Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
учебник по МБФ.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

13 Сурет. Таяқшаға жарық әсер етпеген кездегі тыныштық потециалының пайда болуы.

Енді таяқшаға жарық әсер еткен кездегі жағдайды қарастырайық. Жұтылған жарық кванты әсерінен родопсиннің опсин мен ретинальға ыдырауы дискіде Са2+ иондарының бөлінуіне алып келеді. Пайда болған Са2+ иондары циклды гуанозин монофосфаттының натридың иондық каналдарына әсерін төмендетеді, нәтижесінде Na+ иондық каналдары жабылып, натрий ионының мембрана арқылы ішке енуі тоқтайды, ал К+ иондарының тасымалы бірқалыпты, өзгеріссіз қалады.

Осылайша пайда болған потенциалды «ерте фоторецепторолық потенциал(ЕФП)» деп атайды, оның шамасы 5 мВ аспайды және 1 мс уақытқа созылады, ал 1 мс кейін «кеш фоторецепторолық потенциал(КФП)» пайда болады. ЕФП мен КФП пайда болу механизмдері әр түрлі. ЕФП жарық әсерінен родопсин молекуласының метародопсин-ІІ дейінгі түрлену кезінде пайда болса, КФП метародопсин-ІІ пайда болған соң, иондардың қозғалысы нәтижесінде пайда болады және амплитудасы жұтылған жарық кванттары санына тәуелді. Бұл құбылыс, родопсиның метародопсин-ІІ айналуы мезгілінде өзінің максимал мәніне жетеді.

Жұтылған бір жарық кванты 100-300 дейін натрий каналдарын жабады, әзірше бұл құбылыстың қалай жүретін, белгісіз. Осының нәтижесінде таяқшадағы потенциалдың полярлығы өзгереді, ендігі жерде оның табиғаты К+ ионына байланысты болады(14- сурет).

14 Сурет. Таяқшаға жарық әсер еткен кездегі әрекет потециалының пайда болуы.

Осылайша пайда болған фоторецепторлық потенциал (оны әрекет потенциалы деп атауға болады), таяқша мембраналары арқылы синап аймағының алдыңғы бөлігіне жетіп, ондағы медиаторлардың синап саңлауына өтуін қамтамасыз етеді, ол өз кезегінде биполярлы нерв жасушасын қоздырады. Осылайша нерв жасушасында пайда болған әрекет потенциалы, нерв импульсі түрінде көру нерві арқылы, мидың көру орталығына жетеді.

Енді түрлі түсті көру механизмін талдайық. Біздің түрлі түсті көруімізді тор қабатында орналасқан құтышалар қамтамасыз етеді. Жарық әсерінен таяқшаларда болатын құбылыстар құтышаларда өзгеріссіз орын алады, тек мұндағы көру пигменті родопсин емес, одан бөлек иодопсин ақуызы. Иодопсин ақузы да жарықты сезгіш 11 цис-ретиналь түрдегі хромофорға жатады.

Көз торында, жарықты жұту спектрі мен фотобиологиялық әсерлері бойынша бір бірінен өзгеше, үш түрлі құтышалар бар. Олардың бір бірінен айырмашалығы тек ретиналды ақуызбен байланыстыратын энергияның әр түрлі болуында, соның әсерінен иодопсин молекуласы көрінетін жарықтың = 440 нм, = 540 нм және = 590 нм сәйкес келетін толқындарын жақсы жұтады, бұл толқындар көк, жасыл және қызыл түске сәйкес келеді (15 сурет).

Монохроматты жарық тек бір түрлі ғана құтышаны қоздыра алады, ал күрделі жарық болса үш түрлі құтышаны, жарық толқыны ұзындығына байланысты қоздырады. Осындай құбылыс нәтижесінде түрлі түсті көру мүмкін болады.

Көз торында үш түрлі құтышаның біреуінің болмауы немесе оның өз қызметін дұрыс орындамауы, көздің түрлі түсті дұрыс ажырата алмауына алып келеді, мұндай көздің кемшілігін дальтонизм деп атайды.