- •«Менеджмент» кафедрасы
- •Пәннің типтік бағдарламасы
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •Пән бойынша оқу бағдарламасы силлабус (syllabus)
- •Оқытушы туралы мәлiметтер:
- •2. Пән туралы мәліметтер:
- •8.1. Тематикалық жоспар
- •Студенттің білімін бағалау туралы мәлімет:
- •Курстың саясаты мен тәртібі:
- •8. «Персоналды басқару» пәні бойынша оқу-әдістемелік материал
- •№12 Семинар тақырыбы: Өндіріс режимі мен қызметкерлердің жеке режимі
- •Негізгі әдебиеттер: 15(б.17-23), 17 (б.75-86)
- •Негізгі әдебиеттер: 21(б.17-23), 22 (б.25-36)
- •9. «Персоналды басқару» пәні бойынша курстық жұмыстар тақырыптары:
- •10. Сөж және соөж тапсырмаларының орындалу кестесі және тапсыру уақыты:
- •11. Аралық және қорытынды бақылау тақырыптары
- •Қорытынды бақылау
- •12. Әдебиеттер тізімі.
- •Пән бойынша тапсырмаларының орындалу және тапсыру кестесі
- •Пәннің оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтылуы
- •Дәрістік кешен
- •Семинар (тәжірибе) сабақтарының жоспары
- •Семинар тақырыбы: Өндіріс режимі мен қызметкерлердің жеке режимі
- •Негізгі әдебиеттер: 15(б.17-23), 17 (б.75-86)
- •Негізгі әдебиеттер: 21(б.17-23), 22 (б.25-36)
- •Тәжірибелік тапсырмалар
- •Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі
- •Жұмыс күшінің козғалысы туралы мәліметтер
- •Жоғарыда көрсетілген әдістемені пайдалана отырып, төмендегі үш нұсқалы есептерді шығарыңыздар.
- •Еңбек процесінін еңбек сыйымдылығы жайлы мәліметтер негізінде қызметкерлер санын есептеу
- •Пәнді оқытудағы әдістемелік нұсқаулар
- •Курстық жоба (жұмыс), лабораториялық, есептік-кестелік жұмыстарды орындау бойынша, типтік есептемелер бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Курстық жұмыс тақырыбын таңдап алу
- •Әдебиет таңдау және зерттеу
- •Материалдарды жинақтау мен өңдеу
- •Жоспар құрастыру
- •Курстық жұмыс құрылымы
- •Тарау немесе бөлімдер (8-10 бет).
- •Қорытынды (2-3 бет)
- •Әдебиеттер тізімі
- •Курстық жұмысты безендіру
- •Курстық жұмысты қорғау
- •Студенттің өзіндік жұмыс тапсырмалары: үй тапсырмалары, әрбір тақырып бойынша бақылау жұмыстары, ағымдық жұмыс түрі бойынша тапсырмалары, реферат тақырыптары
- •Cөж тапсырмалары
- •Оқу, өндірістік және диплом алды тәжірибелер, есептік құжаттардың формалары бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Студенттің оқудағы жетістіктерін бақылау және бағалау (жазбаша бақылау жұмыстары, тест, өзіндік дайындық үшін сұрақтар, емтихан билеттері, тағы басқа)
- •Tест сұрақтарының қоры
- •Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық қамсыздандыру
- •Арнайы аудиториялар, кабинеттер мен лабораториялардың тізімі
Курстық жоба (жұмыс), лабораториялық, есептік-кестелік жұмыстарды орындау бойынша, типтік есептемелер бойынша әдістемелік нұсқаулар
Курстық жұмыс «Персоналды басқару» пәнінен студенттердің теориялық білімін қалыптастыру мен орнықтырудың бір нысаны болып табылады.
Курстық жұмысты орындау келесі мақсаттарды көздейді:
шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру;
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне әдістемелік, ақпараттық, кеңестік көмек көрсету және оны жетілдіру;
облыста кәсіпкерлікті дамытуда кездесетін кедергілерді жою бойынша кәсіпкерлердің ұсыныстарын қарау және талдау.
Курстық жұмысты орындау барысында студенттер түрлі әдебиеттер көздерінен алынған арнайы ақпаратты өңдеумен қорытындылау бойынша дағдыны көрсету тиіс. Таңдалып алынған тақырып бойынша практикалық материалды (кәсіпорындар есептемелері, статистикалық көрсеткіштер, мысалдар және т.б.) қолдану қажет.
Курстық жұмыстың мәні, жазу әдістемесі мен сатылары.
Курстық жұмыстың мәні – жинастырылған ресми, әдеби – статистикалық және болжамдық материалдарды жүйелі түрде саралап – талдап, одан алынған тұжырымдар мен қорытындаларды алынған тақырыпты тері ашып беру үшін белгілі логикалық сәйкестілікке келтіруге және осылардың барлығын өз сөзімен жазып шығуға үйрету болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда студенттердің жазбаша жұмыстары дипломдық жұмыс жазумен аяқталуға тиіс.
Курстық жұмыс жазу барысында мынадай әдістемелік нұсқау сақталғаны жөн:
Тақырыптың ғылыми-методологиялық астарын толық меңгеру үшін керекті әдебиетті анықтап, оны оқып-үйреніп, өзіне жарамды дегендерін жазбаша жинақтау;
Ғылыми-теориялық тұжырымдарды қоғамдық өмірдің тәжірибесінде болып жатқан жағдайлармен салыстыра қарастыру үшін ресми материалдар мен диамикалық, құрылымдық, мөлшерлік және сапалық көрсеткіштерді терең талдау;
Тақырыпты таңдап алғандағы мақсатқа қол жеткізу үшін жоғарыда аталған жұмыстарды логикалық ойлау, зерттеу объектісінің басқару механизмдерін одан әрі жетілдіру және экономикалық - әлеуметтік тиімділігін арттыру жолдары мен әдістерін негіздеу болып табылады.
Курстық жұмыс тақырыбын таңдап алу
Әр студент курстық жұмыс тақырыбын кафедра бекіткен тақырыптар тізімінен таңдап алады.
Курстық жұмысты орындау ұйымдастыру жағынан келгенде мынадай сатылардан өтуге тиіс:
Кафедра мәжілісінде алдын-ала бекітілген тақырыптар тізімі студенттерге беріледі;
әрбір студент өзіне оңтайлы тақырыпты таңдап алып, ол бойынша әдебиеттер тізімін жасағаннан кейін жұмыстың мазмұнының жобасын жасақтап, оны кафедрадан бекітілетін ғылыми жетекшімен бірлесе отырып жетілдіреді;
Жоғарыдағы әдістемелік нұсқауларға сәйкес жазылған курстық жұмыс ғылыми жетекшіге тапсырылады;
Ғылыми жетекшінің кеңесі бойынша курстық жұмыс түзетіледі және жетілдіреді. Ғылыми жетекші жұмысты жарамсыз деп тапса, онда бұл жұмыс қорғауға жіберілмейді;
Ғылыми жетекші жазылған жұмысты қорғауға лайықты деп тапқан жағдайда, студент курстық жұмысты тиісті дәрежеде қорғайды.
