Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОПС 1 кв каргалинский район.каз.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
359 Кб
Скачать
☆

5 Диаграмма. Жастардың жергілікті атқарушы органдардың тұрғылықты жердегі жастар проблемалары бойынша жүргізіп отырған жұмыстарының деңгейіне көзқарасы

«Жергілікті атқарушы органдар тұрғылықты жердегі жастар проблемаларына жеткілікті деңгейде назар аудара ма?» - деген сұраққа жауаптар бірыңғай болған жоқ. Жастардың жартысына жуығы (40,3%) жергілікті атқарушы органдар тұрғылықты жердегі жастар проблемаларына үнемі назар аударады деп санаса, жастардың 31%-ы тұрғылықты жердегі жастар проблемаларына жергілікті органдар мүмкіндігінше назар аударады деп есептейді. Респонденттердің 10,9%-ы жергілікті атқарушы органдар тұрғылықты жердегі жастар проблемаларына назар аударуы жеткіліксіз деп санайды. Респонденттердің 10,1%-ы жергілікті атқарушы органдар тұрғылықты жердегі жастар проблемаларына мүлдем назар аудармайды деп жауап берді. Осы сұраққа жауап беруге қиналған респонденттердің үлесі 7,8%-ды құрайды.

30 жастан жоғары жастағы тұрғындардың «Жергілікті атқарушы органдар тұрғылықты жердегі жастар проблемаларына жеткілікті деңгейде назар аудара ма?» - деген сұраққа жауаптар біршама басқаша болды. Бар болғаны 15,5%-ы жергілікті атқарушы органдар тұрғылықты жердегі жастар проблемаларына үнемі назар аударады деп санаса, ересек тұрғындардың 56,3%-ы тұрғылықты жердегі жастар проблемаларына жергілікті органдар мүмкіндігінше назар аударады деп есептейді. Респонденттердің 16,9%-ы жергілікті атқарушы органдар тұрғылықты жердегі жастар проблемаларына назар аударуы жеткіліксіз деп санайды. Респонденттердің 2,8%-ы жергілікті атқарушы органдар тұрғылықты жердегі жастар проблемаларына мүлдем назар аудармайды деп жауап берді. Осы сұраққа жауап беруге қиналған респонденттердің үлесі 8,5 %-ды құрайды.

9 Кесте. Жастардың жергілікті атқарушы органдардың тұрғылықты жердегі жастар проблемалары бойынша жүргізіп отырған жұмыстарының деңгейіне көзқарасы

Иә, үнемі

Мүмкіндігінше назар аударады

жеткіліксіз

Мүлдем назар аудармайды

Жауап беруге қиналамын

1Жастар

40,3%

31,0%

10,9%

10,1%

7,8%

2. 30 жастан жоғары тұрғындар

15,5%

56,3%

16,9%

2,8%

8,5%

Осылайша, «Жергілікті атқарушы органдар тұрғылықты жердегі жастар проблемаларына жеткілікті деңгейде назар аудара ма?» - деген сұраққа жауаптар бірыңғай болған жоқ. Жастардың 71,3%-ы мен ересек тұрғындардың 71,8% -ы жергілікті атқарушы органдар тұрғылықты жердегі жастар проблемаларына үнемі және мүмкіндігінше назар аударады деп есептейді. Бұл мәліметтер Қарғалы ауданы жастарының Жергілікті атқарушы органдардың тұрғылықты жердегі жастар проблемалары бойынша жұмысына қанағаттанады дегенді көрсетеді.

6 Диаграмма. Қарғалы ауданы жастары мен ересек тұрғындардың жастар саясаты бойынша жұмыстың тиімділігі туралы пікірі

«Сіздің ойыңызша, Қарғалы ауданындағы жастар саясаты қаншалықты тиімді жүргізілуде?» - деген сұраққа жастардың басым көпшілігі - 88,4%-ы, бөліп алғанда респонденттердің 57,4%-ы «иә, жеткілікті түрде тиімді» және 31%-ы «тиімсіз дегеннен гөрі тиімді» деп жауап берді. Қарғалы ауданындағы жастар саясатының жүргізілуі бойынша респонденттердің бар болғаны 9,3%-ы, соның ішінде бөліп алғанда 6,2%-ы «тиімді дегеннен гөрі тиімсіз» және 2,3%-ы «тиімсіз» деп жауап берді. Осы сұраққа жауап беруге қиналған респонденттердің үлесі 1 %-ды құрайды.

Егер жастарды 30 жастан асқан ересек тұрғындармен салыстырсақ, жауап қорытындыларында айырмашылықтар бар.

Қарғалы ауданындағы жастар саясатын жеткілікті түрде жүргізіліп отырғанын ересек респонденттердің 87,3%-ы, соның ішінде 32,4%-ы «иә, жеткілікті түрде тиімді», ал 54,9%-ы «тиімсіз дегеннен гөрі тиімді» деп жауап берді.