Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Арнайы насихат оконч 1801500.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
837 Кб
Скачать
☆

1 Тақырып. Жараланғанда, сүйек сынғанда және күйік шалғанда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. Сыртынан қан кетуді уақытша тоқтату әдістері

1сабақ. Дәріс. (2 сағат*). Асептика және антисептика туралы түсінік. Таңу материалы, жеке таңу пакеті. Қан кету туралы түсінік. Сыртынан қан кетуді уақытша тоқтату әдістері. Таңудың түрлері және стерильденген таңудың ережелері.

Сынықтың түрлері, олардың асқынуы. Сүйек сынғандығының белгісі. Травматикалық шок. Табельдік және қолда бар заттармен жоғары және төменгі аяқ-қол сынғанда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек.

Күйік туралы түсінік, оған сипаттама беру. Күйік шалғанда алғашқы медициналық көмек көрсету.

2 Тақырып. Радиоактивтік, улағыш және әсері қатты улы заттармен уланған кезде көрсетілетін алғышқы медициналық көмек. Жұқпалы аурулар және оның алдын алу.

1сабақ. Дәріс. (2 сағат*). Радиацияға қарсы қорғану. Иондалған сәулеге шалдыққанда көмек көрсету. Жартылай арнайы өңдеу. Дезактивация.

Организмнің әсері қатты улаушы заттармен зақымдануы. Алғашқы медициналық көмек көрсету. «Жеке химияға қарсы пакет (ИПП-8)» мақсаты мен құрылысы. «Жеке аптечканың » (АИ-8) маңызы. Дегодация.

Жұқпалы аурулар туралы түсінік. Ауру туғызатын микроорганизмдерді жіктеу және олар тудыратын аурулар. Жұқпалы аурулардың алдын алу. Дезинфекция жасаудағы мақсат, түрлері мен әдістері.

3 Тақырып. Жараланған науқастарды тасымалдаудағы негізгі құралдар және әдістері. Тасымалдау ережесі, жаралыларды тиеу және транспорттық құралдардан түсіріп алу.

1сабақ. Практикалық сабақ. (2 сағат*). Жаралыларды қол құралдары көмегімен тасымалдау. Жаралыны иыққа салып, шеңбер етіп түйілген бау көмегімен, екі санитар қолдарымен (үш-төрт қолды айқастырып), плащ-палатка көмегімен, зембілге салып тасымалдау. Жаралылар мен науқастарды көлікке тиеу ережесі.

1 Қосымша Әскери дайындық барысында студенттерде негізгі қасиеттердің қалыптасуы және дамыуы

ЖОО әскери дайындық үрдісінді, болашақ запастағы офицерлерді дайындау кезінде төмендегі қасиеттер қалыптасу керек:

1. моральды-психологиялық;

2. кәсіби-іскерлік;

3. дене дайындығы.

ЖОО және әскери кафедрада оқу кезеңінде студенттерде жоғары моральды-психологиялық қасиеттер қалыптасады. Студенттерді тәрбиелеуде әскери кафедра оқытушыларының рөлі ерекше. Әскери кафедрада оқу-тәрбие үрдісі студенттердің бойында патриоттық сезімді қалыптастыру міндет. «ҚР ҚК тәрбие және әлеуметтік-құқық жұмыстары» курсын игерту барысында, студенттердің әскери кафедрадағы қоғамдық жұмыстарға қатысуы, жоғары оқу орнында, әскерлердегі оқу-жаттығу жиыны, әскери оқытушылардың басшылығымен мұражайларға, көрмелерге қатысуды жүргізу арқылы шешіледі. Студенттерде моральды-психологиялық қасиеттерді және әскери-кәсіптік бағыттарды қалыптастыруда әскери-патриоттық тәрбие әсер ететін бірден бір фактор. дайындық студенттердің әскери дайындыққа, ҚК қызмет етуге және шақырылуға, ҚР азаматы ретінде жағымды пікірін, сенімін қалыптастыруға бағытталуы керек.

Жиі өзгеріп тұратын әскери жағдайда офицерлерде психологиялық табандылық-жылдам арада бағдарлай білуді психологиялық қасиет қамтамасыз етеді.Әскерлерде болатын оқу-жаттығу жиынында және әскери кафеда оқу-тәрбие үрдісінде студенттерде психологиялық қасиеттер қалыптасады. Студенттерді психологиялық дайындау әскери сабақ барысында қаруланған ұрыстың сипатын, қазіргі заман ұрысының табиғаты туралы, ядролық қару туралы, оның жою факторлары туралы дұрыс мағлұмат беріп, дағдыландыру керек. Әскери кафедрадағы болашақ запастағы офицерлерді - студенттерді психологиялық дайындау жолдары және бағыттары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі бұйрықтарында, ережелерінде, әскери жарғыларда көрсетілген қазіргі заман ұрыс объективті талаптарына сәйкес анықталады.

Әскери-іскерлік біліктілік, шығармашылық, ұйымдастырушылық қабілеттер, командирлік еркіндік, тәртіп кәсіби -іскерлік қасиеттерге кіреді. Әскери-іскерлік біліктілік әскердегі офицер лауазымындағы міндеттерін сенімді орындау үшін қажет. Бұл сабақтардың мазмұны мен көлемі, білімнің, дағдының және орындай алудың әр бір тақырып дайындығы бойынша анықталады.

Тәртіп – басшылықтың бұйрығын мүдірмей орындау, кез-келген жағдайда өз -өзін басқару, әскери антты және жарғыны орындау қажеттілігі туралы ішкі сенімділік, Қазақстан Республикасы Конституциясы, заң талаптарын ерікті түрде орындау.

Командирлік ерік – мақсатты көздеу, бастамашылық, дербестік, батылдық, табандылық мақсатқа жете білудің негізі. Өзіне және қол астындағыларға талап қоя білу, қиындықтарға қарамастан тапсырманы орындай білу.

Ұйымдастыру қабілеттері – жұмыс істеудегі басты адамды таба білу, міндеттерін нақты түрде бөлу, тапсырманы тиімді орындауға қол астындағыларды жинақтау, ұрыста қол астындағы бөлімшелерді үздіксіз және қатаң түрде басқару, тапсырманың орындалуын қадағалау, бөлімшеде жағымды моральды-психологиялық жағдай туғызу.

Шығармашылық қабілет – бөлімшеге қойылған тапсырманы орындау мақсатында жаңа жолдар іздеу, шығармашылық көзқарас таныту.

Әскери кафедраға қойылатын тапсырма – ҚР ҚК үшін запастағы офицерлерді әскери дайындықтың сапасын жоғарылату жолдарын іздей отырып, ғылым талаптарымен бірге қатар жүру.

Студенттердің дене дайындық қасиеттері ЖОО дене тәрбиесі жүйесінде дамды. Дене тәрбиесі – оқу орындарында запастағы офицерлерді дайындау маңызды элементтерінің бірі болып келеді. Студенттердің дене дайындығының негізгі түрі дене шынықтыру сабағы болып табылады. Студенттердің дене дайындығы бағдарламасы негізіне норма тапсыру және дайындық кіреді. Әскердегі оқу-жаттығу кезінде, таңертеңгі жаттығуды орындау кезінде, жаппай-спортты жұмыс сағаттарында, он бес км. маршты орындау кезінде, 1 және3 км. кросс жүгіргенде, барлық далалық сабақтарда студенттер дене дайындығынан шынығады.

Әскери кафедрада оқу нәтижесінде студенттер взвод командирінің қызметтік міндеттерін сәтті орындау үйренулері керек.