- •“Тамақтан уланудың” жiктелуi
- •Токсикоинфекцияныңжалпысипаттамасы
- •Тағамдықтоксикоинфекциялар
- •Шартты-патогендi микроорганизмдерменшақырылғантоксикоинфекциялар
- •Iшектаяқшалары-e.Coli
- •Тағамдықтоксикоинфекцияпрофилактикасы
- •Бактериалдытоксикоздар
- •Ботулизм
- •Этиологиясыменпатогенезi.
- •Стафилококкты улануды шақыруға себепші азық-түліктер
- •Кремді кондитерлік бұйымдар
- •Ботулизм ауруының туындауындағы азық-түліктердің ролі.
- •Ботулизмауруыныңпрофилактикасы:
- •Тамақтан улану профилактикасының негізгі ұстындары
- •1. Инфекция қоздырғышының көзін оқшаулау
- •2. Тамақтан улану қоздырғыштарыныңазық-түліктерде тұқымдану жолын үзу
- •Микроорганизмдердің көбеюі мен токсин түзуінің алдын алу
- •4.Эпидемиологиялық жағынан қауіптілік туғызатын азықтарды залалсыздандыру
- •Тағамдық микотоксикоздар
- •Фузариотоксикоздар
- •Эрготизм
- •Табиғатынан улы өсімдік және жануар текті өнімдермен улану
- •Дәнді дақылдың арам шөптерінің улы тұқымдарымен улану (арам шөптік токсикоздар).
- •Триходесмотоксикоз (жергілікті энцефалит)
- •Есіртпе үйбидайықпен улану
- •Балықтың улы тіндерімен улану.
- •Ішкі секреция бездерінен улану.
- •Белгілі жағдайда улылық қасиетке ие болған өсімдік текті азық-түліктермен улану
- •Амигдалин
- •Соланин
- •Азық-түліктердің құрамына түскен түрлі қоспалардан болған жедел уланулар
- •Азық-түліктердің құрамына химиялықзаттардыңтүрліқоспаларының түсуінен болған уланулар
- •Металл қосылыстарының қоспасы
- •Азық-түліктердің құрамына түскен түрлі қоспалардан болған созылмалы уланулар. Созылмалы алиментарлы нитратты-нитритті метгемоглобинемия.
- •Этиологиясы белгісіз тамақтан уланулар
- •Пестицидтердiңжiктелуi
- •Гигиеналықжiктемесi
- •Пестицидтерді гигиеналық бағалау
- •Пестицидтердің негізгі топтарының қысқаша сипаттамасы
- •10.2.1 Пестицидтердің ауыл шаруашылығында қолданылуына санитариялық қадағалауды ұйымдастыру
- •Зерттеуге сынама алу
- •Пестицидтің қалдық мөлшерін анықтау үшін алынған сынаманы лабораториялық зерттеу
- •Азық-түліктегі пестицидтің микромөлшерін анықтау әдістері.
- •Пестицидтің азық-түліктегі қалдық мөлшерін анықтауғажүргізілген сараптаманың қорытындысын жазу
- •10.2.2 Пестицидтер тиісті мөлшерден асып кеткен жағдайда азық-түліктерді іске жаратудың жолдары
- •«Тамақтан улануды ескерту бойынша сэқб-ғы ұйымдастыру жұмыстары» Тамақтан улануды санитариялық-эпидемиологиялық тергеу
- •Санитариялық-эпидемиологиялық станция мамандарымен тамақтан улану індетін тергеу алгоритмі
- •Тамақтан улануды тергеу мен медициналық жәрдем көрсету барысындағы емдеу және санитарлық дәрігер істерінің өзара тығыз байланысы
- •Тамақтан улану туралы шұғыл хабарлама
- •Тамақтан улану кезінде зардап шеккендерге сауал қою формасы
- •Сынама үлгілерін алу және лабораторияға жеткізу
- •Тамақтан улануды тергеу актысын құрастыру
- •Тағамдықбояуыштар
- •Тағамдыққышқылдар
- •Технологиялықпроцестi жылдамдатқыштар
- •Консерванттар
- •Металданжасалғаныдыстар
- •Темiрменшойыннанжасалғаныдыстар
- •Полиолефиндер
- •Поливинилхлорид
- •Фторопластар
- •Полистирол
- •Полиакрилаттар
- •Аминопласттар
Тамақтан улануды тергеу мен медициналық жәрдем көрсету барысындағы емдеу және санитарлық дәрігер істерінің өзара тығыз байланысы
2
схема
-
І
ндет
ошағы
-
Е
мдеу
дәрігеріне қаралуМ
едициналық
алғашқы жәрдем
-
СЭС-ға шұғыл хабарлама жолдау
Сынама алып, зертханаға жіберу
Санитарлық дәрігер тергеуі |
СЭС зертханасын іске қосу |
Тамақтан улану туралы шұғыл хабарлама
Мекен –жайы, (аудан, ықшамаудан толығымен көрсетілуі тиіс).
Тамақтан улану болған күні.
Тамақ қабылдаған орын (мекеме аты, номері).
Зардап шеккендер саны, оның нешеуі ауруханаға жатқызылды (оның нешеуі 14 жасқа дейінгі балалар).
Аурудың клиникалық ағымы.
Өлім жағдайының саны.
Күмәнді тағам.
Тамақтан улану туындауына ықпал еткен болжамды себеп.
Осы құжатты толтырған маманның лауазымы, қолы.
СЭҚБ тамақтан улану туралы шұғыл хабарламаны алған уақыттан тамақтан улану болған орынға тағам гигиенасы бөлімінің дәрігерін ауру себебін анықтау үшін, тамақтан улануға санитариялық-эпидемиологиялық тергеу жүргізуге жолдайды. Сонымен қатар, осы індет туралы санитариялық-эпидемиологиялық жоғарғы инстанцияға тез арада хабар беру керек. Санитарлық дәрігер немесе СЭҚБ бас дәрігері індет шыққан орынға келгесін, зардап шеккендерге көмек көрсеткен емдеу мекемесінің дәрігерімен байланысып, ауру клиникасын бірігіп талқыға салып, науқастарға төмендегі формада сауал қойып, ауру себебін нақтылайды.
Тамақтан улану кезінде зардап шеккендерге сауал қою формасы
Аты-жөні
Жасы
Жұмыс орны
Соңғы 2 тәулік бойы қай жерден тамақтанды
Бірге тамақтанған отбасы мүшелерінің ішінде ауырғандар бар ма?
Ауру басталған уақыты, күні
Қандай азық-түлік,тамақ күмән туғызады
Күмәнді тамақты ішкен орны мен уақыты
Клиникалық симптомдары
Күмәнді тамақты ішкен уақыттан аурудың басталуына дейінгі
уақыт аралығы (инкубациялық кезең).
Зерттеу нәтижелері төмендегіше толтырылады:
-
Зардап шеккендер аты, жөні
48 сағат бойы желінген тамақтар, азықтардың аты (Осы мерзім ішіндегі күмәнді азықтардың аты)
1.
1 тағам макарон көже 250мл,
Котлет т.б.
Тамақтан улануды тергеу әдістемесі
Тамақтан улану жағдайы туындағанда санитариялық-эпидемиологиялық станция алдында мүмкіндігінше індетті тез арада тоқтатып, зардап шегушілер санының көбеюіне тежеу қоюға бағытталған шұғыл және жауапты міндет тұрады.
Екінші міндет алғашқымен тығыз байланысып, ауру шығуының себебін, жағдайын анықтап, осыған себепкер болған кінәлі адамдарды табу. Осы міндеттердің негізгі мақсаты індет шығуына себепші болған қандай азық-түліктер екендігін анықтау болып табылады. Бұл күмәнді азықты қолданудан тез арада алып тастап, ауру таралуын тоқтатуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге себепші азықтың өндірілуі, сақталуы, қайта өңделуіне байланысты орын алған санитариялық-технологиялық кемшіліктерге орай тергеу жұмысына кірісуге болады.
Тамақтан улану этиологиясы, ағымы бойынша әртүрлі болғанымен, тергеу жоспары төмендегіше бәріне ортақ:
Осы індетке тән клиникалық симптомдарды анықтау.
Күмәнді азық-түлікті анықтап, оны қолданудан алып тастау.
Науқастан алынған материалдар мен күмәнді азықтың сынамасы, шайынды т.б. лабораторияға жолдау.
Күмәнді азықтың өндірілу жолдары, жағдайы, сақталуы мен қайта өнделуін тексеру.
Зертханалық анализ мәліметтері мен санитариялық-технологиялық кемшіліктер фактыларын жинақтап, тергеу актысын құрастыру.
Тергеуді кеш бастап, ауру жөнінде МСЭҚБ хабарламаны кешірек жіберсе, күмәнді азық партиясы дер кезінде қолданудан алынбай, толығымен қолданылып кетеді. Мұндай жағдайда ауру кеңінен таралып, тамақтан улану себебін дәл анықтауға қиындық туғызады.
МСЭҚБ бас дәрігері шұғыл хабарламаны алғасын, санитарлық дәрігерлерге тергеу жөнінде тапсырма беріп, қажет жағдайда эпидемиолог пен лабораторияны қосады. Тамақтан улануды тергеу күрделі әрі жауапты іс болғандықтан білікті дәрігер мен лаборанттарға жүктеліп, қажет болса санитариялық-гигиеналық орталық пен тағамтану кафедраларының қызметкерлері мен мамандары жұмылдырылады.
Санитарлық дәрігер тергеу барысында алдымен осы індетке тән белгілерді білу мақсатында клиникалық симптомдарды анықтайды. Бұл жағдайда емдеуші дәрігер науқаспен алғашқы жәрдем көрсетілген жерде немесе ауруханада жеке әңгімелесу жолымен аңықтайды.
Клиникалық симптомдар болжамды диагноз қоюға негіз болатын ақпараттарды ғана береді. Тергеуді ары қарай өрбітіп, лабораторлық зерттеу мәліметтері негізінде ғылыми дәлелденген қорытынды диагноз қойылады.
Күмәнді азықты дер кезінде табу індеттің орнын, тез арада тоқтату мен тергеуді дұрыс жүргізуге мүмкіндік береді. Ол үшін барлық зардап шеккендерге ортақ болған азықты табу қажет. Осы жалпы азықты табу барысындағы жұмыстар аса мұқияттылықты, азықты қолданудан алып тастау үшін жылдам шешім қабылдауды талап етеді.
Тағам блогындағы жұмысшылар және зардап шеккендермен сұхбаттасып, күмәнді азық-түліктердің сақталуына, өңделуіне қойылатын ережелерінің айқын бұзылыстарын ескеру керек.
Азық-түліктердің улылығын аңықтау үшін зардап шеккен адамнан, бірінші улылық белгілері пайда болғаннан бастап, соңғы 48 сағат ішінде қандай тағамдарды пайдаланғандығы жайлы мәліметтер алынады. Мұндай тергеу барысында қателік жібермес үшін, уланған адамдармен бірге болған асқазан ойық жарасымен, холециститпен, бауыр және бүйрек коликасымен ауыратын науқас адамдар тергеуге қатыспағанымен, деректерді нақтылауға ат салысады.
Зардап шеккен адамдар әдетте мәзіріне кірмейтін және үй жағдайында жеп-ішілмеген тағамдарға күмән туғызады. Науқас адамдар өздерінің ауруын соңғы жеген тағамдарынан көреді. Жасырын кезеңнің ұзақтығынан және азық-түліктің патогенді микроорганизмдермен тұқымдану дәрежесіне орай, тағамның органолептикалық қасиетінің бүлінуі аз мәліметтер беретіндіктен, тергеу жүргізген дәрігер барлық қажетті мәліметтерді жинақтауға міндетті. Микроорганизмдер көбеюіне қолайлы азық-түліктер мен тағамдар бактериалды және тағамдық улануды шақырады. Егер клиникалық белгілер бойынша тағамнан улану этиологиясы бактериалды болса, бұл жағдайда зертханаға қант, тұз, ұн жарма өнімдерінен сынама алынады. Тексеруге қажетті жақ күмәнді азық-түлік пен тағамдардан сынама алған кезде көлемін жеткілікті не көбірек алса, алынған зертханалық мәліметтер де нақты болады. Егер ет тағамдары күмән туғызса /гуляш, туралған котлет,тоңба/ дайын өнімдердің, шикізаттардың, дүмбіл азықтың қалған партиясын сынамаға алып, азық-түлікпен жанасатын мүкаммал мен құрал-саймандардан жағынды, шайындылар алу керек. Мұндай нақтылы тексеру жұмыстары этиологияны анықтаумен қатар, індеттің алдын алуы үшін де мүмкіндік жасайды. Бактериологиялық зерттеулердің сынамасына зертхананың бактериологы келуі тиіс. Ол сынамаларды таза, стерилді ыдысқа, стерилді құрал-жабдықпен алады.
Тергеу жүргізген дәрігер зертханаға сынаманы жібереді, онымен қоса сынаманың алынған күні, алынған себебі беріледі, қысқаша науқастың клиникалық белгілерімен, жағдайы сипаттап, жазылады. Бұл мәліметтер зертханаға қандай бағытта және қандай әдістерін қолданатындығына сілтеме бола алады.
Егер тергеуші дәрігер белгілі бір этиологиялық факторға күдіктенсе /мыс: жарманы пайдаланғанда, құрамындағы мышьягы бар және сынабы бар препараттармен уланса, мырышы бар ыдыстағы сусындармен уланса/ бұл жағдайда хабарлау керек, ұн, жарма өнімдерін тексеруге жіберудің қажеті жоқ.
Күмәнді азық-түлік пен тағамдардан сынама алған кезінде көлемін көбірек алса алынған зертхана мәліметтері де нақты болады. Жылдық жылы мезгіленде жасалған сынамаларды 1-6 сағат ішінде жеткізудің мүмкіндігі тумаса, онда әр сынаманы таза стерильді шиша ыдысқа салып жәшікке мұзбен бірге қаптап тастау керек және жан жақтарын сибанмен қымтап тастау керек. Сынамадағы мұздатылып шіріген микроорганизмдердің көбейін алдын алу үшін қолданады, бұл сол індеттің нағыз қоздырғыштың бөлінуін қамтамасыз етеді. Зардап шеккендердің құсық массасын, нәжіс, зәр бөлінділерін, ағынды суды сынамаға алудың маңызы зор. Егер емдейтін дәрігер бұл сынамаларды алмаса, онда тергеуші дәрігер осы сынамаларды алу керек. Неғұрлым ауру кезеңінен аз уақыт өтсе соғұрлым оның диагностикалық маңызы жоғары болады. Науқастанған адамдардың қан сарысуындағы агглютинация реакциясы, бактериалды тағамдық токсикоинфекцияның этиологиясын аңықтауға мүмкіндік береді. Тағамнан улануды тергеу кезінде агглютинация реакциясы агглютининдердің өсуіне байланысты 6 рет жүргізіледі.
1-шісі – аурудың 1-3-ші күнінде
2-шісі – 7-10-күндерінде
немесе
1-шісі - аурудың 7-10-күндерінде
2-шісі – аурудың 15-18-күндерінде
Агглютининдер барлық науқастарда бөлінбейтіндіктен 10-15 адамнан анализін агглютинация реакциясына тексеру әсіресе ауыр жағдайдағы науқастарды, егер ауырғандар саны аз болса барлық адамнан сынама алған жөн.
Агглютинация реакциясы зертханадағы микробтар штаммымен қойылады /сальмонелла және т.б./. Егер улану ішек таяқшасының протеус түрімен шақырылса, антиген ретінде індеттен бөлінген дақылдарды алу керек. Осы бөлінген дақылдарды сақтап қойған жөн, керек кезінде қолдануға ынғайлы болу үшін.
Зерттеу жұмыстары кезінде өнеркәсіпті тергеу жұмыстарында күмәнді азық-түлік пен тағамдарды сақтау басты жұмыс болып табылады. Себебі азық-түліктердің бүлінуі дөрекі санитарлық ережелерінің бұзылыстарынан болады.
Санитариялық-эпидемиологиялық бұзылыстарынан болатын бактериалды тағамнан улану келесі кезеңдерден тұрады:
Патогенді микрофлорамен тағамның ластануы.
Санитариялық-технологиялық бұзылыстардың әсерінен шикізаттың дүмбіл өнімде және дайын өнімде микроорганизмдермен жоғары ластануы.
Жеткіліксіз жылулық өңдеу әсерінен тағамдағы микрофлораның жойылмауы және ботулизмдегі токсиннің ыдыратылмауы әсерінен болатын улану.
Тағамнан улануда жүргізілетін барлық бағыт шикізаттың қандай өнімнен дайындалғандығы және қандай жағдайда сақталғандығы жайлы өндерістегі жұмысшылардан сауал қою нәтижесінде жақын болған адамдарды және соңғы этапында болған адамдарды тексеру. Жылулық өндеуден жақсы өткен өнімдер қайта микроорганизмдермен залалдануы мүмкін. Мысалы: микроорганизмдермен залалданған шикі етті өндегеннен кейін сол үстелге жақсылап қайнатылған етті порциялап бөлген кезде залалдануы мүмкін.
Бұл жағдайда санитариялық бұзылыстар тізбегі шикі етте емес жасырап пісірілген етте болады.
Тағамнан улануды тергеу акт құрумен аяқталады, мұнда нақты мәліметтер беріледі. Уланудың болған жері, орналасуы, берілген уақыты, зардап шеккендер саны, өлгендер саны, қысқаша клиникалық мәлімет, зертхананың зерттеу мәліметтері, өндірістік санитарлық зерттеу жұмыстарының мәліметтері індеттеп алынған азық-түліктер мен тағамдар және т.б. мәліметтер. Қорытынды этиологияға нақты объективті негіз болатын, кінәлі жұмысшылардың санитариялық бұзылыстары жатады.
Тағам өнеркәсібімен байланысты қоғамдық тамақтану, сауда кәсіпорындарында тағаммен улануларға күмәнді жағдайлар туғанда, санитарлық дәрігердің және дәрігер эпидемиологтың іс -әрекет алгоритмі
Тағаммен улану жайлы ақпаратты берушінің аты-жөні,тегі,уақыты мен күнін көрсету. Күнделікті өмірде "тағаммен улану", "тағамдық токсикоинфекция", "тағамдық интоксикация (токсикоздар)" сияқты диагноз қойылған бірлі-жарым ауруларды зерттеу жұмысы дәрігер- эпидемиологтың қатысуымен жүргізіледі.
Тағаммен улану кезіндегі шұғыл хабарлама ( форма №1 қосымшаға сәйкес" тағаммен уланулардың зертханалық диагностикасы және зерттеу бойынша нұсқау "№4. 04.002-96ж. ) түскендігі жайлы хабарлау:
бас дәрігерге немесе оның орынбасарына (олардың бұйрығымен Әкімшілік басшыларына);
тағам гигиенасы бөлімінің мамандарына, СЭҚБ-на;
бактериологиялық зертханаға;
емдеу мекемелеріне;
Тағаммен улануға қатысты обьектілермен байланысу, ауызша бұйрық беру, ақпарат берушінің аты-жөні, тегі, уақыты мен күнін көрсету. Күмән тудыратын азық-түлікпен қамтылған ұйымдармен байланысу (қоғамдық тамақтану, сауда кәсіпорындарымен және т.б.). Күмәнді азық-түліктердің жалпы көлемін анықтау, оның басқа да жерлерге түсуін және қалған мөлшерін анықтау. Осы обьект жайлы ары қарай шаралар қолдануға бұйрық беру (алдын-ала ауызша немесе телефонограммамен.) Жазбаша түрдегі түсініктеме ақпараттың жеткізілуіне тапсырма беру.
Санитарлық-химиялық, бактериологиялық зертхана меңгерушісімен көлемді лабораторлық зерттеу жүргізу туралы келісу(патогенді флораға шайынды алу, сынамаға алынған тағамның мөлшері, су, көкөніс және жеміс-жидектерді нитрат пен пестицидке, қызметшілерді бактериотасымалдаушылыққа тексеру).
Науқастармен сұрау жүргізу (акт толтыру),№2.3.4.5.7. қосымшаға сәйкес"Тағаммен уланудың лабораторлық диагностикасы мен зерттеуі бойынша нұсқау "№4. 04.002-96ж. )". Сұраған мәліметтерімізді дайын тағамдарының бракераж журналындағы, қамба кітапшасындағы , күнделікті мәзірдегі (накладной және заборный лист) мәліметтермен салыстыру.
Науқастардан алынған бөліндінің жиналғанын, сынаманың дұрыс алынғанын және клиникалық лабораторияға дұрыс жеткізілгенін дәлелдеу.
Науқастарға алғашқы көмек көрсеткен медицина қызметкерлері толтырылған медициналық құжаттардың дұрыстығын тексеру.
Обьектіге санитарлық –гигиеналық тексеру жүргізу (қоғамдық тамақтану , сауда кәсіпорындары және тағам өнеркәсіп мекемелері).
Обьектінің барлығын немесе ас дайындау бөлімін жабу болмаса, эксплуатацияға беруді тоқтату жайлы ұйғарым шығару. Тағамдық уланудың шығу себебі азық-түлік екені анықталған жағдайда, жеуге жарамсыз тағамдарды белгілі бір реттілікпен жою.
Лабораториялық зерттеу жүргізуге тағам қалдықтарын азық- түліктерді, шикізатты , судың сынамасын, патогенді флораға шайынды алу және қызметшілерді бактериотасымалдаушылыққа тексерілу үшін бағыт беру.
Келесі құжаттарды немесе олардың көшірмелерін талап ету:
Ас мәзірі және мәзір жаймасы 3 күндік, салыстыру жүргізу;
азық-түлікке накладной құжаты ;
дайындалған тағамдар, азық-түліктер бойынша технологиялық карта;
күмәнді азық-түлік өндірісі бойынша термограммалар және технологиялық журналдар;
Аталған мекемедегі жұмысшылардың тізімін талап ету, соңғы 3 күндік тамақтануға сұрау жүргізу. Стафилококкты этилологиялы тағаммен улануға күмәнданғанда қызметшілерді іріңді ауруларға тексеру жүргізуді ұйымдастыру.
Тағам дайындаумен және оны таратумен байланысты барлық қызметкерлерден түсініктеме қағазын талап ету.
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарына келіп түскен азық-түліктің тізбектілігін анықтау, көліктің санитарлық паспорты, жүргізушінің аты-жөні, тегі және санитарлық кітапшасының, арнайы киімінің болуы, обьекттерге және басты кәсіпорындарға санитарлық-гигиеналық тексеру жүргізу.
Обьектте тағаммен улануға акт толтыру. (қосымша №6 "тағаммен уланулардың лабораторлық диагностикасы мен зерттеуі бойынша инструкция "№4. 04.002-96ж. )
Болған жағдайларды жазбаша түрде толтыру, административті шараларды қолдану.
Күнделікті хабарламаны СЭҚБ-на 24 сағаттың ішінде жеткізу.
Қорытынды хабарламаны улану пайда болғаннан 30 күннен кешікпей жеткізу.
Материалдарды тергеу органдарына беру.
Емдеу мекемелерінің мамандарының іс-әрекеттеріне баға беру және дәрігерлер конференциясында талқылау жасау.
Тамақтан улану себебін дәлелдеу үшін міндетті түрде күмәнді азық-түліктер мен тағам қалдықтарын, науқас бөлінділерін(құсық массасы, асқазан шайындысы, нәжіс, зәр), тамақтан улану шыққан мекеменің құрал-саймандары, қызметкерлерінің шайындыларын т.б. лабораториялық зерттеу қажет.
