- •Isbn 978- 601-243-633-4 © у.Байзак, б.Байзакова 2015
- •Мазмұны
- •1 Дәріс. Биологиялық мембранының құрылысы және оның қызметі. Жасанды биологиялық мембрана. Лекция жоспары
- •§ 1 Биологиялық физика пәні туралы.
- •§2 Биологиялық мембрана құрылысы және қызметі.
- •7 Сурет
- •8 Сурет. 1-фосфолирид, 2-сфигомиелин, 3-фосфатидилхолин,
- •§3. Биологиялық мембрананың физикалық қасиеттері
- •§4 Мембрананың фазалық күй.
- •§ 5 Жасанды мембрана
- •10 Сурет
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •2 Дәріс. Биомембрана арқылы зат тасымалдау Лекция жоспары
- •1 Сурет
- •2 Сурет
- •5 Сурет
- •6 Сурет. 1 - липидті биқабат, 2- кернеу сенсоры, 3- қақпа, 4 - селективті фильтр 5- ақуыз макромолекуласы, 6-көмір сулар, 7- пор,
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •3 Дәріс. Биоэлектрлік потенциал Лекция жоспары
- •4 Сурет
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •4 Дәріс. Кардиомиоците әрекет потенциалының пайда болу механизмі.
- •1 Сурет
- •2 Сурет
- •3 Сурет
- •4 Сурет
- •5 Сурет.
- •6 Сурет
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •5 Дәріс. Реология. Қанның тамыр бойымен ағу ерекшеліктері. Қан қысымын өлшеу
- •1 Cурет
- •2 Сурет
- •4 Сурет. Капиллярдағы эритроциттің төменгі(а) және жоғары(б) жылдамдық кезіндегі көрінісі.
- •5 Сурет.
- •6 Сурет
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •6 Дәріс. Жарықтың заттармен әрекеті. Люминесцения. Фотобиологиялық процестер.
- •1 Сурет
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •7 Дәріс. Электрлік факторлардың ағзаға әсері және оларды медициналық құралдарда қолдану
- •2 Сурет. Электродты денеде орналастыру әдістері.
- •6 Сурет
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •(Классификациялау) Лекция жоспары:
- •Медициналық техникалар
- •9 Дәріс. Радиоактивтілік. Доза негіздері. Радионуклидтерді медицинада қолдану.
- •Дозаметрия
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •10 Дәріс. Көру биофизикасы
- •1 Сурет Көздің құрылысы.
- •8 Сурет
- •11 Сурет
- •13 Сурет. Таяқшаға жарық әсер етпеген кездегі тыныштық потециалының пайда болуы.
- •14 Сурет. Таяқшаға жарық әсер еткен кездегі әрекет потециалының пайда болуы.
- •15 Сурет
- •11 Дәріс. Тыныс алу биофизикасы
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •12 Дәріс. Ультрадыбысты медицинада қолдану. Ульрадыбыстық зерттеу құралы «алока-630».
- •1 Сурет. 1- конвексті, 2- секторлы, 3- сызықты
- •Арнайы датчиктер
- •Кардиологиялық ульрадыбыстық зерттеу
- •Доплерография
- •7 Сурет Алока ssd-630» құралын басқару панель тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •13 Дәріс. Электрлік емес шамаларды өлшеу. Датчиктер.
- •Генераторлы датчиктер.
- •Параметрлік датчиктер
- •Тақырып бойынша студенттің өзі өзі тексеруіне арналған тест сұрақтары
- •Тест жасаудың жаңа технологиясы: сатылы тест
- •Аванесов в.С. Теоретические основы разработки заданий в тестовой форме. М.:Мос.Текст.Акад. Им.Косыгиан, 1996. -95 с.
- •3. Аванесов в.С. Композиция тестовых заданий.-м.:Центр тестирования,
- •Қ зертханалық олданылған әдебиеттер тізімі
- •Медициналық биофизика. Лекциялар жинағы.
4 Сурет. Капиллярдағы эритроциттің төменгі(а) және жоғары(б) жылдамдық кезіндегі көрінісі.
Эритроцит өте созылмалы, майысқақ болып келеді, соның салдарынан оның қос ойыс дискі түріндегі формасы деформацияланып, диаметрі 3 мкм болатын капилляр ішіне оңай кіріп кетеді, бұл эритроцит мембранасының капилляр қабырғасымен жанасатын ауданын ұлғайтып, ондағы зат алмасуды жақсартады және капиллярдағы аққан қанның тұтқырлығын кемітеді (5-сурет).
5 Сурет.
Капилляр жүйесіндегі осындай құбылыстар жүрекке түсетін күшті азайтады. Кей патология әсерінен эритроцит қабырғасының майысқақтығы (эластикалықтығы) төмендейді, нәтижесінде қан айналысы нашарлайды.
Эритроцит концентрациясының ұлғаюы немесе кемуі қан тұтқырлығын өзгертеді. Мысалы, қалыпты жағдайда қан тұтқырлығы 4-6 мПас болса, анемия (эритроциттің кемуі) кезінде 2-3 мПас дейін төмендейді, ал полицитемияда бұл көрсеткші 15-20 мПас дейін жоғарылайды екен.
Енді қанның гемодинамикалық сипаттамалары -қан қысымы мен ағу жылдамдығын қарастырайық.. Қан тамарлары: аорта артерияға, ол артериолаға, ол өз кезегінде капиллярларға тармақталып кетеді, бұл әр жеке тармақтың (тамырдың) диаметрінің кішірейуіне, бірақ осы тамырлар жүйесіне енетін барлық тармақтардың ауданының қосындысының ұлғаюына алып келеді. Ағыстың үздіксіздік теориясына сәйкес сұйықтың сызықтық жылдамдығы v түтіктің көлденең қимасының ауданы S кері пропорционал болатын, осы принципке сәйкес ең жылдам қан ағысы аортада байқалады, өйткені оның көлденең қимасының ауданы тамырлар жүйесінде ең кішісі болып саналады және қан жылдамдығы аортадан капиллярға қарай біртіндеп азая береді. Барлық капиллярдың ауданы аорта ауданынан 500-600 есе көп, сондықтан капиллярдағы қан ағысының жылдамдығы 500-600 есе аз, оның шамасы 1 мм/с төңірегінде. Қалыпты жағдайда аортадағы қан жылдамдығы 0,5м/с ден 1м/с дейін болса, үлкен физикалық жүктеме кезінде ол 20 м/с дейін жоғарылайды.
Капиллярдағы қан ағысының төмен болуы қан мен ұлпа арасындағы зат алмасуды қамтамасыз етеді, бұл мысал ағзадағы зат алмасу процесінің негізгі бөлігі капиллярларда өтетіндігін көрсетеді. Капиллярлар біріге келе вена тамырына айналады, вена тамырының саңлауы барлық капиллярларға салыстырғанда аз екендігі белгілі, соның салдарынан венедағы қан ағысының сызықтық жылдамдығы артады. 6 суретте тамырлар жүйесінің түрлі аймағындағы қан жылдамдығының өзгеруі көрсетілген.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6 Сурет
Енді үлкен қан айналысы шеңберінде орын алатын құбылысты талдайық. Жалпы жүректі белгілі бір ырғаты түрде жұмыс істейтін насос деп қарастыруға болады. Оның жұмыстық фазасы, яғни жүректің жиырлуы (оны систола деп атайды) бос жүрістік фазамен, яғни жүректің босаңсуымен (оны диастола деп атайды) кезектесіп отырды.
Жүректің жиырылуы, яғни жұмыстық фазасы систола кезінде сол жақ қарыншадан 60-70 мл көлеміндегі қан аортаға және одан тарайтын артерияларға қарай ағылады. Тамырлардың қабырғалары серпімді болғандықтан, систола кезінде пайда болатын қан қысымы әсерінен тамыр қабырғалары созылады. Нәтижесінде, ірі қан тамыры үлкен көлемдегі қанды қабылдайды. Мұнан соң жүрек босаңсып, диастола кезеңі келеді, тамыр қабырғалары жиырылып толып тұрған қанды одан ары қарай айдайды. Жүректің жиырылуы мен босаңсуы периодты түрде қайталанып, пайда болған қысым әсерінен тамыр қабырғалары тербеліп, 6-8 м/с жылдамдықпен тамырды бойлап тарайды. Бұл тербелісті пульстік толқын немесе пульс деп атайды.
Пульстік толқынның жиілігі жүректің жиырылу жиілігіне тең, ал таралуы жылдамдығы тамыр параметрлеріне тәуелді, бұл тәуелділік Моэнс-Кортевега формуласыымен сипатталады:
,
мұндағы E – тамыр қабырғасының серпімділік модулі, h – тамыр қалыңдығы, d – тамыр диаметрі, - тамыр затының тығыздығы.
Пульстік толқынның тамыр бойымен таралу жылдамдығы 6-12 м/с тең болады, ол қанның тамыр бойымен ағу жылдамдығы 0,3-0,5 м/с әлде қайда көп, сондықтан аяқ, қол, т.б. жерлерге пульстік толқын аортадағы қан қысымының төмендеуінен тез жетеді. Жүргізілген зерттеулер h/d қатынасының адамдар мен артерия түріне байланыссыз екендігін көрсетті. Олай болса, пульстік толқынның таралу жылдамдығы тек артерия қан тамыры қабырғасының серпімділігіне, яғни Юнг модулінің өзгеруіне ғана байланысты. Осыған байланысты адам жасының ұлғайуына байланысты және кей аурулардың әсерінен (гипертония, атеросклероз) артерия қабырғасының Юнг модулі артады, соның әсерінен пульстік толқынның таралу жылдамдығы қалыпты жағдайдан 2-4 есе артуы мүмкін.
Систол мен диастол кезінде ірі және орта қан тамырларындағы қан қысымдары бірдей емес. Систол (максимал) кезіндегі қан қысымы 110-130 мм.сын. бағанасына тең, ал диастол (минимум) кезіндегі қан қысымы 60-80 мм.сып. бағанасы болады.
рС
рД
1 1
1 2 3 4 5 6 7 8
7 сурет.1- аорта, 2- ірі артериялар, 3-кіші артериялар, 4- артериолалар, 5- капиллярлар, 6- венулалар, 7- вена, 8 – жартылай веналар.
Үлкен қан айналыс шеңберіндегі капиллярлардағы қан қысымы әр 0,75 мм сайын 30 мм.сып.бағанасынан 15 мм.сып.бағ. дейін төмендейді, ал кіші қан айналыс шеңберіндегі капиллярлардағы қан қысымы 7 мм.сып. бағанысына тең. Үлкен қан айнасысы шеңберіндегі венуладағы қан қысымы 15-20 мм.сып.бағанасы болса, кеуде қуысынан тыс аймақтағы ірі веналарда 5-6 мм.сып. бағанасына тең. Жүрек құлақшандағы қан қысымы атмосфералық қысымнан 2-3 мм.сып. бағанасына кем. Төмендегі 7- суретте үлкен қан айналысы шеңберіндегі түрлі тамырлардағы қан қысымының шамасы көрсетілген.
Қан қысымын манжет арқылы өлшеуді алғаш рет итальяндық дәрігер Рива Роччи 1896 жылы ұсынған болатын. Бұл әдісті 1905 жылы орыс дәрігері Н.С.Коротков одан ары дамытты. Бұл әдіс пульстік толқын шығаратын дыбысты тыңдауға (аскультатция) негізделген. Адамның қан қысымын өлшеу үшін білекті орай резинкадан жасалынған манжетті кигізеді. Оған тамырдағы қан ағысы тоқтап, пульс жоғалғанға дейін ауа айдайды (көбіне 220-250 мм.сын.бағ.дейін). Онан соң манжетте орнатылған вентильді жайлап ашып, ауаны шығара бастаймыз, сәлден соң артериядағы қан тамыр бойымен аға бастайды, ағыс турбуленті болғандықтан фонендоскопта шу естіледі, оны Коротков тоны деп атайды, осы мезеттегі манометрдің көрсетуі қанның систолды қысым деп саналады. Манжеттегі ауа қысымын одан ары төмендетіп, артериядағы қан ағысын қалыпты жағдайға алып келеміз, бұл кезде қан ағысы турбулентіден ламинарлы ағысқа айналады, нәтижесінде фонендоскопта Коротко тоны(шуы) жоғалады, бұл кездегі манометр көрсетуі қанның диастолды қысымы деп саналады.
Қазіргі кезеңде қан қысымын жоғары дәлдікпен өлшеуде Доплер эффектісін негізделген әдіс қолданылады. Тамырға кигізілген манжет астына удьтрадыбыс (УД) толқынын шығаратын және оны қабылдайтын қондырғы орнатылады. УД толқыны артерияға бағытталады. Манжеттегі қан қысымы систолды қысымға жеткенде, артерия арқылы қан аға бастайды және тамыр қабырғасы тербеледі, осындай қан тамырынан шағылған УД толқынының жиілігі өзгереді, осы өзгерістер арқылы қан қысымын анықтауға болады.
Қазіргі кезеңде қан қысымын автоматты түрде тәулік бойы тіркейтін (мониторинг) қондырғылар бар. Олар артериялық қысымның шамасын, жүрек ұрысын(пульсті), өлшеу кезінде орын алған қателіктерді тәулік бойы уақытқа сәйкес тіркеп, мониторинг жасауға мүмкіндік береді. Құралда тіркелген мәліметтерді компьютер жадына көшіруге немесе қағазға басып шығауға болады. Артериялық қысымның тәулік мониторингі (АҚТМ-СМАД) бір рет өлшенген қан қысымына салыстырғанда беретін диагностикалық мәліметі көп, сондықтан оны артериялық қан қысымы жоғары ауруларды емдеуде кең түрде қолдануда.
