- •1. Төменгі деңгейдегі механизмді өңдеу алгоритмдері.
- •2. Сандық құрылғыларды синтездеу.
- •3. Өлшеу процестері және өлшеуіш құралдар.
- •4. Аналогтық өлшеуіш аспаптардың жалпы сипаттамалары.
- •5. Тьюринг машинасы. Жұмыс істеу алгоритмі.
- •6. Санау жүйесі туралы түсінік. Екілік, сегіздік, ондық, он алтылық санау жүйесі. Санау жүйелерін ауыстыруға мысал келтіріңіз.
- •7. Ақпаратты кодтау. Ақпарат көлемін анықтау. Хартли және Шеннон формулалары.
- •8. Жадтың құрылымы. Ішкі және сыртқы жады. Жедел және тұрақты жады. Кэш жады.
- •10. Регистрлер және оның түрлері.
- •11. Есептеу техникасының даму тарихы, негізгі кластары.
- •9. Триггерлер және оның түрлері.
- •12. Эем тұрғызудың негізгі принциптері және ұйымдастыру деңгейлері, құрамы, құрылымы.
- •13.Эем архитектурасының сандық логикалық деңгейі, логикалық алгебраның негізгі заңдары.
- •14, Өлшеудің қателіктерін метрологиялық түрде топтау үлгісі.
- •15. Статистикалық қателіктерді Гаусс заңын табуда қолдану.
- •17. Вентильдер. Бес негізгі вентильдер.
- •18. Схемотехникалық жобалау. Абстракция деңгейлері.
- •19. Микропроцессорлар және оның түрлері. Микропроцессорлық жүйелердің құрылым принциптері.
- •20. Жүйелік шиналарды схема түрінде көрсету. Орталық процессор сипаттамалары.
- •21. Бірдей емес бақылау қатарларын өңдеу. Мөлшер коэффициенттері. Дисперсия.
- •22. Тікелей және жанама өлшеулер кезіндегі қателіктер. Орташа абсолюттік және орташа салыстырмалы қателіктер.
- •23. Энергетиканың маңызы және энергетикалық есептеудің мәселелері.
- •24. Ақпараттық өлшеуіш техника деген не? Оның қамтитын бағыттары.
- •25. Өлшеу процестері: өлшейтін электрлік шама, өлшеу әдістері, қателігі және өлшеу нәтижесі.
- •1.2 Сурет – Өлшеу әдістері сұлбасы
- •26. Өлшеуіш құралдар, аспаптар және түрленгіш датчиктер.
- •27. Электрөлшеуіш аспаптардың шкалаларының түрлері және оларды баптау.
- •28. Өлшеуіш аспаптардың дәлдік кластары және оларды табу.
- •29. Электр шамаларын өлшеу үшін қолданатын әртүрлі жүйелерде істейтін өлшеуіш механизмдердің жұмыс істеу принциптері және шартты белгілері.
- •30. Өлщеуіш механизмдердің бір-бірінен айырмашылықтары, артықшылықтары және кемшіліктері.
- •4.7. Сурет – Электродинамикалық амперметр мен вольтметрлердің өлшеу тізбектерінің сұлбасы
- •31. Шунт пен қосымша кедергіні электр тізбегіне қосу сұлбалары және оларды қолданғанда пайда болатын қателіктер.
- •5.3 Сурет – Кернеуді өлшеудің сұлбасы
- •5.4 Сурет – Токты өлшегендегі әдістемелік қателіктер
- •5.5 Сурет – Кернеуді өлшегендегі әдістемелік қателіктер
- •32. Шунттар мен қосымша кедергілердің метрологиялық сипаттамалары.
- •33. Токтық трансформатордың (тт) жұмыс істеу принципі, қолданылуы және метрологиялық сипаттамалары.
- •34. Кернеулік трансформатордың (кт) жұмыс істеу принципі, қолданылуы және метрологиялық сипаттамалары.
- •35. Токтық трансформатор (тт) мен Кернеулік трансформаторды (кт) қолданғанда туатын қателіктерді табу және есептеп шығару.
- •36. Сандық өлшеуіш аспаптардың құрылысы және жұмыс істеу схемалары.
- •37. Электрлік кедергіні өлшеудің тізбектеп және параллель қосу сұлбалары.
19. Микропроцессорлар және оның түрлері. Микропроцессорлық жүйелердің құрылым принциптері.
Микропроцессор — жүйелік тақтаның ең маңызды құраласы, ол деректерді тікелей өңдейді, атап айтқанда, бөлектелген деректермен арифметикалық және логикалық амалдарды орындайды. Микропроцессор - бір немесе бірнеше үлкен интегралды кестеде орындалған, берілісті өңдейтін бағдарламалық құрылғы; көліктердің автоматты басқару агрегатында қолданылады.
Дербес компьютердің сақтау құрылғылары,
микропроцессорлар түрлері
Микропроцессор, басқаша, орталық процессор.
Орталық процессор (CPU, ағыл. Central Processing Unit) - бұл программамен берілген арифметикалық және логикалық операцияларды орындайтын компьютердiң басты жұмыс компоненті, есептеу процесiн басқарады және компьютер барлық құрылғыларының жұмысын үйлестіреді.
Жалпы алғанда орталық процессор құрамына:
- арифметикалық-логикалық құрылғы;
- мәлiметтер шиналар мен адрестiк шиналар;
- тiркегiштер;
- командалар есетегiштерi;
- кэш - аз көлемдi өте жылдам жады (8-ден 512 Кбайтқа дейiн);
- жылжымалы нүктесi бар математикалық бірлес процессор енедi.
Соңғы процессорлар микропроцессорлар түрінде орындалады. Физикалық жағынан микропроцессор интегралды сұлба - процессордың барлық функцияларын іске асыратын бірнеше квадрат миллиметрлi тік бұрышты ауданды кристалдық кремнийден жасалған жіңішке пластинкада орналасқан сұлбалар. Кристалл-пластинка әдетте пластмассалық немесе керамикалық жалпақ қорапта орналасады және оны компьютердiң жүйелік платасына жалғастыруға болатындай етiп металды штырьлары бар алтын өткiзгiштермен қосады.
Есептеу жүйелерiнде бірнеше паралельді жұмыс істейтiн процессорлар болуы мүмкін; ондай жүйелер көп процессорлы деп аталады.
МП 4004 - бірінші микропроцессор Intel (АҚШ) фирмасымен 1971 жылы шығарылған болатын. Қазiргi кезде микропроцессорлардың бірнеше жүздеген түрлерi шығарылады, бірақ ең танымал және көп таралғандары Intel және AMD фирмаларының микропроцессорлары.
20. Жүйелік шиналарды схема түрінде көрсету. Орталық процессор сипаттамалары.
Жүйелік шинаның негізгі қызметі процессорлар арасында және дербес компьютердің қалған басқа да құрылғылараның арасында информацияны жіберу болып табылады. Жүйелік шинасы үш шинадан тұрады:
Жүйелік шина
Басқару шинасы
Адрес шинасы
Дерек шинасы
Шиналар бойынша басқару сигналдарын, деректерді (сан, символдар), жадтың ұяшық адресін (адреса ячеек памяти) және еңгізу-шығару құрылғысының номерін айналдырады. Дербес компьютер шиналары. Шина дегеніміз - бұл сым-жолдарының жиынтығы,кей кезде цифрлік жүйеде бірнеше компоненттері біріктіруші өткізгіштер. Бұл сым –жолдары 3 типке бөлінеді: адрес, мәліметтер және басқару.
Мультиплекстелген шина. Кейбір кезде бір өткізгіш арқылы әр уақытта адрес және мәліметтер беріледі. Бұндай шинаны - мультиплекстелген деп аталады. Шинаға қосылған құрылғылар 2 негізгі типке бөлінеді – басқарушы (master) және бағынушы (slave).
Адрестік шина. Осы шинадан процессор орындалуға тиіс командалар адрестерін оқиды. Қазіргі заманғы процессорда адрестік шина 32- разрядты, яғни ол 32 паралельді өткізгіштерден құралады.
Мәліметтер шинасы. Бұл шина арқылы оперативті жарыдан регистрлерге және керісінше мәліметтерді көшіру процесі жүреді. Intel Pentium негізіндегі процессорларда мәліметтер шинасы 64-разрядты.
Командалық шина. Процессорда орындалған командалар осы шиналар мен оперативтік жадыдан келеді. Командалар байттар түрінде көрсетіледі. Қарапайым командалар 1 байтқа сыйады, бірақ 2 немесе одан да көп байтты сыйымдылықты қажет ететін командалар да болады. Қазіргі заманғы процессорлардың көп бөлігінде 32-разрядты командалар шинасы бар,сонымен қатар 64-разрядты командалық шинасы бар процессорлар да кездеседі.
Аналық тақшадағы шиналар тек процессормен байланыс орнату үшін ғана қолданылмайды. Аналық тақшадағы ішкі құрылғылар және де оған тікелей қосылатын құрылғылар бір-бірімен шиналар арқылы байланысады, әрекеттеседі.
Процессор немесе микропроцессорлар. Есептеу техникасының дамуы орталық процессорлардың жетілдірілуімен бірге жүзеге асады. Процессорлардың жаңа модульдері тек өнімділіктің өте жоғарылығымен ғана емес, сонымен қатар жаңа мүмкіндіктерімен де ерекшелінеді (жаңа регисторлар,архитектурадағыжаңа компьютерлік жинақтар және жаңа өзгертулер). Процессорлардың жаңа модульдерін жасаушылар қайтарымды сыйымдылық принципіне негізделеді,яғни процессорлардың жаңа моделі қолданыста бар архитектура негізінде жасалады. Дербес компьютерлердің орталық процессорлар нарығында қазіргі уақытта басты орынды Intel фирмасының х86 түрлегі моделі иеленуде.
1993 жылы Pentium процессоры пайда болды. Ол х86 архитектурасының процессорларының көптеген қасиеттерін игерумен тығыз байланысты. Процессор логикалық және арифметикалық операцияларды орындайды, операциялардың орындалу тәртібін анықтайды, дерек көздері мен нәтижелері қабылдаушыларды көрсетіп береді. Процессор жұмысы программалардың басқаруымен жүзеге асады. Дербес компьютермен алғаш танысқанда процессордың төрт құрылғыдан тұратынын байқаймыз: арифметикалы-логикалы құрылғы (АЛҚ, басқару құрылғысы (БҚ), жалпы тағайындалуының регистрлері (ЖТР) және бүркеме жад (кэш – память) Алқ деректеріндегі арифметикалы логикалы операцияны орындайды. Аралық нәтижелер ЖТР-да сақталады. Бүркеме – жад (кэш память) жұмыссыз бос тұрып қалудың уақытын қысқарту жолымен процессордың жылдам әрекет етуін арттыруға қызмет етеді. БҚ кезекті команда адресінің қалыптасуына, яғни программадан тұратын команданың орындалу тәртібіне жауап береді.
