Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ИИТ теория толық.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

28. Өлшеуіш аспаптардың дәлдік кластары және оларды табу.

Әр электрөлшегіш аспаптың басқы метрологиялық сипаттамасы болып оның дәлдік класы  болып саналады, оны келтірілген қателік арқылы табуға болады γх= Δх / ХN*100%

мұнда Δх – абсолюттік қателіктің максималдық өзгеріс ауқымы ХN – шкаланың түріне байланысты мөлшерлеу мәні (нормир) γх – келтірілген қателік.

Егер нөлдік белгі шкаланың сол жағында болса мөлшерлеу мән аспаптың номиналдық қатесінің мәніне тең ХN=ΔH.                                                      Егер нөлдік белгі шкаланың ортасында болса ХN=2ΔH.                                                   

Барлық мемлекеттер үшін аспаптардың дәлдік класы бір мәнде бекітілген және олар аспаптың шкаласында, құжаттарда көрсетілген.

3.1 кесте – Дәлдік класының халықаралық мәндері

Өлшеуіш аспаптар

Дәлдік класы

өлшеуіш аспап

қосымша құрылғылар

дәл және үлгілі

 

 

 

0,05

0,02

0,1

0,05

0,2

0,1

(0,3)

0,1

0,5

0,2

жұмыстық

 

 

 

 

1

0,5

1,5

0,5

2,5

1

(4)

1

5

1

Егер аспаптың өлшеу ауқымының ең соңғы мәні 100В болса, онда өлшеу қателігі 1В болады. Температура 10°С мен 30°С арасында өзгерген кезде де аспаптың өлшеу қателігі 1% аспауы керек.

Аспап қолданылатын алдыңғы жағдай өзгергенде пайда болатын қосымша қателік рұқсат етілген басқы қателіктің бөлісі не еселеу мәндерінде нормаланады.

Мысалы, аспаптың дәлдік класы G болса, қосымша қателік басқы қателіктің жартысынан аспауы керек, сонда жалпы қателік болып G+0,5G саналады.

29. Электр шамаларын өлшеу үшін қолданатын әртүрлі жүйелерде істейтін өлшеуіш механизмдердің жұмыс істеу принциптері және шартты белгілері.

Әр түрлі электр шамаларын өлшеу үшін магнитоэлектрлік, электромагниттік, электрдинамикалық, ферродинамикалық және электростатикалық жүйелерде істейтін өлшеуіш механизмдер (ӨМ) қолданады. 4.1суретте ӨМ жүйелерінің шартты белгілері келтірілген.

а) б) в) г) д)

4.1 Сурет – Өлшеуіш механизм жүйелерінің шартты белгілері

Бұл суретте солдан оңға қарай: магнитоэлектрлік (а), электромагниттік (б), электродинамикалық (в), ферродинамикалық( г) және электростатикалық (д) жүйелер.

Магнитоэлектрлік жүйе. Бұл жүйелік аспаптар тұрақты магниттің магнит өрісімен тоғы бар орауыштың өзара электрмагниттік әрекетіне байланысты жұмыс істейді. Оның конструкциясы 4.2 суретте келтірілген.

4.2.Сурет – Магнитоэлектрлік жүйедегі өлшеуіш механизмнің конструкциясы, суретте келтірілген белгілер: 1– В индукциялы тұрақты магнит NS; 2 – магнитжүргізгіш; 3 – полюстік ұштықтар; 4 – өлшеуіш орауыш: оралым саны, оның өлшемі bхһ 5 – өзекше; 6 – серппе; 7 – аспаптың тілі; 8 – нолдік түзеткіш; а – дөнгелек, б – жалпақ магнитпен.

Өлшейтін ток қарсылық серппе арқылы орауыш арқылы өткен кезде аспаптың тілі мына заңмен шкаланың бірер шама бөлістерін көрсетеді

(4.1)

мұнда В – индукция;

W – серппенің меншікті қарсылық моменты;

S – ӨМ-ның сезімталдығы;

w – оралым саны.

Айнымалы токты өлшегенде айнымалы токты тұрақты токқа айналдыратын түрленгіштер қолданады. Магнитэлектрлік аспаптың артықшылықтары: сезімталдығы, аз мөлшерлі токты өлшегенде айналым моменттің жеткіліктігі, сыртқы магнит өрістердің әсері аздығы, энергияны аз пайдалану және өлшейтін объектіге әсері аздығы.

Оның кемшіліктері: конструкциясының қиындығы, сондықтан қымбаттығы, өлшейтін токтың мөлшерінің аздығы, ең көп болғанда 500мА.

Магнитоэлектрлік аспаптар тұрақты токты өлшейтін амперметр не вольтметр ретінде көп қолданылады. Оларды дәлдік кластары 0.1; 0.2; 0.5 шамада.

Электромагниттік жүйенің өлшеуіш механизмінің жұмысы өлшейтін ток тұрақты орауыштан өткенде пайда болатын магниттік өрістің жылжымалы феррамагниттік тіліктің (пластина) арасындағы электрмагниттік әсерге негізделген. Аспапты ток тізбегіне қосқанда өзек орауыштың ішкі кеңістігіне тартылады. Теңбе теңдікті сақтауға серппе қолданылады.

. (4.2)

Аспаптың шкаласының тәуелділік теңдеуі: Мұндағы L – орауыштың индуктивтігі. Электромагниттік аспаптардың шкалалары біркелкі болып орналаспаған. Олар тұрақты токты да өлшейді. Көбінесе олар айнымалы токті өлшеуіш амперметрлер мен вольтметрлер болып саналады.