Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Арнайы насихат оконч 1801500.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
837 Кб
Скачать
☆

7 Тақырып. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне берілетін жеңілдіктер, зейнетақы мен жәрдемақылар.

1 сабақ. Дәріс. (4 сағат). Әскери қызметшілер мен олардың отбасына берілетін жеңілдіктер. Әскери міндеттің ерекшелігіне қарай берілетін жеңілдіктердің шарттылығы. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері үшін белгіленген құқықтық актілер.

Жеңілдіктер туралы түсінік. Жеңілдіктерді алуға құқылы тұлғалар.

Әскери қызметшілер мен олардың отбасына, соғыс мүгедектеріне және әскери міндетін өтеуге байланысты басқа да азаматтарға берілетін жеңілдіктердің негізгі түрлері. Еңбек және әлеуметтік қамтамасыз ету аясындағы жеңілдіктердің мазмұны, тұрғын үй жеңілдігі, денсаулық сақтау мен білім беру аясындағы жеңілдіктер, салық және тасымалдау бойынша, шалғай аймақтардағы қызмет бойынша жеңілдіктер.

Жеңілдіктер туралы заңның құқықтық сақталу кепілдігі. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне берілетін зейнетақы мен жәрдемақылар туралы Заңнама. Запасқа және отставкаға кететін әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін мемлекеттік қамтамасыз ету туралы түсінік. Зейнетақылар мен жәрдемақылар.

Офицерлік құрамның, шұғыл қызметтегі әскери қызметшілердің зейнетақымен қамтамасыз етілуі. Асыраушысын жоғалтқан жағдайда тағайындалатын зейнетақы. Зейнетақы алуға құқылы отбасы мүшелері. Еңбекке жарамсыздық туралы түсінік және біреудің асырауында болу. Әскери қызметшілердің отбасына берілетін жәрдемақылар. Әскери қызметшілердің мемлекеттік қамтамасыз етілуін іске асыратын органдар. Зейнетақы мен жәрдемақының төленуі және оны тағайындау. Олардың дұрыс төленуін бақылау.

5 Бөлім. Әскери құқық

Оқытудың міндеттері:

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі заңдық қызметінің заң талаптарын қамтамасыз етуге бағытталған шараларының іске асырылуын, қаулылардың, жарғылар мен жарлықтардың, бұйрықтар мен директивалардың орындалыуын іске асыру шараларын анықтау.

Әскери кафедрада білім алып жатқан студент:

әскери бөлімдердегі құқықтық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу бойынша лауазымды тұлғалардың жұмыс тәртібінің негізгі құқықтық актілерін;

құқықтық жұмыстар бойынша командир көмекшісінің құқықтары мен міндеттерін;

Қарулы Күштердегі құқықтық жұмыстардың жүйесін;

әкімшілік қызметтерді орындау кезіндегі құқықтық жұмыстың мазмұнын, құқықтық тәрбиені ұйымдастыруды, бұйрықтар мен директивалардың жүйеленуін, анықтама жұмыстарын ұйымдастыруды, осы мәлелелер бойынша негізгі заңдарды білуі тиіс.

әскери бөлімдердің күнделікті жұмыстары барысында заңдық нормаларды практикада қолдануды;

әскери қызметшілердің құқықтық тәрбиесі бойынша жұмыстар жүргізуді;

заңдық актілердің нормативтерін, бұйрықтар мен директивалар бойынша анықтама жұмыстарын ұйымдастыруды;

әскери бөлімдердегі тәртіп мен құқықтық тәртіп жағдайын талдауды;

қаржылық және шаруашылық қызметтеріндегі мәселелердің дұрыс реттелуін білуі қажет.

Әдістемелік нұсқаулар:

«Әскери құқық» курсын оқып-үйрену барысында жалпыәскери жарғылар талаптарына, Қазақстан Республикасының «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің статусы туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының талаптарына, офицерлік құрамның әскери қызметтерін өтеу жөніндегі ережелеріне, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің заңдық актілері мен бұйрықтарына көп көңіл бөлінеді.

Әскери заңнамалар нормаларын терең игеру үшін практикалық сабақтар қарастырылған. Бұл сабақтың мақсаты - студенттерді қазіргі заңнамаларды өзбетінше дұрыс бағытта оқып-үйренуге, практикалық жұмыстарда актілерді дұрыс қабылдауға оқып-үйрету. Оқытушының нұсқауы бойынша студенттер әскери қызметшілердің өмірі мен тұрмыстарын реттейтін жаңа құқықтық актілерді өз бетінше оқып-үйренуге тиіс.

Студенттер үшін жеке және топтық консультациялар, жаңа құқықтық актілерге шолу жүргізу, құқықтық актілер туралы ақпараттар беру жұмыстары ұйымдастырылады.

Бағдарлама бөлімдері

Бөлімдер мен тақырыптардың реттік саны

Сағат саны

БАРЛЫҒЫ

ЖОО

Оқу жаттығу кезінде

Барлығы ЖОО

Дәрістер

Семинар

Топтық

Практикалық

Оқу жаттығу кезінде барлығы

Дәрістер

Практикалық

5.

5 Бөлім. Әскери құқық негіздері

12

12

10

2

№ 1. Қазақстан Республикасы Конституциясы *

2

2

2

№ 2. Қазақстан Республикасындағы әскери міндетті өтеу заңы.*

2

2

2

№ 3. № 1,2 Тақырыбында семинар *

2

2

2

№ 4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі орындаушы тәртіп. Орындалуды бақылау және тексеруді ұйымдастыру

2

2

2

№ 5. Әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайту бойынша іс-шараларды жүргізу кезіндегі құқықтық жұмыс. Тәртіптік практика

2

2

2

Бақылау сабағы

2

2

2

*-белгісімен берілген тақырыбтар 1 семестрде оқытылады