- •II. Бет жүйкесінің невропатиясы
- •Жүйке жүйесінің жұқпалы аурулары
- •II. Менингиттер
- •Менингиттердің жіктелуі (м.Б.Цукер бойынша)
- •2.1. Іріңді менингит.
- •Эпидемиялық менингококкты менингит
- •2.2. Серозды менигит.
- •Эпидемиялық паротит вирусы туғызатын менингит
- •Энтероврусты серозды менингит
- •Туберкулезді менингит
- •III. Арахноидиттер
- •IV.Энцефалиттер
- •I. Инфекциялық – аллергиялық және аллергиялық энцефалиттер
- •II. Микробтық және рикетсиоздық:
- •III. Инфекциялы – генетикалық энцефалиттер мен энцефаломиелиттер:
- •4.2.Кене энцефалиті
- •Маса энцефалиті.
- •Вакциналық энцефалит.
- •Қызылша кезіндегі энцефалит.
- •Жел шешек кезіндегі энцефалит.
- •V.Полиомиелит.
- •Полиомиелиттің жіктелуі
- •VI. Лейкоэнцефалиттер.
- •VII.Таралған склероз
- •VIII.Тұмау кезіндегі жүйке жүйесінің зақымдалуы.
- •X. Токсоплазмоз кезіндегі жүйке жүйесінің зақымдалуы.
- •Симпатикалық жүйке жүйесі
- •Әдебиеттің тізімі:
- •1. «Жүйке және психикалығы аурулар» г.В.Морозов. Окулық-7 шығару
- •1.Жабық бмж.
- •Әдебиеттің тізімі:
- •1. «Жүйке және психикалығы аурулар» г.В.Морозов. Окулық-7 шығару
- •Ми қан тамырларының аурулары
- •Үлкен мидың артериялы айналымының схемасы (виллизиев шеңбері)
- •II.Ишемиялық инсульт
- •III.Геморрагиялық инсульттің түрлері.
- •V.Ишемиялық және геморрагиялық инсульттардың ажыратпалы диагностикасы.
- •Геморрагиялық және ишемиялық инсульттың дифференциалдық диагнозы.
- •IV.Инсульттерді емдеу принциптері.
4.2.Кене энцефалиті
Кене энцефалитін (көктемгі-жазғы, қиыршығыстық, орыс энцефалиті) 1935 жылы А.Г.Панов сипаттаған . Л.А.Зильберг, М.П.Чумаков, А.К.Шубладзе және т.б энцефалиттің қоздырғышы – сүзгіш вирусты анықтап, таралу жолдарын көрсеткен: вирустың қоры болып табылатын кеміргіштер, көктемгі-жазғы энцефалиттің негізгі тасымалдаушысы - иксод тобының кенесі. Кеміргіштермен берге құстар және үй жануарлары, сонымен қатар кенелердің өздері вирус қоры болып табылады.
Кене энцефалиті көбінесе тауда, орманда, тайга аймақтарында тұратын және жұмыс істейтін адамдарда кездеседі ауру ошақты болып табылады. Аурудан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады. Ауырып тұрған науқастардың қанында ұзақ уақыт бойы арнайы антидене анықталады. Эпидемиялық ошақтар Сібірде, Оралда, Қиыр шығыста, Қазақстанда байқалады.
Патоморфологиясы. Кене энцефалиті панэнцефалитердің құрамына кіреді. Бұл ауру кезінде мидың сұр затымен бірге ақ заты да зақымданады. Ми қабықшалары ісініп, қызарады. Ми затында, Вароли көпірі, сопақша ми мен ортаңғы мидың, жұлынның алдыңғы мүйіздерінің (мойын сегменттерінде) ядроларында және ақ затында айқын білінетін экссудативті-пролиферативті, сонымен бірге альтерациялық өзгерістер анықталады. Ішкі органдарда (бауыр, өкпе, бүйрек т.б) токсикалық өзгерістер байқалуы мұмкін. Кене энцефалитінің созылмалы кезеңінде ми қыртысының қимылдатқыш аймағының III-IV қабаттарында қызыл ядро, төменгі зәйтүнде, ретикулярлы формацияда, жұлынның мүйіздерінің қимылдатқыш нейрондарында дестркутивті – дегенеративті өзгерістер байқалады.
Кклиникалық көрінісі. Кене энцефалитінің жасырын (инкубациялық) кезеңі 1-3 аптаға созылады. Кейбір жағдайларда бастапқы клиникалық симптомдар кене шаққаннан кейін 3-5 күннен соң байқалады. Ауру жедел басталып, дене қызуы 39-400 дейін жетеді. Науқас қайта-қайта құсатынына, басының қатты ауыратынына шағымданады. Продромалды құбылыстар болмайды. Жалпы әлсіздік, мойын-иық бұлшық еттерінде ауырсыну сезімі сирек кездеседі. Кейде тамақтың қызаруы, бет, мойын кеуде терісінің қызаруы айқын білінеді. Кейде асқазан-ішек жолдарының бұзылулары байқалады.
Аурудың 2-3 күнінде дене қызуы төмендеп 4-5 күннен кейін қайта жоғарылайды.
Организмнің қорғаныстық қабілетіне және қоздырғыштың вируленттілігіне байланысты процесс барлық кезеңдерінен өтуі немесе өтпей сауығып кетуі мүмкін. Осыған сәйкес кене энцефалитінің жедел кезеңін бірнеше клиникалық түрге бөліп қарастырады. Менингеальды, полиомиелит тәрізді, энцефаломиелитті, полиэнцефаломиелитті. Сонымен қатар тек жалпы әлсіздік, тамақтың қызаруымен сипатталатын, жасырын түрде өтетін интеркурентті ауруларды есептен шығаруға болмайды.
Кене энцефалитінің менингельды түрі аурудың (энцефалитке дейінгі) кезеңінде дамитын серозды қабынуға негізделген. Клиникалық ағымында жедел басталуы. Гипертермия. Жалпы инфекциялық белгілер, бас ауру, құсу, басқада менингеальды симптомдар байқалады. Бас сүйек іші гипертензиясына негізделген ауыспалы өзгерістер анықталады: бет ассиметриясы, анизокория, нистагм, сіңір рефлекстерінің жоғарлауы немесе төмендеуі. Шеткері қанда аздаған лимфоцитарлы лейкоцитоз, кейде таяқша ядролы лейкоциттердің көбеюі, ЭТЖ (СОЭ) жылдамдауы байқалады.
Жұоын сұйықтығының қысымы жоғары (220-300мм су бағанасы бойынша), клеткалы-белктық диссоциация анықталады, белок жоғарылайды (1,65-2г/л). Ликвор қант қалыпты мөлшерде, кейде 0,85-0,9 г/л-ге дейін жоғарлайды.
2-ші аптаның аяғында жұлын сұйықтығының көрсеткіштері қалыпқа келеді. Менингеальды түрінің жалпы ұзақтығы 2-3 аптадан аспайды. Науқаста жызылғаннан кейін біраз аптаға дейін вегетотамырлық дистония синдромы, тез шаршағыштық байқалады. Кене энцефалитінің қатерсіз ағымы аурудың созылмалы кезеңінің клинкасының дамуына әкелуі мүмкін.
Полиомиелит тәрізді түрі жиі кездеседі. Осы түріне тән шеткі парездер ж»әне мойын, иық, бел бұлшық еттерінің семуі кене энцефалитінің полиомиелит тәрізді түрінің клиникалық көрінісін құрайды. Олар «ілініп тұрған бас», проксимальды парездер, гипотония мен арефлексия, қолдың дисталды бөлімінде қимылдар мен рефлекстер сақталуы мүмкін. Электромиографиялық зерттеулер арқылы жұлынның алдыңғы мүйізінің зақымдалуын анықтауға болады. Жұлынның зақымдалуы ми сабағындағы өзгерістермен қосылуы мүмкін (полиэнцефаломиелиттік түрінің понто-спинальды, бульбо-спинальді варианттары).
Энцефалиттік түрі. Бас миының зақымдалу симптомдарымен сипатталады. Ауру жалпы ми симптомдарымен басталады (есі өзгереді, қояншық тәрізді ұстамалар). Қабыну процестерінің орналасуына байланысты церебральды және ми сабағының көп зақымдалған түрлерге бөледі. Ми сабағы көп зақымдалған түрінде бульбарлы, бульбопотинді синдромдар, кейде орта мидың зақымдалу симптомдары байқалады. Дисфагия, шашалу, дисфония, тіл бұлшық еттерінің салдануы мен семуі, дизартрия байқалады. Процес варолий көпіріне тараса VI және VII жүйкелерінің зақымдалу симптомдары байқалады. Кейде жеңіл пирамидалвқ белгілер анықталады: рефлекстердің жоғарлауы, клонустар, патологиялық рефлекстер. Бұл түрі қатерлі ауру болып есептеледі. Өйткені бұл кезде тыныс алу мен жүрек қызметінде өзгерістер болады. Бульбарлық бұзылулар өлімнің негізгі себебі болып табылады.
Церебральды түрі аурудың 2-3 күнінде моно- немесе гемипарездердңғ дамуымен, жедел, кейде инсульт әрізді дамуымен сипатталады. Бұл сипаттама ми қыртысының қимылдатқыш аймақтарының зақымдалуына, сонымен бірге ішкі капсуланың және субкортикальды бөлімдердің демиелинизациялануына негізделген. Пирамидалқ бұзылулар екі жақты болуы мүмкін. Кей жағдайда кене энцефалитінің церебральды түрі әр түрлі гиперкинездермен басталуы мүмкін (хорея, атетоз, миоклония). Олар процестің қыртыс асты ядроларда орналасуымен байланысты болады. Церебральды түрі кезінде қозғалыс қызметінің қалпына келуі баяу және толық өтпейді.
Созылмалы түрі. Эпидемиялық энцефалит сияқты алғашқы симптомдары жедел кезеңнің аяқталуынан кейін байқалады немесе көп айдан, жылдардан кейін болады. Созылмалы кезеңнің негізгі клиникалық түрі Кожевниковтың эпилепсиясы болып табылады. Ол кене энцефалиті бойынша алғашқы жұмыстар шығуына дейін 40 жыл бұрын сипатталған.
Кене энцефалиінің диагностикасы типтік клиникалық симптомокомплекстерге, эпиемиялық жағдайдың есебіне, анамнезінен толықтай жинауға негізделіп қойылады. Менингеальды түрін энтеровирусты менингитпен (Коксаки, ЕСНО), полиомиелиттің менингеальды түрімен ажыратпалы диагноз жүргізгенде қиындықтар болуы мүмкін. Анамнезінде кененің шағуын анықтау диагноз қоюға зор көмегін тигізеді.
Полиомиелит тәрізді түрі полиомиелиттің ағымына ұқсас келеді. Бұл жағдайда жоғарыда көрсетілген факторлардан басқа зақымдалу ошағының (жұлынның жоғары мойын бөлігі) өзіне тән орналасуының диагностикалық маңызы бар. Полиомиелит кезінде жамбас белдерінің бұлшықеттері зақымдалса, энцефалит кезінде мойын, иық бұлшықеттері зақымдалады. Сонымен қатар энцефалит кезінде жұтқыншақта полиомиелитке тән катаральды құбылыстармен қатар жүретін продромальды кезең және асқазан – ішек бұзылулары жиі байқалады.
Профилактикасы мен емі. Алдын алу шаралары кене мен кеміргіштерді жоюмен сипатталады. Ол үшін жергілікті тұрғындарға арнайы вакцинация жүргізу керек. Вакцинация ұлпалық културальды вакциналармен жүргізіледі. Халықтың иммунизация параличтік түрінің азаюына әкеледі.
Арнайы емінде кене энцефалитімен ауыратындарды арнайы гаммаглобулин сары суымен егу қолданылады. Сонымен қатар соңғы кездері рибонуклеаза қолданылып келеді. Арнайы емес ем шараларға жалпы улануға қарсы күресуге бағытталады. Олар: ми ісінуі, бас сүйек іші гипертензиясы, бульбарлы бұзылыстар. Бұл үшін дегидратациялық дәрілер ұсынылады. 5% глюкоза, гемодез, изотоникалық ерітінділер, тыныс алу және жүрек қан тамыр бұзылыстары кезінде – лобелин, строфантин, ацидозды азайту үшін – 4% натрий гидрокорбанаты, оттегі тағайындалады.
Кене энцефалитінің созылмалы түрлерін емдеу қиын. Жедел кезеңіне қарағанда созылмалы кезеңіне арнайы дәрі – дәрмектердің әсері аз. Кожевников эпилепсиясы кезінде антиконвульсанттардан бензол, фенобарбитал, гексамидин қолданылады. Салдану кезінде антихолинэстеразды препараттар (прозерин, калимин, оксазил), антигистаминді, десенсибилизациялаушы дәрілер (димедрол, супрастин, тавегил, пипольфен, кальций хлориді, гормондар) тағайындалады. 40% проценттік уротропинді глюкозаға қосып тамырға салу керек.
