Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пульмонология.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
136 Кб
Скачать
☆

Вопрос 148.

Қыз бала 4 жаста. Анасының айтуы бойынша шағымдары: қиын бөлінетін тұрақты ұстама тәрізді жөтел, ентігу. Қыз баланың дене дамуы артта қалған, қолдарының саусақтары «дабыл таяқшасы» тәрізді. Кеуде қуысы бөшке тәрізді. Кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасында: өкпе суретінің күшеюі, қоюлануы, торшалануы, ұяшықтану аңғарылады. Мына диагноз қойылды - Муковисцидоз, өкпелік түрі. Қандай препарат бронхтардың дренаждық қызметін жақсартады

( ) пертуссин

(+) n-ацетилцистеин

( ) мукалтин

( ) глауцин гидрохлорид

( ) беродуал

Вопрос 149.

Ер бала, 5 жаста, ауруханада ем қабылдап жатыр, диагнозы - Деструктивті пневмония стафилококты этиологияда. Осындай жағдайда қандай антибиотиктердің комбинациясы мақсатты түрде тағайындалу қажет

(+) цефалоспориндер II ұрпағы + Макролидтер

( ) аминогликозидтер+ Карбопенемдер

( ) жартылай синтетикалық пенициллиндер + Карбопенемдер

( ) жартылай синтетикалық пенициллиндер + Аминогликозидтер

( ) карбопенемдер+ Макролидтер

Вопрос 150.

Ер бала, 6 жаста. Аурухана ішілік, оң жақты ошақты – жайылған пневмония – деген диагнозбен емделіп жатыр. Осы жағдайда аталған антибиотиктердің ішінде қайсысы мақсатты түрде тағайындалады

(+) карбопенемдер

( ) макролидтер

( ) жартылай синтетикалық пенициллиндер

( ) цефалоспориндердің III ұрпағы

( ) фторхинолондар

Вопрос 151.

Ер бала 5 жасар, қан аралас қақырықпен ылғалды жөтелге шағымданып, келіп түсті. 6 айдан бері енжарлық, шаршағыштық, терінің бозаруы, шамалы дене жүктемесінен кейінгі ентігу, жөтел байқалады.

Бір апта бұрын бала дене қызуының 38°С дейін жоғарылауымен, мұрнынан су кетумен, ылғалды жөтелмен өткен, ЖРВИ ауырған. Содан кейін баланың жағдайы күрт нашарлаған: дене қызуы 39°С дейін көтерілген, жөтелі күшейген, қан аралас қақырық пайда болған, ентігу күшейген, мұрын ауыз үшбұрышында циа¬ноз дамыған.

Қарап тексеру кезінде баланың жағдайы ауыр, терісінің күрт бозаруы, мұрын ауыз үшбұрышының циа¬нозы және акроцианозы бар, ТЖ - 36 рет 1 минутта. Қан аралас аз мөлшерде қақырықпен ылғалды жөтел байқалады. Перкуторлы өкпенің екі жағынан да өкпе дыбысының тұйықталу аймақтары анықталады, аускультативті – көптеген әртүрлі калиберлі ылғалды сырылдар естіледі. Нәжісі қара түсті.

Жалпы қан анализінде - НЬ - 80 г/л, Эр –3,0х1012/л, Т.к. - 0,82, Ретик.-12%,

Лейк - 16,8х109/л, т/я - 5%, с - 61%, э - 2%, л - 24%, м - 8%, ЭТЖ -18 мм/сағ.

Балада қандай ауруды болжауға болады

( ) мунье-кун синдромы

(+) өкпенің идиопатиялық гемосидерозы

( ) картагенер синдромы

( ) идиопатиялық фиброздаушы альвеолит

( ) экзогенный аллергический альвеолит

Вопрос 152.

Балаға 1 ай, тек қана емшекпен емізіледі, 1 айда 800 г қосқан, өзін жақсы сезінеді, ұйқысы және тәбеті бұзылмаған. Нәжісі туылғаннан бері ботқа тәрізді, сары түсті, тәулігіне 4 ретке дейін. Анасының сүтіне бактериологиялық егу жүргізгенде эпидермалді стафилококк анықталды. Баланың нәжісін тексергенде алтын стафилококк анықталған 103 КОЕ/г нәжіс.

Көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы бұл жағдайда болуы мүмкін

(+) емшекпен емізуді жалғастыра беру

( ) сауылған пастерленген емшек сүтімен тамақтандыру

( ) емшекпен емізуді тоқтату, анасына және баласына антибиотик тағайындау

( ) баланы жасанды тамақтандыруға көшіру

( ) баланы аралас тамақтандыруға көшіру