Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пульмонология.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
136 Кб
Скачать
☆

Вопрос 341.

5 айлық ұл бала. Анасының айтуы бойынша шағымдары: жөтел, баланың мазасыздануы. Объективті: шулы тыныс, акроцианоз, жиі, құрғақ мазалайтын жөтел, кеуде қуысы эмфизематозды желденген, ТЖ 72 рет минутына, тынысы әлсіреген, көп мөлшерде құрғақ «әуенді» сырылдар естіледі. Қандай диагноз ытимал болып табылады

(Тип: Ввод строки, Баллов: 10, Попыток: 1)

Допустимые ответы

Облитерациялық бронхиолит

облитерациялық бронхиолит

Вопрос 342.

4 айлық ұл балада. Ауруханада емделіп, жатыр. Жалпы жағдайы тыныс жетіспеушілігі есебінен ауыр. Мазасыз. Терісі бозарған, мұрын –ауыз үшбұрышы көгерген. ТЖ-80 рет 1 мин. Кеуде қуысының ойыс жерлері ішке тартылған. Перкуторлы – өкпе дыбысы қораптық реңкпен. Аускультативті – тыныс алу кезінде көп мөлшерде ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар мен сықырлар естіледі. Жедел бронхиолит–диагнозы қойылған болатын. Балаға қандай емді тағайындау қажет

(Тип: Ввод строки, Баллов: 10, Попыток: 1)

Допустимые ответы

глюкокортикостероидтар

Глюкокортикостероидтар

Вопрос 343.

Қыз бала 5 ай., ауруханаға тыныс жетіспеушілігі есебінен ауыр жағдайда келіп түсті, ТЖ-84 рет 1 мин. Тынысы шулы, ара қашықтықтан естіледі. Өкпе үстінен тимпанит, аускультативті – тыныс шығаруы ұзарған және қиындаған. Өкпенің барлық аймағынан ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Гемограммадае: лейкоцитоз. Науқаста қандай ықтимал диагноз болуы мүмкін

(Тип: Ввод строки, Баллов: 10, Попыток: 1)

Допустимые ответы

Жедел бронхиолит

жедел бронхиолит

Вопрос 344.

Қыз бала, 8 айлық. Жедел ауырды, дене қызуы 38,1°С дейін жоғарылады, мұрнынан шырышты бөліністер, құрғақ жөтел пайда болды. Объективті – жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Аускультативті – тынысы қатаң, жайылған құрғақ және ылғалды орта көпіршікті сырылдар екі жағынан да естіледі. Перкуторлы – ашық өкпелі дыбыс естіледі. Науқаста қандай ықтимал диагноз болуы мүмкін

(Тип: Ввод строки, Баллов: 10, Попыток: 1)

Допустимые ответы

жедел жәй бронхит

Жедел жәй бронхит

Вопрос 345.

Қыз балаға 6 жаста. Анасының айтуы бойынша шағымдары: дене жүктемесі кезіндегі тынысының қиындауы, өте шаршағыш, құрғақ жөтел, ентігу. Қарап тексеру кезінде баланың дене дамуы артта қалған, акроцианоз, «дабыл таяқшасы» белгісі бар. Өкпесінде ылғалды ұсқа көпіршікті сырылдар мен сықырлар естіледі. Рентгенологиялық зерттеу кезінде – өкпе суреті мөлдірлігінің диффузды төмендеуі, интерстициальды фиброздың белгілері анықталады. Келесі диагноз қойылған болатын: Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит. Науқасқа емдеудің қандай тәсілі көрсетілген

(Тип: Ввод строки, Баллов: 10, Попыток: 1)

Допустимые ответы

Преднизолон және азатиоприн

преднизолон + азатиоприн

Вопрос 346.

Ұл бала, 6 жаста. Жедел ауырды: дене қызуы 38,5°С, тынысы жиілеген, енжар. Объективті – жағдайы ауыр, танаулары керілген, тыныс жиілігі 35 рет бір минутта. Перкуторлы – өкпе үстінен «мозаика тәрізді» дыбыс, аускультативті – оң жақта жауырын асты аймақта тынысы әлсіреген, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Перкуторлы – өкпе дыбысының қысқаруы естіледі. Жалпы қан анализінде: Л-12,8х109/л, т/я -6%, с/я- 42%, лф- 38%, э-1%, м-13%, ЭТЖ-24 мм/сағ. Төменде аталғандардан бірінші кезекте қандай зерттеу жүргізіледі

(Тип: Ввод строки, Баллов: 10, Попыток: 1)

Допустимые ответы

Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы

кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы