- •«Менеджмент» кафедрасы
- •Пәннің типтік бағдарламасы
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •Пән бойынша оқу бағдарламасы силлабус (syllabus)
- •Оқытушы туралы мәлiметтер:
- •2. Пән туралы мәліметтер:
- •8.1. Тематикалық жоспар
- •Студенттің білімін бағалау туралы мәлімет:
- •Курстың саясаты мен тәртібі:
- •8. «Персоналды басқару» пәні бойынша оқу-әдістемелік материал
- •№12 Семинар тақырыбы: Өндіріс режимі мен қызметкерлердің жеке режимі
- •Негізгі әдебиеттер: 15(б.17-23), 17 (б.75-86)
- •Негізгі әдебиеттер: 21(б.17-23), 22 (б.25-36)
- •9. «Персоналды басқару» пәні бойынша курстық жұмыстар тақырыптары:
- •10. Сөж және соөж тапсырмаларының орындалу кестесі және тапсыру уақыты:
- •11. Аралық және қорытынды бақылау тақырыптары
- •Қорытынды бақылау
- •12. Әдебиеттер тізімі.
- •Пән бойынша тапсырмаларының орындалу және тапсыру кестесі
- •Пәннің оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтылуы
- •Дәрістік кешен
- •Семинар (тәжірибе) сабақтарының жоспары
- •Семинар тақырыбы: Өндіріс режимі мен қызметкерлердің жеке режимі
- •Негізгі әдебиеттер: 15(б.17-23), 17 (б.75-86)
- •Негізгі әдебиеттер: 21(б.17-23), 22 (б.25-36)
- •Тәжірибелік тапсырмалар
- •Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі
- •Жұмыс күшінің козғалысы туралы мәліметтер
- •Жоғарыда көрсетілген әдістемені пайдалана отырып, төмендегі үш нұсқалы есептерді шығарыңыздар.
- •Еңбек процесінін еңбек сыйымдылығы жайлы мәліметтер негізінде қызметкерлер санын есептеу
- •Пәнді оқытудағы әдістемелік нұсқаулар
- •Курстық жоба (жұмыс), лабораториялық, есептік-кестелік жұмыстарды орындау бойынша, типтік есептемелер бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Курстық жұмыс тақырыбын таңдап алу
- •Әдебиет таңдау және зерттеу
- •Материалдарды жинақтау мен өңдеу
- •Жоспар құрастыру
- •Курстық жұмыс құрылымы
- •Тарау немесе бөлімдер (8-10 бет).
- •Қорытынды (2-3 бет)
- •Әдебиеттер тізімі
- •Курстық жұмысты безендіру
- •Курстық жұмысты қорғау
- •Студенттің өзіндік жұмыс тапсырмалары: үй тапсырмалары, әрбір тақырып бойынша бақылау жұмыстары, ағымдық жұмыс түрі бойынша тапсырмалары, реферат тақырыптары
- •Cөж тапсырмалары
- •Оқу, өндірістік және диплом алды тәжірибелер, есептік құжаттардың формалары бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Студенттің оқудағы жетістіктерін бақылау және бағалау (жазбаша бақылау жұмыстары, тест, өзіндік дайындық үшін сұрақтар, емтихан билеттері, тағы басқа)
- •Tест сұрақтарының қоры
- •Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық қамсыздандыру
- •Арнайы аудиториялар, кабинеттер мен лабораториялардың тізімі
Пәнді оқытудағы әдістемелік нұсқаулар
Басқарушылық пәндер жүйесінде «Персоналдарды басқару» курсы маңызды орын алады. Өйткені, нарықтық қатынастардың қалыптасуы және дамуына, бәсекенің күшеюіне қарай персоналдарды басқару сұрақтары менеджмент жүйесінің тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқаратын болады.
Бұл нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуына және бәсекенің күшеюіне қарай персоналды басқару мәселері менеджменттің барлық жүйесінің тиімділігін жоғарлатуда үлкен роль атқаруына байланысы.
Нарықтық экономика, жаһандану жағдайында елімізде кез – келген өндірістің әлеуметтік – экономикалық тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін персоналды басқарудың қазіргі кездегі түрлері мен әдістерін тәжірибеде пайдалану мәселелері ерекше мәнге ие болып отыр.
Кез-келген кәсіпорынның тиімді дамуының негізі белгілі бір қажеттіліктері, мотивациялары мен нақты шарттары бар адамдар болып табылады. Жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қарама-қайшылықты жою жолдарын іздеу, персоналды басқару жүйесіне енетін барлық қызмет түрлерін мүмкіндігінше жүзеге асыру фирманың экономикалық стратегиясын іске асырудың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Бұл курсты оқыту персоналды басқару туралы ғылыми көзқарасты қалыптастыруға, сонымен қатар персоналды басқару жүйесіне енетін шаралар кешенін жүзеге асыру дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді.
Нарықтық экономика жағдайлары бiлiм беру жүйесiне жаңа тәсiлдер әкелдi. Дүниежүзiлiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай, мұндай жағдайларда тұрақтандыру мен алдағы уақытта тиiмдi прогрессивтiк дамудың маңызды факторы – халық шаруашылығын басқару жүйесi ретiнде қазiргi заманға сай дамыған менеджменттiң қалыптасуы болып табылады. осы аталған бағытта ұлттық дамудың орасан зор мүмкiндiктерi жатыр.
Кез–келген ұйым сыртқы ортаға бейiмделген жүйе ретiнде бейнеленуi мүмкiн. Өз қызметiнде ұйым сыртқы ортадан жабдықтаушылар арқылы ресурстар енгiзiп, оларды дайын өнiм түрiнде тұтынушыларға ұсынып отырады. Осылайша, ұйымның өмiр сүруi оның негiзiн қалаушы өзара байланысты үш процестен тұрады, олар:
сыртқы ортадан қажеттi ресурстарды алу;
оларды пайдалана отырып өнiм өндiру;
дайын өнiмдi сыртқы ортаға беру.
Жоғарыда аталған процестердiң барлығы да ұйым үшiн аса маңызды болып табылады. егер осы процестердiң бiреуi тоқтап қалса, ұйым одан әрi жұмыс жасауын тоқтатады. осы процестер арасындағы балансты қалыптастыру, мұны жүзеге асыру үшiн ұйым ресурстарын тиiмдi пайдалану жолында менеджмент маңызды рөл атқарады. аталған мiндеттердi шешу үшiн ұйымда басқару орын алады.
Әлеуметтiк- экономикалық тұрақсыздық жағдайында кез-келген басшы орын алған дағдарыстарға дер кезiнде тойтарыс берiп, қауiп-қатер деңгейiн төмендете бiлуi қажет. басшы оларды болжауға, алдын-ала көруге және әлеуметтiк- экономикалық жүйелер қызметiнiң қауiпсiздiгi мен тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, ұтымды шаралар қабылдауға мiндеттi. сондықтан басшының аналитикалық және болжамдық сапалары, олардың қалыптасуы мен дамуы басқару теориясы мен тәжiрибесiнде алдыңғы қатарға қойылады.
«Персоналды басқару» пәнінің негізгі мақсаты болашақ мамандардың теориялық және тәжірибелік материал негізінде қазіргі заманғы ұйым персоналын басқару процесімен танысу.
Персоналды басқарудың өмір өзі талап ететін стратегиялық қызметі басқарудың сан қилы нысандары өзгеруі арасында дербес құрылымға айналып отыр. Кез келген кәсіпорын прогресінің негізгі және нақты жағдайларымен көрінетін адам болып отыр. Персоналды басқару жүйесіне енетін жұмыс беруші мен жеке тұлға мүдделері арасндағы қарама-қайшылықтары жою жолдарын іздеу,қызметтің барлық түрлерін іске асыру мүмкіндігі фирманың экономикалық, стратегиясын іске асыруды жасаудың негізгі міндеттерінің бірі болып отыр.
Курстық мiндеттерi персоналды басқару саласында бітірушілердің білім алуы және басқару әдістерін зерттеу болып табылады:
Персоналдың дамуы мен білім алуы;
Персоналды мотивациялау әдістерін зерттеу;
Ұйымның кадрлық саясатын қалыптастыру.
студент осы пәнді оқу нәтижесінде мыналарды білуі қажет:
Персоналды басқару және ұйым негіздері түсінікке ие болулары керек;
Ұйымды басқаруда персоналдарды жоспарлап шешім қабылдай білуі, алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуі керек;.
Ұйымда еңбек нәтижелігін бағалау, іріктеу, жинақтау тәсілдерін білу;
Ұйымда мансапты дамыту және жоспарлау әдістерін қолдана білуі тиіс.
«Персоналды басқару» пәнін оқытуда сабақта презентациялық дәрістер, интерактивтік әдістер: ойлау қызметін ынталандыру, дискуссия, шағын топтармен жұмыс, кейстер, презентация, іскерлік ойындар, жаттығулар, логикалық есептер, ситуациялық тапсырмалар, конференция, қысқаша баяндама және т.б. секілді оқытушы элементтерді қолдану.
