- •Isbn 978- 601-243-633-4 © у.Байзак, б.Байзакова 2015
- •Мазмұны
- •1 Дәріс. Биологиялық мембранының құрылысы және оның қызметі. Жасанды биологиялық мембрана. Лекция жоспары
- •§ 1 Биологиялық физика пәні туралы.
- •§2 Биологиялық мембрана құрылысы және қызметі.
- •7 Сурет
- •8 Сурет. 1-фосфолирид, 2-сфигомиелин, 3-фосфатидилхолин,
- •§3. Биологиялық мембрананың физикалық қасиеттері
- •§4 Мембрананың фазалық күй.
- •§ 5 Жасанды мембрана
- •10 Сурет
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •2 Дәріс. Биомембрана арқылы зат тасымалдау Лекция жоспары
- •1 Сурет
- •2 Сурет
- •5 Сурет
- •6 Сурет. 1 - липидті биқабат, 2- кернеу сенсоры, 3- қақпа, 4 - селективті фильтр 5- ақуыз макромолекуласы, 6-көмір сулар, 7- пор,
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •3 Дәріс. Биоэлектрлік потенциал Лекция жоспары
- •4 Сурет
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •4 Дәріс. Кардиомиоците әрекет потенциалының пайда болу механизмі.
- •1 Сурет
- •2 Сурет
- •3 Сурет
- •4 Сурет
- •5 Сурет.
- •6 Сурет
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •5 Дәріс. Реология. Қанның тамыр бойымен ағу ерекшеліктері. Қан қысымын өлшеу
- •1 Cурет
- •2 Сурет
- •4 Сурет. Капиллярдағы эритроциттің төменгі(а) және жоғары(б) жылдамдық кезіндегі көрінісі.
- •5 Сурет.
- •6 Сурет
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •6 Дәріс. Жарықтың заттармен әрекеті. Люминесцения. Фотобиологиялық процестер.
- •1 Сурет
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •7 Дәріс. Электрлік факторлардың ағзаға әсері және оларды медициналық құралдарда қолдану
- •2 Сурет. Электродты денеде орналастыру әдістері.
- •6 Сурет
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •(Классификациялау) Лекция жоспары:
- •Медициналық техникалар
- •9 Дәріс. Радиоактивтілік. Доза негіздері. Радионуклидтерді медицинада қолдану.
- •Дозаметрия
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •10 Дәріс. Көру биофизикасы
- •1 Сурет Көздің құрылысы.
- •8 Сурет
- •11 Сурет
- •13 Сурет. Таяқшаға жарық әсер етпеген кездегі тыныштық потециалының пайда болуы.
- •14 Сурет. Таяқшаға жарық әсер еткен кездегі әрекет потециалының пайда болуы.
- •15 Сурет
- •11 Дәріс. Тыныс алу биофизикасы
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •12 Дәріс. Ультрадыбысты медицинада қолдану. Ульрадыбыстық зерттеу құралы «алока-630».
- •1 Сурет. 1- конвексті, 2- секторлы, 3- сызықты
- •Арнайы датчиктер
- •Кардиологиялық ульрадыбыстық зерттеу
- •Доплерография
- •7 Сурет Алока ssd-630» құралын басқару панель тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •13 Дәріс. Электрлік емес шамаларды өлшеу. Датчиктер.
- •Генераторлы датчиктер.
- •Параметрлік датчиктер
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •Тест жасаудың жаңа технологиясы: сатылы тест
- •Аванесов в.С. Теоретические основы разработки заданий в тестовой форме. М.:Мос.Текст.Акад. Им.Косыгиан, 1996. -95 с.
- •3. Аванесов в.С. Композиция тестовых заданий.-м.:Центр тестирования,
- •Қ зертханалық олданылған әдебиеттер тізімі
- •Медициналық биофизика. Лекциялар жинағы.
(Классификациялау) Лекция жоспары:
Медициналық техникалар(МТ) туралы түсінік.
МТ жіктеу принципі.
Диагностикалық, терапиялық және зертханалық медициналық
құралдарды жіктеу.
МТ түрлері мен қолдану саласы.
Лекция мақсаты: денсаулық сақтау саласында қолданылатын медициналық техникаларды жіктеудің негізгі принциптерімен танысу және МТ жіктеу.
Өткен лекцияда денсаулық сақтау саласында қолданылатын медициналық техникаларды пайдалану мақсаттары мен оларда қолданылатын физикалық факторлардың табиғаты бойынша әртүрлі топтарға бөлінетіндігін айтқан болатынбыз. Осы ойды ара қарай тарқатайық, яғни медициналық техника деп нені айтамыз, олар қандай топтарға, түрлерге бөлінеді деген сұрақтарға жауап іздейік.
Біз алдымен медициналық техника деген ұғымға түсінік берейік. Мұндай ұғым медициналық ЖОО арналған медициналық биофизика және т.б. оқулықтарда келтірілген, бірақ олардың басым көпшілігенде ғылым мен техниканың дамуы мен cолардың әсерінен медициналық техниканың дамуының жаңа деңгейге көтерілу нәтижесінде денсаулық сақтау саласында жаңа сипаттағы және түрдегі медициналық техникалардың пайдалануға екндігі ескерілмеген. Оның үстіне бұл мәлімет көздерінің бірі медицинада қолданылатын қондырғылады медициналық құрал деп атаса, екіншісі оған медициналық аппарат деген ат берген, ал тағы бірі оны медициналық электроника деп атаған, сонымен қатар бұл оқу құралдары негізінен медициналық техникалардың ішінде терапиялық бағыттағы құралдарға басты назар аударған, ал диагностикалық бағыт нашар қамтылған.
«Техника» гректің techne - өнер, шеберлік деген сөзінің мағанасына сәйкес келеді. Энциклопедиялық сөздікте техника - қоғамның талабын қанағаттандыру үшін қолданылатын құралдар жиынтығы дегенді білдіреді, олай болса «техника» термині арқылы адамзаттың талаптарын қанағаттандыратын, кез келген саладағы күрделі немесе қарапайым құрал-жабдықтарды, қондырғыларды, аппараттарды және т.б. атайды.
Осы тұжырымды басшылыққа алып және жоғарыдағы аталған медициналық техникаға берілген әр түрлі түсніктерді ескере келе, медициналық техника деп - биологиялық объектілер мен адам ағзасындағы физиологиялық, анатомиялық, биохимиялық, физикалық өзгерістерді анықтайтын, өлшейтін және оларды тіркейтін, сонымен қатар оларда кездесетін биологиялық сипаттағы ауытқуларға (патологиялық) табиғаты әр түрлі физикалық факторлармен әсер ету арқылы қалпына келтіру мақсатында қолданылатын техникалар, аппараттар мен құралдар тобын атаймыз.
Болашақ дәрігерлердің медицина саласында қолданылатын техникалар бойынша білім дәрежесін арттыруда, медициналық құралдардармен орындалатын іс әркеттерді меңгеруді жақсартуда, медициналық құралдардың мүмкіншілігін толық пайдалануда, диагноздау мен емдеу ісіне медициналық құралдарды дұрыс таңдай алуда, физикалық фактор мен медициналық құралдардың арасындағы тікелей байланыстарды терең саналы түрде білуде медициналық құралдарды жіктеудің негізін қарастыру болашақ дәрігерлердің танымдық әрекетін арттыруда үлкен роль атқарады.
Физикалық факторларды қолдануға бағытталған медициналық саладағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының барлығында дерлік емдік шаралар белгілі бір физикалық фактор төңірегінде жұргізіледі. Мысалы, перифериялық нерв жүйесін кешенді емдеуде электромагниттік толқынды қолдану, панкреатитті емдеуде миллиметрлік толқындардың оң әсері болатындығын ұсынған т.б. зерттеу жұмыстары көптеп кездеседі[217]. Соңғы жылдары бірнеше физикалық факторлармен бір мезгілде әсер ету арқылы емдеу шараларын жүргізу медицина саласында кең түрде қолдануда және бұл бағыт одан ары кеңей түсетін түрі бар, мысалы іріңдеу процесін тоқтауда магнит өрісі мен лазер сәулесін бір мезгілде пайдалану жақсы әсер бететіндігі анықталып отыр.
Осы фактілерді ескере отырып қолданылатын физикалық факторларға сәйкес медициналық құралдарды мынандай топтарға жіктедік:
Механика(тербелістер мен толқындар) және молекулалық физика құбылыстарына негізделген (жылу мен суық көздері) факторлар (ММФ) қолданылатын медициналық құралдар тобы,
Тұрақты электромагниттік (электр/магнит өрістер, тұрақты ток, кедергі) факторлар (ТЭМФ) қолданылатын медициналық құралдар тобы,
Импульсті (айнымалы төменгі, жоғары, ультра жоғары, аса жоғары, қиыр шеткі тербелістер немесе толқындар) электромагниттік факторлар (ИЭМФ) қолданылатын медициналық құралдар тобы,
Оптикалық факторлар (ОФ) қолданылатын медициналық құралдар тобы,
Атомдық және ядролық факторлар(АЯФ) қолданылатын медициналық құралдар тобы
Кванттық физика (кванттық/информациялық медицина) факторлары (КФ) қолданылатын медициналық техникалар тобы
Аралас физикалық факторлар (АФФ) қолданатын медициналық техникалар тобы
IT және жоғары технологиялық факторлар (ITФ) қолданылатын күрделі медициналық құралдар тобы
Медицинада қолданылатын құралдарды қолдану мақсатына байланысты оларды: диагностикалық, терапевтік және зертханалық (клиникалық лаборатория) құралдар деген топтарға бөлеміз. Бұл құралдардың жұмыс принциптері физикалық құбылыстарға (факторларға) негізделгендігі туралы өткен тарауларда айтылған болатын. Диагностикалық мақсатта қолданылатын физикалық факторларды олардың физикалық қасиетіне байланысты таңдалған болса, терапевтік мақсаттарда қолданылатын физикалық факторлар биологиялық денелерге тигізетін әсеріне байланысты қолданылады, ал клиникалық зерттеуде қолданылатын құралдар мен қондырғылардың жұмыс принциптері физикалық заңдылықтар мен құбылыстарға негізделген. Біз алғаш рет осы 3 бағытты бірге қарауды ұсынып отырмыз, өйткені бұл бағыттар практикалық медицинада бұрыннан бірге қызмет атқаратын.
Осы ұсынылған топтауды басшылыққа алып және өткен тараулардағы жинақталған мәліметтер негізінде медициналық құралдарды физикалық факторлар бойынша жіктеп, төмендегі кесте түрінде берейік.
ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР |
№ |
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ БАҒЫТЫ МЕН ӘДІСТЕРІ |
||
1 |
2 |
3 |
||
I. М е х а н и к а және молекулалық физика ММФ
|
диагностикалық |
|||
1 |
ФКГ құралы |
|||
2 |
УДЗ, ЭхоКГ,ЭхоЭГ, доплерлік ЭхоКГ |
|||
3 |
аудиометрия құралы |
|||
4 |
спирометрия, пневмотахография, пикфлоуметрия |
|||
5 |
сфигмография |
|||
терапиялық |
||||
1 |
УДТ құралдары |
|||
2 |
Жылумен емдеу құралдары. |
|||
3 |
Криотерапия құралдары |
|||
4 |
Криохирургия. құралдары |
|||
зертханалық |
||||
1 |
Вискозиметр |
|||
2 |
Центрифуга |
|||
II. Тұрақты электр және магнит өрістері және тоғы. ТЭМФ |
диагностикалық |
|||
1 |
ЭКГ құралы |
|||
2 |
Холтерлік ЭКГ |
|||
3 |
Векторкардиография (ВКГ) құралдары |
|||
4 |
Электроэнцефалограф (ЭЭГ) құралдары |
|||
5 |
Магниттік энцафалография (МЭГ) құралы |
|||
6 |
Газоразрядты визуализациялау құралы |
|||
7 |
Фолль құралы |
|||
терапиялық |
||||
1 |
Франклинизация |
|||
2 |
Аэроионотерапия, аэроионофорез. Аэрофито терапия, озонатор. |
|||
3 |
Галбвонизация, электрофорез, ультрафонофорез |
|||
4 |
Магниттік терапия құралдары |
|||
5 |
Электрлік тұрмыстық құралдар |
|||
зертханалық |
||||
1 |
Қағаздағы электрофорезді алу құралы |
|||
2 |
Целоскоп |
|||
III. Импульсті (айнымалы) электромагниттік тербелістер мен толқындар ИЭМФ
|
диагностикалық |
|||
1 |
Реоэнцефалография (РЭГ) |
|||
2 |
Эндоскопиялық капсул |
|||
3 |
Дефибриллятор (монитролы, кереуеттік) |
|||
терапиялық |
||||
1 |
Амплипульстерапия, электроұйқы, диадинамо терапия құралдары |
|||
2 |
Электростимуляциялау құралдары (ЭС), өңеш арқылы ЭС жасау құралы, қарын-ішек ЭС |
|||
3 |
Дарсонвализация, индуктотермия құралдары |
|||
4 |
Электростимуляциялау құралдары (ЭС), өңеш арқылы ЭС жасау құралы, қарын-ішек ЭС, |
|||
5 |
Электрокардиостимуляция (ЭКС) құралдары |
|||
6 |
Транскраниалды электростимуляциялық терапия (ТКЭС) құралдары |
|||
7 |
Электрохирургия (ЭХ) құралдары, |
|||
8 |
Тұр мыстық ЭС құралдары |
|||
IV. Оптика ОФ |
диагностикалық |
|||
1 |
ФГОС, бронхоскопия, гастроскопия, ларингоскопия, колоноскопия, кольпоскопия, |
|||
2 |
Гистероскопия |
|||
3 |
Талшықты жарық диодты цистоскоп |
|||
4 |
Авторефрактометр, рефрактометр , диоптриметр, тонометрия, |
|||
терапиялық |
||||
1 |
Лапроскопиялық құралдар |
|||
2 |
Фотоматрицалық терапия құралы, |
|||
3 |
УФ сәулемен биологиялық объектілерді емдеу құралы |
|||
4 |
Оптикалық тұрмыстық емдеу құралдары |
|||
зертханалық |
||||
1 |
спектрофтометриялық құралдар |
|||
2 |
Фотоэлектроколориметрия құралдары |
|||
3 |
Поляриметрия құралдары |
|||
4 |
Рефрактометрия құралы |
|||
5 |
Интерференциялық микроскоп |
|||
V. Атом және ядро физикасы АФ
|
|
диагностикалық |
||
1 |
Рентген құралдары |
|||
2 |
Ангиография, флюография, құралдары |
|||
3 |
Томография, компьютерлік томография (КТ) |
|||
4 |
Магниттік резонанстық томография (МРТ) |
|||
5 |
Радиоизотопты сәулелік диагностика құралдары |
|||
терапиялық |
||||
1 |
Радиоизотопты сәулелік терапия құралдары |
|||
зертханалық |
||||
1 |
Радиобиохимиялық/радиоиммунологиялық талдау құралдары |
|||
VI. Кванттық физика (квантық/ақпараттық медицина) КФ |
диагностикалық |
|||
1 |
Кванттық (толқындық-ақпараттық) диагностикалық құралдар. |
|||
терапиялық |
||||
1 |
Кванттық медицина құралдары. |
|||
2 |
Лазерлік хирургия құралдары |
|||
3 |
Лазерлік терапия құралдары |
|||
4 |
Тұрмыстық емдеу құралдары |
|||
VII. IT және жоғары технология ІТФ |
диагностикалық |
|||
1 |
Жүрек-тамыр жүйесінің функционалды күйін тексеру кешені |
|||
2 |
Адамның психофизиологиялық күйін тексеру кешені |
|||
3 |
Адамның тірек-қимыл аппаратын тексеру кешені |
|||
4 |
ТВ медициналық кешен |
|||
терапиялық |
||||
1 |
Эндовидеохирургиялық кешен, |
|||
2 |
Қан айналысын жасанды жүргізу аппараты (АИК) |
|||
3 |
Өкпені жасанды желдету құралдары(ИВЛ) |
|||
4 |
Наркоз аппаратары |
|||
зертханалық |
||||
1 |
Биохимиялық талдау құралдары |
|||
2 |
Гемотомиялық талдау құралдары |
|||
