Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алтынай апай.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
24 Мб
Скачать
☆

Топырақта аэробты азотобактерді табу әдісі

Мақсаты: Топырақта азотобактерді анықтау үшін азот сіңіруші бактериялардың культураларын өсіру.

Құрал-жабдықтар мен материалдфр: Эшби қоректік ортасы бар колбалар (100-150мл), шпатель, сүзгі қағаз, құнарлы топырақ, спирт шамы, микробиологиялық пробирка, пипеткалар, зат шынысы, пинцет, карболды фуксин, қара тущь, темір хлоридінің 10проценттік ерітіндісі, Агарлы Эшби құйылған орта.Петри табақшасы, су моншасы, ұшы ұзартылған шыны таяқша, сағат шынысы, дистилденген су.

Жұмыс барысы: Бос күйінде тіршілік ететін азот тұтушы бактериялардың культурасын өсіруге Эшби қоректік ортасы қолданылады (қоректік орта құрамы:1литр дистелденген суға 1г есебінен).

K2HPO4-0,2, MgSO4-0,2, NaCl-0,2, KH2PO4-0,1, CaCO3-5,07

Маннит немесе (сахароза)-20,0, агар-агар-20,0 дистилденген су-1л.

Дайындалған қоректік ортаны сыйымдылығы 100-150мл-лік колбаға құйып, зарарсыздандырады. Бұған азғана мөлшерде (0,5г) топырақ салады. Колбаны температурасы 22-250С термостатта 10-14 күндей ұстайды.

Ішінде қағаз сүзгіден конус тәрізді жасалған сұйық қоректік ортада азотты бактериялар жақсы өседі. Қоректік орта бетінде қоңыр жарғақша түрінде азотобактериялар өсіп шыққаны байқалады. Ал, қоректік орта көпіріп май қышқылының исі шығып тұрса ортада Clostridium6 Pasteurianum-ның өскені белгілі болады. Май қышқылының темір хлордінің реакциясы арқылы анықтайды. Бұл үшін сұйықтың 5мл-ін пробиркаға құйып, оның үстіне 2 мл 10 проценттін темір хлордін қосады да аздап қайнатады. Сонда пайда болған темір, май қышқылы қою қызыл түсті келеді.

  1. Azotobacter chrococcum кололниясы клей сияқты жабысқақ, қоймалжың. Сыртқы түрі дөңес, тегіс немесе бұдырлы болып келеді. Олар алғашқы кезде түссіз, сосын қара-қоңыр немесе қара түсті болады. Азотобактериялар колониясын 6-7 тәуліктен кейін жақсы көрінген кезде санайды. Эшби ортасында азотобактремен бірге басқа көптеген микроорганизмдер өседі. Бұл микроорганизмдерді бір атпен – олигонитрофилдер деп атайды.

  2. Егер топырақта азотобактер клеткалары аз болғанда топырақ түйіршіктерін пайдалану әдісі қолданылады. Зерттелетін топырақтан 100г топырақты өлшеп алып, сумен ылғалдап қоймалжың етеді. Оны өсіретін Эшби ортасына 2 роценттік агар қосып, автоклавта 1,5 атм қысымда 20минут зарарсыздандырады. Екі Петри табақшасына алдын-ала дайындалған қоймалжың топырақтар микробиологиялық ілмешекпен алып қатырылған ортаның үстіне ретпен орналастырамыз. Әрбір Петри табақшасына 50 топырақ түйрін санап қоямыз. Осыдан соң ылғал ортада 28-300Стемпературада термостатқа қояды. 4-6 тәуліктен соң топырақ түйірінің айналасында шырыштана азотобактер колониялары өседі. Колонияның сыртқы түріне назар аударып оны сипаттап жазып, озан зат шынысына жұғынды жасап микроскоппен қараймыз. Мұнда айналасына азотобактер өскен топырақ түйірлерін өспегендерімен салыстырып, санайды. Бұдан азотобактердің таралуына қарай топырақ типін анықтауға болады.

  3. Топырақ түрлерін пайдалун әдісімен азотобактерді табу қиын болғанда, топырақ пластинксын қою арқылы өсіру әдәсән пайдаланады. Азотобактер жақсы өсіп-даму үшін зерттелетін топыраққа 0,5процент маннит немеес (сахароза), 0,1процент Н2НРО4 1проценттік бормен нейтралдайды. Осы заттар мен байытылған топырақты ылғалдап қоймалжың етіп, Петри табақшасына салады.Алдын ала осы Петри табақшасының түбіне, дренаж есебінде ағаш көмір немесе шыны сынықтарын саламыз. Газ алмасуды қамтамасыз ету үшін қиғаштап түтікше орналастырамыз. Осылардың үстіне құйылған қоймалжың топырақ ерітіндісін тегістеп, ылғал камераға 4-6күн қояды. 4-6 күннен кейін топырақ пластинкасының бетінде азотобактер колониялары өскенін байқаймыз.