- •Isbn 978- 601-243-633-4 © у.Байзак, б.Байзакова 2015
- •Мазмұны
- •1 Дәріс. Биологиялық мембранының құрылысы және оның қызметі. Жасанды биологиялық мембрана. Лекция жоспары
- •§ 1 Биологиялық физика пәні туралы.
- •§2 Биологиялық мембрана құрылысы және қызметі.
- •7 Сурет
- •8 Сурет. 1-фосфолирид, 2-сфигомиелин, 3-фосфатидилхолин,
- •§3. Биологиялық мембрананың физикалық қасиеттері
- •§4 Мембрананың фазалық күй.
- •§ 5 Жасанды мембрана
- •10 Сурет
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •2 Дәріс. Биомембрана арқылы зат тасымалдау Лекция жоспары
- •1 Сурет
- •2 Сурет
- •5 Сурет
- •6 Сурет. 1 - липидті биқабат, 2- кернеу сенсоры, 3- қақпа, 4 - селективті фильтр 5- ақуыз макромолекуласы, 6-көмір сулар, 7- пор,
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •3 Дәріс. Биоэлектрлік потенциал Лекция жоспары
- •4 Сурет
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •4 Дәріс. Кардиомиоците әрекет потенциалының пайда болу механизмі.
- •1 Сурет
- •2 Сурет
- •3 Сурет
- •4 Сурет
- •5 Сурет.
- •6 Сурет
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •5 Дәріс. Реология. Қанның тамыр бойымен ағу ерекшеліктері. Қан қысымын өлшеу
- •1 Cурет
- •2 Сурет
- •4 Сурет. Капиллярдағы эритроциттің төменгі(а) және жоғары(б) жылдамдық кезіндегі көрінісі.
- •5 Сурет.
- •6 Сурет
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •6 Дәріс. Жарықтың заттармен әрекеті. Люминесцения. Фотобиологиялық процестер.
- •1 Сурет
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •7 Дәріс. Электрлік факторлардың ағзаға әсері және оларды медициналық құралдарда қолдану
- •2 Сурет. Электродты денеде орналастыру әдістері.
- •6 Сурет
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •(Классификациялау) Лекция жоспары:
- •Медициналық техникалар
- •9 Дәріс. Радиоактивтілік. Доза негіздері. Радионуклидтерді медицинада қолдану.
- •Дозаметрия
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •10 Дәріс. Көру биофизикасы
- •1 Сурет Көздің құрылысы.
- •8 Сурет
- •11 Сурет
- •13 Сурет. Таяқшаға жарық әсер етпеген кездегі тыныштық потециалының пайда болуы.
- •14 Сурет. Таяқшаға жарық әсер еткен кездегі әрекет потециалының пайда болуы.
- •15 Сурет
- •11 Дәріс. Тыныс алу биофизикасы
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •12 Дәріс. Ультрадыбысты медицинада қолдану. Ульрадыбыстық зерттеу құралы «алока-630».
- •1 Сурет. 1- конвексті, 2- секторлы, 3- сызықты
- •Арнайы датчиктер
- •Кардиологиялық ульрадыбыстық зерттеу
- •Доплерография
- •7 Сурет Алока ssd-630» құралын басқару панель тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •13 Дәріс. Электрлік емес шамаларды өлшеу. Датчиктер.
- •Генераторлы датчиктер.
- •Параметрлік датчиктер
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •Тест жасаудың жаңа технологиясы: сатылы тест
- •Аванесов в.С. Теоретические основы разработки заданий в тестовой форме. М.:Мос.Текст.Акад. Им.Косыгиан, 1996. -95 с.
- •3. Аванесов в.С. Композиция тестовых заданий.-м.:Центр тестирования,
- •Қ зертханалық олданылған әдебиеттер тізімі
- •Медициналық биофизика. Лекциялар жинағы.
1 Дәріс. Биологиялық мембранының құрылысы және оның қызметі. Жасанды биологиялық мембрана. Лекция жоспары
Биологиялық физика пәні және оның басқа ғылымдармен байланысы.
Биологиялық мембрананың (БМ) қызметі.
Мембрананың құрылысы.
БМ липидтер мен ақуыздардың түрлері.
БМ фазалық ауысу.
Жасанды БМ.
Лекция мақсаты: биологиялық физика ғылымының зерттеу объектісін, оның басқа ғылымдармен өзара байланысын, мембрананың құрылысын, ондағы липидтердің, ақуыздардың түрлері мен қозғалу ерекшеліктерін және жасанды липосомды қарастыру.
§ 1 Биологиялық физика пәні туралы.
Бізді қоршаған материалдық дүниедегі барлық құбылыстар мен өзгерістер өзара тығыз байланыста екендігі белгілі. Соның бірі айғағы ретінде биология ғылымының биологиялық жүйелердегі құбылыстарды танып білуде дәл ғылымдардың заңдылықтары мен ондағы түсініктерді қолдану арқылы ғана одан ары дамитындығына көз жеткізді. Осындай себептерден биология және физика ғылымдарының түйісінде биофизика атты жаңа ғылыми бағыт пайда болды.
Биологиялық физика биологиялық жүйені субмолекулалық, молекулалық, жасушалық, ұлпалық, мүшелік және ағзалық деңгейлердегі дамуын физика- химиялық тұрғыдан зерттейтін ғылым. Биофизика термині алғаш рет 1892 жылы Карл Пирсонның «Ғылым грамматикасы» атты ғылыми еңбегінде «...биологиялық фактілер- морфология, эмбриология және физиология физикалық заңдылықтардың дербес бір көрінісі, сондықтан оның этиологиясы...» деп жазды. Кейін А.Фик және немістің басқа да ғалымдары бұл саланы «Медициналық физика» деп атаған.
1961 жылғы І-Дүниежүзілік биофизиктердің халықаралық конгресінде биофизика өз алдына жеке ғылым ретінде танылды. Осы конгрестің шешіміне сәйкес биофизика – молекулалық биофизика, жасуша биофизикасы, күрделі жүйелер биофизикасы деген бөлімдерден тұрады.
1.Молекулалық биофизика бөлімі- биологиялық макромолекулалар (ақуыздарды, нуклейн қышқылдарын т.б.) мен молекулалық деңгейдегі биологиялық жүйелердің құрлысы мен физикалық қасиеттерін зерттейді. Биофизиканың бұл бөлімінің пайда болуына Л.Полингтың ақуыздың кеңістіктік құрылымын мен Ф.Криктің «өмір спиралы»ДНК анықтауы үлкен себеп болды. Сонымен қатар молекулалық биофизика молекулалық деңгейде энергияның түрленуі мен миграциясын да қарастырады.
2. Жасуша биофизикасы- жасауша мен оның органелдерінің құрылымын, ондағы физика-химиялық үрдістерді, биопотенциалдың пайда болу механизмін, жасуша арқылы заттарды тасымалдауды, жасуша термодинамикасын зерттейді. Биофизиканың бұл бөлімінің дамуына Бернштейннің, А.Ходжкинның, Хакслидың және т.б. ғалымдардың қосқан үлестері орасан зор.
3. Күрделі жүйелердің биофизикасы. Биофизиканың бұл бөлімі молекулалық деңгейден бастап жасушаға дейінгі деңгейдегі биологиялық жүйедегі өз ара байланыстарды зерттеумен және оны моделдеумен айналысады.
4. Мүшелердің сезім биофизикасы. Бұл бөлім көру, есту, сезу секілді тірі биологиялық құрылымдағы құбылыстарды зерттеумен, сыртқы тітіркендіргіштердің әсерінен тірі объектінің сезу мүшелерінде, рецепторларда пайда болатын энергияның электр сигналына айналу механизмін қарстырады.
Биофизика бұл аталған бөлімдерімен қатар адам ағзасынатүрлі физиалық факторлардың –шудың, механикалық тербелістің, электр тогы мен электромагниттік өрістің, иондаушы сәулелердің және т.б. әсерлерін де зерттеумен айналысады.
Қазіпгі кезеңде биофизика жеке ғылым ретінде физиология, биология, химия, физика, математика, компьютерлік технология, нанотехнология және т.б. ғылыми бағыттардағы ғылыми жаңалықтарды қолдана отырып және солармен бірге даму үстінде, бұл өз аралық байланыс 1- суреттегі сызбада (схемада) бейнеленген.
1- сурет
Әрине, бұл схемада қазіргі замаңғы ғылыми бағыттардың барлығы ескерілді деп айтуға болмас, бірақ биофизиканың негізгі жаратылыстану ғылымдарымен өз ара байланысы көрсетілді.
Медициналық биофизика медицина және фармация ғылымдарымен бірлесе отырып мынадай мәселелерді зерттеумен айналысады:
-Азға күйін диагностикалауда жаңа физикалық әдістерді қарастыру және негіздеу (электрография, хемилюминеенция, ЭПР, ЯМР, спектроскопия т.б.).
- Тірі ағзаға сыртқы ортадағы физикалық факторларының зиянды әсер ету механизімін зерттеу (механикалық діріл, салмақсыздық, радиосәулелер т.б.)
Биофизикалық зерттеулерде физикалық, физика-хиимиялық әдістер кеңінен қолданылады. Оларға:
-рентген сәулесінің дифракциялық кескіні арқылы зат құрылысын анықтауға арналған рентгендік құрылымдық талдау әдісі;
- электрон ағынын пайдаланып зат құрылысын көруді қамтамасыз ететін электрондық микроскопты қолдану;
- зертелінетін заттардың түрлі сәулелерді жұты мен шығаруына негізделген спектроскопия әдісі.
- зертелінетін заттардың радиодиапазондағы электромагниттік толқындарды таңдамалы түрде жұтуына негізделген ЭМР және ЯПР радиоспектроскопиялық әдістер
Қазіргі заманда іргелес ғылымдардың бір- бірін қолдап, сол арқылы одан ары дамуы кең түрде байқалуда, бұл ретте биофизиканы физиканың, химияның және биологияның яғни іргелес үш ғылымның жиынтығы деп қарастырған дұрыс.
