Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК неврология СД.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
401 Кб
Скачать
☆

2.2. Серозды менигит.

Серозды менингит организмге әртүрлі қоздырғыштардың енуінен дамиды. Серозды менингиттер бірінші реттік және екінші реттік болып бөлінеді. Қоздырғыштары болып Коксаки, ЕСНО, полиомиелит, желшешек, эпидемиялық паротит вирустары табылады. Серозды менингит қатерсіз ағымды, бірақ кейде ауыр асқынуларды дамытуы мүмкін. Серозды менингиттің бір түріне туберкулез менигиті жатады. Ол кеш анықталатын, ақыры өлімге әкелетін ауыр ағымды ауру. Жас балаларда көбінесе эпидемиялық паротит, энтеровирустармен шақырылатын серозды менингиттер дамиды. Ал туберкулез менингиті аз кездеседі, кей кезде вакцина егілген кезде пайда болады.

Эпидемиялық паротит вирусы туғызатын менингит

Паротит кезінде дамыған серозды менингит бірінші және екінші реттік болып бөлінеді. Алғашқы симптомдары паротит дамыған соң басталады. Серозды менингит сілекей бездерінің ісінуіне дейін немесе 7-10 күн өткен соң, кейде бір мезгілде дамуы мүмкін.

Клиникасы. Серозды менингит жедел басталып, дене қызуы жоғарылап, жалпы милық симптомдары пайда болады. Тексергенде менингеальды синдром анықталады. Интоксикациялық синдром менингиттердегідей болмайды. Кейде ми қабығымен ми заты да зақымдалады. Науқаста менингеальдық синдроммен бірге ми мен жұлынның, бас-ми жүйкелерінің ошақты зақымдалу белгілер анықталады. Сонымен қатар атаксия, бет ассиметриясы, тілдің ауытқуы байұалуы мүмкін. Бас-ми жүйкелерінен VIII жұп жиі зақымдалады. Қабыну процесі жұлынның алдыңғы мүйіздерін жайлап, энцефаломиелиттің клиникалық көрінісін тудырады.

Ликворда лимфоцитарлы плеоцитоз байқалады – 1 мкл-де 500-1000 клетка, белок – 0,49-0,60 г/л дейін жоғарлайды. Сондықтан гипертензиялы синдромға қарсы бағытталған люмбальды пункцияны емдік мақсатпен жүргізеді.

Емдеу. Дезинтоксикациялық, дегидратациялық, десенсибилизациялық, витаминді, қан тамырларын кеңейтетін препараттар қолданылады. Науқас тәуір болған соң гидроцефалия мен бас сүйек іші қысымының жоғарлауының алдын алу үшін дегидратациялық және антигистаминді терапия тағайындалады.

Ажыратпалы диагнозды анамнезіне және эпидемиялық мәліметтеріне, жұлын-ми сұйықтығының зерттеулеріне негізделе жүргізу қажет.

Энтероврусты серозды менингит

Энтероврусты серозды менингиттер Коксаки және ЕСНО вирустарынан жаз айларында жиі дамиды. Негізгі таралу жолдары ауа тамшылы, кейде фекальды-оральді жол. Көбінесе 5-9 жастағы балалар ауырады.

Клиникасы. Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы 2-8 күн. Ауру жедел басталады. Дене қызуы 38-390С-қа дейін жоғарлап, қалшылдау, бұлшық еттердің ауруы байқалады. Тамаққа тәбеті төмендеп, ішек-қарын бұзылулары болады. Петехиальді кейде дақты-папулезді тері бөртпелері пайда болуы мүмкін. Коксаки вирусы туғызатын энтеровирусты менингитте ауыз қуысында бөртпелердің (герпангина) болуы мүмкін. 2-3 күннен кейін жалпы милық және менингеальды синдромдар анықталады. Энтеровирусты менингиттердің ағымы қатерсіз, 2 аптадан соң дене қызуы қалыптасып, науқастың жалпы жағдайы жақсарып, менингеальды симптомдар жойылады.

Жұлын – ми сұйықтығында негізінен лимфоцитарлы, кейде аралас лимфоцитарлы – нейтрофильді плеоцитоз (1 мкл – де 200-300-ге дейін), белоктың сәл жоғарлауы (0,6-1,5 г/л) болады. Ликвор қанты қалыпты, шеткері қан құрамы өзгермеуі де мұмкін.

Энтеровирусты менингиттен қайтыс болған науқастарды зерттегенде нерв жүйесі мен ішкі ағзалардың зақымдалғаны анықталады. Ми мен ми қабығы ісініп, қан кернеулігі, ұсақ нүктелі қан құйылулары байқалады. Миокардит көрінісі, көлденең жолақты бұлшық еттердің, бауырдың, өкпенің өлі еттенуі дамиды.

Емдеуі. Симптоматикалық терапия дегидратациялық, десенсибилизациялық, витаминдік препараттар, жүрек дәрілері тағайындалады. Бұл аурулар рецидив беруі мүмкін, сондықтан бокстық бөлімге жатқызылып, жүректі, бауырды, өкпені толық зерттеу керек.