Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Арнайы насихат оконч 1801500.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
837 Кб
Скачать
☆

1 Тақырып. Атыс қаруы, гранатаатқыштар қол жарықшақты және танкке қарсы гранаталар

1 сабақ. Практикалық сабақ. (4 сағат). АКМ, АК-74, РПК-74, РПГ-7 қаруларының мақсаты, ұрыстағы ерекшеліктері, жалпы құрылысы.

2 сабақ. Практикалық сабақ. (4 сағат). АКМ, АК-74, РПК-74, РПГ-7 Жалпы құрылысы, Жартылай шашып, жинақтау. Бөліктері мен механизмдерінің жұмыс істеу принциптері. Қарумен жұмыс істеу ережелері және қауіпсіздік шаралары.

3 сабақ. Топтық сабақ. (2 сағат). РГ-42, РГД-5, Ф-1, РГО, РГН гранаталарының, РПГ-3 танкке қарсы гранатасының мақсаты, ұрыстағы қасиеттері, жалпы құрылысы. Оталдырғыштың құрылысы. Гранаталармен жұмыс істеу және қауіпсіздік шараларын сақтау ережелері.

2 Тақырып. Ату қаруларынан атудың негіздері және ережелері

1сабақ. Топтық сабақ. (2 сағат). Атудың мазмұны мен пайда болуы, оның кезеңдері, ішкі және сыртқы баллистика. Бастапқы жылдамдығы және оның мәні. Траектория және оның элементтері, тура ату. Талқандалған, бүлінген және өлі кеңістік, оларды анықтау және практикада қолдану.

3 тақырып. Оқ-дәрілер. Артиллериялық ату және оның элементтері. Агитационные снаряды.

1сабақ. Топтық сабақ. (2 сағат). Оқ-дәрілерді анықтау, мақсаты және оларды жіктеу. Артиллериялық ату, оның элементтері, жалпы құрылысы. Жарғыштар, олардың құрылысы, негізгі түрлері. Оларға сипаттама беру. Оқ-дәрілермен жұмыс істеу ережелері. Тығындау және маркілеу, сақтауға қою тәртібі, оқ-дәрілерді тасымалдау, оларды тексеру және пайдалануға дайындау.

4 тақырып. . Атыс қарулары мен оқ- дәрілерді пайдалану, сақтауға қою және қорғау

1сабақ. Топтық сабақ. (2 сағат). Атыс қарулары мен оқ - дәрілерді пайдалану негіздері. Басқарушы құжаттар, оларға қойылатын талаптар және пайдалану формалары.

Бөлімше командирінің қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді пайдалануды, сақтауға қою және қорғау бойынша міндеттері. Әскери қызметшілердің қару-жарақ және оқ-дәрілер ұрланғандағы және жоғалған жағдайлардағы жауапкершілігі.

5 тақырып. Бақылау аспаптары және оларды пайдалану ережелері

1сабақ. Практикалық сабақ. (2 сағат). Аспаптардың жалпы мақсаты және оларды жіктеу. Дүрбілер, түнгі бақылау аспаптары, стереотүтіктер, барлаушының перискобы. Аспаптар шкалалары мен оларды пайдалану. Аспапты жұмысқа дайындау, күту және сақтау.

6 тақырып. Ату жаттығуларын жүргізу әдістемесі

1сабақ. Топтық сабақ. (2 сағат). Ату жаттығуларының мақсаты мен мазмұны. Жинақтау тақырыбы және ату жаттығуларын ұйымдастыру сызбанұсқасы. Оқу-жаттығу орындарының басшыларын дайындау және материалдық қамтамасыз ету.

7 тақырып. Атуға машықтану және ату және граната лақтыру жаттығуларын орындау.

1сабақ. Топтық сабақ. (2 сағат). Қауіпсіздік шаралары. Оқтау тәсілдері және ату (нысана орнату, дәлдеу нүктесін анықтау, құлағын түсіру, ату кезінде қаруды ұстау, атуды тоқтату). Қарудың оғын алып тастау және атқаннан кейін тексеру. Нысананы тексеру тәртібі. Граната лақтыру тәсілдері.

2 сабақ. Практикалық сабақ(10сағ). Ату және граната лақтыру жаттығуларын орындау.

12 Бөлім. Техникалық дайындық

Оқытудың міндеттері:

Қару-жарақтың, БМП-дің, құрылысын, оларды жөндеу және пайдалану ережелерін, техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарын, оларды көшіру және жаяуәскер ұрыс машинасын қарпайым әскери жөндеуден өткізуді үйрену, әр түрлі жағдайлардағы ұрыс барысында және бейбіт уақытта взвод машиналарын ұйымдастырып, пайдалану негіздерін, олардың қызмет көрсетуін, мазмұнын, ол машиналарды сақтауға қою және қалпына келтіру тәртібін үйрету көзделеді.

Пәнді оқып-үйрену нәтижесінде студенттер:

құжаттардың негізгі ережелерін, сауытты техниканы пайдалану тәртібін;

БМП мақсатын, жалпы құрылысын және тактика-техникалық сипаттамасын;

БМП пайдалану негіздерін, жөндеу және сақтауға қоюды;

БМП қару-жарағының құрылысын;

взвод техникасы негізгі тораптары мен агрегаттарының жұмыс істеу принциптерін, мақсатын, құрылысын, түрлерін, әдістері мен жөндеу тәсілдерін;

БМП қару-жарағының құрылысын, пайдалануды, техникалық қызмет көрсету түрлерін және мерзімдерін білуі тиіс.

Сондай-ақ студенттер:

БМП де орналасқан есіктер мен люктерді пайдалануды;

орындықты басқаруды, және бақылау аспаптарын пйдалануды;

мотоатқыштар взводы техникасының техникалық қызмет көрсетуі бойынша негізгі операциялардың орындалуын;

қару-жарақ пен техниканың техникалық жағдайына тексеру жүргізуді білуі қажет.

танкілк сөйлесу құрылғысын пайдалану бойынша,

взвод техникасының техникалық қызмет көрсетуі бойынша негізгі жұмыстардың орындалуын және БМП қаруларының техникалық жағдайларын тексеру бойынша дағдыларды меңгеруі қажет.

Әдістемелік нұсқаулар:

Бұл пән басқа пәндермен тығыз байланыста оқытылады. Оқыту тәртібі негізінен практикалық әдіс арқылы сыныптарда, техникалық дайындық бойынша топтық сабақтарда БМП-нің материалдық бөліктерін пайдалану арқылы жүргізіледі. Бұл сабақтарда студенттер БМП құрылысы туралы, оның ұрыстағы қасиеті жөнінде білімге ие болып, оны күту және сақтауға қою тәртібін меңгереді.

Алынған білімдер мен дағдылар практикалық сабақтарда жартылай топ құрамында техниканы пайдалануда қолданылады, бұл кезде студенттер алған білімдерін жетілдіріп, БМП мен техниканың қызмет көрсетуіндегі қажетті дағдыларды үйренеді.

Бағдарлама бөлімдері

Бөлімдер мен тақырыптардың реттік саны

Сағат саны

БАРЛЫҒЫ

ЖОО

Оқу жаттығу кезінде

Барлығы ЖОО

Дәрістер

Семинар

Топтық

Практикалық

Оқу жаттығу кезінде барлығы

Дәрістер

Практикалық

12.

12 Бөлім. Техникалық дайындық

22

16

14

2

6

6

№ 1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің техникасы мен қару-жарағы Арнайы насихат техникасы.

2

2

2

№ 2. Қару-жарақ пен техниканы пайдалану бойынша негізгі ережелер

2

2

2

№ 3. Ұрыс машиналары паркінің негізгі элементтері, олардың мақсаты мен жабдықталуы

2

2

2

№ 4. БМП жалпы құрылысы

4

4

4

№ 5. БМП бақылап тексеру

2

2

2

№ 6 БМП күнделікті техникалық қызмет көрсетуі

2

2

2

№ 7. Машиналарды қабылдау және жеткізу тәртібі. Машиналарды сапқа енгізу

2

2

2

№ 8. БМП жүргізу

6

6

6

*-белгісімен берілген тақырыбтар 1 семестрде оқытылады

1 тақырып. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің техникасы мен қару-жарағы. Арнайы насихат техникасы.

1сабақ. Топтық сабақ. (2 сағат). Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ұрыс техникасы мен қару-жарағы. Арнайы насихат техникасы.

2 тақырып. Қару-жарақ пен техниканы пайдалану бойынша негізгі ережелер

1сабақ. Топтық сабақ. (2 сағат). Техника мен қару- жарақты пайдалану туралы түсінік. Техниканы бейбіт уақытта пайдалану тәртібі. Техникалық құжаттамасы, бөлімдегі техникалық қызмет құрылымы. Түрлері, техникалық қызмет көрсетудің мақсаттары. Техника мен қару- жарақты сақтауға қою әдістері. Қару- жарақ пен техниканың техникалық жағдайын тексеру тәртібі.

3 тақырып. Ұрыс машиналары паркінің негізгі элементтері, олардың мақсаты мен жабдықталуы.

1сабақ. Топтық сабақ. (2 сағат). Ұрыс машинасы паркінің мақсаты мен жабдықталуы. (КТП, жанар-жағар май толтыру орны, жуу, су мен майды жылыту т.б.)

4 тақырып. БМП жалпы құрылысы

1сабақ. Топтық сабақ. (2 сағат). БМП мақсаты, ұрыс және техникалық сипаттамасы. Жинақтау, экипаждар мен десанттардың араласып отыруы. Сауытты корпустың жалпы құрылысы және оның қорғану қабылеті.

2сабақ. Практикалық сабақ. (2 сағат). Жинақталу, БМП экипажы мен десанттарының араласып отыруы.

5 тақырып. БМП бақылап тексеру

1сабақ. Топтық сабақ. (2 сағат). Бақылап тексерудің мақсаты, кезеңділігі және оған бөлінген уақыт. Экипаж мүшелері арасындағы жұмыстың көлемі және оны бөлу.

6 тақырып. БМП күнделікті техникалық қызмет көрсетуі

1сабақ. Топтық сабақ. (2 сағат). Күнделікті қызмет көрсетуге бөлінген уақыт, мақсаты мен кезеңділігі. Күнделікті қызмет көрсету барысындағы орындалатын жұмыстардың көлемі және жүйелілігі. Экипаж мүшелері арасындағы жұмыстарды бөлу.

7 тақырып. Машиналарды қабылдау және беру тәртібі. Машинаны сапқа енгізу.

1сабақ. Топтық сабақ. (2 сағат). Негізгі құжаттар. Машинаны сапқа енгізу тәртібі.

8 тақырып. БМП жүргізу.

1сабақ. Практикалық сабақ. (6 сағат). Қозғалтқышты (двигатель) дайындау, іске қосу және машинаны орнынан қозғалту. Машинаны алға және кейін қарай қозғалту. Машинаны бұру және орнына қою.

БМП жүргізу бойынша №1 дайындық жаттығуының орындалуы.

Материалдық бөліктердің моторесурстық шығынын көрсететін техникалық дайындық бойынша жаттығулардың тақырыптары мен нөмірінің тізімі

Жаттығудың тақырыбы мен нөмірі.

Тапсырма нөмірі.

Бір студентке кететін шығын, км БМП.

№8 тақырып

№1 дайындық жаттығуы

3,4

8