- •Isbn 978- 601-243-633-4 © у.Байзак, б.Байзакова 2015
- •Мазмұны
- •1 Дәріс. Биологиялық мембранының құрылысы және оның қызметі. Жасанды биологиялық мембрана. Лекция жоспары
- •§ 1 Биологиялық физика пәні туралы.
- •§2 Биологиялық мембрана құрылысы және қызметі.
- •7 Сурет
- •8 Сурет. 1-фосфолирид, 2-сфигомиелин, 3-фосфатидилхолин,
- •§3. Биологиялық мембрананың физикалық қасиеттері
- •§4 Мембрананың фазалық күй.
- •§ 5 Жасанды мембрана
- •10 Сурет
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •2 Дәріс. Биомембрана арқылы зат тасымалдау Лекция жоспары
- •1 Сурет
- •2 Сурет
- •5 Сурет
- •6 Сурет. 1 - липидті биқабат, 2- кернеу сенсоры, 3- қақпа, 4 - селективті фильтр 5- ақуыз макромолекуласы, 6-көмір сулар, 7- пор,
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •3 Дәріс. Биоэлектрлік потенциал Лекция жоспары
- •4 Сурет
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •4 Дәріс. Кардиомиоците әрекет потенциалының пайда болу механизмі.
- •1 Сурет
- •2 Сурет
- •3 Сурет
- •4 Сурет
- •5 Сурет.
- •6 Сурет
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •5 Дәріс. Реология. Қанның тамыр бойымен ағу ерекшеліктері. Қан қысымын өлшеу
- •1 Cурет
- •2 Сурет
- •4 Сурет. Капиллярдағы эритроциттің төменгі(а) және жоғары(б) жылдамдық кезіндегі көрінісі.
- •5 Сурет.
- •6 Сурет
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •6 Дәріс. Жарықтың заттармен әрекеті. Люминесцения. Фотобиологиялық процестер.
- •1 Сурет
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •7 Дәріс. Электрлік факторлардың ағзаға әсері және оларды медициналық құралдарда қолдану
- •2 Сурет. Электродты денеде орналастыру әдістері.
- •6 Сурет
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •(Классификациялау) Лекция жоспары:
- •Медициналық техникалар
- •9 Дәріс. Радиоактивтілік. Доза негіздері. Радионуклидтерді медицинада қолдану.
- •Дозаметрия
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •10 Дәріс. Көру биофизикасы
- •1 Сурет Көздің құрылысы.
- •8 Сурет
- •11 Сурет
- •13 Сурет. Таяқшаға жарық әсер етпеген кездегі тыныштық потециалының пайда болуы.
- •14 Сурет. Таяқшаға жарық әсер еткен кездегі әрекет потециалының пайда болуы.
- •15 Сурет
- •11 Дәріс. Тыныс алу биофизикасы
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •12 Дәріс. Ультрадыбысты медицинада қолдану. Ульрадыбыстық зерттеу құралы «алока-630».
- •1 Сурет. 1- конвексті, 2- секторлы, 3- сызықты
- •Арнайы датчиктер
- •Кардиологиялық ульрадыбыстық зерттеу
- •Доплерография
- •7 Сурет Алока ssd-630» құралын басқару панель тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •13 Дәріс. Электрлік емес шамаларды өлшеу. Датчиктер.
- •Генераторлы датчиктер.
- •Параметрлік датчиктер
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •Тест жасаудың жаңа технологиясы: сатылы тест
- •Аванесов в.С. Теоретические основы разработки заданий в тестовой форме. М.:Мос.Текст.Акад. Им.Косыгиан, 1996. -95 с.
- •3. Аванесов в.С. Композиция тестовых заданий.-м.:Центр тестирования,
- •Қ зертханалық олданылған әдебиеттер тізімі
- •Медициналық биофизика. Лекциялар жинағы.
Дозаметрия
Кей сәулелердің (ультракүлгін, рентген, гамма) немесе олардың бөлшектерінің (фотондарының) энергиясы өте жоғары болып келеді, соның нәтижесінде олар әсер еткен денелердің атомдары мен молекулары бұзылады, яғни ионданады. Сол себепті мұндай сәулелерді иондаушы сәулелер деп аталады. Бұл құбылыс әсірсе биологиялық құрылымдардың жеке бөлімдеріне үлкен зақым келтіреді, соның нәтижесінде оларда мутациялық құбылыстар орын алуы мүмкін. Иондаушы сәулелердің түрлі әсерлерін сипатушы үшін доза деген шама қолданылааы.
Жұтылу дозасы деп дене элементі жұтқан иондаушы сәуле энергиясының dE сол дене массасына dm қатынасына тең шаманы атайды: D= dE/dm. Жұтылу дозасы СИ өлшеу жүйесінде грей (Гр) деген шамамен өлшенеді, сонымен қатар рад деген өлшеу бірлігі де қолданылады 1 рад= 10-2 Гр тең.
Жұтылу дозасы иондаушы сәулелердің денеге тигізетін түрлі радиациялық әсерлерін толық сипаттай алмайды. Осы олқылықты жою үшін иондаушы сәуленің әсерін сапа коэффициенті деген шамамен сипаттайды. Сапа коэффициенті сан жағынан дозалары бірдей, иондаушы сәуленің биологиялық әсерін рентген немесе гамма сәулесіне салыстырғанда қаншалықты жоғары немесе кем екендігін көрсететін шамаға тең. Иондаушы сәуленің биологиялық әсері ретінде сәуленің әсерінен денеде орын алатын құбылысты атайды. Мысалы, иондаушы сәуленің әсерінен зақымдалған жасуша саны, немесе денеде пайда болған зарядталған бөлшектердің саны және т.б. мәліметтерді атауға болады.
№1 кесте
Иондаушы сәуле түрі |
Сапа коэффициенті, К |
Гамма немесе рентген сәулесі |
1 |
Бета сәулесі |
1 |
Энергиясы 2 МэВ протондар |
5 |
Альфа сәулесі |
20 |
Кестеден α сәулесі үшін сапа коэффициенті 20 тең. Мұны қалай түсіну керек, бұл α сәулесінің биологиялық әсері рентген сәулесіне салыстырғанда 20 есе көп дегенді білдіреді.
Сапа коэффицентін ескере отырып анықталған дозаны эквиваленті доза деп атайды, ол мына өрнекпен анықталынады: H =KD. Эквиваленті доза зиберт (Зв) деген шамамен өлшенеді, сонымен қатар бэр(биологический эквивалент рентгена) деген өлшеу бірлігі де қолданылады 1 бэр= 10-2 Эв тең.
Иондаушы сәулелердің ауаны иондау қабілетін ескеріп, экспозициялық доза деген шама енгізілген. Ол сан жағынан ауаның бірлік массасы көлемінде пайда болған барлық оң иондардың шамысына X =Q/m тең. Экспозициялық доза Кулон/кг өлшенеді, бірақ бұл өте үлкен шама болғандықтан, практикада одан көп кіші рентген-Р деген шама қолданылады 1Р = 2,58 10-4 Кл/кг.
Жұтылу және экспозициялық доза арасында мына түрде өз ара байланыс бар: D=fX, мұндағы f-өтпелі коэфициент деп аталады. Жұмсақ ұлпалар үшін f=1 тең, сондықтан «рад» анықталған жұтылу дозасы «рентегнмен» анықталған экспозициялық дозаға сан жағынан тең болады.
Доза қуаты деп доза шамасының сол дозаны қабылдаған уақытқа қатынасымен анықталынатын шаманы атайды: ND = D/t NX=X/t NH=H/t.
Жұтылу дозасының қуаты Гр/ мин; Гр/сағ экспозициялық доза қуаты микрР/сағ; милР/сағ; Р/сағ және т.б. өлшенеді. Эквивалентті доза Зв/мин; Зв/сағ; Зв/жыл; бэр/ мин; бэр/сағ. өлшенеді.
Радионуклидтерді медицинда қолдану
Радионуклидтер деп жартылай ыдырау периоды өте аз, радиоактивті заттарды атайды. Табиғатта мұндай химиялық элементтер кездеспейді, оларды жасанды түрде алады. Қазіргі уақытта радионуклидтер диагностикалық және терапиялық мақсаттарда кең түрде қолданылуда.
Радионуклидті диагностикалық мақсатта қолданудың негізі ретінде, олардың адам ағзаның кей мүшелерінде талғампаздық түрде жиналуын атауға болады. Мысалы, радиоактивті иод негізінен қалқан безінде, ал кальции болса сүйекте жиналады. Радиоактивті элементердің изотопын адам ағзасына ендіріп, олардың адам ағзасында жиналған аймағынан шығарған сәулесі арқылы адам мүшесінің немесе аймақтың диагностикалық күйін анықтауға болады, мұны таңбаланған атом әдісі деп атайды.
Радионуклидтерді терапиялық мақсатта қолданудың негізі ретінде, олардан шығатын иондаушы сәулелердің ісік жасушаларын бұзуын атауға болады.
1. Гамма терапия деп терең қабатта жатқан ісіктерді жоғары энергиялы сәулесі арқылы жоюды атайды. сәулесінінң көзі ретінде 60Со кобальт қолданылады.
2. Альфа терапия деп α сәулесі арқылы емдеуді атайды. Бұл сәуленің иондаушылық қасиетінің өте жоғары, сондықтан ол сәл ғана ауа қабытының өзінде толығымен жұтылады. Осы себепті α сәулені адам ағзасына немесе оның белгілі бір мүшесіне тікелей әсер ететіндей жағдайда қолданады. Мысалы, теріге тікелей әсер ету үшін радон ваннасын қабылдайды, ас қазанға әсер ету үшін радонды суды ішеді, тыныс алу мүшелеріне әсера ету үшін ингаляция қабылдайды.
Төменгі кестеде медицинда қолданылатын радионуклидтердің сипатамалары берілген
Изотоп атауы, белгісі |
Жартылай ыдырау периоды, Т |
Изотоп шығаратын радиоактивті сәуле түрі |
Қолдану мақсаты, әсер ету механизмі |
Иод, 131I |
8,1 күн |
- сәулесі - сәулесі |
Қалқан безіндегі зат алмсу үрдісіне қатысады |
Иод, 125I |
60 күн |
рентген сәулесі |
Пациенттің қан сары суындағы анықталынатын гормондары белгілеу үшін |
Иод, 132I |
2,26 сағ |
- сәулесі - сәулесі |
131I салыстырғанда биологиялық зиянды әсері 200 есе төмен, сондықтан балаларға қолдануға болады. |
Технеции 99Тс |
6 сағ |
- сәулесі |
Бауыр, өт қабын, ішек, өкпелерді диагностикалауда қолданылады |
Фосфор 32Р |
14,3 күн |
- сәулесі
|
Көзде, теріде, сүт безінде және , мида пайда болатын қатерлі ісіктерді анықтауда қолданылады. |
