Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОПС 1 кв каргалинский район.каз.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
359 Кб
Скачать
☆

Процедуралық-әдістемелік бөлім

Таңдау және жиынтық көлемі.

Таңдау және таңдау жиынтығы - жалпы қажетті ақпаратты алу үшін таңдалған әдіспен іріктелген басты жиынтық объектісінің бөлімі.

Бас жиынтық

Басты жиынтық – әлеуметтік құбылыстарды зерттеу аясында қарастылатын әлеуметтік нысандардың жиынтығы.

Соңғы өткізілген санаққа сәйкес (2009 жыл) Ақтөбе облысының тұрғындарының саны 757 768 адамды құрайды.1 Ұлттық құрамы: қазақтар – 79%-ға жуық, орыстар - 14%-ға жуық, украиндар – 3%-ға жуық, қалған этностар - 3%-ға жуық.

Таңдау жиынтығы

Респонденттерді іріктеу әдісі –маршрутты-мекен-жайлы, зерттеу талаптарына сай.

Бұл таңдаудың жиынтығының түрі бойынша іріктеу алдында бастапқы жиынтықтарға бөлінеді және статистикалық немесе сапалық бірыңғай шағын жиынтықтарға бөлінеді.

Жоғарыда көрсетілген шағын жиынтықтар ретінде Қарғалы ауданы және оның үш ауылдық округі алынды.

Таңдау көлемі 200 дана сауалнамадан тұрады. Әлеуметтік ақпараттарды жинақтау сауалнама жүргізу әдісі бойынша өткізілді.

Әлеуметтік зерттеу құралдары .

Ақпараттарды жинақтау сауалнама жүргізу әдісі бойынша өткізілді.

Интервьюерлердің face to face жұмысы ақпараттарды жинақтау тәсілі ретінде таңдалды.

Сауалнама

Зерттеу міндеттері негізінде техникалық ерекшелемеге сәйкес сауалнама дайындалды.

Осы сауалнама Тапсырыс берушінің әлеуметтік зерттеу алдына қойып отырған барлық міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Сауалнама 10 Қосымшада берілген.

Сауалнама әлеуметтік зерттеудің негізгі талаптарына сай:

Оның қағидалары:

1) сұрақтардың қатаң сақталған тәртібі, мазмұны және формасы;

2) нақты жауап түрлері көрсетілген.

3) зерттеу нысанына деген эмоционалдық көзқарастың болмауы;

4) сауалнама басылымы информант жауабы үшін қарапайымдылық пен ыңғайлылық талаптарына сай.

Сұрақтардың мазмұны, олардың құрылымы, бірізділігі және сауалнама ішіндегі өзара байланысы зерттеліп отырған тақырыптың ерекшелігін ескере отырып дайындалды.

Қызмет көрсету кестесі Қызмет көрсету кестесі негізгі 10 бөлімнен тұрады:

  1. Құралдарды дайындау (сауалнама, гайдтар, нұсқаулар, және т.б.).

  2. Дала жұмыстарына дайындық. Супервайзерлер мен интервьюерлерге нұсқау беру.

  3. Далалық жұмыстар (сауалнама жүргізу).

  4. Сауалнама жинау.

  5. Сауалнаманы визуалдық тексеру.

  6. Жұмыс орнын бақылау.

  7. Код салу, мәліметтерді енгізу.

  8. Мәліметтерді өңдеу.

  9. Алдын ала есепті дайындау.

  10. Қорытынды есепті дайындау.

Сауалнама жүргізудің бірінші кезеңінде зерттеудің неғұрлым сапалы қорытындысына қол жеткізу үшін интервьюерлердің жұмысы бақыланып, олардың жұмысына түзетулер енгізілді.

Алғашқы сауалнамалардың қорытындысы алынғаннан кейін мәліметтерді талдана бастады. Барлық 200 дана сауалнама SPSS бағдарламасы бойынша енгізіліп, өңделді.

Зерттеу алаңы жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету

Зерттеу алаңы жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету мақсатында төмендегідей шаралар алынды:

  • біріншіден, респондеттерді дұрыс іріктеу, қажетті процедураларды ретімен жүргізу міндетін орындайтын интервьюдің өткізілуін бақылауды ұйымдастыру;

  • екіншіден, интервьюерлер үшін толтыру міндетті болып табылатын техникалық құжаттар (маршрут парақтары, есептер, тағы басқалар)пайдаланылды;

  • үшіншіден, зерттеу алаңының бірінші кезеңін жүргізу алдында интервьюерлер үшін оқыту тренингтері ұйымдастырылып, интервьюерлер сауалнамалармен және оларды жүргізу ережелерімен танысты. Сауалнамалардың толтырылуы 100% тексерілді. Тексеру барысында 6 сауалнама жарақсыз болып танылды.

Сауалнама күндізгі және кешкі мезгілде жүргізілді. Бұл аудан тұрғындарының әлеуметтік-кәсіби және демографиялық пропорциясын сақтауға, еңбекпен қамтылуын ескеруге және зерттеу қорытындысының жоғары дәрежедегі дұрыстығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Алынған көрсеткіштердегі ауытқушылық статистикалық тұрғыда өте маңызды емес, сондықтан бұл әлеуметтік сауалнаманың нәтижесін өңдеп, басты жиынтықта, яғни аудан тұрғындарында қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

АЛЫНҒАН АҚПАРАТТЫ ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІ…

Бұл ғылыми жұмыста жинақталған ақпаратты өңдеу мен талдаудың негізгі әдістері төмендегідей:

  1. дескриптивті талдау – эмпиритикалық мәліметтерді өңдеу, оларды жүйелеу, график, гистограмма, кесе түрінде көрсету, сонымен бірге, олардың орта арифметикалық сандық сипаттамасы арқылы көрсету;

2. кросстабуляциялық талдау – талдау үшін респондент топтарын ауыспалы санатына байланысты айқастыра бөлу.

3. байланыстар талдауы – кездейсоқ белгілер мен факторлардың (критериалды, мысалы, хи-квадрат, корреляциялық талдау, және т.б.) тәуелділігін анықтау әдістерінің жиынтығы.