Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
учебник по МБФ.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

6 Сурет

Сонымен қатар ота кезінде электрод пен ұлпа арасында пайда болатын электр ұшқынының температурсы 30000С дейін жетеді, соның салдарынан ұлпа күйіп, жағымсыз иіс пайда болады, сондықтан ота жасалынатын аймақатағы ауаны вентиляциялау арқылы тазартып отырады.

Электрокоагуляция дәрежесі ұлпаның физикалық параметрлеріне, оның ішінде импеденс шамасына тікелей байланысты болатындығын соңғы жүргізілген зерттеулер дәлелдеп отыр, оның оптималді мәні 1-1,5 кОм тең, мұнан басқа мәндерде ЭХ операциядан кейін кесілген жердің жазылу жағдайы күрделеніп кетуі мүмкін. Осы жағдайларға сәйкес қазіргі заманғы ЭХ құралдарда кесілетін ұлпаның импеданстық күйіне байланысты операция кезіндегі құралдың қуатын автоматты түрде реттеу қарастырылған, яғни ұлпаның импеданстық көрсеткішіне сәйкес қажетті токты реттеп отырады. Осы мақсатта 100 кГц, 440 кГц, 1760 кГц ЖЖ ток қолданатын ЭХВЧ -100-5 «Коагулятор»; ЭХВЧ -350-4 «Универсал»; ЭХВЧ-20-01, «Martin ME 400» т.б. ЭХ құралдар қолданылады.

Кез келген хирургиялық әрекет ұлпаның құрылымын бұзу ендігі белгілі. Бұл әркетті хирургтер мейлінше жылдам жасауға, пациентке өте аз зақым келтіруге тырысады. Соңғы жылдары электрохирургияда осы шартты орындауда үлкен табыстарға қол жеткізілді. Соның бірі ретінде АҚШ-тың «ArthroCare» корпорациясы ұсынған Coblation-технология деп аталатын жаңа әдісті атауға болады. Бұл әдісте ЖЖ токтың жылулық әсері қолданылмайды, керісінше, аз энергия жұмсап, төмен температурада ұлпаны кесуге қол жеткізіледі.

Енді осы әдістің физикалық механизмін талдайық. Операция жасалынатын аймаққа ток өткізгіштігі жоғары болатын, NaCl физиологиялық ертінді жіберіледі. Электрод астындағы аймақтағы NaCl ертіндісің молекулалары ЖЖ ток өрісінің әсерінен иондарға ыдырап, жоғары концентрациялы «плазмалық аймақ» пайда болады. «ArthroCare» корпорациясы жүргізген зерттеулер мен эксперименттер аталған аймақтағы бөлшектердің энергиясы 4-5 эВ болатындығын және бұл энергияның биологиялық ұлпаны қоршаған ортадағы молекулаларды соққылап, олардың молекулалық байланыстарын бұзып, еркін радикалдарға ыдыратуға жеткілікті екендігін анықтады. Электрод астындағы аймақтағы ұлпаның молекулалары ыдырайды, ағзаға немесе мүшеге өте аз зақым келеді. Мұндай әдіс әсіресе көзге, нервке өте жақын орналасқан ұлпаны кесуде және алып тастауда таптырмайтын әдіс. Coblation-технология кезінде ұлпа арқылы ток өтпейтіндіктен, ол аймақ тек 40-700С қызады.

System-2000 (Arthrocare) құралы.

Қазіргі кезеңде аталған фирма «COBLATOR» атты 100 кГц жиілікте жұмыс істейтін, шығыс кернеуі 0-300 В болатын, қуаты 300 Вт және System-2000 (Arthrocare) ЭХ құралдарды жасап шығырған және олар қолданыста (7- сурет).

Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары

  1. Жоғары жиілікті тербелістерді қолдану дене…

a) молекуласының айналмалы қозғалысы мен ерекше әсеріне негізделген...

b) жылулық және электрлік әсеріне негізделген...

c) молекуласының бағдарлау мен ерекше әсеріне негізделген...

d) жылулық және арнайы әсеріне негізделген..

e) молекуласының ілгермелі қозғалысы мен ерекше әсеріне негізделген...

  1. Дециметрлік толқынды терапия деп ...

a) метрлік диапазонда жататын, жиілігі жоғары электромагниттік толқынмен пациент денесінің белгілі бір аймағына әсер етуді атайды.

b) метрлік диапазонда жататын, жиілігі төмен электромагниттік толқынмен пациент денесінің белгілі бір аймағына әсер етуді атайды.

c) дециметрлік диапазонда жататын, жиілігі аса жоғары электромагниттік толқынмен пациент денесінің белгілі бір аймағына әсер етуді атайды.

d) сантиметрлік диапазонда жататын, жиілігі аса жоғары электромагниттік толқынмен пациент денесінің белгілі бір аймағына әсер етуді атайды.

3. Сантиметрлік толқынды терапияда …

a) жиілігі 40,6 мГц, ұзындығы 65 см. толқын қолданылады..

b) жиілігі 2375 мГц, ұзындығы 12,6 см. толқын қолданылады..

c) жиілігі 1000 мГц, ұзындығы 12,6 см. толқын қолданылады..

d) жиілігі 460 мГц, ұзындығы 65 см . толқын қолданылады..

4. Дециметрлік толқынды терапияда ….

a) Луч-2, Луч-56. құралдары қолданылады..

b) Луч-2, УВЧ-66, Волна. құралдары қолданылады..

c) Луч-2, Ранет, Волна. құралдары қолданылады..

d) Ранет, Волна, Ромашка . құралдары қолданылады..

5. Жоғары жиілікті (УВЧ) терапия кезінде ұлпаларда, ішкі мүшелерде және т.б. адам ағзаларында бөлінетін жылу мүшелері …

a) электромагниттік тербеліс жиілігі мен ұлпаның электрлік қасиеттеріне тәуелді.

b) ұлпаның көлемі мен тығыздығына тәуелді.

c) электромагниттік тербеліс жиілігі мен ұлпаның электрлік қасиеттеріне тәуелді емес.

d) ұлпаның сызықтық өлшемі және массасына тәуелді.

6. Coblation-технология....

a) ЖЖ токтың жылулық әсері қолданылатын әдісті атаймыз.

b) ЖЖ ток өрісінің әсерінен ұлпада «плазмалық аймақ» пайда болатын әдісті атаймыз.

c) ЖЖ токтың жылулық әсерінен ұлпада «плазмалық аймақ» пайда

болатын әдісті атаймыз.

d) төменгі жиілікті ток өрісінің әсерінен ұлпада «плазмалық аймақ»

пайда болатын әдісті атаймыз.

7. Coblation-технология....

a) «COBLATOR» атты 100 кГц жиілікте жұмыс істейтін құрал арқылы орындалады.

b) «COBLATOR» атты 200 кГц жиілікте жұмыс істейтін, құрал арқылы орындалады.

c) «ЭХВЧ -350-4» атты 100 кГц жиілікте жұмыс істейтін, құрал арқылы орындалады.

d) «Martin ME 400» атты 200 кГц жиілікте жұмыс істейтін, құрал арқылы орындалады.

8. Ультра жоғарғы жиілікті УЖЖ (УВЧ)  терапия...

А) 2020 000 МГц аралығындағы айнымалы электр өрісіменен ағзаға және ұлпаға әсерге негізделген

В) 30300 МГц аралығындағы айнымалы электр өрісіменен ағзаға және ұлпаға әсерге негізделген.

С) 1030 МГц аралығындағы тұрақты электр өрісіменен ағзаға және ұлпаға әсерге негізделген

D) 1030 МГц аралығындағы тұрақты электр тоғымен ағзаға және ұлпаға әсерге негізделген

Е) Дұрыс жауаптар С және Д

9. УЖЖ ток әсерінен электритте бөлінетін жылу мөлшері....

А) Q = E2/

В) Q = E20tg

С) Q = E2 

D) Q = E2 / 0tg

Е) дұрыс жауап С және D.

10. Аса жоғары жиілікті электромагниттік өріс энергиясы әсерінен...

А) ағза ұлпалары мен бұлшық еттердегі иондар тербермелі қозғалыстарға түседі де осының нәтижесінде....

В) ағза ұлпалары мен бұлшық еттердегі молекулалар тербермелі қозғалыстарға түседі де осының нәтижесінде....

С) ағза ұлпалары мен бұлшық еттердегі электрондар айналмалы қозғалыстарға түседі де осының нәтижесінде....

1. ... осы ортада жылу бөлінеді.

2. ... орта электрленеді.

3. ... ортада ток пайда болады.

11. ЖЖ токтың жылулық әсерін пайдаланып ұлпаны .....

a) балқыта отырып кесуді немесе жапсыруды электрокоагуляция деп атайды.

b) балқыта отырып жылытуды электротомия деп атайды.

c) жапсыруды электрокоагулияция деп атайды.

d) балқыта отырып кесуді немесе жапсыруды электротомия деп атайды.

12. Жергілікті дарсонвализация …

a) 140 кГц жиілікте жұмыс істейтін УВЧ, СВЧ құралдарымен жүргізіледі..

b) 40 кГц жиілікте жұмыс істейтін УВЧ, Искра-2 құралдарымен жүргізіледі...

c) 100 кГц жиілікте жұмыс істейтін Искра-1, Искра-2 құралдарымен жүргізіледі...

d) 50 кГц жиілікте жұмыс істейтін Искра-1, Искра-2 құралдарымен жүргізіледі...

e) 110 кГц жиілікте жұмыс істейтін Искра-1, Искра-2 құралдарымен жүргізіледі...

8 дәріс. МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНИКАНЫ ЖІКТЕУ