- •II. Бет жүйкесінің невропатиясы
- •Жүйке жүйесінің жұқпалы аурулары
- •II. Менингиттер
- •Менингиттердің жіктелуі (м.Б.Цукер бойынша)
- •2.1. Іріңді менингит.
- •Эпидемиялық менингококкты менингит
- •2.2. Серозды менигит.
- •Эпидемиялық паротит вирусы туғызатын менингит
- •Энтероврусты серозды менингит
- •Туберкулезді менингит
- •III. Арахноидиттер
- •IV.Энцефалиттер
- •I. Инфекциялық – аллергиялық және аллергиялық энцефалиттер
- •II. Микробтық және рикетсиоздық:
- •III. Инфекциялы – генетикалық энцефалиттер мен энцефаломиелиттер:
- •4.2.Кене энцефалиті
- •Маса энцефалиті.
- •Вакциналық энцефалит.
- •Қызылша кезіндегі энцефалит.
- •Жел шешек кезіндегі энцефалит.
- •V.Полиомиелит.
- •Полиомиелиттің жіктелуі
- •VI. Лейкоэнцефалиттер.
- •VII.Таралған склероз
- •VIII.Тұмау кезіндегі жүйке жүйесінің зақымдалуы.
- •X. Токсоплазмоз кезіндегі жүйке жүйесінің зақымдалуы.
- •Симпатикалық жүйке жүйесі
- •Әдебиеттің тізімі:
- •1. «Жүйке және психикалығы аурулар» г.В.Морозов. Окулық-7 шығару
- •1.Жабық бмж.
- •Әдебиеттің тізімі:
- •1. «Жүйке және психикалығы аурулар» г.В.Морозов. Окулық-7 шығару
- •Ми қан тамырларының аурулары
- •Үлкен мидың артериялы айналымының схемасы (виллизиев шеңбері)
- •II.Ишемиялық инсульт
- •III.Геморрагиялық инсульттің түрлері.
- •V.Ишемиялық және геморрагиялық инсульттардың ажыратпалы диагностикасы.
- •Геморрагиялық және ишемиялық инсульттың дифференциалдық диагнозы.
- •IV.Инсульттерді емдеу принциптері.
III.Геморрагиялық инсульттің түрлері.
Паренхиматозды – миға қан құйылу, субарахноидальды – тор қабық астына қан құйылу, паренхиматозды - субарахноидальды қан құйылу.
Геморрагиялық инсульт көбінесе гипертониялық ауру, атеросклероз, артериялық гипертензия, артерия веналық аневризмалар кезінде байқалады. Қан құйылу көбінесе үлкен жарты шарларда, сирек ми сабағы мен мишықта болады.
Қан құйылу гематома тәрізді жіне диапедезді болуы мүмкін.
Жарты шарларға қан құйылу тереңдігіне байланысты: латеральды (ішкі капсуланың сырт жағына), медиальды (ішкі капсуланың іш жағына, көру төмпешігіне) қан құйылу болып бөлінеді.
Кей жағдайда паренхиматозды қан құйылу ми қарыншаларына шабуы мүмкін, ол кезде паренхиматозды – вентрикулярлы қан құйылу деп аталады.
Патологиялық анатомиясы. Зақымдалған жағында ми қабықтары ісіңкіреп, ми қатпарлары тегістеу болып көрінеді. Қан құйылған жерде ми тіні былжыр болып, қанмен аралас ботқа тәрізді болып келеді, түрі қоңыр – сары болады. Гематома көбінесе қыртыс асты ядроларында орналасады. Науқас тірі қалған жағдайда қан құйылған жердегі элеметтер сіңіп, сорылып, орнында қуыс пайда болады, қуыста серозды сұйықтық болуы мүмкін немесе глиозды тыртық қаладаы. Микроскопиялық тексеру кезінде ісік, реактивті қабыну, нерв элементтерінде дегенеративті өзгерістер анықталады. Қан тамырларында атеросклероз, псевдоаневризмалар аневризмалар көрінуі мұмкін.
Клиникасы. Миға қан құйылу кенеттен, күш қолданып әрекет жасағаннан кейін немесе эмоциялқ қобалжулардан кейін дамиды. Клиникалық кезеңдерін бөледі.
Апоплексиялық инсульт кезінде жалпы милық симптомдар анықталады. Науқас кенеттен құлап, есінен танады, кейде есінен танбауы мүмкін. Бастапқы кезде психомоторлық қозу, салданбаған аяқ-қолдарында тәртіпсіз қимылдар байқалады. Көп жағдайларда лоқсу, құсу болуы мүмкін.
Менингеальды симптомдар- желке еттерінің құрысуы, Керниг симптомы т.б. вегетативті бұзылулар – гиперемия, тершеңдік, дене қызуының көтеріліуі, қан қысымының жоғарлауы, тыныс алысының нашарлауы, және т.б. симптомдар байқаллуы мүмкін.
Ошақтық симптомдар: қарама-қарсы жағында гемипарездер, гемигипезтезиялар, гипотония, қарашық парезі, есінен таңбаған науқастарда афазия, апраксия, агнозия элементтері, анозогнозия, гемианопсия анықталады.
Ауыр жағдайларда ми сабағының зақымдалу симптомдары байқалады. Оларға қимылдатқыш бас-ми жүйкелерінің зақымдалу симптомдары, көз қимылдатқыш (анизокория, страбизм), ет тонусының жаллпы бұзылуы (горметония, децеребрациялық ригиддтілік), екі жақты патологиялық рефлекстер, бульбарлық синдром жатады. Кейде альтернациялық синдромдар, тетрапарездер, мишықтың зақымдалу симпотмдары байқалады.
Ми арыншаларына қан құйылғанда науқастың жағдайы кенттен нашарлап, организмінің барлық қызметтері төмендеп, невролгоилық симптомдар түседі.
Геморрагиялық инсульттің бір түрі болып субарахноидальды қан құйылу саналады. Науқастың жағдайы кенеттен нашарлап, жалпы милық симптомдар, эпилепсия тәрізді ұстамалар, менингеальды симптомдар пайда болады. Люмбальды пункция кезінде ликвор қан аралас келеді.
Ми қан айналымының жедел бұзылуының диагностикасы.
Негізгі клиникалық белгілер:
Анамнезінде жүрек-қан тамыр аурулары
Аурудың жедел басталуы
Жалпы милық синдром
Жүрек пен тамырлар патологиясы
Менингеальдық симптомдар
Бас – ми жүйкелерінің зақымдалуы
Қозғалыс сферасының бұзылуы
Сезімталдықтың бұзылуы
Жоғарғы ми қызметінің бұзылуы (афазия, агнозия, апраксия, аграфия, алексия, акалькулия, астереогноз, аназогнозия, аутопогназия және т.б.);
Вегетативтік бұзылулар
