- •II. Бет жүйкесінің невропатиясы
- •Жүйке жүйесінің жұқпалы аурулары
- •II. Менингиттер
- •Менингиттердің жіктелуі (м.Б.Цукер бойынша)
- •2.1. Іріңді менингит.
- •Эпидемиялық менингококкты менингит
- •2.2. Серозды менигит.
- •Эпидемиялық паротит вирусы туғызатын менингит
- •Энтероврусты серозды менингит
- •Туберкулезді менингит
- •III. Арахноидиттер
- •IV.Энцефалиттер
- •I. Инфекциялық – аллергиялық және аллергиялық энцефалиттер
- •II. Микробтық және рикетсиоздық:
- •III. Инфекциялы – генетикалық энцефалиттер мен энцефаломиелиттер:
- •4.2.Кене энцефалиті
- •Маса энцефалиті.
- •Вакциналық энцефалит.
- •Қызылша кезіндегі энцефалит.
- •Жел шешек кезіндегі энцефалит.
- •V.Полиомиелит.
- •Полиомиелиттің жіктелуі
- •VI. Лейкоэнцефалиттер.
- •VII.Таралған склероз
- •VIII.Тұмау кезіндегі жүйке жүйесінің зақымдалуы.
- •X. Токсоплазмоз кезіндегі жүйке жүйесінің зақымдалуы.
- •Симпатикалық жүйке жүйесі
- •Әдебиеттің тізімі:
- •1. «Жүйке және психикалығы аурулар» г.В.Морозов. Окулық-7 шығару
- •1.Жабық бмж.
- •Әдебиеттің тізімі:
- •1. «Жүйке және психикалығы аурулар» г.В.Морозов. Окулық-7 шығару
- •Ми қан тамырларының аурулары
- •Үлкен мидың артериялы айналымының схемасы (виллизиев шеңбері)
- •II.Ишемиялық инсульт
- •III.Геморрагиялық инсульттің түрлері.
- •V.Ишемиялық және геморрагиялық инсульттардың ажыратпалы диагностикасы.
- •Геморрагиялық және ишемиялық инсульттың дифференциалдық диагнозы.
- •IV.Инсульттерді емдеу принциптері.
V.Ишемиялық және геморрагиялық инсульттардың ажыратпалы диагностикасы.
1. Жас адамдар немесе орта жастағы адамдар, беттері қызарған, тамыр қағысы қатты, қан қысымының жоғарлығы миға қан құылуға тән. Кәрі жастағы адамдар, беттері боздау, тамырлары иірілген, қағысы нашар, қалыпты немесе төмендеген қан қысымы, жүрек қызметінің нашарлауы ишемиялық инсультке тән.
2. Апоплексия тәрізді пайда болу, құсу, менингеальды симптомдар, есінен тану, жарты шарлық ошақтық симптомдардан құйылғанда байқалады. Ошақтық симптомдардың біртіндеп дамуы, жалпы милық симптомдардың бәсең болып, біртіндеп дамуы немесе болмауы, моносимптомдардың болуы (афазия, гемианпсия, парез, паралич-бір аяқ, бір қолда) көбінесе ми инфарктіне тән.
3. ЭхоЭг – мидың диффузды өзгеруі, мидың орталық құрыымдарының бір жағына қарай жылжып – ауытқуы миға қан құйылғанда байқалады.
Ликвор қан аралас болғанда – геморрагиялық инсульт, ликвор ақ түсті, мөлдір болғанда-көбінесе ишемиялық инсульт.
№5 кесте
Геморрагиялық және ишемиялық инсульттың дифференциалдық диагнозы.
Белгілері |
Ишемиялық инсульт |
Геморрагиялық инсульт |
1 |
2 |
3 |
Басталуы |
Біртіндеп |
Кенеттен |
Жасы |
Қарттарда |
Жастарда және орта жастар |
Ишемиялық атакалар |
Жиі |
Сирек |
Гипертония |
Жиі |
Барлық уақытта кездеседі |
Жалпы милық симптомдар |
Болмайды немесе айтарлықтай емес |
Ошақтықтан көп болады |
Ошақтық симптомдар |
Жалпы милықтан көп болады |
Кездеседі |
Жұлын – ми мұйықтығы |
Мөлдір, белок және ферментті элементтердің кішкене көбеюі болады |
Қан жолда болады |
Шеткері қан |
Айтарлықтай өзгерістер жоқ, лейкоцитоз болуы мүмкін |
1-күннен нейтрофильді лейкоцитоз |
Электроэнцефалография |
Жартышарлық асимметрия және патологиылық фокус белсенділігі |
Биопотенциалдардың деректі, диффуздық өзгерістері |
Көз түбірі |
Тор қабығы тамырларының склероздық өзгерісі |
М-эхо қарама-қарсы жағына ығысады |
Эхоэнцефалография |
М-ЭхоЭГ – ныың ығысуы жоқ, инфаркт ошақтары және ми ісіктері бар. |
Интрацеребральды тамырлардың ығысуы, төмпешік зоналар бар, ми тамырларының аневриясы |
Ангиография |
Экстра- және интракраниальды тамырларда және коллатеральды қан айналыс жолдарында окклюзиондық симмптом байқалады, тамырлардың туа біткен аномалиясы. |
|
Компьютерлік томография |
Сәйкес зоналарда ми паренхимасы тығыздығының төмендеуі |
Сәйкес зоналарда ми паренхимасы тығыздығының жоғарлауы. |
Ауру жоғары температураның болуымен сипатталады, қан және ликвор жағынан қабыну өзгерістері байқалады. Кейде теріде герпес бөртпелері болады.
Бас миы ісіктері кезінде жалпы милық және ошақтық симптоматикасы үдемелі түрде дамиды. Диагностикасында ангиография мен мидың компьютерлік томографиясы негізгі орын алады. Ми инсульты диагнозын қою қиындығы – науқастың комада болуы. Коматозды жағдайдың ажырату диагнозын өткізуді Н.К.Боголепов жүргізеді.
Апоплексиялық кома кенеттен дамиды, бұл кезде жергілікті ошақты симптомдар пайда болады – праличтер, сөйлеу қабілетінің бұзылуы. Терең емес комада мына ошақты симптомдарға көңіл аударады: көздің толық жұмылмау, паралич жақтағы ұрттың өзгеріске ұшырауы, анизокория, екі қолын жоғары көтергенде параличке ұшыраған қолы жылдам, тез түсуі, табан ротациясының паралич жаққа қисаюы.
Жарақаттық комада анамнезінде тиянақтап жинау керек, бас тері жабындыларын қарау керек. Бас – ми жарақатына күмәнданғанда краниография жасау маңызды орын алады. Жарақат алғаннан кейін жалпы милық симптомдарының пайда болуына дейінгі аралықта эхоэнцефалография және ангиография қолданылады.
Уремиялық кома естің тануымен қатар жүрмеуі де мүмкін. Екі жақтық микроошақтық симтомдар болуы мүмкін. Несеп мөлшрі азаяды немесе анурия, қанда – қандық азоттыың мөлшері артады, гипохромды анемия көріністері құрғақ, кейде тері астылық қан құйылулар баййқалады. Көз түбінде альбуминуриялық ретиннит және тор қабықшасында ісіну көрінеді.
Милық инсульт көбінесе қант диабетімен, атеросклерозбен, артериялық гипертензиямен сырқаттанатыын науқатарда кездеседі. Бұл кезде мынадай тууы мүмкін: науқаста диаабетикалық кома немесе инсульттың дамуы мүмкін бе?
Диабеттік комаға мыналар сипатты: бұлшық ет атониясы, аузынан ацетон иісінің шығуы, Кусмауль типі бойынша демалуы, пульсы толық емес, дене қызуының төменеуі. Көз алмасы жұмсақ. Көз қарашығы қысыңқы, тері жабындылары құрғақ, ақшыл. Артериялық қысымы төмен. Ошақты симптомдр байқалмайды. Көз түбінде – диабетикалық ретинопатия көріністері, қанда қант мөлшері жоғарлайды. Команың дамуында продромалды құбылыстар әчер етеді: жапы әлсіздік, ұйқшыдық, сусыздық, лоқсу, терінің қышуы, ішті ауру сезімі. Алкогольдыік команың апоплектикалық комадан айырмашылығы – ауыздан алкоголь иісінің шығуы, психомоторлық қозу, гипересмия, бет терісінің гипергидрозы, психомоторлы қозудан кейін жалпы әлсіздік дамиды, бұлшық еттік гипотония және арефлексия.
Ажырату диагнозын жасағанда жұлын сұйықтығын зерттеу үлкен роль атқарады.
