- •II. Бет жүйкесінің невропатиясы
- •Жүйке жүйесінің жұқпалы аурулары
- •II. Менингиттер
- •Менингиттердің жіктелуі (м.Б.Цукер бойынша)
- •2.1. Іріңді менингит.
- •Эпидемиялық менингококкты менингит
- •2.2. Серозды менигит.
- •Эпидемиялық паротит вирусы туғызатын менингит
- •Энтероврусты серозды менингит
- •Туберкулезді менингит
- •III. Арахноидиттер
- •IV.Энцефалиттер
- •I. Инфекциялық – аллергиялық және аллергиялық энцефалиттер
- •II. Микробтық және рикетсиоздық:
- •III. Инфекциялы – генетикалық энцефалиттер мен энцефаломиелиттер:
- •4.2.Кене энцефалиті
- •Маса энцефалиті.
- •Вакциналық энцефалит.
- •Қызылша кезіндегі энцефалит.
- •Жел шешек кезіндегі энцефалит.
- •V.Полиомиелит.
- •Полиомиелиттің жіктелуі
- •VI. Лейкоэнцефалиттер.
- •VII.Таралған склероз
- •VIII.Тұмау кезіндегі жүйке жүйесінің зақымдалуы.
- •X. Токсоплазмоз кезіндегі жүйке жүйесінің зақымдалуы.
- •Симпатикалық жүйке жүйесі
- •Әдебиеттің тізімі:
- •1. «Жүйке және психикалығы аурулар» г.В.Морозов. Окулық-7 шығару
- •1.Жабық бмж.
- •Әдебиеттің тізімі:
- •1. «Жүйке және психикалығы аурулар» г.В.Морозов. Окулық-7 шығару
- •Ми қан тамырларының аурулары
- •Үлкен мидың артериялы айналымының схемасы (виллизиев шеңбері)
- •II.Ишемиялық инсульт
- •III.Геморрагиялық инсульттің түрлері.
- •V.Ишемиялық және геморрагиялық инсульттардың ажыратпалы диагностикасы.
- •Геморрагиялық және ишемиялық инсульттың дифференциалдық диагнозы.
- •IV.Инсульттерді емдеу принциптері.
Әдебиеттің тізімі:
1. «Жүйке және психикалығы аурулар» г.В.Морозов. Окулық-7 шығару
Қайта өндеген және толықтырылған-1987-ші м.
2. 10-ші тарау Лемон оқу әдебиеті.
Бас жарақаты.
Бас-ми жарақатында-жалпы милық,дислокационды милық және басқа симптомдар мен синдромдар байқалуы мүмкін.
Жалпы милық симптомдар-бас-ми жарақатында клиникалық көріністеріне естің сандық,сапалық өзгерістері,басішілік гипертензия және гипотензия,гипоксия не ми улануы,бас ауруы,жүрек айну,және құсу,бас айналу,церебральды астения(адинамия),көз түбінің өзгерісі.
Бас ауруы-барлығында дерлік байқалады.Сипатына байланысты диффузды,оның дәрежесі мен ұзақтығы-зақымдану ауырлығына байланысты.Жергілікті және интенсивті бас ауруы субарахноидальды қанқұйылулар мен гематома кезінде болады.
Жүрек айну мен құсу-тамақ ішпегенде және тамақтан соң жеңілдеуімен байланысты.Церебральды астения(адинамия)-қатты арықтаумен,ойлаудың,естің бұзылыстарымен,жарақаттан кейін 1-ші тәулікте бұлшықет тонусының өзгерістерімен көрінеді.
Жалпы милық симптомдар ұзаққа созылса,ол мидың зақымдалуының ауыр болғаны:басішілік қысымның жоғарылауы мидың қысылуымен,ошақтардың көбеюімен жүреді.Басішілік қысым төмендеуі-бас сүйек негізінің сынулары,мұрын не құлақ ликвореясымен жүреді.
Жалпы милық симптомдардың пайда болатын себептеріне бас-ми жарақатының нәтижесінде болатын шок,ми қан тамырларының эмболиясы,ішкі қан ағу,кеңейген миокард инфаркті,өкпенің ауыр зақымдануы,массивті 2 жақты пневмония,жедел бүйрек және бауыр жетіспеушілігі,сепсис,су-электролиттік баланстың дөрекі бұзылыстары.Жалпы милық симптомдар іріңді-қабынулық басішілік асқынулармен жүруі мүмкін(жарақаттан кейінгі энцефалиттер,субдуральды гематоманың тарааалуы т.б.).
Ескерту.Бас-ми жарақатынан (БМЖ) кейін мидың тіндерінде судың жоғарылауы- жарақаттан ми ісінуі болып табылады(А.И.Свадовский,1994).Бас миының ісінуі-БМЖ-ның жедел кезеңінде қанмен толуының жоғарылауы мидың көлемінің жоғарылауымен білінеді.Ми коллапсы-ми негізінің сынықтары кезіндегі жағдай(25-45%).Әсіресе ликвореямен жүреді,операциядан кейінгі басішілік гематоманы алып тастағанда,гигром және т.б.көлемді үрдістерді алғанда,жиі БМЖ-ның негізгі синдромы-басішілік қысымның төмендеуі.
Ошақты симптомдарға-бас миының жергілікті зақымдалуының клиникалық белгілері жатады.Оның пайда болуы мен құрылымы мидың құрылымдарының зақымдалуына байланысты (маңдай,төбе,шүйде бөлігі,самай бөлігі).
Ошақты симптомдарға парездер немесе салданулар,сөйлеудің және сезімталдықтың,көрудің,естудің бұзылыстары,эпилептикалық ұстамалар(басішілік қысымның жоғарылауы,мидың гипоксиясы түрінде көрінеді) және психопатологиялық бұзылыстар жатады.Апатика-абулиялық синдром жиі маңдай бөлімінің зақымдануында байқалады:есту сезімталдығының бұзылысы самай бөлігінің бұзылысында т.б. Ошақты неврологиялық бұзылыстар-моторлық және сенсорлық афазия,гемипарез,апраксия т.б. және зақымдалу аймағын көрсетеді.
Ескерту.1.Апатика-абулиялық синдром қоршаған ортаға немқұрайлылығы,аспонтандылығымен көрінеді.
2.Аспонтандылық психикалық,сөйлеу, қозғалыстың азаюы немесе жоғалуы
3.Апраксия немесе іс-әрекеттің бұзылысы ,кезекті және бағытталған қозғалыстардың бұзылуы,осының нәтижесінде науқас координаторлық механизмі мен бұлшықет күші толық сақталғанына қарамастан әдеттегі іс-әрекетін жасаудан қалады.
Тұрақты анизокория-гематоманың белгілерінің бірі.Ошақты жүйелі кешендерге дислокациялық синдромдар жатады.
БМЖ кезіндегі дислокациялық синдром бас миының бір бөлігінің қызметінің бұзылыстарының нәтижесінде пайда болатын ошақты симптомакомплекстер.Дислокация –краниовертебральдық кеңістіктегі әртүрлі қуысындағы қысымның айырмашылығына байланысты болады.Бұл жағдайда БМЖ кезінде ,ми ісіктерінде,қабынуында,тамырлық,паразитарлық ауруларда,бас миының су ісігінде және т.б. шектелген кеңістіктің кез келген патологиялық үрдістерінде кездеседі.БМЖ-ның жедел кезеңінде дислокациялық синдромның болуының себебіне кез келген жерде орналасқан жедел интракраниальды гематома,ауыр перифокальды ошақты контузионды ошақпен бірге,мидың қысылуы және т.б. жатады.ДС-ның клиникалық көрінісі мидың ісігімен патологиялық үрдістің дамуына,қан тамырлар бұзылысы,қабынулық реакциялар,асептикалық,мидың су ісігі және т.б.-ларға байланысты дамиды.Негізгі рольге-ОЖЖ-нің преморбидтік жағдайы жатады.ДС-ның басқа түрлері бульбарлық синдром,орта милық синдром,ми көпірлік синдромдарда дамиды(Н.А.Смирнов 1994).
БМЖ кезіндегі қабықтық симптомдар жиі субарахноидальды қанқұйылу мен басішілік гематомаларда пайда болады.Жиі шүйде бұлшықетінің ригилдтілігі мен Керниг симптомы кездеседі.
Клиникасына қарай:
-жабық
-ашық
-біріктірілген(аралас) БМЖ
Ауырлық дәрежесіне қарай:
-жеңіл
-орташа
-ауыр
Жеңіл түріне-ми соғылуының жеңіл дәрежесі мен мидың шайқалуы,орташа түріне-мидың соғылуы,ауыр түріне-ми соғылуының ауыр дәрежесі мен мидың қысылуы жатады.
Науқастың жағдайының ауырлығын бағалау үшін кем дегенде 3 параметрін:санасының жағдайы,витальдық қызметінің жағдайы,жергілікті неврологиялық қызметінің жағдайы анықталады.
