Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пульмонология.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
136 Кб
Скачать
☆

Вопрос 470.

Қыз бала 4 жаста. Анасының айтуы бойынша шағымдары: қиын бөлінетін тұрақты ұстама тәрізді жөтел, ентігу. Қыз баланың дене дамуы артта қалған, қолдарының саусақтары «дабыл таяқшасы» тәрізді. Кеуде қуысы бөшке тәрізді. Кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасында: өкпе суретінің күшеюі, қоюлануы, торшалануы, ұяшықтану аңғарылады. Мына диагноз қойылды - Муковисцидоз, өкпелік түрі. Қандай препарат бронхтардың дренаждық қызметін жақсартады

(+) N-ацетилцистеин

( ) мукалтин

( ) пертуссин

( ) глауцин гидрохлорид

( ) амброксол гидрохлорид

Вопрос 471.

Ер бала, 5 жастта. ЖРВИ бойынша симптоматикалық ем қабылдаған. Ауруының 5-ші күні жағдайы нашарлады. Дене қызуы 390С дейін жоғарылады, жөтелі күшейді, бала енжар болып қалды. Объективті – терісі бозарған, мұрын-ауыз үшбұрышының цианозы бар, ентігу 56 рет бір мин. Перкуторлы – оң жақта төменгі бөлімдерінде өкпе дыбысы қысқарған. Аускультативті – тынысы әлсіреген, ұсақ көпіршікті сырылдар. Диагноз қойылған болатын – Ауруханадан тыс, оң жақты ошақты пневмония, жедел, ТЖ 1 дәрежесі. Жедел кезеңде емдеуде қандай антибактериальды препаратты мақсатты түрде қолданады

(+) амоксициллин

( ) аминогликозидтер

( ) карбопенемдер

( ) цефалоспориндер II ұрпағы

( ) левомицитин

Вопрос 472.

Қыз бала, 6 айлық. Анасының айтуы бойынша шағымдары: дене қызуының 38, 3оС дейін жоғарылауы, жөтел, ентігу. Қарап тексеру кезінде, жалпы жағдайы ауыр, терісі бозарған, жайылған цианоз, кеуде қуысының ойыс жерлерінің тартылуымен ентігу, танаулары керілген. Перкуторлы өкпе дыбысы қораптық реңкпен, аускультативті – өкпенің екі жағынан да көп мөлшерде ұсақ көпіршікті сырылдар мен сықырлар естіледі. Мына диагноз қойылған болатын - Жедел бронхиолит. Бірінші кезектегі емдеу тәсілі

(+) тыныс жетіспеушілігін коррекциялау

( ) антибактериальды терапия

( ) электролитті бұзылыстарды коррекциялау

( ) постуральды дренаж

( ) жүрек -қан тамырлар жетіспеушілігін емдеу

Вопрос 473.

Ер бала, 5 жаста, ауруханада ем қабылдап жатыр, диагнозы - Деструктивті пневмония стафилококты этиологияда. Осындай жағдайда қандай антибиотиктердің комбинациясы мақсатты түрде тағайындалу қажет

(+) цефалоспориндер II ұрпағы + макролидтер

( ) жартылай синтетикалық пенициллиндер + аминогликозидтер

( ) аминогликозидтер+ карбопенемдер

( ) макролидтер + аминогликозидтер

( ) жартылай синтетикалық пенициллиндер + карбопенемдер

Вопрос 474.

Новый Вопрос "Одиночный выбор"Қыз бала 7 жаста. Анасының айтуы бойынша шағымдары: дене қызуының 37,5° дейін 2 апта бойына жоғарылауы, жабысқақ жөтел. Амбулаторлы цефтриакон қабылдаған. Қарап тексеру кезінде – терісі бозарған, ауыз – мұрын үрышының цианозы бар. Тыныс жиілігі 42 рет мин; Аускультативті өкпенің төменгі бөлімдерінде орта- және ұсақ көпіршікті сырылдар екі жақтан да естіледі. Кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасында – өкпе алаңында біртекті емес инфильтрация бар – “қарлы боран”, өкпе суретінің айқын күшеюі. Осы жағдайда аталғандардың ішінде қоздырғыштардың қайсысы шақыруы мүмкін

(+) микоплазма

( ) пневмококк

( ) стрептококк

( ) стафилококк

( ) көк ірің таяқшасы