Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Арнайы насихат оконч 1801500.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
837 Кб
Скачать
☆

1 Тақырып. Әскерлерді басқаруда байланыс құралдарының рөлі мен орны.

1 сабақ. Дәріс. (2 сағат). Байланыс бойынша даярлау пәні және міндеттері. Мотоатқыштар бөлімшелеріндегі байланысты ұйымдастыру. Ұрыста және күнделікті өмірде әскерлерді басқару негіздері. Штаб-ұрыста әскерлерді басқару органы. Ұрысты басқару құралдары және әдістері. Байланыс-бұл әскерлерді басқарудағы негізгі құрал болып табылады.

2 Тақырып. Сымдық байланыс құралдары

1 сабақ. Дәріс. (2 сағат). ТА-57 телефон аппаратының мақсаты, жалпы құрылысы, және тактикалық-техникалық мәліметтері.

ТА-57 телефон аппаратын жұмысқа дайындау тәртібі және оны «өзінде» тексеріп көру. Пайдаланудың негізгі ережелері.

2 сабақ. Практикалық сабақ. (2 сағат). 8 к номативін орындау; жердің үстіңгі қабатымен, қолмен П-274 (П-275) 1,5 км-лік далалық кабельдерді төсеу және жинап алу (берілген азимут бойынша кабельді төсеу, үзілген жерлерін жалғау, ТА-57 қосу және байланыс орату).

3 Тақырып. Мотоатқыштар бөлімшелеріндегі кіші қуатты радиостанциялар

1 сабақ. Топтық сабақ. (2 сағат). Р-147, Р-148 (Р-158), Р-107 (Р-159), Р 123 (Р-173) жылжымалы радиостанциялардың мақсаты, құрылысы және тактикалық-техникалық ерекшеліктері. Радиостанцияларды жұмысқа дайындау, олардың жұмысқа жарамдылығын тексеру. Қажетті жиілік орнату және антеннаны жөнге келтіру. Қашықтықтан басқару, хабар тарату, антенналарды пайдалану. Радио бойынша командалар (сигналдар) және тапсырмалар беру. Радиотәртіп туралы түсінік.

2 сабақ. Топтық сабақ. (2 сағат). Р-107, Р-159 радиостанцияларда (жылжымалы) орындалатын №1, №2 нормативтермен танысу. Жобаларға дағдылану. Радиостанциялардағы аккумуляторлық батарейлерді ауыстыру. Радиостанцияларды жұмысқа дайындау, олардың жұмысқа жарамдылығын тексеру. Қажетті жиілік орнату және антеннаны жөнге келтіру. Қашықтықтан басқару, хабар тарату.

4 Тақырып. Байланыс құралдарын пайдалану ережелері

1 сабақ. Топтық сабақ. (2 сағат). Жылжымалы және мобильдік радиостанциялардағы №1, №2 нормативтердің орындалуы. Бөлімше-взвод, рота звеноларында байланыс құралдарының қарапайым ақауларын іздеп, оларды жөндеу. Байланыс құралдарымен жұмыс істеу барысындағы қауіпсіздік шаралары.

5 Тақырып. Радиоалмасу жүргізу ережелері

1 сабақ. Практикалық сабақ. (2 сағат). Байланысқа шығу және байланыстың ашық арнасы бойынша радиосөйлесулер жүргізу тәртібі. Радио арқылы командалар (сигналдар) және тапсырмалар беру. Радиотәртіп туралы түсінік.

11 Бөлім. Атыс дайындығы

Оқытудың міндеттері:

Взводтың штаттық қаруларының құрылысын білетін, олардың пайдалану тәртібін, ұрысқа дайындауды меңгерген, ұрыс жағдайында оларды мүмкіндігін тиімді пайдалана алатын, қарумен атуға оқып-үйрену барысында әдістемелік дағдыларды игеруге қабылетті, қарумен жұмыс істеу кезінде психологиялық төзімділк таныта алатын офицерлер дайындау.

Пәнді оқып-үйрену барысында студенттер:

қаруды пайдалану барысындағы қауіпсіздік шараларын;

мотоатқыштар бөлімшелері ату қаруларының, танкке қарсы қол гранатометінің мақсатын, жалпы құрылысын;

қол жарықшақты және танкке қарсы гранаталардың мақсатын, жалпы құрылысын;

мотоатқыштар бөлімшелері қару-жарақтарындағы оқ-дәрілерді, мақсатын, олардың жіктелуін және ату қару-жарағы мен БМП-дегі оқ-дәрілер жинағын;

бақылаудың штаттық құралдарын және мотоатқыштар бөлімшелеріндегі көздеу құралдарын , оларды пайдалану ережелерін;

ату құралдарынын, қол гранотеметтерінен көрінген (пайда болған) және қозғалыстағы нысандарды ату негіздерін және ережелерін білуі тиіс.

сондай-ақ,

ату қаруын ұрыс жағдайына келтіруді, нысанаға тигізудің орташа нүктесін анықтауды;

ату қаруы мен гранатометтен ату ережелерін (нысанаға дейінгі қашықтықты анықтауды, дәлдеу (тигізу) нүктесін таңдауды);

оқ шығару және ату қаруынан атуға машықтану бойынша бағдарламадағы жаттығулардың орындалуын білуі қажет.

ату қаруынан атуда, ату ережелерін практикада қолдану барысында, әр түрлі жағдайларда мейлінше аз қате жіберуге;

қарумен жұмыс кезінде шұғыл және дәл қимылдар жасауға дағдылануы керек.

Әдстемелік нұсқаулар:

Атыс дайындығы – жауынгерлерді алаңдағы жаттығуларға үйретуде негізгі құраушы бөлім болып табылады. Ол қарулармен, оқ-дәрілермен жұмыс істеу әдістерін, атудың негіздері мен ережелерін үйретуді, атуға машықтануды өз ішіне алады және тактикалық дайындықмен тығыз байланыста оқытылып, оған бағынады.

Әрбір сабақтың алдында студенттер бұрынғы оқыған материалдарын бақылау сұрақтарын жүргізу әдісімен қайталап, оны одан әрі жетілдіру мақсатында дайындығын қадағалайды. Содан кейін барып осы пәнді меңгеруге көшеді.

Ең алдымен атудың негіздері мен ережелері сыныптағы сабақтарда оқытылады, бұл сабақтарда студенттер қарулар туралы мәліметтер алып, оларды пайдалану бойынша тиісті білімге ие болады; олар қару-жарақпен жұмыс істеуге, оларды күтіп ұстау және сақтау туралы дағдыларды меңгереді. Алынған білімдер мен дағдылар ату жаттығуларында, қару-жарақтың қызмет көрсетуі барысында жетілдіріледі.

Сыныптағы сабақтар дұрыс дайындалып, жазып алынған бейнемагнитофон көмегімен, қарулардың материалдық бөліктерін көрсету арқылы, плакаттар мен сызбанұсқалар пайдаланып жүргізіледі.

Сабақтағы негізгі бағыт - практикалық жұмыстарға, қару-жарақты шашып, жинау жұмыстарына, оны жинақталған түрде тексеруге, атуға дайындау жұмыстарына, ату кезінде қаруды дұрыс ұстауға арналады.

Осы мақсатта сабақ оқу-жаттығу қаруларымен қамтамасыз етіліп, практикалық жұмыстарда әрбір студент тиісті қарумен қамтамасыз етілуі тиіс.

1-2 сағатқа созылатын ату жаттығулары жоспарға сәйкес жүргізіледі. Онда студенттер қару-жарақпен жұмыс істеуге, бақылау арқылы нысанды көздеуге, нысана бойынша ара-қашықтықты анықтауға, ату ережелерін қатаң сақтауға, қол гранатасын лақтыруға дағдыланып, білімдерін одан әрі жетілдіреді.

Ату жаттығулары бірнеше оқу-жаттыу орындарында жүргізіліп, ол жаттығулардың мазмұны мен мақсатына қарай өзгеріп отырады.

Мазмұны бойынша жаттығулар өзгеріп, ату дағдылары күрделеніп отырулары тиіс. Мысалы, қару-жарақты пайдалану бойынша әрекеттерге оқыту - жаттығу орындарында студенттердің алғашқы рет оқтізерді дұрыс толтыру бойынша элементтерді үйреніп, қаруларды оқтау және оқтарын алу бойынша сабақтарды меңгерулерімен басталады. Одан кейінгі сабақтарда атуға машықтану бойынша дайындалу жаттығулары орындалады. Бұл жаттығулар сабақтан сабаққа дейінгі аралықта күрделене түседі.

Алғашқы ату жаттығулары кезінде нысананы барынша аз оқ-дәрі шығындап дәлдеуге көп мән беріледі.

Атыс жүргізу-ереже бойынша топтық ауқымда жүргізіледі. Студенттерге практикалық дағдыларды меңгерулері үшін оқу-жаттығу орындары ұйымдастырылады. Бұл сабақтарда қару-жарақ пен оқ- дәрілерді атуға дайындау, нормативтерді орындау, қарулардың материалдық бөлшектерін үйрену, атудың негіздері мен ережелерін, бақылау арқылы нысананы анықтау, қашықтықты анықтау және нысананы дәлдеу сияқты атуға қатысты дүниелер оқытылады.

Бағдарлама бөлімдері

Бөлімдер мен тақырыптардың реттік саны

Сағат саны

БАРЛЫҒЫ

ЖОО

Оқу жаттығу кезінде

Барлығы ЖОО

Дәрістер

Семинар

Топтық

Практикалық

Оқу жаттығу кезінде барлығы

Дәрістер

Практикалық

11.

11 Бөлім. Атыс дайындығы

32

22

12

10

10

10

№ 1Атыс қаруы, гранатаатқыштар

қол жарықшақты және танкке қарсы гранаталар *

10

10

2

8

№ 2. Атыс қаруларынан оқ ату негіздері мен ережелері *

2

2

2

№ 3. Оқ-дәрілер. Артиллериялық атыс және оның элементтері Агитация снаряды.

2

2

2

№ 4. Атыс қарулары мен оқ-дәрілерді пайдалану, сақтауға қою және қорғау

2

2

2

№ 5. Бақылау аспабы және оны пайдалану ережелері

2

2

2

№ 6. Ату жаттығуларын жүргізу әдстемесі

2

2

2

№ 7. Ату жаттығулары және ату жаттығулары мен гранаталар лақтыру бойынша жаттығулр орындау

12

2

2

10

10

*-белгісімен берілген тақырыбтар 1 семестрде оқытылады