Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Пер баскару 2014 новый.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
368 Кб
Скачать
☆
  1. Әдебиет таңдау және зерттеу

Курстық жұмыс тақырыбы бойынша әдебиеттер оқытушының әдістемелік кеңесімен таңдалады. Студентке әдебиеттерді оқып-білуде жұмыста көрсету мен қорытынды жасау үшін теориялық сұрақтарға көңіл аудару тиіс. Әдебиеттер тізімі төмендегі қосымшада көрсетілген.

Библиографиялық тізім 20-25 ғылыми, әр түрлі басылымдағы журналдар, оқу және анықтама матеиралдардан болуы тиіс.

  1. Материалдарды жинақтау мен өңдеу

Тақырыпты ашып көрсетуге теориялық, әдістемелік негіз болатын әдебиет көздері.

Таңдалған тақырып бойынша практикалық деректер, статистикалық көрсеткіштер және мәліметтер болуы тиіс.

Курстық жұмыста кестелер, суреттер түсініктемесімен болуы қажет.

  1. Жоспар құрастыру

Жоспарды құру курстық жұмыстың маңызды кезеңі болып саналады. Әрбір тақырыптың бірнеше нұсқасы бар болу мүмкіндігін есте сақтау қажет. Бір тақырыптарда теория, ал кейбіреулерінде тәжірибе басымды болады.

Курстық жұмыстың жоспарын студент жеке өзі құрастырып, ғылыми жетекшінің келісуі үшін әдебиет тізімімен қоса ұсынуы тиіс. Жұмыспен айналысу кезінде кейбір түзетулер енгізуге болады. Бұл өзгертулерге жетекші келісім беруі тиіс.

Курстық жұмыстың сапасы сауатты, дұрыс құрастырылған жоспарға тәуелді болады.

Курстық жұмыстың жоспары кіріспеден, негізгі бірнеше бөлімнен, қорытындыдан, қосымшалардан (бар болған жағдайда) және қолданылған әдебиеттер тізімінен құрастырылуы тиіс.

Курстық жұмыстың барлық бөлімдері өзара байланысқан болуы тиіс. Бір бөлімнен келесі бөлімге, бір параграфтан келесі бір параграфқа логикалық көшуіне ерекше көңіл бөлу керек.

  1. Курстық жұмыс құрылымы

Жоспарды жасағанда келесі құрылымды ұстанған маңызды:

  1. Кіріспе (2-3 бет).

Кіріспеде таңдалған тақырыптың өзекті мәселелері көрсетіледі. Курстық жұмыстың мақсаттары, міндеттері, оларды орындау әдістері анықталады. Негізгі тараудық құрылымы көрсетіледі.

  1. Тарау немесе бөлімдер (8-10 бет).

Бірінші тарауда бизнесті ұйымдастыру бойынша теориялық негіздер және автордың жеке ой-пікірі зерттелген әдебиеттер негізінде көрсетіледі.

Екінші тарауда шешілетін мәселелер немесе мысал ретінде алынған кәсіпорындарды талдау жасау қажет.

Үшінші тарауда таңдалған тақырып бойынша жақсарту негіздері және нақты ұсыныстар көрсетіледі.

  1. Қорытынды (2-3 бет)

Қорытындыда жүзеге асырылған зерттеулер негізінде ұсыныстар мен ой-түйсіктері беріледі.

  1. Әдебиеттер тізімі

Курстық жұмыс тақырыбы оқытушымен келістіріледі.

  1. Курстық жұмысты безендіру

Курстық жұмыс компьютерден терілген 30-35 беттен құралады. Курстық жұмыс А4 (210х297мм) форматтағы ақ қағазда орындалады. Курстық жұмыстың безендірілуі парақта келесі өлшемдерді сақтау арқылы орындалуы қажет: сол жағы – 30 мм, оң жағы – 10 мм, жоғары жағы - 15 мм, төменгі жағы – 20 мм.

Курстық жұмысты безендіру келесі сатылармен жүзеге асырылуы қажет:

  1. Сыртқы беті;

  2. Кіріспе;

  3. 1,2,3 –тараулар;

  4. Қорытынды;

  5. Әдебиеттер тізімі.

Курстық жұмыстың беттерін нөмерлеу кіріспедер басталады 3 бет. Парақтағы нөмір оң жақтағы төмен бұрышта қойылады. Тарау атаулары бас әріптермен жазылады. Параграф атаулары абзацтан басталып соңына нүкте қойылмайды.

Әр тарау жаңа парақтан басталады. Цифрлы деректер, тәртіп бойынша, кесте түрінде безендіріледі. Әр кестеде өз атауы және нөмері болады. Курстық жұмыста кестелерге, суреттерге сілтеме болуы тиіс.

Цифрлық мәліметтер топтастырылған және жүйеленген кестелер және графиктер түрінде беріледі.

Кестелерде реттік номер, атауы болуы тиіс. Кесте атауының алдында бір таза жол қалдырылады, кестенің атауы өзгертілмей негізгі мәтін шрифтімен.

Кестелер әдетте мәтіннің арасында, оларды атап өткеннен кейін көрсетіледі, бірақ кестелерді бір беттен бір бетке бөліп тасымалдауға, соның ішінде кестенің атауын кестенің өзінен басқа бетке айыруға болмайды.