- •1. Материялық нүктенің қозғалысын кинематикалық сипаттау. Жылдамдық және үдеу
- •Жылдамдық
- •Үдеу және оның құраушылары
- •2. Қисық сызықты қозғалыс кезіндегі жылдамдық ж/е үдеу Жылдамдық
- •Үдеу және оның құраушылары
- •3. Қозғалмайтын оське қатысты айналған дененің сызықтық және бұрыштық жылдамдықтары
- •4. Ньютон заңдары. Масса. Күш Ньютон заңдары Ньютонның бірінші заңы – инерция заңы
- •Күш. Масса
- •5. Механикалық үйкеліс және тартылыс күштері
- •1) Тартылыс күші (гравитациялық күш)
- •Ньютонның екінші заңы– материялық нүкте динамикасының негізгі заңы
- •Ньютонның үшінші заңы
- •6. Бүкіләлемдік тартылыс заңы
- •7. Механикадағы импульстің сақталу заңы
- •8. Механикалық жүйенің массалар центрі (инерция центрі) және оның қозғалыс заңы
- •9. Күш моменті және импульс моменті Күш моменті
- •Импульс моменті
- •10. Қатты дененің инерция моменті
- •11. Қозғалмайтын оське қатысты қатты дененің айналмалы қозғалыс динамикасының теңдеуі
- •12. Кинетикалық және потенциалдық энергия. Энергияның сақталу заңы Энергияның сақталу заңы
- •13. Серпімді деформация. Гук заңы
- •14. Импульс моментінің сақталу заңы
- •15. Ағын сызықтары. Ағын түтігі. Идеал сұйықтықтың станционар ағысы. Үзіліссіздік теңдеуі
- •16. Бернулли теңдеуі
- •17.Механикалық гармоникалық тербелістер. Гармониялық тербелістердің жалпы сипаттамалары. Механикалық гармониялық тербелістердің дифференциалдық теңдеуі
- •18. Серіппелі маятник
- •19. Математикалық маятник
- •20. Физикалық маятник. Физикалық маятниктің келтірілген ұзындығы
- •21. Көлденең және бойлық толқындар. Қума толқын теңдеуі
- •22. Термодинамикалық жүйелер және олардың параметрлері: қысым, температура, көлем
- •23. Клапейрон-Менделеев теңдеуі. Мольдік масса, зат мөлшері
- •24. Идеал газдың молекула-кинетикалық теориясының (мкт) негізгі теңдеуі. Газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы.
- •26. Барометрлік формула. Больцман үлестірілуі.
- •27. Термодинамикалық жүйелердегі тасымалдау құбылысы: тұтқырлық (Ньютон заңы).
- •28. Термодинамикалық тепе-теңсіз жүйелердегі тасымалдау құбылыстары. Диффузия (Фик заңы).
- •29. Термодинамикалық тепе-теңсіз жүйелердегі тасымалдау құбылыстары. Жылуөткізгіштік (Фурье заңы).
- •30. Газдардың жылусыйымдылықтары. Тұрақты көлем және тұрақты қысым кезіндегі мольдік жылусыйымдылықтар. Майер теңдеуі.
- •31. Термодинамиканың бірінші бастамасы. Жүйенің ішкі энергиясы. Жұмыс және жылу.
- •32. Изопроцестер. Изохоралық, изобаралық және изотермиялық процестер.
- •Изохоралық процес ( )
- •Изобаралық процесс ( )
- •Изотермиялық процесс ( )
- •33. Изопроцестер. Адиабаттық және политроптық процестер.
- •Адиабаталық процесс ( )
- •Политроптық процесс ( )
- •34. Қайтымды және қайтымсыз термодинамикалық процестер. Дөңгелек процестер (циклдер). Жылу машиналары және олардың пәк-і.
- •35. Термодинамиканың екінші бастамасы. Энтропия және оның қасиеттері.
- •36. Нақты газдар. Ван-дер-Ваальс теңдеуі.
- •Молекула көлемін ескеру
- •37. Элементар электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы.
- •38. Кулон заңы. Электрлік тұрақты. Ортаның диэлектрлік өтімділігі.
- •39. Электростатикалық өріс. Электр өрісінің кернеулігі. Электр өрістерінің суперпозиция принципі.
- •40. Электр өрісінің кернеулік векторының ағыны. Гаусс теоремасы.
- •41. Электростатикалық өрісте заряд орын ауыстырғанда істелінетін жұмыс.
- •42. Электростатикалық өріс кернеулігі векторының тұйық контур бойымен циркуляциясы.
- •43. Электростатикалық өріс потенциалы. Электростатикалық өріс кернеулігі мен потенциалы арасындағы байланыс.
- •44. Электростатикалық өрістегі өткізгіштер. Оқшауланған өткізгіштің электрсыйымдылығы. Конденсаторлар. Оқшауланған өткізгіштің электрлік сыйымдылығы
- •Өзара сыйымдылық. Конденсаторлар
- •45. Зарядталған конденсатордың энергиясы. Электростатикалық өріс энергиясы. Электростатикалық өріс энергиясының көлемдік тығыздығы.
- •47 Ом заңының жалпылама теңдеуі.
- •Осы формула тұйық тізбек үшін Ом заңы деп аталады.
- •57. Вакуумдағы магнит өрісі үшін векторының циркуляциясы.Толық ток заңы Берілген тұйық контур бойымен векторының циркуляциясы деп мына интегралды айтады:
- •88 Атом ядросының құрылысы. Ядро модельдері.
45. Зарядталған конденсатордың энергиясы. Электростатикалық өріс энергиясы. Электростатикалық өріс энергиясының көлемдік тығыздығы.
Электростатикалық өpicтe зарядты бip нүктеден екінші нүктеге көшірген кезде жұмыс жасалатынын білеміз. Бұл жұмыс өpicті тудырушы зарядтардың өзара әсерлесуін сипаттайтын потенциалдык энергия, болмаса сыртқы күштер есебінен жасалуы мүмкін. өзара әсерлесетін зарядтар системасының энергиясы бар. Бұл энергияны зарядтардың өзара әсерлесу энергиясы (зарядталған дененің әр түрлі бөліктерінің өзара әсерлесу энергиясы) түрінде, болмаса осы зарядтар тудыратын электр энергиясы түрінде жазуға болады.
46 Конденсаторларды жалғау. Конденсаторларды тізбектей, параллель және аралас жалғау кезіндегі жалпы электрсыйымдылығын есептеу.
Техникада
және тұрмыста әр түрлі тұтынушылар:
қыздыру шамдары, үтіктер, электр пештері,
электрқозғалтқыштары және т.б электр
құралдарын пайдаланады. Бұлар әр түрлі
жалғанады.Өткізгіштерді жалғаудың
тәсілдерін қарастрайық:
1-жағдай. Егер
бірінші өткізгіштің соңы екінші
өткізгіштің басымен, екіншінің соңы
үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай
қосуды тізбектей
жалғау деп
атайды (1-сурет).
2-жағдай. Егер
өткізгіштердің басын бір ғана А
нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В
нүктесінде жалғасақ, онда мұндай
жалғауды өткізгіштерді параллель
жалғау деп атайды (2-сурет).
3-тірек-сызбаӨткізгіштерді
тізбектей жалғағанда ток күштері тең,
ал тізбекиегі жалпы кернеу оның
бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына
тең болады, ал жалпы кедергі әрбір
өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан
тұрады.
Өткізгіштерді параллаль
жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде
кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір
өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына
тең, жалпы кедергі әрбір өткізгіштің
кедергісінен кем болады.
47 Ом заңының жалпылама теңдеуі.
1827 жылы неміс ғалымы Ом көптеген тәжірибелердің нәтижесінде мынадай қорытынды шығарды: тұрақты температурада өткізгіш ұштарындағы кернеудің ток шамасына қатынасы әр уақытта тұрақты болады: I=U/R, мұндағы R- өткізгіштің кедергісі деп аталады. Өткізгіш кедергісі оның пішініне және мөлшеріне, сол сияқты табиғаты мен температурасына тәуелді, өлшем бірлігі-Ом. Бір текті цилиндр тәрізді өткізгіштердің кедергісі оның ұзындығына тура пропорционал да, көлденең қимасына кері пропорционал болады: R=r(l/S) (10.11), мұндағы пропорционалдық коэффициент r-өткізгіштің меншікті кедергісі, ол өткізгіштің қандай заттан жасалғанын көрсетеді, өлшем бірлігі-Ом*м, r=1/g (10.12), осы өрнектегі g-өткізгіштің меншікті өткізгіштігі, өлшем бірлігі-сименс/метр. Осы айтылғандар бойынша Ом заңын жазатын болсақ, бір текті металл өткізгіш арқылы өтетін ток күші өткізгіштегі кернеудің түсуіне тура пропорционал кедергіге кері пропорционал I=U/R немесе I=(φ1–φ2)/R (10.13). Осы теңдік-тізбектің бөлігі үшін жалпы түрдегі Ом заңы, немесе тізбектің бір текті емес бөлігі үшін Ом заңы деп аталады. Егер тізбек тұйықталған болса, онда ток көзінің э.қ.к.-і ішкі бөлігіндегі кернеу мен сыртқы кернеудің қосындысына тең: e=Ir+U. Тізбек бөлігі үшін Ом заңын ескеріп, тізбектегі ток күшін тапсақ:
I=e/(R+r) (10.14)
