Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК неврология СД.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
401 Кб
Скачать
☆

Симпатикалық жүйке жүйесі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Симпатикалық жүйке жүйесі (грекше sympathes — сезімтал, әсерді қабылдағыш) — адам мен омыртқалы жануарлардың вегетативтік жүйке жүйесінің бір бөлігі; омыртқаны бойлай орналасқан оң және сол шекаралық симпатикалық бағандардан, ганглийлерден (жүйке түйіндері), ганглийлерді өзара және жұлын эффекторларымен байланыстыратын жүйке талшықтарынан құралған. Әр ганглий жұлын жүйкелерінің бірімен байланысқан. Симпатикалық жүйке жүйесінің орталық жұлынның кеуде, бел сегменттерінде орналасқан, ал талшықтары денедегі барлық органдарға, тіндерге таралған. Симпатикалық жүйке жүйесі физиологиясында және ол басқаратын процестердің үйлесімділігін реттеуде мишықтың маңызы зор Симпатикалық жүйке жүйесіне пре- және постганглионарлық бағаналардың тармақталуына негізделген және ішкі құрылымдардың қарқынды әрекетін қамтамасыз ететін мультипликац. түрткілер тән (генерализацияланған әсер). Симпатикалық жүйке жүйесінің одан арғы эволюциясы құстар мен сүтқоректілердің гомойотермдік қасиеттерін қамтамасыз етуге бағытталған фрагменттік реакцияларға қабілеттіліктің дамуымен тығыз байланысты. Симпатикалық жүйке жүйесі интероцепциямен тығыз байланысты, себебі оның құрамына аса сезімтал талшықтар кіреді, олар барлық қан тамырлары мен ішкі органдарды жүйкелендіре отырып, бұлардың өзара рефлекторлы қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің медиаторы — ацетилхолин (преганглийлік талшықтар) мен норадреналин (постганглийлік талшықтар). Симпатикалық жүйке жүйесі талшықтарының регенерациялық қабілеттері жоғары болады. Оның қозуы нәтижесінде организм стресс жағдайынан шығады, жүрек жұмысының ырғағы жиілеп, артериялық қысым жоғарылайды. Бұлшық еттің қанмен жабдықталуы жақсарып, қандағы глюкоза деңгейі көтеріледі, ал асқазан жүйесінің қызметі баяулайды. Осы әсерлер организмнің күшін жинақтап, оның стрестен шығуына мүмкіндік туғызады.

Пән: Неврологиядағы МІ

Алматы медициналық колледжі

№6 дәріс. Тақырыбы: Орталық нерв жүйесінің жарақаттары. Мидың ашық және жабық жарақаттары: ми шайқалуы, мидың соғылуы, мидың қысылуы. Клиникасы. Диагностикасы. Науқастарды тексеру, емдеу және күтудің негізгі принциптері.

3,4 курс, 6,8 семестр

Оқытушы:

Пәннің мақсаты: негізгі неврология туралы білім беру, білім алушыларда маңызды кәсіптік машыктарды және клиникалық ойлау негізін қалыптастыру, алған білімі мен машықтарын медбикелік диагноз қоюда және оны нақтылауда колдану.

Қысқаша мазмұны:

  1. Анықтамасы

  2. Этиологиясы

  3. Патогенезі

  4. Клиникасы

  5. Диагностикасы

  6. Емі

  7. алдын алу

Нерв жүйесі зақымдануындағы шұғыл жағдайлар.

Жедел пайда болған неврологиялық патологиялардың ерекшелігі-нерв жүйесі функциясының тез бұзылысы ғана емес, сонымен қатар басқа да ағзалар мен жүйелердің (соның ішінде тыныс алу және қанайналым) және де гуморальды гомеостаз бен бас-ми иннервациясының дөрекі бұзылысы, сонымен қатар моториканың да, координацияның да, сезімталдықтың да айқын бұзылысымен көрінеді. Жұлынның жедел бұзылысы кезінде төменгі жақпен кейде жоғарғы жақтың бұзылысы айқын болады, ал сезімталдық бұзылысында жамбас ағзаларында өзгеріс пайда болады.

Осылай неврологиялық профильдің жедел жағдайлары организмнің функцияларының жедел және жиі тез бұзылыстарымен ерекшеленеді. Жедел көмектің көлемінің болжамы-негізгі өмірге маңызды тыныс алу және қанайналым функцияларын қалпына келтіру.

ОЖЖ-нің біріншілік зақымдануы және әртүрлі интоксикациялардың, ішкі ағзалардың ауруларының әсерінен пайда болған неврологиялық асқынулардың диагностикасын және терапиясы көп мамандандырылған дәрігерлердің тәжірибесінде кездеседі. Диагностиканың және емнің қиындығы мен жауапкершілігін алғашқы көмектің дәрігері сезінеді.Жедел неврологиялық жағдайлардың клиникалық көрінісінің өз ерекшелігі бар және оның госпитальға дейінгі этаптағы диагностикасы айқын қиындықтармен бірге көрінеді.Оның негізгі себебін анықтау-өте қиын тапсырма болып табылады.

Шұғыл неврологиялық жағдайдың клиникалық формалары:

1.Ми қанайналымының жедел бұзылысы-ишемиялық инсульттар, геморрагиялық инсульттар, субарахноидальды қанқұйылулар.

2.Жедел нейроинфекциялар (менингиттер, менингоэнцефалиттер, энцефалиттер, ми синустарының септикалық тромбофлебиті)

3.Нерв жүйесінің жедел инфекциялық-аллергиялық аурулары.

4.Эпилептикалық статус (немесе жиі қайталанатын тырысулардың ұстамаларының сериясы)

5.Жабық ми жарақатының асқынулары, ақыл-есінің жоғалуымен жүрмейтін немесе "ашық аралықтан" кейін пайда болған және бас-ми бұзылысының белгілері.

6.Бас миының жедел пайда болған ісіктері және абсцестері.

7.Жедел гипокинетикалық жағдайлар (миоплегия және миоплегиялық синдромдар, миастения және миастениялық синдромдар)

8.Нейроинтоксикациялық синдромдар, уланулар мен дисметаболикалық үрдістердің нәтижесінде дамиды.

9.Естің тез басылуы және өзгерісінен пайда болған синдромдар.

10.Жұлынның жедел зақымдалуы.

Жедел нейрохирургиялық көмекті қажет ететін жоғары негізгі патологиялық үрдістерді ерекшелеу қажет, олар жабық бас-ми жарақатының асқынуы (басішілік гематома) цереброваскулярлық патологияның кейбір түрлері (хирургиялық көмекке көнетін жыртылған аневризмалар, латеральды"спонтанды" гематома) бастың жедел пайда болған ісігі және абсцессі, кейбір жедел пайда болған спинальды патологиялық үрдістер.

Жедел нейрохирургиялық патологияның алғашқы көмегін жедел жәрдем дәрігері көрсетеді. Бұндай ауруларды диагноз анықталған соң нейрохирургиялық бөлімшеге госпитализациялайды.

Госпитальдық этапқа дейінгі алғашқы сызықтық (линейных) жедел көмек бригадасының дәрігері көрсетеді, ал ірі қалаларда мамандандырылған жедел көмек бригадасы (неврологиялық, токсикологиялық, кардиологиялық, реанимациялық және т.б.) көрсетеді. Ал екінші этап- көп профильді ауруханаларда медико-санитарлық мекемелерде, әртүрлі профильді мамандандырылған (неврологиялық, нейрохирургиялық, нейротравматологиялық, токсикологиялық және т.б.) реанимациялық бөлімшелерде, ал ауылдық жерлерде орталықтандырылған аудандық ірі ауруханаларда көрсетіледі. Осы емдік мекемелердің базасында кешенді көмек диагностикалық және емдік мақсатта көрсетіледі.

Госпитальды этапқа дейінгі бірінші кезектегі шаралар:

1.Тыныс алу және қанайналым бұзылысын анықтау,жедел коррекциялық жағдайларды қабылдау,эпилептикалық статуста немесе жиі қайталамалы ұстамаларда ұстамаға қарсы заттарды енгізу;

2.Диагнозға негізделген синдромдарды анықтау,науқас жедел нейрохирургиялық көмекті қажет етеді ме?

3.Калада әртүрлі емдік мекемелердегі арнайы бөлімшелерге диагноз және синдромы бойынша госпитализация жасау.

Госпитальға дейінгі этапта дәрігер алғашқы көмекті көрсететін жерде қысқа уақыт ішінде тез ойлап,аурудың себебін анықтауы қажет:науқастан анамнез жинау,туыстарынан сұрау(егер ол мүмкін болса),жақындарынан немесе куәгерлерден қажетті зерттеулерді сұрау.

Кейбір жағдайларда экспресс-диагностиканы және емдік шараларды минимумды шектеу өте маңызды,науқасты стационарға тасымалдауға дейін.

Көшеде немесе қоғамдық орындарда шұғыл жағдайға ұшыраған барлық пациенттерге жедел госпитализация көрсетіледі.

Интенсивті терапияның практикадағы қазіргі жетістіктері-науқасты стационардағы тасымалдаудың қарсы көрсеткіштері болып табылады,кейбір шұғыл жағдайлар үйде дамиды.Жедел жәрдем бригадаларының негізгі реанимациялық әдістерін білуі және бригаданың портативті тыныс аппараты, керекті медикаменттердің болуы бірінші көмек көрсететін жерде және науқастарды стационарға тасымалдау кезінде қанайналым және тыныс бұзылыстарын қалпына келтіреді.

Кома жағдайындағы науқасқа реанимациялық көмек көрсету үшін стационарға тасымалдау қажет.Улану жағдайында пайда болған коматозды жағдай тез қалпына келеді,ал тез және аялаушы тасымалдау науқас жағдайын асқындырмайды.Тынысты және қанайналымды қалпына келтіру шаралары алғашқы көмек орнында да көрсетіледі және стационарда толық көлемде жалғасады.Ми функциясы бұзылысын және басқа ағзаларды қалпына келтіру емдік мекемеде жүзеге асырылады.

Науқасты зерттеудің негізгі принциптері.

Дәрігердің науқастарды зертеудегі шұғыл жағдайындағы әсері айқын шектелген болуы тиіс.Дәрігер анамнезін жинағанда оған керекті мәліметтерді белсенді түрде анықтау керек.Бірінші кезекте осы ауруға байланысты фактілерді алу керек.Және де оның жағдайын,ауырлық дәрежесін толықтай зерттеу де-дәрігердің жұмысы.

Деонтологиялық жағынан қарағанда шұғыл жағдайларда ерекше жіберілмейтін диагностика "бірінші әсері".Бірінші әсерден кейін кейінгі зерттеулерді шектеуге болмайды.Диагностикалық қателер жиі алкогольді уланулар кезінде білінеді.Осы жағдайлар естің бұзылуы мен қалтырау синдромының негізгі себебі болып табылады.Патологиялық үрдістермен бірге жүретін күшті алкогольдік уланулар кезінде шұғыл көмектер қажет(нейрохирургиялық операциялар,белсенді дезинтоксикация және т.б.).Барлық шұғыл жағдайларда әртүрлі ауруларды,жарақат пен улануларды анықтағанда жоспарланған және аяқталған кешенді зерттеулер жүргізілуі тиіс.

Динамикалық бақылаудың маңызы науқастың жағдайы тексеруден кейін күмәнсіз болуы.Ол шұғыл жағдайлар кезінде клиникалық көрінісінің тез өзгеруімен көрінеді.Жүргізілген емнің нәтижесінің оң болғанын не жағдайының нашарлағанын байқауымыз керек.

Шұғыл жағдайлар кезінде жедел көмек көрсету науқас туралы ақпарат жетіспеушілігінен (науқастың ауырлық жағдайына және жедел емдік жағдайларды қажет ететін) негізгі синдромдар анықталмайды.Негізгі синдром сипаты "синдромологиялық диагноз"деп аталады.

Шұғыл жағдай туралы ақпарат.

Шұғыл жағдайлар кезінде патологиялық үрдістердің дамуын анықтау үлкен рөл атқарады.Шұғыл жағдайлардың кей формаларында толық анамнез жинауға мүмкіндік болса,ал кейбіреуінде қосымша,дәл емес,аз мәліметтер ғана жиналады.Науқасқа алғашқы көмек көрсеткен орындағы жиналған ақпарат сол жағдайдың және де жедел интенсивті терафия жүргізуі үшін дәрігерге өте қажет.

Сол жағдайға байланысты жиналған ақпарат аурудың себебіне байланысты мына сұрақтарға жауап береді:кім?қайда?қашан?не болды?не үшін?бұрын не болды?Осы сұрақтар арқылы аз уақытта ауруға байланысты максимальды анамнез жиналады.

Аурумен тығыз байланыста болғанда инструментальды және лабораториялық әдістік зертеулермен анықталмайтын мәлімет алуға болады.

Анамнестикалық мәліметтер көптеген науқастарда жедел дамитын гипокинетикалық,қабықтық синдром және жұлынның жедел дамитын синдромын анықтайды. Сұрау кезінде аурулар мән бермейтін немесе жедел ұмытып кететін фактылерге үлкен мән беру керек(әсіресе егде жастағылар, жүйелі түрде алкогольді қолданатындар). Мұндайларға бас пен омырқаның айқын емес көріністері мен ауыр емес жарақаттар, қатерсіз ісіктер кейбір дәрілерді үнемі қолдану жатады. Осы мәліметтер шұғыл жағдайда дәрігерге эпидуральды, субдуральды гемотомы, инсульттің дамуын, жедел дамитын мидың метастатикалық ісіну, емдік препараттың артық мөлшерін ескереді не дәлелдейді.

Шұғыл неврологиялық жағдайларда ауруларды зерттеудің ерекшелігіне толық аранез жинаудың мүмкін еместігі жатады. Мұндай жағдай естің бұзылуымен(кома, сопор, айқын кереңдік, естің эпилептикалық автомаизмі), сөздің бұзылыстары(әртүрлі типті афазия, дизартрикалық шатастыру), естің бұзылуы(эпилептикалық ұстамадан кейін, корсаков синдромы кезінде, деменция нәтижесінде).

Психика бұзылыстары бар науқастардан анамнез толық жиналмайды.Себебі истериямен және психопатикалық түрдегі науқастар ойынан шығарып,кейде айтылып қойылған анамнестикалық мәліметтер(жиі уланулар,қолданылған токсикалық заттар сипаты мен мөлшерін) беруі мүмкін.Психикалық аурудың ауыр формасымен ауыратын адамдарда өзінің ауруы туралы сандырақтау ойын(оны өлтірейін деп жатқан туралы,уландыру туралы) айтады.Анамнез жиналмағанда не толық жинау мүмкін болмағанда, оның қасындағы туыстары мен туысқандарынан,онымен бірге болған басқа адамдардан және науқас болған жердегі орынды не ғимаратты,болмаса медициналық документтерді зерттеп сұрау керек.Егер науқас пәтерде ес-түссіз жағдайда жалғыз өзі табылса, аурудың қайдан дамығаны туралы мәлімет болмаса,дәрігер басқа иіске мән беру керек.Әсіресе газдың иісін,тұрмыстық газдың кранының ашық қалуын бақылау керек.Тұрмыстық газдың улылығы аз.Жиі өзіне-өзі қол жұмсағысы келген адамдар ұйықтататын және транквилизатордың үлкен мөлшерін қолданып,сосын газдық аппараттың кранын ашады.

Ерекше иіс тұрмыстық химия заттарының улануымен(жуғыш заттар,дақ кетіргіш,еріткіштер),инсектицидтер(үйдегі паразитке қарсы зат),гербицидтер(зиянды өсімдіктерге қарсы заттар).Науқастың аузынан химиялық заттарға сәйкес келетін иісті анықтауға болады.

Егер науқас еденде жатса,естің бұзылуы тез болған,ал төсекте жатса,біртіндеп не ұйқы кезінде есі бұзылған.Науқастың қасынан табылған дәрі не бос қаптамалар (ұйықтатқыш,психотропты,жүректік,диабеттік) кеннеттен пайда болған патологиялық үрдістің (улану,жедел жүрек-қан тамыр жетіспеушілігі, диабеттік кома) себебі болады.

Алкогольді сусындардың қалдықтарын табу,алкогольдің суррогаттары және аузынан алкогольдің иісі шығуы патологиялық үрдістің дамуының негізгі себебі деп қарауға болады.Жиі көп мөлшерде алкогольді қолдану гипогликемиялық кома мен инсульттің дамуына,сондай-ақ бастың жабық ауыр жарақатына алып келеді.

Комбинирленген интоксикация-алкогольмен және седативті,ұйықтатқыш және психотропты препараттармен қосылуы нәтижесінде болады. Медициналық документтер,дәрілер,ауру төсегінің жанынан табылған заттар, столдағы киім,шаруашылық сумка және т.б.дамыған аурудың себебін анықтауға мүмкіндік береді.

Науқасты тексеру.

Алғашқы көмек көрсетуде науқасты зерттеу өмірге қажетті функциялардың бұзылысын анықтауға бағытталады және 4 этаптан тұрады:

1.Өмірге қажетті функциялардың жағдайын анықтау:

-тыныс алу және қанайналым

-тыныс жолдарының өткізгіштігін

-тыныс сипаты,тыныстың патологиялық формасын анықтау

-пульстің жиілігі және толуы,жүрек ритмінің бұзылысы

-артериялық қысымды анықтау т.б.

2.Сананың жағдайын бағалау;

3.Науқастағы көрінетін жағдайларды анықтау:

-жарақат белгілері

-құлақ пен мұрыннан қан ағу(ірің ағу,ликворрея)

-көз маңындағы,құлақтағы гематома

-тері жамылғысының жағдайы

-ауыз қуысынан басқа иістің шығуы

-дене температурасының жоғарылауы немесе төмендеуі

-жедел дамитын неврологиялық патология мен созылмалы аурулардың өршуін ажырату белгілері т.б.

4.Неврологиялық зерттеулер:

-бас ми нервтерінің функциясын анықтау

-вегетативті бұзылыстарды анықтау

-қозғалыс қызметінің жағдайын бағалау

-рефлекстерді тексеру

-ми қабықтарының тітіркену синдромын анықтау т.б.

Шұғыл жағдайлар кезінде 1-інші кезекте қанайналым мен тыныстың бұзылыстарының коррекциясы мен диагностикасына мән беру керек,себебі мидағы әртүрлі жедел дамитын патологиялық үрдістер кезінде тыныс пен қанайналымның нейрогенді және метаболикалық бұзылыстар жиі болады,нәтижесінде мидың функциясының бірден жойылуы болады.

Шұғыл жағдайларда 1-лік этап көмегіне тыныс бұзылыстарынан бөлек мидың гипоксиясының алдын-алу жатады.Госпитальға дейінгі этапта тыныстың бұзылыстарын анықтаудың дәрежесін бағалау және шұғыл шараларды таңдау клиникалық көріністеріне байланысты негізделеді.

Жедел дамитын неврологиялық патологияларда естің жойылуы тыныс жетіспеушілігімен бірге жүреді.Алғашқы көмекті көрсеткенде тыныс бұзылыстарының формасын анықтау маңызды.Өкпені ауамен қамтамасыз ету мақсатында-трахеяға интубация немесе жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру керек.Шұғыл жағдайлар кезінде бас миының бұзылуы нәтижесінде-Чейн-Стокс тынысы,нейрогенді гипервентиляция, биотовты тыныс, "сырылды"тыныс, "топтық дем алу"тынысы байқалады. Тыныс бұзылыстарының басқа түрлері бір-бірімен кезектесіп білінуі мүмкін.

Глоссарий:

Инсульт-бас ми функциясының тез дамитын фокальды және глобальды бұзылысымен жүретін, тамырлық генезді бұзылыстарға байланысты 24 сағатқа созылатын немесе өлімге әкелетін бұзылыс

Кома. -Есі жоқ

Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар:

  1. Анықтамасы?

  2. Этиологиясы?

  3. Патогенезі?

  4. Жіктелуі?

  5. Клиникасы?

  6. Диагностикасы?

  7. Емі?

  8. Алдын алу шаралары?

Тарататын материал: тесттер, ситуациялық есептер.

Манипуляция алгоритмдері:

Сабақтың жабдықталуы: оқу-жұмыс бағдарламасы, дәріс, кестелер, тестер, сөзжұмбақтар.

ЧЕК-парағы:

Үй тапсырмасы:

Қолданатын әдибиет: