Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК неврология СД.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
401 Кб
Скачать
☆

VIII.Тұмау кезіндегі жүйке жүйесінің зақымдалуы.

Тұмау кезінде мида бірқатар өзгерістер байқалады: периваскулярлық және перицеллюлярлық ісінуі, капиллярлық стаз, көптеген ұсақ ошақты диапедездік қан құйылулар. Осымен қатар емшектегі балалар миында және ми қабығында геморрагиялық менигоэнцефалиттің морфологиялық көрінісін беретін қабыну көріністері анықталады.

Клиникасы. Ауру жедел басталады. Жалпы әлсіздік, гипертермия, есі кірелі-шығалы болады. Жас балаларда эпилепсия тәрізді көріністер токсикалық ағымында эпилепсиялық статусқа өтеді.

Одан әрі қарай құсу, менингеальды симптомдар анизокория, беттің жеңіл ассиметриясы, тұрақты емес анизотония қосылады. Менингоэнцефалиттің ауыр ағымында мидың бағаналық құрылымдарының қысылу симптомдары байқалады. Люмбальды пункция жасағанда жұлын сұйықтығына қан араласып шығады. Сұйықтық құрамындағы белок жоғарылайды және аздаған лимфоцитарлы цитоз анықталады.

Диагнозды клиникасына және вирусологиялық зерттеулерге сүйене отырып қояды.

Емдеуі. Антипиретиктер, дегидратациялық, десенсибилизациялық препараттар және көп дозада аскорбин қышқылын, арнайы гамма – глобулин, интерферон қолданылады.

IX.Туа пайда болған мерез кезінде нерв жүйесінің зақымдалуы.

Туа пайда болаған мерез қоздырушының плацента арқылы берілуінінен пайда болады. Аурудың клиникалық көрінісінің ағымы ішкі органдардың спирохетпен зақымдалуына байланысты. Балалар уақытылы туылса да салмағы аз болады.

Клиникасы. Жаңа туған балаларда психомоторлы қозу, ұйқысының бұзылуы, монотонды себепсіз айқай, қол саусақтары мен иектің треморы байқалады. Ликвординамикасы бұзылып, еңбектері ісінеді де, бас сүйегінің пішіні өзгереді.

Жаңа туған балаларда мерездің әсерінен болған менингит жеделдеу және созылмалы ағымда болады. Анамнезінде туған кезінде паталогиялық асфиксияның болғаны анықталады. Менингеальды симптомдары өсе береді. Жаңа туған кезіндегі менигоэнцефалитте полиморфты құрысу синдромы басым болады. Ол баланың психикалық дамуын тежейді.

Ми зақымдалуының патогенезінде тамырлар патологиясына маңызды роль беріледі. Қозғалыстың бұзылуы спастикалық салдану және сүйек түзілу патологиясымен көрініс береді, соның әсерінен кейде ұзын түтік тәрізді сүйектердің сынуы байқалады. Сүйек патологиясы ауырсыну синдромымен жүреді. Бұл кезде балалар тынышсызданады, ал қатты ауырса бала мүлде қимылдамай, шеткері жалған салдану туғызады.

Туа пайда болған мерез кезіндегі нерв жүйесінің зақымдалуы тері бетінің өзгерістерімен (ауыз айналасының диффузды папулезді инфильтрациясы, кеуде аяқ – қолдағы бөртпелер), тырнақтардың дистрофиялық зықымдалуымен сипатталады. Көптеген балалардың жаңа туған кезінде мұрынның кілегей қабатының ауырсынуы байқалады. Ол тыныс алудың бұзылуына және екінші реттік пневмонияға әкеліп соқтыруы мүмкін.

Сонымен туа пайда болған мерездің клиникалық көрінісі терілік, соматикалық, неврологиялық бұзылыстардан жинақталады. Туа біткен мерездің тек жаңа туған кезде ғана болмайтындығын ескеру қажет. Туа біткен кеш мерез балаларда 4 жастан кейін дамиды. Оған құрысу синдромы, бас ми жүйкелерінің бұзылуы, Аргайл – Робертсон синдромы тән болады. Көз түбінде көру үрпешесінің атрофиясы анықталады.

Балаларда жұлынның зақымдалу клиникасы – көбінесе спастикалық салдану және парезбен бірге жүретін артқы бағаналық атаксиямен көрініс береді. Жүйке жүйесінің туа біткен мерезі көп жағдайда кем ақылдылыққа әкеп соғады.

Клиникалық көрінісінің полиморфтығына байланысты туа біткен мерезге диагноз қою бірқатар қиындықтар келтіреді. Салыстырмалы диагнозды алмасу гипотрофиясымен, хромосомдық аномалиялармен, токсоплазмозбен, менигитпен, әр түрлі себепті менингоэнцефалитпен жүргізуге болады.

Туа біткен мерездің диагнозы – мұқият неврологиялық тексеруге, Вассерман реакциясының оң болуына, серологиялық сынамалардың және мерездің стигмнің (еріннің айналасындағы ақ тыртық, «Балконды маңдай», «Гетчинсон тістері», балтырдың семсер тәрізді қисаюы) бар болуына негізделіп қойылады. Диагноз қойғанда баланың жалпы жағдайы, соматикалық статусы (гепатомегалия, спленомегалия), анасының акушерлік анамнезі (уақытынан бұрын туу) бағаланады.

Емдеуі. Аурудың сипатына және кезеңіне байланысты жүргізіледі. Арнайы терапия (пенициллин және оның аналогтары, висмут препараттары), алоэ, ФИПС, витаминотерапия, күшейтетін препараттар, дегидратациялық заттар қолданылады.