- •1. Төменгі деңгейдегі механизмді өңдеу алгоритмдері.
- •2. Сандық құрылғыларды синтездеу.
- •3. Өлшеу процестері және өлшеуіш құралдар.
- •4. Аналогтық өлшеуіш аспаптардың жалпы сипаттамалары.
- •5. Тьюринг машинасы. Жұмыс істеу алгоритмі.
- •6. Санау жүйесі туралы түсінік. Екілік, сегіздік, ондық, он алтылық санау жүйесі. Санау жүйелерін ауыстыруға мысал келтіріңіз.
- •7. Ақпаратты кодтау. Ақпарат көлемін анықтау. Хартли және Шеннон формулалары.
- •8. Жадтың құрылымы. Ішкі және сыртқы жады. Жедел және тұрақты жады. Кэш жады.
- •10. Регистрлер және оның түрлері.
- •11. Есептеу техникасының даму тарихы, негізгі кластары.
- •9. Триггерлер және оның түрлері.
- •12. Эем тұрғызудың негізгі принциптері және ұйымдастыру деңгейлері, құрамы, құрылымы.
- •13.Эем архитектурасының сандық логикалық деңгейі, логикалық алгебраның негізгі заңдары.
- •14, Өлшеудің қателіктерін метрологиялық түрде топтау үлгісі.
- •15. Статистикалық қателіктерді Гаусс заңын табуда қолдану.
- •17. Вентильдер. Бес негізгі вентильдер.
- •18. Схемотехникалық жобалау. Абстракция деңгейлері.
- •19. Микропроцессорлар және оның түрлері. Микропроцессорлық жүйелердің құрылым принциптері.
- •20. Жүйелік шиналарды схема түрінде көрсету. Орталық процессор сипаттамалары.
- •21. Бірдей емес бақылау қатарларын өңдеу. Мөлшер коэффициенттері. Дисперсия.
- •22. Тікелей және жанама өлшеулер кезіндегі қателіктер. Орташа абсолюттік және орташа салыстырмалы қателіктер.
- •23. Энергетиканың маңызы және энергетикалық есептеудің мәселелері.
- •24. Ақпараттық өлшеуіш техника деген не? Оның қамтитын бағыттары.
- •25. Өлшеу процестері: өлшейтін электрлік шама, өлшеу әдістері, қателігі және өлшеу нәтижесі.
- •1.2 Сурет – Өлшеу әдістері сұлбасы
- •26. Өлшеуіш құралдар, аспаптар және түрленгіш датчиктер.
- •27. Электрөлшеуіш аспаптардың шкалаларының түрлері және оларды баптау.
- •28. Өлшеуіш аспаптардың дәлдік кластары және оларды табу.
- •29. Электр шамаларын өлшеу үшін қолданатын әртүрлі жүйелерде істейтін өлшеуіш механизмдердің жұмыс істеу принциптері және шартты белгілері.
- •30. Өлщеуіш механизмдердің бір-бірінен айырмашылықтары, артықшылықтары және кемшіліктері.
- •4.7. Сурет – Электродинамикалық амперметр мен вольтметрлердің өлшеу тізбектерінің сұлбасы
- •31. Шунт пен қосымша кедергіні электр тізбегіне қосу сұлбалары және оларды қолданғанда пайда болатын қателіктер.
- •5.3 Сурет – Кернеуді өлшеудің сұлбасы
- •5.4 Сурет – Токты өлшегендегі әдістемелік қателіктер
- •5.5 Сурет – Кернеуді өлшегендегі әдістемелік қателіктер
- •32. Шунттар мен қосымша кедергілердің метрологиялық сипаттамалары.
- •33. Токтық трансформатордың (тт) жұмыс істеу принципі, қолданылуы және метрологиялық сипаттамалары.
- •34. Кернеулік трансформатордың (кт) жұмыс істеу принципі, қолданылуы және метрологиялық сипаттамалары.
- •35. Токтық трансформатор (тт) мен Кернеулік трансформаторды (кт) қолданғанда туатын қателіктерді табу және есептеп шығару.
- •36. Сандық өлшеуіш аспаптардың құрылысы және жұмыс істеу схемалары.
- •37. Электрлік кедергіні өлшеудің тізбектеп және параллель қосу сұлбалары.
25. Өлшеу процестері: өлшейтін электрлік шама, өлшеу әдістері, қателігі және өлшеу нәтижесі.
Өлшеу – зерттейтін параметрдің мөлшерін табудағы метрологиялық оператордың жұмысы. Бұл параметрлерді физикалық шама (ФШ) деп атайды.
Өлшейтін шама бір – біріне сәйкес келетін әдістер мен өлшеуіш құралдардың арқасында өлшем бірлігімен (ӨБ) салыстырылады. Өлшем бірлігі халықаралық келісіммен әр физикалық шамаға тұрақты өлшемде белгіленген және оның сандық мәні бірге тең. Физикалық шаманы өлшегенде соған сәйкес өлшем бірлігімен салыстырамыз. Өлшенген ФШ ның өлшем бірлігіндегі үлесін, не одан қанша есе аз не көп екенін білу үшін милли, микро, кило, мега және т.б. деген қосымша жұрнақ қолданылады.
Өлшеу процесінің ғылыми негізі болып метрология саналады. Метрология – өлшеу туралы ғылым, оның техникасы және өлшеуіш құралдарды қолдану, онан кейін, өлшемдердің біркелкілігін ұйымдастырып, заң жүзінде сақтау.
ҚР «Өлшемдердің біркелкілігі туралы» заңы өлшеу процестердің сапалылығын көздейді: оның тұрақтылығын және әр өлшеу нәтижесі бір біріне сәйкес келуін сақтайды. Сонымен, өлшеу процестердің басқы әдістері және тәсілдері. метрологиялық жұмыстың іргесін қалайды. Әдетте, метрологиялық жұмыс халықаралық түрде стандартталған. Ол үшін мынандай ұйымдар бар:
МКТИ – техникалық өлшеуден халықаралық конференция; МОЗМ – заңды метрологиядан халықаралық ұйым. Осы ұйымдардың кепілдемелерінің қоятын басты мақсаты: өлшеу нәтижелері өлшем бірлігімен белгілену керек және өлшеу қателіктерінің мәні де көрсетілуі керек.
Ақпараттық өлшеу техникасы метрологияның тәжірибелік және қолданбалы түріне жатады. Ақпараттық өлшеу техникасының (АӨТ) басты міндеті болып өлшеуді жүргізу және оны бағалау, өлшеудің тәсілдері мен құралдарын практикалық қолдану болып саналады. АӨТ екі топқа бөлінеді: бірінші, жұмыстық (өндірістік) өлшеу техникасы, екінші, үлгілі (нақты, лабораториялық) өлшеу техникасы. Сөйтіп, ақпараттық өлшеу техникасы өлшеу процесіне қатысты барлық теориялық және тәжірибелік мәселелерді тегіс қамтиды.
Өлшеу процессі оператормен (бақылаушымен) келесі функциялық сұлбамен жүгізіледі.
1.1 Сурет. Өлшеу процессінің функциялық сұлбасы
Көрсетілген әрекеттердің (операциялардың) неге керек екенін және неге жататынын көрсетейік.
Өлшейтін объект – электростанция, қосалқы станция, таралу құралғылары, генераторлар (өндіргіш), қозғалтқыштар (двигательдер).
Өлшенетін физикалық шама – электр тоғы, кернеу, қуат, электр энергиясының шығыны, жиілік.
Өлшеудің әдісі – белгілі кепілдеме жүзінде, қолдану тәжірибесіне және оператордың тәжірибесіне сәйкес алынады.
Өлшеу құралы – қолданылатын әдіске байланысты, құралдың табылуына және өлшеу жағдайына сәйкес алынады.
Өлшеу қателігі – теориялық және тәжірибелік есептеу әдістеріне байланысты.
Өлшеу нәтижесі – халықаралық стандарттармен салыстырылады. ФШ өлшеу кең ауқымда (диапазон) өзгереді. Мысалы, энергетика объектілеріне кездесетін электр кедергісі Омның мыңнан бір бөлігінен тераОмға дейін өзгеруі мүмкін. Ең көп тараған өлшеу әдісі – тікелей өлшеу әдісі болып табылады. Келесі суретте өлшеу әдістері көрсетілген.
1.2 Сурет – Өлшеу әдістері сұлбасы
Тікелей өлшеу әдісін қолданғанда физикалық шама бірден өлшеуіш құралдың көрсеткішінен өлшенеді. Салыстырмалы әдісте: физикалық шаманың мәні белгілі өлшеммен салыстырылады. Көпке белгілі салыстырмалы әдіс – нөлдік әдіс.
