Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
учебник по МБФ.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

6 Сурет

СТ өндірілген электр импульсі (әрекет потенциалы) алдымен жүрек құлақшасына 1 м/с жылдамдықпен жетеді, 40 миллисекундтан соң құлақшаның барлық аймағы қозған күйге, яғни деполяризация күйіне көшеді. Жүрек құлақшасында әр түрлі жолдармен тарағын электр импульстары, жүректің фиброзды ұлпасында орналасқан, электр импульстарын өткізбейтін (қозбайтын), қарыншаны жүрекшеден бөліп тұратын атриовентрикулярлы түйінге бір мезгілде жетеді. Тек осы түйін ғана қозуды, яғни электр импульстарын қарыншадан жүрекшеге жеткізетін бірден бір жол болып саналады. Бұл түйіннің электрлік кедергісі жоғары, сондықтан онда электр импульстарының таралуы қарыншаға қарағанда 0,02-0,05 м/с баяу жылдамдықпен тарайды. Аталған құбылыс атриовентрикулярлы тежеу деп аталады. Бұл тежеу диастола кезінде қарыншада жиналған барлық қан көлемін жүрекшенің жиырылуына дейін жүрекшеге жиналуына жететіндей уақыт береді. Атриовентрикулярлы түйіннен тараған электр импульсі жүректің өткізгіш келесі буыны- Гиса шоғына (түйініне) жетеді. Бұл аймақтағы талшықтар жуан болғандықтан оларда электр импульстары 2-3 м/с жылдамдықпен тарайды. Гиса шоғынан Пуркинье талшықтары тарайды, олардың диаметрлері миокард талшығына қарағанда үлкен, сондықтан бұл талшықтрда электр импульстарының таралу жылдамдағы 4-5 м/с жетеді. Ары қарай электр импульстарның таралуы баяулайды, бұл жүрекшенің барлық бұлшық еттерінң синхронды түрде жиырылуына мүмкінді береді. Осылайша электр импульсі жүрекшенің қарынша аймағанда жиырылмаған бөлігіне жетеді.

Жүректің электр импульсін тарату жүйесіндегі ақау аритмия немесе жүрек соғуының бұзылуы деп аталады. Мұндай ақау жүрек соғысының өте төмен (брадикардия) немесе өте жоғары (тахиаритмия) болуына алып келеді.

Медициналық практикада жүрек потенциалын өлшеу әдісін электрокардиография(ЭКГ) деп атайды, ал өлшеу құралын электрограф деп, өлшеу нәтижесінде алынған қағаздағы жазба мәлімет электрограмма деп аталады. Оның негізіне Эйнтховенның тармақтар теориясы алынған. Бұл теорияға сәйкес жүрек диполдық моменті РЖ болатын электр диполі ретінде қарастырылады, ол жүрек қызметінің циклына сәйкес уақыт өтуіне қарай өз осі бойымен кеңістікте бұрылады, орналасуын өзгертеді.

Эйнтховен жүректі үштары «оң қол - сол қол- сол аяқ» болатын тең қабырғалы үшбұрыштың ортасында орналасқан деп санауды ұсынған (7 сурет).

UI

РI

PII PIII

UII UIII

7 –сурет. 8-сурет.

Биопотенциалдары өлшенетін екі нүкте жұбы «тармақтар» деп аталады. Осыған сәйкес 1912 ж. Эйнтховен «ОҚ- СҚ-СА» тармақтарын «стандартты тармақтар жүйесі» деп атауды ұсынды және ол үш тармақтан тұрады. І тармақ «оң қол- сол қол», ІІ тармақ «оң қол- сол аяқ», ІІІ тармақ «сол қол- сол аяқ». Әр тармаққа өз потенциалдар айырымы UI : UII : UIII сәйкес келеді. Жүрек - диполдің үшбұрыш қабарғаларына түсіретін диполдік моментінің проекциясы Pi мен потенциалдар айрымы Ui арасында мынадай тәуелділік анықталған UI : UII : UIII = РI : РII : РIII. Олай болса диполдің дипольдік моментінің үшбұрыш қабырғаларына түсіретін проекциясы жоғарыда аталған нүктелер арасындағы потенциал айырымына тең, ол өз кезгінде жүрек потенциалын сипаттайды.

Жүрек -диполдің РЖ моменті мен оның І тармақтағы проекциясы арасындағы  бұрыш жүректің электрлік осінің бағытын көрсетеді, ол көбіне жүректің анатомиялық осімен сәйкес келеді (8 сурет).

«Диполь-жүрек» уақытқа байланысты өз осімен айналатындықтан оның тармақтардағы проекциясы потенциалдар айрымының уақытқа тәуелділігін көрсетеді, оны электрокардиограмма (ЭКГ) деп атайды (9 сурет).

9 сурет

ЭКГ тістерін латын әріптері P, QRS және T белгіленеді. Электрокардиограммадағы Р тiсi жүрекше құлақшасының жиырылуы кезінде, Q,R,S тiстер кешені жүрек қарыншасы жиырылғанда, ал T тісі оның соңғы кезеңiнде, яғни жүрек қарыншаның бастапқы қалпына келгенде (босаңсығанда) пайда болады.

Медицналық практикада стандартты тармақтардан басқа кардиалды униполярлы ( кеуде) ЭКГ тармақтары да кең түрде қолданылады. Мұнда бір электродты активті деп атап, оны кеуде қуысының сол жақ бетінің 6 нүктесіне орналастырады. Бұл активті электрод Вильсон электродымен бірге 6 кеуде тармағын құрайды(10 сурет). Кеуде тармағы «V» бас латын әрпіне активті электродтың орналасқан орнына сәйкес келетін санды тіркеп жазу арқылы белгілейді, мысалы V1, V2, V3, ... V6

V1 тармағы – активті электрод оң жақ кеуде куысындағы 4 қабырға аралық нүктеге орнатылады.

V2 тармағы - активті электрод сол жақ кеуде куысындағы 4 қабырға аралық нүктеге орнатылады.

V3 тармақ - активті электрод екінші және төртінші позицияда, яғни сол жақ парастерналды сызық деңгейіндегі төртінші қабырға нүктесіне орнатылады;

V4 активті электрод сол кеуде кусындағы 5 қабырға аралық сызық бойына орнатылады;

V5 активті электрод сол жақ қолтық асты сызығының бойына орналатылады;

V6 активті элемент сол жақ қолтық асты горизонталь сызық бойына орналатылады;

10-сурет

ЭКГ диагностикалық мәліметі ретінде оның P, QRS және T тістерінің биіктігі және P-Q, Q-R-S,S-T, R-R интервал ұзақтығы алынады. Пациентен алынған ЭКГ мәліметтерді төмендегі кестеде берілген стандарты мәліметпен салыстырылады.

ЭКГ II тармағында қалыпты жағдайдағы жүрек биопотенциалы мен уақыт интервалың мәндері

P

Q

R

S

T

U,мВ

t,cek

U,мВ

t,cek

U,мВ

t,cek

U,мВ

t,cek

U,мВ

t,cek

0.05-0,25

0-0,1

0-0,2

max

0,03

0,03-1,6

max

0,03

0-0,03-

max

0,03

0,25-0,6

max

0,25

Интервалдың ұзақтағы, сек

PQ

QRS

QRST

ST

RR

0,12-0.2

0,06-0,09

0,03-0,44

0-0,15

0,7-1,0

Соңғы жылдары ЭКГ тәулік бойы өзгерісін тіркеу кең түрде қолданылуда. Мұндай зерттеуді «ЭКГ-нің тәуліктік мониторингі» немесе осы әдісті алғаш ұсынған американдық биофизик Норман Холтердің құрметіне «Холтер бойынша ЭКГ» деп атайды.

Шын мәнінде тәуліктік мониторинг деп ЭКГ-ны тәулік немесе одан көп уақыт бойы(48, 72 сағат, кейде 7 күн бойы) үздіксіз тіркеуді атайды. Оны тіркеу пациеттің беліне бекітілген шағын аппарат-рекордер арқылы іске асырылады. Тіркеу кезінде пациент күнделікті тіршілігін өзгертпей, қызметін орындай береді. Холтер бойынша ЭКГ-ны тіркеу аурухана немесе амбулаторлы жағдайда жүргізіле береді. Тіркеу нәтижесі компьютер арқылы оқылып, тиісті программа арқылы зерттелінеді. Мұндай құралдың сыртқы көрінісі төмендегі суретте берілген.

Электрографияның түрлері:

ЭЭГ- электроэнцефалография, ми биопотенциалын тіркеу.

ЭМГ- электромиография, бұлшық ет биопотенциалын тіркеу.

ЭРГ- электроретинография көзге әсер ету кезіндегі көз торында пайда болатын биопотенциалды тіркеу.