- •Жоғарғы оқу орны жанындағы әскери кафедраларда запастағы офицерлерді дайындау оқу бағдарламасы
- •2015 Ж. Астана қ.
- •Мазмұны:
- •Жалпы ұйымдастыру-әдістемелік нұсқаулар
- •Әскери даярлықтың бөлімдері мен тақырыптарды оқу уақытының есебі
- •Бөлімдер мазмұны
- •1 Бөлім. Тәрбие және арнайы насихат әдістемесі
- •3 Тақырып. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі тәрбие және идеологиялық жұмыстардың жүйесі
- •4 Тақырып. Бөлімдер мен бөлімшелерде тәрбие және идеологиялық жұмыстарды жоспарлау. Арнайы насихат жоспарының түрлері және оны жасау әдістемесі
- •5 Тақырып. Бөлімшенің жеке құрамының тәрбиесі. Тәрбие түрлері. Міндеті, ұйымдастыру және әдістемесі.
- •1 Тақырып. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі тәрбие және идеологиялық жұмыстар органдарының жүйесі. Арнайы насихат офицері
- •2 Тақырып. Әскери ұжым- бұл адамдар жалпылығының әр түрлілігі.
- •6 Тақырып. Бөлімше белсенділері, оларды арнайы насихатта пайдалану
- •7 Тақырып. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі мемлекеттік- құқықтық дайындық арнайы насихаттың бір түрі.
- •8 Тақырып. Бөлімшелерде мемлекеттік-құқықтық тәртіпті ұйымдастыру және жүргізу кезіндегі топ басшысы жұмысының әдістемесі
- •9 Тақырып. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі жауынгерлік жарыстар, бөлімдер мен бөлімшелерде оны ұйымдастыру.
- •10 Тақырып. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі жеке тәрбие жұмыстары
- •11 Тақырып. Әскери тәртіпті нығайту және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі құқықтық тәртіпті қолдау бойынша тәрбие жұмыстары.
- •12. Жауынгерлік кезекшілік, қарауыл және ішкі қызметтерді орындау барысындағы тәрбие жұмысы
- •13 Тақырып. Парктік- шаруашылық күндерін (пхд) жүргізу барысында және техника мен қару- жарақты пайдалану кезіндегі тәрбие жұмысы
- •14 Тақырып. Далаға шығу және тактикалық жаттығулар бойынша тапсырмаларды орындау кезіндегі тәрбие жұмысы
- •15 Тақырып. Атыс дайындығы бойынша тапсырмаларды өтеу кезіндегі тәрбие жұмысы
- •16 Тақырып. Ұрыс машинасын жүргізу бойынша тапсырмаларды өтеу кезіндегі тәрбие жұмысы
- •17 Тақырып. Ұрыс жағдайындағы саяси жұмыстар, арнайы насихатты ұйымдастыру
- •18 Тақырып. Бөлімшенің жеке құрамын моральдық- психологиялық қамтамасыз етуді жоспарлау және ұйымдастыру
- •19 Тақырып. Жаппай үгіт-насихат жұмыстарының маңызы, оның бағыттары, негізгі формалары мен әдістері.
- •20 Тақырып. Бөлімдер мен бөлімшелердегі мәдени-демалыс жұмыстары арнайы насихаттың маңызды бағытының бірі
- •21 Тақырып. Викториналар мен пікірталас (дискуссия) дайындау және жүргізу әдісі.
- •Тема 33. Қарсыластың ақпараттық әсер етуіне қарсы қимыл.
- •2 Бөлім. Әскери психология және педагогика
- •5 Тақырып. Әскери қызметшілердің психологиялық саулықтарын сақтау және оларға психологиялық көмек көрсету бойынша тәрбиеші-офицердің жұмысы.
- •6 Тақырып. Әскери ұжымның әлеуметтік- психологиялық құрылымы
- •7 Тақырып. Әскери мақсатта психологиялық әсер ету.
- •8 Тақырып. Бөлімшедегі жеке құрамның моральдық - психологиялық дайындығы.
- •9 Тақырып. Бұхаралық ақпарат құралдарының әскери-саяси қақтығыстағы ролі.
- •10 Тақырып. Әскери қызметшілерді психологиялық калпына келтіру.
- •3 Бөлім. Ақпараттық-психологиялық күрес.
- •Әдістемелік нұсқаулар:
- •7 Тақырып. Кино және видеоойындар ақпараттық-психологиялық күресте.
- •8 Тақырып. Интернет желісін ақпараттық-психологиялық қарсы күресте қолдану.
- •9 Тақырып. Арнайы ақпараттық операциялар.
- •Бақылау сабағы (2 сағат)
- •4 Бөлім. Әскери әкімшілік
- •1 Тақырып. Әскери басқару актілері. Олардың ерекшеліктері мен түрлері. Әскери ұйымдардағы іс жүргізу
- •3 Тақырып. Қарулы Күштердегі әскери қызметшілердің тәртіптік жауапкершіліктері.
- •4 Тақырып. Қарулы Күштер мен әскери шаруашылықты материалдық- техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
- •5 Тақырып. Әскери қызметшілердің материалдық жауапкершілігі.
- •6 Тақырып. Әскери қызметшілерге заттай және ақшалай үлес беру. Әскери қызметшілерге медициналық және сауда- тұрмыстық қызмет көрсету.
- •7 Тақырып. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне берілетін жеңілдіктер, зейнетақы мен жәрдемақылар.
- •5 Бөлім. Әскери құқық
- •1 Тақырып. Конституция- Қазақстан Республикасының негізгі заңы.
- •2 Тақырып. Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілер статусы заңы.
- •3 Тақырып. Әскери қызметшілердің заңдық жауапкершілігі. Заңдылық және тәртіп. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету
- •4 Тақырып. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі орындаушы тәртіп. Орындалуды бақылау және тексеруды ұйымдастыру.
- •5 Тақырып. Әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайту бойынша іс-шаралар жүргізу кезіндегі құқықтық жұмыс. Тәртіп практикасы.
- •6 Бөлім. Тактикалық дайындық
- •5 Тақырып. Қарулы қақтығыстың заманауи құралдары.
- •6 Тақырып. Бөлімдер мен бөлімшелердің жауынгерлік және жұмылдырылған дайындығы.
- •7 Тақырып. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мотоатқыштар батальонын ұйымдастыру және қаруландыру
- •9 Тақырып. Бөлімшелерді басқару
- •10 Тақырып. Ұрысты жан-жақты қамтамасыз ету. Мотоатқыштар бөлімшелерінде ұрысты басқаруды ұйымдастыру
- •11 Тақырып. Әр түрлі ұрыс жағдайындағы мотоатқыштар бөлімшесі
- •12 Тақырып. Шетел армиясы мотожаяуәскерлер ротасы шабуылда
- •13 Тақырып. Мотоатқыштар бөлімшелерінің қорғанысты жүргізу негіздері
- •14 Тақырып. Шетел армиясы мотожаяуәскер ротасы қорғаныста
- •15 Тақырып. Мотоатқыштар бөлімшелерінің шабуыл жүргізу негіздері
- •16 Тақырып. Әскерлердің жылжуы. Мотоатқыштар бөлімшелерінде марштық және жорықты күзетті жүргізу негіздері.
- •17 Тақырып. Мотоатқыштар ротасының өз орнында орналасуы
- •18 Тақырып. Әдістемелік дайындық
- •19 Тақырып. Роталық тактикалық жаттығу
- •7 Бөлім. Әскери топография
- •1 Тақырып. Картасыз жергілікті жерді бағдарлау және азимут бойынша қозғалыс
- •2 Тақырып. Топографиялық карталар және оларды оқу Карта арқылы ара қашықтықтарды, координатты анықтау және нысананы бағдарлау. Арнайы насихат объектілерінің топографиялық шартты белгілері.
- •3 Тақырып. Жұмыс картасынын жүргізудің негізгі тәртібі.
- •8 Бөлім. Жаппай қырып-жою қаруы және одан қорғану
- •1 Тақырып. Жаппай қырып-жою қаруы және одан қорғану*
- •2 Тақырып. Жеке және ұжымдық қорғану құралдары
- •9 Бөлім. Әскери- инженерлік дайындық
- •2 Тақырып. Миналар және миналық-жарылғыш қоршаулар, оларды жеңіп өтудің әдістері.
- •3 Тақырып. Фортификацияланған жабдықтар және тірек пунктін, бөлімше орналасқан позициялар мен аудандарды бүркемелеу.
- •10 Бөлім. Байланыс құралдарын ұрыста қолдану
- •1 Тақырып. Әскерлерді басқаруда байланыс құралдарының рөлі мен орны.
- •2 Тақырып. Сымдық байланыс құралдары
- •3 Тақырып. Мотоатқыштар бөлімшелеріндегі кіші қуатты радиостанциялар
- •4 Тақырып. Байланыс құралдарын пайдалану ережелері
- •5 Тақырып. Радиоалмасу жүргізу ережелері
- •11 Бөлім. Атыс дайындығы
- •1 Тақырып. Атыс қаруы, гранатаатқыштар қол жарықшақты және танкке қарсы гранаталар
- •2 Тақырып. Ату қаруларынан атудың негіздері және ережелері
- •12 Бөлім. Техникалық дайындық
- •13 Бөлім. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары
- •1 Тақырып. Әскери мамандыққа кірістеме
- •2 Тақырып. Әскери киімді кию тәртібі *
- •3 Тақырып. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің жалпыәскери жарғылары.
- •14 Бөлім. Саптық дайындық
- •1 Тақырып. Саптық тәсілдер және қарусыз қозғалыс жасау
- •2 Тақырып. Саптық тәсілдер және қарумен қозғалыс
- •15 Бөлім. Әскери-медициналық дайындық
- •2 Тақырып. Радиоактивтік, улағыш және әсері қатты улы заттармен уланған кезде көрсетілетін алғышқы медициналық көмек. Жұқпалы аурулар және оның алдын алу.
- •3 Тақырып. Жараланған науқастарды тасымалдаудағы негізгі құралдар және әдістері. Тасымалдау ережесі, жаралыларды тиеу және транспорттық құралдардан түсіріп алу.
- •1 Қосымша Әскери дайындық барысында студенттерде негізгі қасиеттердің қалыптасуы және дамыуы
- •1 Тақырып. Жараланғанда, сүйек сынғанда және күйік шалғанда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. Сыртынан қан кетуді уақытша тоқтату әдістері
- •2 Қосымша Сабақ өткізу барысындағы қауіпсіздік шаралары Электрленген құрылғылары бар сыныптарда сабақ өткізу
- •Сап қимылы кезінде
- •Қаруды тазалау кезінде және сабақта
- •Әскерлерде студенттермен оқу-жаттығу жүргізу барысында
- •Найзағай кезінде
- •Өртке қарсы қауіпсіздік шараларын сақтау
- •Ату қаруынан атысты жүргізу барысында
1 Тақырып. Конституция- Қазақстан Республикасының негізгі заңы.
1 сабақ. Дәріс. (2 сағат*). Конституция- Қазақстан Республикасының негізгі заңы. Елтаңба, Әнұран, Ту- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері. Қазақстан Республикасының Президенті- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы.
2 Тақырып. Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілер статусы заңы.
1 сабақ. Дәріс. (2 сағат*). Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және қорғанысы» заңы.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілер статусы» заңы.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және басқа әскерлер мен әскери құрылымдарда әскери қызымет атқару Тәртібі.
1,2 тақырыптардан семинар. (2 сағат*).
3 Тақырып. Әскери қызметшілердің заңдық жауапкершілігі. Заңдылық және тәртіп. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету
1 сабақ. Дәріс. (2 сағат). Әскери қызметшілердің заңдық жауапкершілігі туралы түсінік және оның түрлері. Әскери қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі. Тәртіптік құқық бұзушылыққа мінездеме беру. Әскери қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тартудың тәртібі.
Әскери қызметшілердің әкімшілік жауапкершілікке тартылуы. Әскери қызметшілердің материалдық жауапкершілігі. Ақшалай жазаның мөлшері және материалдық жауапкершілікке тарту тәртібі.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі тәртіптің маңызы мен заңдылығы. Командирлер мен бастықтар қызметінің әскери тәртіпті қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру-құқықтық формалары.
4 Тақырып. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі орындаушы тәртіп. Орындалуды бақылау және тексеруды ұйымдастыру.
1 сабақ. Дәріс. (2 сағат). Қарулы Күштердегі орындаушы тәртіп-бұл мемлекеттік тәртіптің құраушы бөлігі. Бұйрықты тиісті деңгейде, сапалы және өз уақытында орындау үшін берілген мүмкіндіктерді есепке алу. Командирлер мен бастықтар тарапынан берілген бұйрықтың орындалуын бақылау.
5 Тақырып. Әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайту бойынша іс-шаралар жүргізу кезіндегі құқықтық жұмыс. Тәртіп практикасы.
1 сабақ. Дәріс. (2 сағат). Әскери қызметшілер қызметін, олардың өмірі мен тұрмысын тиісті жағдайлармен қамтамасыз ету мақсатында командирлер мен бастықтар тарапынан жүргізілетін негізгі іс- шаралар. Көтермелеулер мен тәртіптік жазаларды есепке алу. Офицерлердің жолдастық соты- офицерлердің қоғамдық сайлау органы.
Бақылау сабағы (2 сағат).
6 Бөлім. Тактикалық дайындық
Оқытудың міндеттері:
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне әскери ғылым мен техниканың соңғы мүмкіндіктері негізіндегі қажетті біліммен қаруланған, әскери жарғылардың теориялық ережелерін шебер пайдалана алатын, практикаға барлық жаңа идеяларды енгізе алатын, ұйымдастыру қабылетіне ие, ақылды бастамалар (инициативалары) көтеретін, сержанттар мен сарбаздарға олардың әскери парыздарын орындауда, жарғылық талаптар мен бұйрықтарды орындауда үлгі бола алатын офицерлерді дайындау.
Пәнді оқып- үйрену нәтижесінде студенттер:
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымдарын (структурасын);
қазіргі кездегі жалпыәскерлік ұрыстың негіздерін, негізгі тактикалық түсініктерді, терминдері мен анықтамаларын;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мен шетел әскерлері мотоатқыштар бөлімшелерінің ұйымдастырылуы және қару- жарағын;
сарбаздың ұрыстағы мақсаттары мен міндеттерін; ұрыс мүмкіндіктерін, мотоатқыштар бөлімшелеріндегі әр түрлі ұрыс жағдайында оның пайдалану тәртібін;
ұрыстағы әскери қызметшілер мен бөлімшелерді басқару негіздерін;
қорғаныс жүргізу және мотоатқыштар бөлімшелерін басқару негіздерін;
әскерлердің жылжу әдістерін, бөлімшенің марштағы қимылдырының тәртібін;
бөлімшенің өз орнындағы және күзет заставасы құрамындағы әрекеттерінің орналасу тәртібін;
взводпен тактикалық саптық және тактикалық сабақтар дайындап, жүргізу тәртібін білуі қажет.
ұрыс алаңында паналайтын жер таңдап, қозғалыс жолдары мен қозғалу әдістерін үйрену, қарсыластың оғынан қорғану мақсатында жергілікті жерді және сол жердегі заттарды пайдалана білу жұмыстарын;
жекелеген сарбаздармен және мотоатқыштар бөлімшелерімен ұрысты басқару үшін команда беруді;
мотоатқыштар бөлімшелері мен взводтың тірі күш пен әртүрлі ұрыс жағдайында сауытталған нысандарды талқандауды;
бөлімшенің ату карточкасын, взводтың тірек пунктінің сызбанұсқасын жасауды және взвод командирінің жұмыс картасын рәсімдеуді;
қорғаныс пен шабуылды ұйымдастыруды;
әр түрлі ұрыс жағдайында взводты штаттық және берілген бөлімшемен атуды басқаруды;
взводпен тактикалық саптық және тактикалық сабақтар жүргізу жұмыстарын істей білу.
мына дағдыларды меңгерулері тиіс:
сарбаздың ұрыстағы практикалық қимылдарын;
бөлімше командирінің ұрыс қимылдарын ұйымдастыру және жүргізу бойынша жұмыстарын;
взвод командирінің ұрыс қимылдарын ұйымдастырып, жүргізу бойынша жұмыстарын.
Әдістемелік нұсқаулар:
Тактикалық дайындық - оқыту процесіндегі негізгі пән болып табылады. Ол студенттерді қазіргі кездегі ұрыстағы практикалық әрекеттер мен жоғарғы деңгейлі алаңдағы жаттығу жұмыстарымен толық қамтамасыз етеді.
«Тактикалық дайындық» пәнінің негізгі мақсаты-студенттерді взводпен өз бетінше және рота құрамында ұрысты ұйымдастырып, жүргізуде бастапқы дағдыларға үйрету болып табылады.
Пәнді оқып-үйренудің негізіне бағыныштыларды жергілікті жерде, ұрыс жағдайының әр түрлі кезеңдерінде қару-жарақпен және ұрыс техникасымен практикалық қимылдарға оқыту мәселесі енуі тиіс.
Тактикалық дайындық басқа пәндермен тығыз байланыста оқытылып, сарбаздың ұрыстағы міндеттерін орындау бойынша практикалық әрекеттеріне қажетті білім мен дағдыларды алуын қамтамасыз етеді. Өз кезегінде, тактикалық дайындық бойынша әрбір сабақта, оның ішінде алаңдағы сабақтарда олардың басқа пәндерден алған білімдері мен дағдылары жетілдірілуі тиіс.
Студенттердің алаңдағы жаттығуларын жоғарғы деңгейге көтеруге қол жеткізу үшін, ең бастысы далада, әр түрлі бедерлі жерлерде, ауа райының әр түрлі жағдайларында және тәуліктің әр түрлі уақытында, қиын әрі тез өзгеретін жағдайларда сабақ жүргізілуі қажет.
Әрбір сабақтағы жағдай ұрыс қимылдарына барынша жақын қимылдармен, қарсыластың әрекетін барынша мықты, белсенді әрі айлакер етіп көрсету арқылы жүргізілгені дұрыс, мұндай сабақтар студенттің бойында творчестволық ойлау қасиетін қалыптастырып, қалыптасқан мұндай ақылды бастамалар олардың белсенді қимылдар жасауына әкеледі
Алаңдағы сабақтарда студенттердің психологиялық дайындықтарына баса назар аударылып, тез өзгеретін жағдайларда, тез әрі күтпеген өзгерістер кезінде өзін ұстай алуы керек. Оларды оқытуда қауіпсіздік шаралары сақталуы қажет.
Барлық сабақтарда студенттерді пайдалы шешім қабылдауға, Ұлы Отан соғысы мен шағын аймақтағы соғыс тәжірибелерін кең пайдалануға үйрету қажет.
Оқу сабақтарының негізгі түрлері: дәріс сабақтары, семинарлар, практикалық сабақтар, топтық сабақтар, тактикалық және тактикалық-саптық сабақтар, оқытушының қатысуымен болатын өзіндік сабақтар және емтихандар, сондай-ақ студенттердің өздік сабақтары.
Дәріс сабақтары теориялық дайындықтың негізін құрайды. Олар тактикалық дайындық бойынша жүйелі білім негіздерін береді, әскери ғылымның даму перспективасын ашып, барынша қиын әрі күрделі мәселелерді жинақтап қамтиды.
Дәрістер студенттерді белсенді танымдық жұмыстарға ынталандырып, олардың бойында творчестволық ойлау қабылетін қалыптастыруы керек.
Дәріс оқу барысында лектор мен студенттер арасындағы ара – қатынас мынадай болуы қажет:
оқытушы проблеманы өзі қойып, өзі шешеді және студенттерді ол өз ойын дұрыс түсінуге итермелейді, қателікке алып баратын қиындықтарды көрсетеді, қорытындыны өзі шығарады;
оқытушы проблеманы өзі қойып, қалыптастырады, бірақ студенттер көмегімен шешеді, кейбір фактілер мен мәліметтерді баяндайды, ал студенттер проблеманы өздері қойып, қалыптастырады, шешімдерін іздейді, қорытындысын өздері шығарады, ал оқытушы олардың әрекеттерін бақылап отырады.
Дәрістерді цикл бастығы-аға оқытушы, аға оқытушылар және циклдің сол материал бойынша дайындалған оқытушысы оқиды.
Семинарлар оқу бағдарламасының негізгі және күрделі тақырыптары бойынша жүргізіледі. Олар дәрістерде алынған білімдерді барынша тереңдетіп, оқу және ғылыми әдебиеттерден өзіндік жұмысы процесінде, сұрақтарға жауап іздеу дағдысын қалыптастырып, оқу материалдарын жалпылап, түсіндіру арқылы жүргізіледі.
Семинар сабақтарында студенттер пікірталас жүргізуге, өздерінің ойларын дәлелдеуге, өз жолдастарының қате пікірлеріне тойтарыс беруге, ғылыми талас жүргізуге үйренеді. Семинардың мұндай түріне «әскери ойын» мен «пікірталас» жатады.
Семинарға сұрақтар дайындалғанда ол сұрақтардың жауаптары ешқандай оқулықтарда, дәріс конспектілерінде болмауы тиіс. Олар студенттерді өзінің ғылымилығымен, қойылған сұрақтардың нақтылығымен, практикамен байланыстылығымен қызықтыруы тиіс.
Студенттерді семинарларға дайындау үшін өтілген тақырыптар бойынша тапсырмалар беріледі.
Практикалық сабақтар қаружарақ пен әскери техниканың мүмкіндіктеріне, ал жаттығулар сарбаздың ұрыстағы дағдыларын жетілдіріп, жарғылар мен жинақтарда көрсетілген нормативтердің орындалуын бақылау, ұрыста сарбаздарға қажетті әдістер мен тәсілдерді үйрету мақсатында жүргізіледі.
Практикалық сабақ әдеттегідей жаттығулар әдісімен жүреді. Оның негізгі мазмұны- әрбір студенттің практикалық жұмысы болып табылады.
Студенттерді ұрыстағы сарбаздың тәсілдеріне үйрету-дене және моральдық-психологиялық жүктемелерді ақырын ұлғайтып, жүйелі түрде қарапайымнан күрделі тәсілдерге көшу болып табылады.
Сабақтың басында оқытушы тәсілдердің орындалуын тұтастай толық көрсетсе, содан кейін студенттерді бұл тәсілдерді элементтерге бөлу тәртібімен көрсетеді. Бірінші элементтің орындалуын түсіндіре отырып үйретеді де, әрі қарай келесі бөлігіне көшеді. Бұл тәсілдер ақырын, жай темппен орындалады және олардың барынша дұрыс орындалуына көп мән беріледі, одан әрі жаттығулар күрделене береді. Тәсілдерді көрсетіп болғаннан кейін оқытушы бұл элементтердің бәрін қосып тұтастай орындайды. Осы жүйемен барлық тәсілдерді үйретіп шығады.
Бұл жерде қарсыластың әрекеті, оның қару- жарағы мен әскери техникасы макеттері, сондай-ақ имитациялық құралдары басқарушы нысана қылып алынады.
Қорғанысты және шабуылдаушы ұрыстағы взводты басқару бойынша практикалық сабақтар тактикалық- саптық тәсілдермен жүргізіледі.
Кешенді тактикалық тапсырмалар-бұл жалпы тактикалық ойға құрылған, жүйелілікпен жүргізілетін, бағдарламадағы барлық тақырыптарды қамтитын топтық, практикалық және тактикалық сабақтардың жүйесі.
Тактикалық ойға құрылған жағдай - бұл студенттерді қиын әрі тез өзгеретін жағдайда, қарсыласқа қарсы әрекет жасауға итермелеуі тиіс.
Кешенді тапсырмалар – тактикалық және тактикалық-арнайы пәндер оқытушылар ұжымымен бірге жасалады.
Дайын оқу материалдарын оқып- үйрену барысында студенттер оның мазмұнын дұрыс түсініп, меңгерулері қажет.
Топтық жаттығулар ұрысты ұйымдастыруда студенттерді практикалық дағдыларға, бөлімшенің оны қамтамасыз етіп, басқаруды үйрету мақсатында жүргізіледі.
Бұл жаттығулар сыныптар мен жергілікті жерлерде карта пайдалану арқылы үйретіледі. Топтық жаттығуларда барлығы бір қызмет бойынша әрекет етіп, белгілі бір лауазымды тұлғаның қызметін орындайды. Оқытушы бас командирдің қызметінде әрекет етеді.
Оқытушы сабақ барысында әрбір сұрақ бойынша 2-3 студентті тыңдайды, содан кейін оған талдау жасайды, студенттер жасаған баяндаманың кемшіліктерін көрсетеді, қажет болған жағдайда баяндамаға өз тұжырымын қосады. Қабылданған шешімнің мазмұнын талдау барлық ұсынылған нұсқаларды тыңдағаннан кейін міндетті түрде жүргізілуі керек. Студенттердің бастамашыл, батыл және өткір ойларын есепке алып, олардың бастамаларын, шеберліктері мен өзіндік ойларын көтермелеу керек.
Тактикалық сабақтар студенттермен взводтағы ұрысты ұйымдастыру және оны басқаруға оқытудың негізі болып табылады. Бұл сабақтар жергілікті жерде, әскери техникада немесе бөлімшенің штаттық қару-жарағын пайдалану арқылы жүргізліп, студенттерге ұрыс дағдысын үйрету және білімдерін жетілдіру мақсатын көздейді.
Тактикалық сабақтардың тиімділігін көтеру-оқытудың жылжымалы пункттерін, объективті бақылау құралдары мен басқа да техникалық құралдар көмегімен жүргізіледі.
Оқу сұрақтары жауынгерлік есептоп құрамында әрекетке көшу арқылы топтық жаттығулар әдісімен жасалады. Жауынгерлк есептоп құрамына енбеген студенттер оқытушымен оқытудың жылжымалы пунктіне орналасып, взвод командирі қызметінде жаттығады. Олардың әр біреуі өз жұмыс орнынан ақпарат алады, ұрыс алаңындағы жағдайды бақылайды, оны бағалайды, шешім қабылдап, взводқа тапсырма береді.
Әрекеттегі бөлімшені басқару үшін берілген командалар мен бұйрықтар эфирде берілуі мүмкін немесе магнитофон лентасына жазылып алынады, содан кейін оған оқытушы өз бағасын береді.
Ұрыс динамикасында сабақ мынадай жүйелілікпен басқарылады: оқытушы оперативтік уақытты хабарлайды, жағдайға сәйкес алғашқы қалыпқа көшуді талап етеді, нысаналы жағдайды көрсету жолымен тактикалық жағдайды, әскери техника мен қару- жарақ макетін көбейтеді. Студенттер жергілікті жерді картаға түсіріп алады, оны бағалайды да шешім қабылдайды. Содан кейін оқытушы радиостанция арқылы 2-3 студентті немесе бөлімшелерді басқару бойынша команданы тыңдайды. Оқытушы қабылданған шешімнің біреуін бекітіп, содан кейін ғана жауынгерлік есептоп құрамындағы тактикалық эпизодты практикалық түрде көрсетеді.
Әрбір тактикалық эпизодты көрсеткеннен кейін міндетті түрде соңында талдау жасау керек.
Талдау жүргізілгеннен кейін оқытушы оқу сұрақтары туындаған тактикалық жағдайды студенттердің есіне салады, ол студенттерден қандай әрекеттерді күтіп еді, сол бойынша дублерлер арқылы магнитофонға жазылған командалар мен бұйрықтар тыңдалып, командирлердің жұмыстары талданады, қабылданған шешім мен орындалған жұмыстардың жетістіктері мен кемшіліктері есепке алынады.
Содан кейін оқытушы жауынгерлік есептопды өзгертіп, келесі тактикалық эпизодтар бойынша жұмыс істеуге кіріседі.
Оқу жиынындағы практикалық сабақтар курстың соңғы бөлігінде тактикалық, тактикалық- арнайы, әскери- техникалық дайындықтар мен тәрбие жұмысы мәселелерін кешенді түрде орындау үшін жүргізіледі.
Бөлімшенің, содан кейін взводтың құрамында жүйелі түрде жұмыс істеп жүрген студенттер әр түрлі күрделі жағдайларда шабуылдаушы және қорғанысты ұрысты жүргізудің әдістері мен тәсілдерін игеруге, барлаудағы әрекеттерді меңгеруге, жорық және қарауыл күзетін жүргізуге жаяу тәртіппен және әскери техниканы пайдалана отырып оқытылады.
Жаттығу орындарында сабақ жүргізу үшін әскери кафедраның оқытушылары тартылады.
Студенттер барлық сабақтарда жергілікті жерді бағдарлау бойынша дағдыланулары тиіс.
Тактикалық дайындық бойынша нормативтер Құрлық әскерлерінің жауынгерлік дайындығы бойынша нормативтер жиынтығы талаптарына сәйкес жүргізіледі. Нормативтерді өтеу және оны жүргізу мерзімі оқытушылар тарапынан Бағдарламадағы тақырыптарды оқыту жүйесіне байланысты анықталады. Оқыту процесінде студенттер бөлімше мен взвод құрамында орындалатын жеке және топтық нормативтерді игеруі тиіс, оларды орындаудың мазмұны мен әдістерін білулері қажет.
Оқытушы басшылығымен болатын өздік жұмыстар студенттердің жаңа білім алулары, алған білімдерін кеңейту, тереңдету және бекіту мақсатында, талдау дағдысына үйрету, тактикалық ойлау деңгейін дамыту, сондай-ақ оқу материалдары арқылы өздік жұмыс әдісіне оқыту мақсатында жүргізіледі. Бұл сабақтарды семинарларға дайындау үшін жоспарлау қажет. Өздік сабақтарындағы оқу сұрақтары оқытушылар тарапынан анықталады.
Консультациялар–бұл оқу материалдарын студенттердің өз бетінше игерулері үшін көмек ретінде берілетін сабақ түрі болып табылады. Консультациялар тактикалық дайындық бойынша барлық сабақтардың қарсаңында, студенттердің өздік жұмыс сағатында жүргізіледі. Консультациялар жеке және топтық болып бөлінеді.
Тактикалық дайындық бойынша барлық сабақ түрлерін қамтамасыз ету үшін әдістемелік құрал дайындалады. Тақырыптық жоспарлар мен әдістемелік құралдар негізіндегі сабақтың оқу сұрақтары оқу бөлімі мен оқытушылар тарапынан анықталады.
Әдістемелік құралдар әскери кафедраның әдістемелік кеңесінде қаралып, бекітіледі. Жыл сайын әдістемелік жұмыстарға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің талаптары мен Қарулы Күштер Бас штабы бастығының дәлелдемелері есепке алынып енгізілуі тиіс.
Бағдарлама бөлімдері |
Бөлімдер мен тақырыптардың реттік саны |
Сағат саны |
||||||||
БАРЛЫҒЫ |
ЖОО |
Оқу жаттығу кезінде |
||||||||
Барлығы ЖОО |
Дәрістер |
Семинар |
Топтық |
Практикалық
|
Оқу жаттығу кезінде барлығы |
Дәрістер |
Практикалық |
|||
6. |
6 Бөлім. Тактикалық дайындық |
102 |
78 |
34 |
4 |
40 |
|
24 |
|
24 |
№ 1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері* |
2 |
2 |
2 |
|
|
|
|
|
|
|
№2. Взводтың ұйымдастырылуы,қаруы, әскери техникасы* |
2 |
2 |
2 |
|
|
|
|
|
|
|
№ 3. Қазіргі жалпыәскерлік ұрыстың негіздері. Негізгі тактикалық түсініктер * |
2 |
2 |
2 |
|
|
|
|
|
|
|
№ 4. Сарбаздың ұрыстағы әрекеті * |
16 |
16 |
|
|
16 |
|
|
|
|
|
№ 5 Қарулы қақтығыстардың заманауи құралдары * |
2 |
2 |
2 |
|
|
|
|
|
|
|
№ 6. Бөлімшелердің жауынгерлік және жүмылдыру дайындығы * |
2 |
2 |
2 |
|
|
|
|
|
|
|
№ 1,2,3,4,5,6 тақырыптар бойынша семинар * |
2 |
2 |
|
2 |
|
|
|
|
|
|
№ 7. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мотоатқыштар батальонының ұйымдасуы және қаруы |
2 |
2 |
2 |
|
|
|
|
|
|
|
№ 8. Шет ел армиясының мотожаяу атқыштар батальонының ұйымдасуы және қаруы |
2 |
2 |
2 |
|
|
|
|
|
|
|
№ 9. . Бөлімшелерді басқару |
2 |
2 |
2 |
|
|
|
|
|
|
|
№ 10. Ұрысты жан-жақты қамтамасыз ету. Мотоатқыштар бөлімшелерінде ұрысты қамтамасыз етуді ұйымдастыру |
2 |
2 |
2 |
|
|
|
|
|
|
|
№ 11. Әр түрлі ұрыстағы мотоатқыштар бөлімшесі |
6 |
6 |
2 |
2 |
2 |
|
|
|
|
|
№ 12. Шетел армиясының мотожаяуәскерлері ротасы шабуылда |
2 |
2 |
2 |
|
|
|
|
|
|
|
№ 13. Мотоатқыштар бөлімшелерінде қорғанысты жүргізу негіздері |
2 |
2 |
2 |
|
|
|
|
|
|
|
№ 1. тактикалық тапсырма. Қарсыластың қақтығысынан тыс взводтың қорғанысқа көшуі. Қорғанысты ұрыс жүргізу |
10 |
4 |
|
|
4 |
|
6 |
|
6 |
|
№ 14. Шетел армиясының мотожаяуәскерлер ротасы қорғаныста |
2 |
2 |
2 |
|
|
|
|
|
|
|
№ 15. Мотоатқыштар бөлімшелерінің шабуылды жүргізу негіздері |
2 |
2 |
2 |
|
|
|
|
|
|
|
№ 2 тактикалық тапсырма. Қорғаныстағы қарсыласқа взводтың жүріс кезіндегі шабуылы |
10 |
4 |
|
|
4 |
|
6 |
|
6 |
|
№ 16. . Әскерлердің жылжуы. Мотоатқыштар бөлімшелеріндегі марш пен жорықты күзеттің негіздері |
2 |
2 |
2 |
|
|
|
|
|
|
|
№ 3 тактикалық тапсырма Жорықтық күзеттегі взвод маршта |
8 |
8 |
|
|
8 |
|
|
|
|
|
|
№ 17. Мотоатқыштар бөлімшелерінің орналасу |
2 |
2 |
2 |
|
|
|
|
|
|
№ 4 тактикалық тапсырма Взводтың өз орнында орналасуы |
4 |
4 |
|
|
4 |
|
|
|
|
|
№ 18. Әдістемелік дайындық |
4 |
4 |
2 |
|
2 |
|
|
|
|
|
№ 19. Роталық тактикалық жаттығу |
12 |
|
|
|
|
|
12 |
|
12 |
|
*-белгісімен берілген тақырыбтар 1 семестрде оқытылады
1 тақырып. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері.
1 сабақ. Дәріс. (2 сағат*). Тактика пәні және міндеті. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тарихы және құрылымы. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери доктринасы Қарулы Күштерінің құрлысы мен дамуын басқару принципы жайында.
2 тақырып. Взводтың құрылымы, қаруы мен әскери техникасы.
1 сабақ. Дәріс. (2 сағат*). Шет ел әскерінің мотожаяу взводының құрылымы, қаруы мен әскери техникасы. Мотожаяу взводының қаруы мен әскери техникасының тактикалық-техникалық мінездемесі. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мото атқыштар взводтың құрылымы, қаруы мен әскери техникасы. Мото атқыштар взводының қаруы мен әскери техникасының тактикалық-техникалық мінездемесі.
3 тақырып. Заманауи жалпы әскери ұрыс негізі.
1 сабақ. Дәріс. (2 сағат*). Заманауи жалпы әскери ұрыс мінездемесі. Ұрыс қимылдарының түрлері. Бөлімшенің күші мен құралдарымен оқ күшімен айла –әрекет жасау. Шерулік, ұрыс алдындағы, ұрыс кезіндегі тәртіп.
4 тақырып. Сарбаздың ұрыстағы әрекеті.
1 сабақ. Практикалық. (2 сағат*). Сарбаздың ұрыстағы орны мен міндеттері. Жалғыз әскери қызметшіні басқару. Оны басқару мен оған қойылатын талаптар. Сарбазды ұрыста басқару әдістері. Пәрмендер, белгілер және солармен жұмыс.
2 сабақ. Практикалық. (2 сағат*). Сарбаз бақылаушы. Бақылау жүргізу әдістері. Ұрыс алаңын бақылау. Сарбаздың бақылаушы ретіндегі әрекеті, бақылау журналын жүргізу. Бақылау нәтижелерін баяндау тәртібі.
3 сабақ. Практикалық. (4 сағат*). Сарбаздың қорғаныстағы әрекеті. Қорғаныстағы ату позициясы туралы түсінік. Оны таңдау тәртібі, жарақтандыру. Қарсыластың ату дайындығы кезіндегі сарбаздың әрекеті. Танктерді және басқа да сауытты нысандарды жою.
4 сабақ. Практикалық. (4 сағат*). Ұрыс алаңында жылжу әдістері. Сарбаздың шабуылдағы тасаларды, жолын, жылжу әдістерін таңдауы. Жер бедері мен жергілікті заттарды қарсыластың оғынан қорғануға және бақылауға пайдалану.Ату орынын таңдау.
5 сабақ. Практикалық. (4 сағат*). Сарбаздың шабуылдағы әрекеті. Траншеядан шығып, шабуылға көшу. Ұрыс алаңындағы тәсілдер және қозғалу әдістері. Ұрыс барысында кедергілер мен қоршауларды жеңу. Қарсыластың алдыңғы шебіне шабуыл жасау. Әр түрлі амалдармен алдыға жылжу. Айла-әрекет жасау.
