Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОПС 1 кв каргалинский район.каз.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
359 Кб
Скачать
☆

12 Кесте. Қарғалы ауданы тұрғындарының еліміздегі экономикалық және саяси жаңалықтарға қызығушылық деңгейі

Үнемі қызықтырады

Кейде қызықтырады

Мүлдем қызытырады

1.14-тен 29 жасқа дейінгі жастар

47,3%

51,2%

1,6%

2. 30 және одан жоғары жастағы тұрғындар

73,2%

22,5%

4,2%

Әлеуметтік зерттеу нәтижесі ересек тұрғындардың еліміздегі экономикалық және саяси жаңалықтар жастарға қарағанда салыстырмалы түрде көбірек қызығатынын көрсетеді.

9 Диаграмма. Қарғалы ауданы тұрғындарының еліміздің негізгі даму басымдылықтары және жүргізіліп отырған мемлекеттік саясат туралы мемлекеттік тапсырысты орындайтын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабар алу деңгейі

Зерттеу қорытындысы төмендегідей нәтижені берді: респонденттердің 31,8%-ы «иә, жеткілікті дәрежеде хабардармын», 38,8%-ы «жеткілікті дәрежеде хабардармын деуге болады», 12,4%-ы «жеткіліксіз хабардармын деуге болады», 3,1%-ы «жоқ, жеткіліксіз хабардармын» деп жауап берсе, жастардың 14,0%-ы жауап беруге қиналды.

Жастар мен ересек тұрғындардың жауаптары арасында айтарлықтай айырмашылық анықталған жоқ.

13 Кесте. Қарғалы ауданы тұрғындарының еліміздің негізгі даму басымдылықтары және жүргізіліп отырған мемлекеттік саясат туралы мемлекеттік тапсырысты орындайтын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабар алу деңгейі

Иә, жеткілікті хабардармын

Жеткілікті хабардармын деуге болады

Жеткіліксіз хабардармын деуге болады

Жоқ, жеткіліксіз хабардармын

Жауап беруге қиналамын

1.14-тен 29 жасқа дейінгі жастар

31,8%

38,8%

12,4%

3,1%

14,0%

2. 30 және одан жоғары жастағы тұрғындар

32,4%

39,4%

15,5%

7,0%

5,6%

Осылайша, Қарғалы ауданы тұрғындарының еліміздің негізгі даму басымдылықтары және жүргізіліп отырған мемлекеттік саясат туралы мемлекеттік тапсырысты орындайтын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабар алу деңгейі жоғары көрсеткішке ие (70,6% - жастар және 71,8% - ересек тұрғындар).

1.7. Жастар арасындағы қазақстандық патриотизмнің деңгейі (аудан тұрғындарымен салыстырғанда)

Диаграмма10. Қарғалы ауданы тұрғындарының Қазақстан туралы пікірі.

«Қазақстан Сіз үшін не болып табылады?» деген сұраққа жастардың басым көпшілігі - 76,7% -ы «менің Отаным» десе, респонденттердің 14,0%-ы «мен тұрып жатырған жер» деп жауап берді.

Респонденттердің 4,7%-ы үшін Қазақстан «Олардың ата-бабасының Отаны» ал 2,3%-ы Қазақстанда «өзімді қауіпсіз санайтын жер» деп көрсетті.

Қазақстанды «Менің құқықтарыма шек қойылмайтын жер» деп респонденттердің тек 1,6%-ы көрсетсе, олардың 0,8% -ы барлық жауапты белгілеген.