудыратын процесс.
Нитрагин – бұршақ тұқымдас өсімдіктің өнімділігін арттыру үшін олардың тұқымына жұқтыратын түйнек бактерияларынан даярлаған препарат.
Азотобактерин – ауыл шаруышылық өсімдіктерінің өнімін арттыратын белсенді азот тұтушы бактериялардан даярланатын тыңайтқыштар.
Азотфиксация немесе азотты сіңіру. Ауадағы күйіндегі молекулалық азотты биохимиялық жолмен организм өз бойына сіңіру, тұтуы. Бұл бұршақ тұқымдас өсімдіктермен бірлесіп тіршілік ететін түйнек бактерияларына және топырақта жеке тіршілік ететін азот тұтқыш микрооргаизмдерге тән қасиет.
Аммонификсация – азоттың органикалық формаларының аммиак азотына дейін ыдырау процесі(онда көміртегінің азотқа қатынасы 25:1-нан кем болады).
