- •Жоғарғы оқу орны жанындағы әскери кафедраларда запастағы офицерлерді дайындау оқу бағдарламасы
- •2015 Ж. Астана қ.
- •Мазмұны:
- •Жалпы ұйымдастыру-әдістемелік нұсқаулар
- •Әскери даярлықтың бөлімдері мен тақырыптарды оқу уақытының есебі
- •Бөлімдер мазмұны
- •1 Бөлім. Тәрбие және арнайы насихат әдістемесі
- •3 Тақырып. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі тәрбие және идеологиялық жұмыстардың жүйесі
- •4 Тақырып. Бөлімдер мен бөлімшелерде тәрбие және идеологиялық жұмыстарды жоспарлау. Арнайы насихат жоспарының түрлері және оны жасау әдістемесі
- •5 Тақырып. Бөлімшенің жеке құрамының тәрбиесі. Тәрбие түрлері. Міндеті, ұйымдастыру және әдістемесі.
- •1 Тақырып. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі тәрбие және идеологиялық жұмыстар органдарының жүйесі. Арнайы насихат офицері
- •2 Тақырып. Әскери ұжым- бұл адамдар жалпылығының әр түрлілігі.
- •6 Тақырып. Бөлімше белсенділері, оларды арнайы насихатта пайдалану
- •7 Тақырып. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі мемлекеттік- құқықтық дайындық арнайы насихаттың бір түрі.
- •8 Тақырып. Бөлімшелерде мемлекеттік-құқықтық тәртіпті ұйымдастыру және жүргізу кезіндегі топ басшысы жұмысының әдістемесі
- •9 Тақырып. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі жауынгерлік жарыстар, бөлімдер мен бөлімшелерде оны ұйымдастыру.
- •10 Тақырып. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі жеке тәрбие жұмыстары
- •11 Тақырып. Әскери тәртіпті нығайту және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі құқықтық тәртіпті қолдау бойынша тәрбие жұмыстары.
- •12. Жауынгерлік кезекшілік, қарауыл және ішкі қызметтерді орындау барысындағы тәрбие жұмысы
- •13 Тақырып. Парктік- шаруашылық күндерін (пхд) жүргізу барысында және техника мен қару- жарақты пайдалану кезіндегі тәрбие жұмысы
- •14 Тақырып. Далаға шығу және тактикалық жаттығулар бойынша тапсырмаларды орындау кезіндегі тәрбие жұмысы
- •15 Тақырып. Атыс дайындығы бойынша тапсырмаларды өтеу кезіндегі тәрбие жұмысы
- •16 Тақырып. Ұрыс машинасын жүргізу бойынша тапсырмаларды өтеу кезіндегі тәрбие жұмысы
- •17 Тақырып. Ұрыс жағдайындағы саяси жұмыстар, арнайы насихатты ұйымдастыру
- •18 Тақырып. Бөлімшенің жеке құрамын моральдық- психологиялық қамтамасыз етуді жоспарлау және ұйымдастыру
- •19 Тақырып. Жаппай үгіт-насихат жұмыстарының маңызы, оның бағыттары, негізгі формалары мен әдістері.
- •20 Тақырып. Бөлімдер мен бөлімшелердегі мәдени-демалыс жұмыстары арнайы насихаттың маңызды бағытының бірі
- •21 Тақырып. Викториналар мен пікірталас (дискуссия) дайындау және жүргізу әдісі.
- •Тема 33. Қарсыластың ақпараттық әсер етуіне қарсы қимыл.
- •2 Бөлім. Әскери психология және педагогика
- •5 Тақырып. Әскери қызметшілердің психологиялық саулықтарын сақтау және оларға психологиялық көмек көрсету бойынша тәрбиеші-офицердің жұмысы.
- •6 Тақырып. Әскери ұжымның әлеуметтік- психологиялық құрылымы
- •7 Тақырып. Әскери мақсатта психологиялық әсер ету.
- •8 Тақырып. Бөлімшедегі жеке құрамның моральдық - психологиялық дайындығы.
- •9 Тақырып. Бұхаралық ақпарат құралдарының әскери-саяси қақтығыстағы ролі.
- •10 Тақырып. Әскери қызметшілерді психологиялық калпына келтіру.
- •3 Бөлім. Ақпараттық-психологиялық күрес.
- •Әдістемелік нұсқаулар:
- •7 Тақырып. Кино және видеоойындар ақпараттық-психологиялық күресте.
- •8 Тақырып. Интернет желісін ақпараттық-психологиялық қарсы күресте қолдану.
- •9 Тақырып. Арнайы ақпараттық операциялар.
- •Бақылау сабағы (2 сағат)
- •4 Бөлім. Әскери әкімшілік
- •1 Тақырып. Әскери басқару актілері. Олардың ерекшеліктері мен түрлері. Әскери ұйымдардағы іс жүргізу
- •3 Тақырып. Қарулы Күштердегі әскери қызметшілердің тәртіптік жауапкершіліктері.
- •4 Тақырып. Қарулы Күштер мен әскери шаруашылықты материалдық- техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
- •5 Тақырып. Әскери қызметшілердің материалдық жауапкершілігі.
- •6 Тақырып. Әскери қызметшілерге заттай және ақшалай үлес беру. Әскери қызметшілерге медициналық және сауда- тұрмыстық қызмет көрсету.
- •7 Тақырып. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне берілетін жеңілдіктер, зейнетақы мен жәрдемақылар.
- •5 Бөлім. Әскери құқық
- •1 Тақырып. Конституция- Қазақстан Республикасының негізгі заңы.
- •2 Тақырып. Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілер статусы заңы.
- •3 Тақырып. Әскери қызметшілердің заңдық жауапкершілігі. Заңдылық және тәртіп. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету
- •4 Тақырып. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі орындаушы тәртіп. Орындалуды бақылау және тексеруды ұйымдастыру.
- •5 Тақырып. Әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайту бойынша іс-шаралар жүргізу кезіндегі құқықтық жұмыс. Тәртіп практикасы.
- •6 Бөлім. Тактикалық дайындық
- •5 Тақырып. Қарулы қақтығыстың заманауи құралдары.
- •6 Тақырып. Бөлімдер мен бөлімшелердің жауынгерлік және жұмылдырылған дайындығы.
- •7 Тақырып. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мотоатқыштар батальонын ұйымдастыру және қаруландыру
- •9 Тақырып. Бөлімшелерді басқару
- •10 Тақырып. Ұрысты жан-жақты қамтамасыз ету. Мотоатқыштар бөлімшелерінде ұрысты басқаруды ұйымдастыру
- •11 Тақырып. Әр түрлі ұрыс жағдайындағы мотоатқыштар бөлімшесі
- •12 Тақырып. Шетел армиясы мотожаяуәскерлер ротасы шабуылда
- •13 Тақырып. Мотоатқыштар бөлімшелерінің қорғанысты жүргізу негіздері
- •14 Тақырып. Шетел армиясы мотожаяуәскер ротасы қорғаныста
- •15 Тақырып. Мотоатқыштар бөлімшелерінің шабуыл жүргізу негіздері
- •16 Тақырып. Әскерлердің жылжуы. Мотоатқыштар бөлімшелерінде марштық және жорықты күзетті жүргізу негіздері.
- •17 Тақырып. Мотоатқыштар ротасының өз орнында орналасуы
- •18 Тақырып. Әдістемелік дайындық
- •19 Тақырып. Роталық тактикалық жаттығу
- •7 Бөлім. Әскери топография
- •1 Тақырып. Картасыз жергілікті жерді бағдарлау және азимут бойынша қозғалыс
- •2 Тақырып. Топографиялық карталар және оларды оқу Карта арқылы ара қашықтықтарды, координатты анықтау және нысананы бағдарлау. Арнайы насихат объектілерінің топографиялық шартты белгілері.
- •3 Тақырып. Жұмыс картасынын жүргізудің негізгі тәртібі.
- •8 Бөлім. Жаппай қырып-жою қаруы және одан қорғану
- •1 Тақырып. Жаппай қырып-жою қаруы және одан қорғану*
- •2 Тақырып. Жеке және ұжымдық қорғану құралдары
- •9 Бөлім. Әскери- инженерлік дайындық
- •2 Тақырып. Миналар және миналық-жарылғыш қоршаулар, оларды жеңіп өтудің әдістері.
- •3 Тақырып. Фортификацияланған жабдықтар және тірек пунктін, бөлімше орналасқан позициялар мен аудандарды бүркемелеу.
- •10 Бөлім. Байланыс құралдарын ұрыста қолдану
- •1 Тақырып. Әскерлерді басқаруда байланыс құралдарының рөлі мен орны.
- •2 Тақырып. Сымдық байланыс құралдары
- •3 Тақырып. Мотоатқыштар бөлімшелеріндегі кіші қуатты радиостанциялар
- •4 Тақырып. Байланыс құралдарын пайдалану ережелері
- •5 Тақырып. Радиоалмасу жүргізу ережелері
- •11 Бөлім. Атыс дайындығы
- •1 Тақырып. Атыс қаруы, гранатаатқыштар қол жарықшақты және танкке қарсы гранаталар
- •2 Тақырып. Ату қаруларынан атудың негіздері және ережелері
- •12 Бөлім. Техникалық дайындық
- •13 Бөлім. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары
- •1 Тақырып. Әскери мамандыққа кірістеме
- •2 Тақырып. Әскери киімді кию тәртібі *
- •3 Тақырып. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің жалпыәскери жарғылары.
- •14 Бөлім. Саптық дайындық
- •1 Тақырып. Саптық тәсілдер және қарусыз қозғалыс жасау
- •2 Тақырып. Саптық тәсілдер және қарумен қозғалыс
- •15 Бөлім. Әскери-медициналық дайындық
- •2 Тақырып. Радиоактивтік, улағыш және әсері қатты улы заттармен уланған кезде көрсетілетін алғышқы медициналық көмек. Жұқпалы аурулар және оның алдын алу.
- •3 Тақырып. Жараланған науқастарды тасымалдаудағы негізгі құралдар және әдістері. Тасымалдау ережесі, жаралыларды тиеу және транспорттық құралдардан түсіріп алу.
- •1 Қосымша Әскери дайындық барысында студенттерде негізгі қасиеттердің қалыптасуы және дамыуы
- •1 Тақырып. Жараланғанда, сүйек сынғанда және күйік шалғанда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. Сыртынан қан кетуді уақытша тоқтату әдістері
- •2 Қосымша Сабақ өткізу барысындағы қауіпсіздік шаралары Электрленген құрылғылары бар сыныптарда сабақ өткізу
- •Сап қимылы кезінде
- •Қаруды тазалау кезінде және сабақта
- •Әскерлерде студенттермен оқу-жаттығу жүргізу барысында
- •Найзағай кезінде
- •Өртке қарсы қауіпсіздік шараларын сақтау
- •Ату қаруынан атысты жүргізу барысында
Тема 33. Қарсыластың ақпараттық әсер етуіне қарсы қимыл.
1 сабақ. Дәріс (2 сағат). Әскердің ұрыс қимылдарын моральдік-психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етудің негізгі компоненті.
Қарсыластың жеке құрам мен халыққа насихат және психологиялық әсер етуіне қарсы моралдік-психологиялық күштер мен құралдардың көмегімен және моралдік-психологиялық орнықтылық пен берілген тапсырманы орындауға дайындықты артыру үшін жүргізілетін кешенді шаралар.
2 сабақ. Практикалық (2 сағат). Қарсыластың насихатына қарсы тұру және үрейленуді жеңу үшін деморализация мен дезинформацияны азайту мақсатында шаралар ойластыру.
34 тақырып. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде БШБ-ның жоспарлау бойынша, тәрбие және арнайы насихат жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізуі бойынша, әскери тәртіпті қатайту бойынша бұйрықтары мен директиваларын оқып-үйрену
1 сабақ. Дәріс (2 сағат). Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде БШБ-ның жеке құраммен тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі бұйрықтары мен директиваларының тізбесі. Болашақ жоспарлау, құпиялы құжаттармен жұмыс істеу. Құпиялы құжаттармен жұмыс істеу.
2 сабақ. Практикалық (2 сағат). Басқарушы құжаттарды өзіндік оқу.
3 сабақ. (2 сағат). Өзіндік жұмыс нәтижесін практикалық қолдану.
Бақылау сабағы -2 сағ.
2 Бөлім. Әскери психология және педагогика
Оқытудың міндеттері
«Әскери психология және педагогика» курсын оқып- үйрену барысында студенттер мынадай жағдайға қол жеткізеді:
студенттердің психологиялық- педагогикалық біліммен қарулануы, бұл алған білімдерін әскерлерді оқытуда және тәрбиелеуде пайдалана білуі;
моральдық- психологиялық дайындықтың мақсаты мен мәні туралы, әскери қызметшілердің саналарына тәрбиелік әсері туралы толық түсінік қалыптастыру;
әскери ұжымдарда болатын әлеуметтік процестерді талдау үшін қажетті болып табылатын біліммен қарулану, жеке құрам қызметінің барлық салаларын моральдық- психологиялық қамтамасыз ету бойынша шешім қабылдап, ұйымдастыру;
Курсты оқу нәтижесінде студенттер:
әскери психологияның теориялық негіздерін және әскерлер психикасы мен бөлімшедегі әскери ұжымның психологиясына әскери жұмыстың әсер ету ерекшелігін;
әскери ұжымда орын алатын әлеуметтік- психологиялық қатынастарды;
әскери-педагогикалық процесті іске асырудың формалары мен әдістерін, заңдылықтарын, принциптерін. Әскери қызметшілерді оқыту процесінің мазмұны мен ерекшелігін;
қазіргі жағдайдағы әскери - педагогикалық процестерді ұйымдастырудағы басқарушы құжаттар талаптарын білуі тиіс.
жеке құрамды ұрыс қимылдарына жан-жақты дайындау мақсатында әскердің жеке тұлғасының психологиялық ерекшеліктерін айқындауды;
сақтық шараларын ұзақ уақыт сақтау кезінде пайда болатын психологиялық және психофизиологиялық проблемаларды анықтауды;
бөлімше жеке құрамы қызметінің барлық салаларын моральдық- психологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыруды;
практикалық қызметтерде әскери қызметшілерді оқыту мен тәрбиелеудің негізгі принциптерін қолдану және оқыту және тәрбие формалары мен әдістерін дұрыс үйлестіру жұмыстарын істей білуі тиіс.
Әскери ұжымды басқару барысында кездесетін барлық проблемалық мәселелердің дұрыс шешілу тәсілдерін білуі тиіс.
Жауынгерлік қызметтің барлық жағдайларында бағыныштылардың санасына тиімді психологиялық- педагогикалық әсер етуге, әскери қызметшілердің психикалық саулығын сақтау үшін қажетті шұғыл көмек беруге дайын болу. Бөлімшедегі оқу процесін дұрыс ұйымдастырып жүргізе білу. Бағыныштылар үшін адал педагог және үлгі бола білу. «Әскери психология және педагогика» бұл-қазіргі кездегі әскерді және әскери қызметшілер ұжымын сенімді басқару үшін офицер-тәрбиешілерді, болашақ командирлерді оқытудағы қажетті пән болып табылады.
Әдістемелік нұсқаулар:
«Әскери психология және педагогика» курсын оқыту және оқып- үйрену әскери ғылымдар мен әскери бөлімдердегі жеке құрамды оқыту және тәрбиелеу процесін ұйымдастыру талаптарына сәйкес құрылған.
Онда әскери педагогика және психологияның, басқа да қоғамдық ғылымдардың мәліметтері кеңінен қолданылып, тәрбие құрылымдарындағы командирлер мен офицерлердің озық тәжірибелері есепке алынады.
«Әскери психология және педагогика» курсы қажетті әдебиеттер пайдалану арқылы дәрістік, топтық және практикалық сабақтар процесінде, сондай-ақ тақырыптар бойынша жоспарлы өзіндік жұмыстар барысында оқытылады. Онда бөлімше жеке құрамы қызметінің барлық салаларын психологиялық және педагогикалық жағынан қамтамасыз ететін педагогикалық және тәрбиелік мәселелерді оқып-үйретеді.
Оқылған материалдар бойынша білім және практикалық дағдыларды бағалау - оқытудың соңында бағасыз, сынақ алу арқылы жүргізіледі.
Бағдарлама бөлімдері |
Бөлімдер мен тақырыптардың реттік саны |
Сағат саны |
||||||||
БАРЛЫҒЫ |
ЖОО |
Оқу жаттығу кезінде |
||||||||
Барлығы ЖОО |
Дәрістер |
Семинар |
Топтық |
Практикалық
|
Оқу жаттығу кезінде барлығы |
Дәрістер |
Практикалық |
|||
2. |
2 Бөлім. Әскери психология және педагогика |
28 |
28 |
24 |
|
|
4 |
|
|
|
№ 1. Әскери психология-бұл ғылым. Офицер-тәрбиешінің қызметіндегі психологиялық білімнің рөлі |
2 |
2 |
2 |
|
|
|
|
|
|
|
№ 2. Әскер тұлғасының психологиялық құрылымы. Әскери-жаттығу жұмыстарының әр түрлі жағдайларында жеке құрамның психологиялық дайындығына қойылатын талаптар |
2 |
2 |
2 |
|
|
|
|
|
|
|
№ 3. Әскери қызмет жағдайындағы әскери қызметшілердің сезімділігі мен ерік-жігері. Әскери қызметке бейімделудегі қиындықтар |
2 |
2 |
2 |
|
|
|
|
|
|
|
№ 4. Бөлімшедегі әскери тәртіп психологиясы және оны нығайту жолдары |
4 |
4 |
4 |
|
|
|
|
|
|
|
№ 5. Әскери қызметшілердің психологиялық ден-саулықтарын сақтау және психологиялық көмек көрсету бойынша тәрбиеші офицердің жұмысы |
4 |
4 |
4 |
|
|
|
|
|
|
|
№ 6. Әскери ұжымның әлеуметтік-психологиялық құрылымы |
2 |
2 |
2 |
|
|
|
|
|
|
|
№ 7. Әскери мақсатта психологиялық әсер ету |
4 |
4 |
2 |
|
|
2 |
|
|
|
|
№ 8. Бөлімше жеке құрамының моральдық- психологиялық дайындығы |
2 |
2 |
2 |
|
|
|
|
|
|
|
№ 9. БАҚ (СМИ) кәзіргі заманғы әскери-саяси қақтығыстардағы орыны |
2 |
2 |
2 |
|
|
|
|
|
|
|
№ 10.Әскери қызметшілерді психологиялық сауықтару |
2 |
2 |
2 |
|
|
|
|
|
|
|
Бақылау сабағы |
2 |
2 |
|
|
|
2 |
|
|
|
|
*-белгісімен берілген тақырыбтар 1 семестрде оқытылады
1 тақырып. Әскери психология-бұл ғылым. Тәрбиеші-офицер қызметіндегі психологиялық білімнің рөлі.
1сабақ. Дәріс (2 сағат). Жалпы психологияның мазмұны, міндеттері мен принциптері. Әскери психология пәні, маңызы мен мазмұны. Әлеуметтік-психологиялық жұмыстардың негізгі міндеттері.
2тақырып. Әскери тұлғаның психологиялық құрылымы. Әскери қызметшілердің әр түрлі жағдайдағы әскери - қызметтік жұмыстарының психологиялық дайындықтарына қойылатын талаптар.
1сабақ. Дәріс(2 сағат). Әскери қызметші тұлғасы. Жеке құрамның психодиагностикалық әдістері. Әр түрлі әскери-қызметтік жұмыстарға әлеуметтік- психологиялық талдау жасау және оның жеке құрамның моральдық- психологиялық жағдайына әсері.
3 тақырып. Әскери қызмет жағдайындағы әскери қызметшілердің сана-сезімі мен ерік-жігері. Әскери қызметшілердің әскери қызметке бейімделу проблемалары
1сабақ. Дәріс(2 сағат). Адамның психикалық келбеті. Әскери қызметшінің әскери қызметке бейімделу кезеңдері. Бөлімшелерде жүйке-психикасы тұрақсыз әскерлердің бейімделу проблемалары.
4 тақырып. Әскери тәртіп психологиясы және бөлімшелерде оны нығайту жолдары.
1сабақ. Дәріс (4 сағат). Бөлімдер мен бөлімшелерде жауынгерлік дайындықтың сапасын көтеруде әскери тәртіптің маңызы мен рөлі. Жауынгер тәртіптілігінің параметрі. Әскери тәртіп жағдайын талдау.
Суицидтік жағдайлардың себептері. Суицидтік жағдайлардың алдын-алу бойынша іс-шаралар жүргізу. Психикалық әр түрлі реакциялардың типологиясы. Суицидтік жағдайларды болдырмау шаралары. Суицидтік жағдайға баратындар тобын анықтау.
