Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пульмонология.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
136 Кб
Скачать
☆

Вопрос 423.

6 жастағы қыз бала тыныс алуыдың қиындауына, жөтелге шағымданып келіп түсті. 7 күн бұрын дене қызуы 38,6оС, катаральдық белгілердің пайда болуымен басталған. 3-ші күні құрғақ жөтел және ентігу пайда болды. Анамнезінде: экссудативтік-катаральдық диатез көріністері болған. Тыныс алу жетіспеушілігінің 2 дәрежесі әсерінен жағдайы ауыр. Тыныс алуы көмекші бұлшықеттердің қатысуымен, дем шығаруы шулы, қиындаған. Өкпесінде тынысы әлсіреген, құрғақ ысқырған және ылғалды сырылдар естіледі, тыныс алу жиілігі - 48 рет минутына. Спирограммада: өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТ- 41%, функционалды ӨТС (ФӨТ46%, өкпенің максималды дем шығаруы (ӨМДШ) - 44%, максималды көлем жылдамдығы (МКЖ) 31%, дем шығарудың үдеме жылдамдығы (ДШҮЖ) 0,6%. Беротектен кейін: ДШҮЖ + 12%. Алдын ала қойылған диагноз

(Тип: Ввод строки, Баллов: 10, Попыток: 1)

Допустимые ответы

обструкциямен жедел бронхит, тыныс алу жетіспеушілігінің 2 дәрежесі

Обструкциямен жедел бронхит

Вопрос 424.

Науқас 7 жаста, ЖРВИ-мен ауырған. 5-ші күні қайтадан денеқызуы 39°С көтерілген, басы ауырады, әлсіз, тәбеті төмендеген, ылғалды жөтел, ентігу, тыныс алуы минутына 56, тері жамылғылары бозғылт, мұрын кернеуі үлкейген. Өкпенің төменгі оң жағындағы бөліктерінде перкуссияда өкпе дыбысы қысқарған, демі әлсіз, майда көпіршікті сырылдар. Қан анализінде: эритроциттер – 4,5 х 1012/л, гемоглобин – 120 г/л, Ц.П – 0,9, лейкоциттер – 12х1012/л, базофилдер – 1, эозинофилдер - 2, метамиелоциттер – 2, таяқядролықтар – 10, сегментядролықтар – 52, лимфоциттер – 20, моноциттер – 3, ЭТЖ – 28 мм/сағ. Рентгенограммада өкпенің төменгі бөліктерінде оң жағында ошақты көлеңкелер байқалады. Қойылған диагноз: Пневмония оң жақты, ошақты, ауруханадан тыс, жедел, тыныс жетіспеушілігі І дәрежелі. Жедел пневмонияда қандай жағдайда инфузионды терапия форсированды диурезбен жүргізу керек

(Тип: Ввод строки, Баллов: 10, Попыток: 1)

Допустимые ответы

үздіксіз құсқанда және ішек парезінде, сусызданумен

ішек парезінде, сусызданумен

сусызданумен

Вопрос 425.

Өкпенің тума ақауы дамуымен созылмалы бронхөкпелік ауруымен ауыратын 12 жастағы балада дәрігер өкпенің төменгі шекарасындағы ұсақ терілік венаның кеңеюін анықтады. Дәрігер қандай симптом анықтағанын көрсетіңіз

(Тип: Ввод строки, Баллов: 10, Попыток: 1)

Допустимые ответы

Франк симптомы

франк симптомы

Вопрос 426.

Ұл балаға 1 ай. Ол жөтеледі, дене температурасының 37,5 0С дейін жоғарылауы байқалады. Тыныс жиілігі 62 рет минутына. Тыныс алу кезінде кеуде клеткасының төменгі бөліктерінде тарылу барына дәрігер назар аударды. Аускультация кезінде – өкпеде айқын ылғалды сырылдар естіледі. «Сұйық нәжіс бар ма?» деген сұраққа анасы теріс жауап берді. Сіздің шараңыз

(Тип: Ввод строки, Баллов: 10, Попыток: 1)

Допустимые ответы

Стационарға госпитализациялау

стационарға госпитализациялау

Вопрос 427.

Қыз балаға 3 жас. Шағымдары жалпы әлсіздік, мазасыздық, дене температурасының жоғарылауы 37,50С , құрғақ жөтел. Ауырғанын 2 күн болды, анасы суық тиюмен байланыстырады. Перкураторлы анық өкпелік дыбыс, аускультативты – қатқыл тыныс, құрғақ ысқырықты және ылғалды орташа көпіршікті сырылдар естіледі. ТАЖ 28 рет минутына. Сіздің диагнозыңыз

(Тип: Ввод строки, Баллов: 10, Попыток: 1)

Допустимые ответы

Жедел бронхит

жедел бронхит