- •Жоғарғы оқу орны жанындағы әскери кафедраларда запастағы офицерлерді дайындау оқу бағдарламасы
- •2015 Ж. Астана қ.
- •Мазмұны:
- •Жалпы ұйымдастыру-әдістемелік нұсқаулар
- •Әскери даярлықтың бөлімдері мен тақырыптарды оқу уақытының есебі
- •Бөлімдер мазмұны
- •1 Бөлім. Тәрбие және арнайы насихат әдістемесі
- •3 Тақырып. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі тәрбие және идеологиялық жұмыстардың жүйесі
- •4 Тақырып. Бөлімдер мен бөлімшелерде тәрбие және идеологиялық жұмыстарды жоспарлау. Арнайы насихат жоспарының түрлері және оны жасау әдістемесі
- •5 Тақырып. Бөлімшенің жеке құрамының тәрбиесі. Тәрбие түрлері. Міндеті, ұйымдастыру және әдістемесі.
- •1 Тақырып. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі тәрбие және идеологиялық жұмыстар органдарының жүйесі. Арнайы насихат офицері
- •2 Тақырып. Әскери ұжым- бұл адамдар жалпылығының әр түрлілігі.
- •6 Тақырып. Бөлімше белсенділері, оларды арнайы насихатта пайдалану
- •7 Тақырып. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі мемлекеттік- құқықтық дайындық арнайы насихаттың бір түрі.
- •8 Тақырып. Бөлімшелерде мемлекеттік-құқықтық тәртіпті ұйымдастыру және жүргізу кезіндегі топ басшысы жұмысының әдістемесі
- •9 Тақырып. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі жауынгерлік жарыстар, бөлімдер мен бөлімшелерде оны ұйымдастыру.
- •10 Тақырып. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі жеке тәрбие жұмыстары
- •11 Тақырып. Әскери тәртіпті нығайту және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі құқықтық тәртіпті қолдау бойынша тәрбие жұмыстары.
- •12. Жауынгерлік кезекшілік, қарауыл және ішкі қызметтерді орындау барысындағы тәрбие жұмысы
- •13 Тақырып. Парктік- шаруашылық күндерін (пхд) жүргізу барысында және техника мен қару- жарақты пайдалану кезіндегі тәрбие жұмысы
- •14 Тақырып. Далаға шығу және тактикалық жаттығулар бойынша тапсырмаларды орындау кезіндегі тәрбие жұмысы
- •15 Тақырып. Атыс дайындығы бойынша тапсырмаларды өтеу кезіндегі тәрбие жұмысы
- •16 Тақырып. Ұрыс машинасын жүргізу бойынша тапсырмаларды өтеу кезіндегі тәрбие жұмысы
- •17 Тақырып. Ұрыс жағдайындағы саяси жұмыстар, арнайы насихатты ұйымдастыру
- •18 Тақырып. Бөлімшенің жеке құрамын моральдық- психологиялық қамтамасыз етуді жоспарлау және ұйымдастыру
- •19 Тақырып. Жаппай үгіт-насихат жұмыстарының маңызы, оның бағыттары, негізгі формалары мен әдістері.
- •20 Тақырып. Бөлімдер мен бөлімшелердегі мәдени-демалыс жұмыстары арнайы насихаттың маңызды бағытының бірі
- •21 Тақырып. Викториналар мен пікірталас (дискуссия) дайындау және жүргізу әдісі.
- •Тема 33. Қарсыластың ақпараттық әсер етуіне қарсы қимыл.
- •2 Бөлім. Әскери психология және педагогика
- •5 Тақырып. Әскери қызметшілердің психологиялық саулықтарын сақтау және оларға психологиялық көмек көрсету бойынша тәрбиеші-офицердің жұмысы.
- •6 Тақырып. Әскери ұжымның әлеуметтік- психологиялық құрылымы
- •7 Тақырып. Әскери мақсатта психологиялық әсер ету.
- •8 Тақырып. Бөлімшедегі жеке құрамның моральдық - психологиялық дайындығы.
- •9 Тақырып. Бұхаралық ақпарат құралдарының әскери-саяси қақтығыстағы ролі.
- •10 Тақырып. Әскери қызметшілерді психологиялық калпына келтіру.
- •3 Бөлім. Ақпараттық-психологиялық күрес.
- •Әдістемелік нұсқаулар:
- •7 Тақырып. Кино және видеоойындар ақпараттық-психологиялық күресте.
- •8 Тақырып. Интернет желісін ақпараттық-психологиялық қарсы күресте қолдану.
- •9 Тақырып. Арнайы ақпараттық операциялар.
- •Бақылау сабағы (2 сағат)
- •4 Бөлім. Әскери әкімшілік
- •1 Тақырып. Әскери басқару актілері. Олардың ерекшеліктері мен түрлері. Әскери ұйымдардағы іс жүргізу
- •3 Тақырып. Қарулы Күштердегі әскери қызметшілердің тәртіптік жауапкершіліктері.
- •4 Тақырып. Қарулы Күштер мен әскери шаруашылықты материалдық- техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
- •5 Тақырып. Әскери қызметшілердің материалдық жауапкершілігі.
- •6 Тақырып. Әскери қызметшілерге заттай және ақшалай үлес беру. Әскери қызметшілерге медициналық және сауда- тұрмыстық қызмет көрсету.
- •7 Тақырып. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне берілетін жеңілдіктер, зейнетақы мен жәрдемақылар.
- •5 Бөлім. Әскери құқық
- •1 Тақырып. Конституция- Қазақстан Республикасының негізгі заңы.
- •2 Тақырып. Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілер статусы заңы.
- •3 Тақырып. Әскери қызметшілердің заңдық жауапкершілігі. Заңдылық және тәртіп. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету
- •4 Тақырып. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі орындаушы тәртіп. Орындалуды бақылау және тексеруды ұйымдастыру.
- •5 Тақырып. Әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайту бойынша іс-шаралар жүргізу кезіндегі құқықтық жұмыс. Тәртіп практикасы.
- •6 Бөлім. Тактикалық дайындық
- •5 Тақырып. Қарулы қақтығыстың заманауи құралдары.
- •6 Тақырып. Бөлімдер мен бөлімшелердің жауынгерлік және жұмылдырылған дайындығы.
- •7 Тақырып. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мотоатқыштар батальонын ұйымдастыру және қаруландыру
- •9 Тақырып. Бөлімшелерді басқару
- •10 Тақырып. Ұрысты жан-жақты қамтамасыз ету. Мотоатқыштар бөлімшелерінде ұрысты басқаруды ұйымдастыру
- •11 Тақырып. Әр түрлі ұрыс жағдайындағы мотоатқыштар бөлімшесі
- •12 Тақырып. Шетел армиясы мотожаяуәскерлер ротасы шабуылда
- •13 Тақырып. Мотоатқыштар бөлімшелерінің қорғанысты жүргізу негіздері
- •14 Тақырып. Шетел армиясы мотожаяуәскер ротасы қорғаныста
- •15 Тақырып. Мотоатқыштар бөлімшелерінің шабуыл жүргізу негіздері
- •16 Тақырып. Әскерлердің жылжуы. Мотоатқыштар бөлімшелерінде марштық және жорықты күзетті жүргізу негіздері.
- •17 Тақырып. Мотоатқыштар ротасының өз орнында орналасуы
- •18 Тақырып. Әдістемелік дайындық
- •19 Тақырып. Роталық тактикалық жаттығу
- •7 Бөлім. Әскери топография
- •1 Тақырып. Картасыз жергілікті жерді бағдарлау және азимут бойынша қозғалыс
- •2 Тақырып. Топографиялық карталар және оларды оқу Карта арқылы ара қашықтықтарды, координатты анықтау және нысананы бағдарлау. Арнайы насихат объектілерінің топографиялық шартты белгілері.
- •3 Тақырып. Жұмыс картасынын жүргізудің негізгі тәртібі.
- •8 Бөлім. Жаппай қырып-жою қаруы және одан қорғану
- •1 Тақырып. Жаппай қырып-жою қаруы және одан қорғану*
- •2 Тақырып. Жеке және ұжымдық қорғану құралдары
- •9 Бөлім. Әскери- инженерлік дайындық
- •2 Тақырып. Миналар және миналық-жарылғыш қоршаулар, оларды жеңіп өтудің әдістері.
- •3 Тақырып. Фортификацияланған жабдықтар және тірек пунктін, бөлімше орналасқан позициялар мен аудандарды бүркемелеу.
- •10 Бөлім. Байланыс құралдарын ұрыста қолдану
- •1 Тақырып. Әскерлерді басқаруда байланыс құралдарының рөлі мен орны.
- •2 Тақырып. Сымдық байланыс құралдары
- •3 Тақырып. Мотоатқыштар бөлімшелеріндегі кіші қуатты радиостанциялар
- •4 Тақырып. Байланыс құралдарын пайдалану ережелері
- •5 Тақырып. Радиоалмасу жүргізу ережелері
- •11 Бөлім. Атыс дайындығы
- •1 Тақырып. Атыс қаруы, гранатаатқыштар қол жарықшақты және танкке қарсы гранаталар
- •2 Тақырып. Ату қаруларынан атудың негіздері және ережелері
- •12 Бөлім. Техникалық дайындық
- •13 Бөлім. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары
- •1 Тақырып. Әскери мамандыққа кірістеме
- •2 Тақырып. Әскери киімді кию тәртібі *
- •3 Тақырып. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің жалпыәскери жарғылары.
- •14 Бөлім. Саптық дайындық
- •1 Тақырып. Саптық тәсілдер және қарусыз қозғалыс жасау
- •2 Тақырып. Саптық тәсілдер және қарумен қозғалыс
- •15 Бөлім. Әскери-медициналық дайындық
- •2 Тақырып. Радиоактивтік, улағыш және әсері қатты улы заттармен уланған кезде көрсетілетін алғышқы медициналық көмек. Жұқпалы аурулар және оның алдын алу.
- •3 Тақырып. Жараланған науқастарды тасымалдаудағы негізгі құралдар және әдістері. Тасымалдау ережесі, жаралыларды тиеу және транспорттық құралдардан түсіріп алу.
- •1 Қосымша Әскери дайындық барысында студенттерде негізгі қасиеттердің қалыптасуы және дамыуы
- •1 Тақырып. Жараланғанда, сүйек сынғанда және күйік шалғанда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. Сыртынан қан кетуді уақытша тоқтату әдістері
- •2 Қосымша Сабақ өткізу барысындағы қауіпсіздік шаралары Электрленген құрылғылары бар сыныптарда сабақ өткізу
- •Сап қимылы кезінде
- •Қаруды тазалау кезінде және сабақта
- •Әскерлерде студенттермен оқу-жаттығу жүргізу барысында
- •Найзағай кезінде
- •Өртке қарсы қауіпсіздік шараларын сақтау
- •Ату қаруынан атысты жүргізу барысында
Жалпы ұйымдастыру-әдістемелік нұсқаулар
Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы білім беру заңдарының талабына сәйкес әзірленген.
Азаматтарды қордағы офицер бағдарламасына сәйкес даярлау ЖОО әскери кафедрасында алатын жоғары біліміне қарай мемлекеттік тапсырысқа сай жүргізіледі.
Студентерді әскери дайындыққа оқыту ҚР Қорғаныс министірлігінің нормативтік-құқықтық актілері, ҚР білім және ғылым министірлігінің, ҚР Қорғаныс министірлігінің Бас штабы бастығының жыл сайынғы әскердің жауынгерлік даярлығын ұйымдастыру,жарғылар, нұсқаулықтар, ату және жүргізу курстары және осы қордағы офицерлерді даярлау жөніндегі Бағдарлама негізінде жүргізіледі(әрі қарай Бағдарлама).
Күндізгі (іштей) оқитын студенттерді әскери іске оқытудың (ӘЕМ-801500) мақсаты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері үшін өз Отанына, Қазақстан Республикасы Президенті-Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы мен халыққа шексіз берілген, запастағы офицерлерді даярлау болып табылады.
Студенттерді оқыту және тәрбиелеу олардың бойында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарындағы запастағы офицерлерге қажетті болып табылатын саяси, әскерлік және моральдық қасиеттерді қалыптастыру, олардың тәрбие және идеологиялық жұмыстар бойынша бөлімше командирі орынбасары қызметінде қызметтік міндеттерін дұрыс әрі сенімді орындауға бағытталуы тиіс.
Офицерлік деңгейге дейінгі студенттердің әскери білімдері мен практикалық дағдыларын жүйелі түрде көтеруді қамтамасыз ету мақсатында бұл Бағдарлама мынадай жұмыстарды қарастырады:
оқытудың бірінші жылы - бөлімше командирі ауқымындағы жалпыәскери дайындық және мамандықтар бойынша пәндерді оқыту;
екінші жылы - взвод командирі ауқымындағы жалпыәскери дайындық және тәрбие және идеологиялық жұмыстар бойынша бөлімше командирі орынбасарын дайындау.
ЖОО-дағы әскери оқыту жұмыстарына 450 сағат бөлінсе, оның ішінде 144 сағат оқу жиындарына арналады. ЖОО-дарындағы оқыту уақытының ұзақтығы 8 сағатқа созылса, 2 сағат міндеттелген өзіндік дайындық жұмыстарына арналады. Студенттерге әскери оқыту жүргізу барысында оларды әскери қызметшілердің өмірі және тұрмысымен, жауынгерлік дайындықпен таныстыру мақсатында, әскери бөлімдерге, басқа жоо-на баруы ұйымдастырылады.
Студенттерді қару-жарақпен және әскери техникамен таныстыру бойынша сабақтар оқу жиындарын жүргізу барысында әскери бөлімдерде жүргізіледі.
Әскери дайындықты өтеу барысында запастағы офицерлер:
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі тәрбие және идеологиялық жұмыстардың әдістемелік негіздерін;
бөлімдер мен бөлімшелердегі жалпыға бірдей насихаттау жұмысының негізгі формалары мен әдістерін;
қазіргі заманғы жалпыәскерлік ұрыстың негіздерін;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мотоатқыштар бөлімінің (бөлімшелерінің) ұйымдастыру құрылымын, қару-жарағын, ұрыс мүмкіндіктерін және әрекет тактикасын;
бөлімдер мен бөлімшелердегі жауынгерлік және жұмылдыру дайындығы талаптарын;
ұрыс әрекеттерін ұйымдастыру және жүргізу бойынша әскери жарғыларды және басқа да құжаттарды;
қорғаныс пен шабуылдауды жүргізу негіздерін, әскери қимылдарды жан-жақты қамтамасыз етуді ұйымдастыруды;
шетел армиясының әскери мүмкіндіктері мен әрекет тактикасын, ұйымдастыру құрылымы мен қару-жарағын;
мотоатқыштар бөлімшелеріндегі ату қаруларының материалдық бөлшектерін және ату тәртібін;
жаяуәскер ұрыс машинасының жалпы құрылысын, пайдалану негіздерін, оларды сақтауға қою және техника мен қару- жарақтың техникалық жағдайын тексеруді;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жарғыларын білуі тиіс.
Сондай-ақ:
рота жеке құрамымен бірге бейбіт уақытта және қазіргі заман ұрысының әр түрінде саяси және тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруды;
бөлімшелердегі әскери тәртіп жағдайына талдау жүргізуді, оны қатайту бойынша тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізуді;
жеке құраммен бірге жеке тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып, жүргізуді және бөлімшенің белсенділерін оқытуды;
тактикалық жағдайды бағалауды, мотоатқыштар взводын ұрысқа дайындауды ұйымдастыру мен оларды ұрыста басқаруды;
ату қаруын атуға дайындауды және одан қозғалмайтын және қозғалыстағы нысанды сенімді түрде атуды;
топографиялық карта бойынша және картасыз жергілікті жерді бақылауды, картаны оқи білу және картаға жергілікті жер бедерін түсіруді;
жаппай қырып-жою қаруынан қорғану үшін жеке және ұжымдық қорғану құралын пайдалана білуді, олардың жұмыс істеуін тексеруді;
команда беруді және өз орнында тұрып қарумен және қарусыз жеке саптық тәсілдерді орындай білуі тиіс.
Студенттердің әскери дайындықтарын жоспарлау - әдістемелік нұсқауларға және жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, жоспарлау және жүргізу бойынша ұсыныстарға, сонымен бірге оқу орнының оқу жоспарына сәйкес іске асырылады.
Студенттердің жауынгерлік дайындықтарының негізгі пәндері мыналар: тактикалық дайындық, жалпыәскери дайындық, тәрбие және идеологиялық жұмыстар әдістемесі, әскери психология және педагогика. Осы пәндер бойынша сынақтар мен емтихандар жүргізіледі.
пәндер бойынша сынақтар:
әскери психология және педагогика;
тәрбие және идеологиялық жұмыстар әдістемесі;
жалпыәскерлік дайындық.
пәндер бойынша емтихандар:
тактикалық және тактикалық-арнайы дайындық;
тәрбие және идеологиялық жұмыстар әдістемесі;
бітіру емтиханы.
Бітіру емтиханы әскери бөлімдерде оқу жиынының соңында жүргізіледі. Бітіру емтиханына енетіндер: тәрбие және идеологиялық жұмыстар әдістемесі, тактикалық және тактикалық- арнайы дайындық, атыс дайындығы, техникалық дайындық. Емтиханға әскери дайындық бағдарламасын толық көлемде орындаған және курстық емтихандар мен сынақтарды сәтті тапсырған студенттер жіберіледі.
Бітіру емтихандарына арналған билеттер әскери кафедра тарапынан жасалып, оларды комиссия төрағасы бекітеді. Билетке студенттердің әскери дайындықтары бағдарламасына сәйкес әрбір пән бойынша сұрақтар енеді.
Әрбір сабақта өтілген материалдар мен оқып-үйренген тақырыптарды игеру бойынша студенттердің білімдері мен дағдыларын тексеру үшін уақыт бөлінуі қажет. Студенттердің білімдерін бақылау барысында олардың білімдері, дағдылары, жасаған тәсілдері міндетті түрде есепке алынып, бағлануы тиіс.
Оқу- тәрбие процесінде оқыту мен тәрбиенің шектелген бірлігі принципі қатаң сақталуы қажет. Онда оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуы және әрбір сабақтың жоғары деңгейде жүргізілуі, қойылған тәрбиелік мақсаттардың орындалуы, күнделікті өмірдегі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жарғыларының бұлжытпай орындалуы қамтамасыз етілуі тиіс.
Сабақтарда оқытудың қазіргі замандағы техникалық құралдары, оқу кинофильмдері, диафильмдер, слайдтар, оқу-жаттығу қарулары, макеттер, техникалар мен қажетті құралдар кеңінен пайдаланылуы керек.
Сабақтарды барынша тиімді жүргізуді қамтамасыз ету үшін дәрістер, оқу-әдістемелік құралдары, әдістемелік жұмыстар дайындалады.
Жыл сайын оқу-әдістемелік құралдарға, әдістемелік жұмыстарға әскери бөлімдер мен басқа да жоғары оқу орындары студенттерінің тиімді тәжірибелері есепке алынып, енгізіліп отыру қажет.
Пәндерді оқып-үйрену барысында жалпыәскерлік пәндер бойынша сабақтар тактикалық дайындықтармен тығыз байланыста жүргізіліп, олардың ара қатынасын жақындатып оқыту көзделеді. Әскери кафедрадағы студенттерді командалық және әдістемелік дағдыларға үйрету-әскери дайындықтар бойынша барлық сабақтарда, оқытудың барлық кезеңдерінде оқытушылар құрамының көмегімен іске асырылады.
Әскери дайындық сабақтарын бастамас бұрын студентермен қауіпсіздік шаралары, құпияаны қорғау және сақтау қағидалары, мемлекеттік және әскери құпияны сақтау талаптары оқытылады.
