- •“Тамақтан уланудың” жiктелуi
- •Токсикоинфекцияныңжалпысипаттамасы
- •Тағамдықтоксикоинфекциялар
- •Шартты-патогендi микроорганизмдерменшақырылғантоксикоинфекциялар
- •Iшектаяқшалары-e.Coli
- •Тағамдықтоксикоинфекцияпрофилактикасы
- •Бактериалдытоксикоздар
- •Ботулизм
- •Этиологиясыменпатогенезi.
- •Стафилококкты улануды шақыруға себепші азық-түліктер
- •Кремді кондитерлік бұйымдар
- •Ботулизм ауруының туындауындағы азық-түліктердің ролі.
- •Ботулизмауруыныңпрофилактикасы:
- •Тамақтан улану профилактикасының негізгі ұстындары
- •1. Инфекция қоздырғышының көзін оқшаулау
- •2. Тамақтан улану қоздырғыштарыныңазық-түліктерде тұқымдану жолын үзу
- •Микроорганизмдердің көбеюі мен токсин түзуінің алдын алу
- •4.Эпидемиологиялық жағынан қауіптілік туғызатын азықтарды залалсыздандыру
- •Тағамдық микотоксикоздар
- •Фузариотоксикоздар
- •Эрготизм
- •Табиғатынан улы өсімдік және жануар текті өнімдермен улану
- •Дәнді дақылдың арам шөптерінің улы тұқымдарымен улану (арам шөптік токсикоздар).
- •Триходесмотоксикоз (жергілікті энцефалит)
- •Есіртпе үйбидайықпен улану
- •Балықтың улы тіндерімен улану.
- •Ішкі секреция бездерінен улану.
- •Белгілі жағдайда улылық қасиетке ие болған өсімдік текті азық-түліктермен улану
- •Амигдалин
- •Соланин
- •Азық-түліктердің құрамына түскен түрлі қоспалардан болған жедел уланулар
- •Азық-түліктердің құрамына химиялықзаттардыңтүрліқоспаларының түсуінен болған уланулар
- •Металл қосылыстарының қоспасы
- •Азық-түліктердің құрамына түскен түрлі қоспалардан болған созылмалы уланулар. Созылмалы алиментарлы нитратты-нитритті метгемоглобинемия.
- •Этиологиясы белгісіз тамақтан уланулар
- •Пестицидтердiңжiктелуi
- •Гигиеналықжiктемесi
- •Пестицидтерді гигиеналық бағалау
- •Пестицидтердің негізгі топтарының қысқаша сипаттамасы
- •10.2.1 Пестицидтердің ауыл шаруашылығында қолданылуына санитариялық қадағалауды ұйымдастыру
- •Зерттеуге сынама алу
- •Пестицидтің қалдық мөлшерін анықтау үшін алынған сынаманы лабораториялық зерттеу
- •Азық-түліктегі пестицидтің микромөлшерін анықтау әдістері.
- •Пестицидтің азық-түліктегі қалдық мөлшерін анықтауғажүргізілген сараптаманың қорытындысын жазу
- •10.2.2 Пестицидтер тиісті мөлшерден асып кеткен жағдайда азық-түліктерді іске жаратудың жолдары
- •«Тамақтан улануды ескерту бойынша сэқб-ғы ұйымдастыру жұмыстары» Тамақтан улануды санитариялық-эпидемиологиялық тергеу
- •Санитариялық-эпидемиологиялық станция мамандарымен тамақтан улану індетін тергеу алгоритмі
- •Тамақтан улануды тергеу мен медициналық жәрдем көрсету барысындағы емдеу және санитарлық дәрігер істерінің өзара тығыз байланысы
- •Тамақтан улану туралы шұғыл хабарлама
- •Тамақтан улану кезінде зардап шеккендерге сауал қою формасы
- •Сынама үлгілерін алу және лабораторияға жеткізу
- •Тамақтан улануды тергеу актысын құрастыру
- •Тағамдықбояуыштар
- •Тағамдыққышқылдар
- •Технологиялықпроцестi жылдамдатқыштар
- •Консерванттар
- •Металданжасалғаныдыстар
- •Темiрменшойыннанжасалғаныдыстар
- •Полиолефиндер
- •Поливинилхлорид
- •Фторопластар
- •Полистирол
- •Полиакрилаттар
- •Аминопласттар
Табиғатынан улы өсімдік және жануар текті өнімдермен улану
Улы өсімдік текті өнімдермен улану
Саңырауқұлақтармен улану. Саңырауқұлақтардың жеуге жарамды және жарамсыз түрлерін ажыратады. Жеуге жарамдының өзі жарамды және шартты жарамды болады. Жарамдыларға: ақ саңырауқұлақ(белыйгриб), қайыңқұлақ (подберезовик), терекқұлақ(подосиновик), майқұлақ (масленок), мүкқұлақ (моховик), кейбір пластинкалы саңырауқұлақ –шампиньондар, түлкішек(лисичка) жатады, оларды қосымша өңдеусіз тағамға қолдануға болады.
Шарттыжарамдыларға:тілікқұлақ(строчки), тыржыңқұлақ(сморчки), сазқатпа(сыроежки), қабанқұлақ(свинушка) жатады, оларды дұрыс өңдеп, әзірлемегенде улану туындайды. Ас шеберлік өңдеу алдында оларды әбден қайнатып, сорпасын төгіп тастап, басқа сумен шаяды.
Улы саңырауқұлақтарға: боз арамқұлақ(бледнаяпоганка), шыбынжұт(мухомор) т.б.
Саңырауқұлақтармен улану ерте көктем, жазда мерзімділігімен, жеке немесе жанұялық улану болуымен ерекшеленеді. Ерте көктемде көбінесе жеуге жарамсызды жаңылыстырып қолданумен байланысты. Жаздың соңына қарай бозқұлақ, шыбынжұтпен улану жағдайлары байқалады. Жаппай уланулар қазір сиреді, өйткені саңырауқұлақтарды өнеркәсіптедайындау арнайы мамандармен, бақылаудан кейін жасалады.
Боз арамқұлақ немесе боз уқұлақ- олардың жасыл (Amanita phalloides),сары(Amanita mappa), ақ (Amanita verna) уқұлақтың түрлері бар. Бұл саңырауқұлақтардың өсу мерзімі шілде-қазан, ал тамызда кең тарайтын кезі. Негізгі уытты заттары α-, β-,γ-аманитин, фаллоидин,. 100г. жаңа жұлынған саңырауқұлақта 8,5, 10мг. жуық кездеседі. Боз арамқұлақтың токсиндері гепатотропты, нейротропты қасиеті бар ең күшті клеткалық уға жатады.
Инкубациялық кезеңі- 12 сағатқа созылады. Ауру көбінесе кенеттен, түнде басталады. Бас ауыру, бас айналу, асқазанда күшті ауыру сезімі, жиі іш өту, үдемелі құсу байқалып, су жоғалтудан шөлдеу күшейіп, бірақ сұйықтықтың бәрі жиі құсу болғандықтан, су жоғалту жалғаса береді.Өлім жағдайы 50%. Есі агональды кезеңге дейін сақталып, 2-3 күнде өлімге әкеледі. Кей жағдайда қысқа уақытқа жағдайы дұрысталып, сарғаю болып, 9-10 күні өлімге әкеледі.
Дәнді дақылдың арам шөптерінің улы тұқымдарымен улану (арам шөптік токсикоздар).
Гелиотропты токсикоз (токсикалық гепатит)
Гелиотропты токсикоз- гелиотроп өсімдігінің(Heliotropium lasiocarpum) тұқымымен ластанған дәндерді тағамдық мақсатта қолдану нәтижесінде туындайтын тамақтан уланудың бір түрі. Бұл ауру Қазақстан, Өзбекстан, Түркмения, Тәжікстан т.б. елдерде кездесуі мүмкін. Гелитроп тұқымының құрамындағы улы қасиеті бар алкалоид циноглоссинжануарлардың жүйке жүйесін зақымдап-салдыққа ұшыратса, гелиотрин и лазиокарпин гепатотропты әсер көрсетеді.
Гелиотропты токсикоз адамдарда бауыр зақымдалуының белгілері басым болып, токсикалық гепатит түрінде өтеді. Ауру ақырын басталып, 8-10 күн ішінде бауыр айқын ұлғайып сарғаюдың алғашқы белгілері көрінеді(склера сарғаюы). Кейінірек іш шемені (асцит) дамиды. Токсикоз ағымы бірнеше айға созылып, организм мен бауыр қызметінің қайта қалпына келуі ұзаққа созылады. Өлім жағдайы - 20-30%. Гелиотропты токсикоз профилактикасы дәндерді гелиотроп тұқымынан тазарту болып табылады. Азықтық дәндерде гелиотроп тұқымы болмауы тиіс. Ұсақ дәнді тарыда ғана гелиотроп тұқымы 0,002% -дан аспауы тиіс.
