Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhalpy_fiziologiasy.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

Жұмыс №4. Қозудың жүйке талшығы бойымен екі бағытта тарауы.

Жүйке талшығына тітіркендіргішпен әсер еткенде пайда болатын қозу әсері екі бағытта таралады. Бұл өзгерісті байқау үшін тәжірибені жүйке-бұлшықет препаратында жасайды.

Жұмыс жасауға қажет. Бақа, стимулятор, электродтар, тәжірибе жасауға қажетті құрал-саймандар, шыны ілмек, шыны пластинка, Рингер ерітіндісі, дәкелік салфетка.

Жұмысты орындау. Бақаның артқы аяқтарынан жүйке-ет препараттарын дайындайды. Сан еттерін ығыстырып арасынан шонданай жүйкесін табады. Жүйкені ажыратып босатқаннан кейін, ортан жілік пен оның бұлшық еттері кесіледі. Бірақ сан мен балтыр еттері байланысын қамтамасыз ететін жүйке талшықтары сақталады. Сонда, сан мен балтыр еттері бір бірімен тек шонданай жүйкесінің талшықтарымен ғана байланысады (14-сурет). Препаратты шыны пластинкаға орналастырып, жүйкені стимулятормен қосылған электродпен тітіркендіргенде, сан мен балтыр еттерінің бір уақытта жиырылуы байқалады.

15-сурет. Қозудың жүйке бойымен екі бағытта таралу тәжірибесінің схемасы.

Жұмыс №5. Жүйкенің тұтастығы туралы заң.

Қозудың жүйке талшықтарының бойымен таралуы оның анатомиялық және физиологиялық тұтастығына байланысты. Егер жүйке талшықтары созылса (қысылса), салқындатылса немесе дәрі-дәрімектер әсер етсе, оның физиологиялық тұтастығы мен өткізгіштік қасиеті жойылады.

Жұмыс жасауға қажет. Бақа, стимулятор, электродтар, тәжірибені жасауға қажетті құрал-саймандар, Рингер ерітіндісі, мақта, 2%-ті новокаин ерітіндісі.

Жұмысты орындау. Жүйке-бұлшықет препаратын даярлағаннан кейін, жүйкені стимуляторға қосылған электродпен тітіркендіргенде балтыр етінің жиырылы байқалады. Сонан кейін, жүйкенің үстіне 2%-тік новокаин ерітіндісімен дымқылданған мақтаны 5 минутке қояды. Осындай әсерден кейін, препаратты қайтадан тітіркендіргенде, бұлшықеттің жиырылуы байқалмайды. Егер жүйкенің үстіндегі мақтаны алып тастап, оны Рингер ерітіндісімен шайып, 5 минуттан кейін тоқпен тітіркендірсе, бұлшықеттің жиырылуы қайтадан көрінеді.

Тәжірибені жасап болғаннан кейін қорытынды жасалады.

Жұмыс №6. Жүйке-бұлшықет түйіспесіндегі қозу өтуінің бұзылуы.

Жүйке-бұлшықет түйіспесі химиялық заттарға, оның ішінде миорелаксанттарға (кураре, листенон және т.б.), өте сезімтал болады. Бұл заттардың әсерінен қозу жүйкеден етке өтпейді, яғни бұлшықетті жанама тітіркендіргенде ол жиырылмайды, бірақ тікелей тітіркендіруге жауап қайтарады.

Жұмыс жасауға қажет. Бақа, стимулятор, электродтар, тәжірибені жасауға қажетті құрал-саймандар, жіптер, мақта, шприц, листенон.

Жұмысты орындау. Қимылсыздандырылған бақаны тақтайшаға жатқызады. Артқы аяқтарының терісін ұзына бойы кесіп, сан еттерінің арасынан шонданай жүйкесін тауып (қан тамырларын зақымдамай), оны жіпке іліп алады. Сонан кейін, бір аяғындағы қан айналысын тоқтату үшін, жіппен сан еттерін қысып байлайды (жүйкені байламай жіптің үстіне қалдырады). Бақаның лимфалық қапшығына 1,0-1,5 мл листенон ерітіндісі егіледі де, 10-20 минут өткеннен кейін шонданай жүйкелерін кезекпен ырғақты тоқпен тітіркендіріп, сан мен балтыр бұлшықеттерінің жиырылуының өзгерістерін бақылайды. Сонан кейін, электродпен бақаның екі аяқтарының балтыр еттерін кезекпен тікелей тітіркендіріп, олардың жиырылуын байқау керек.

Тәжірибені болғаннан соң, байқалған өзгерістерді талдап, қорытынды жасалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]