Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhalpy_fiziologiasy.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆
  1. 2.2. Тақырып: Жүйке орталықтары, олардың физиологиялық қасиеттері. Ожж-дегі тежелу. Ожж-нің рефлекстерді үйлестіру (координациялау) қызметі.

II.Тақырыптың маңыздылығы : Организмнің рефлекстік қызметі көбінесе жүйке орталықтарының қасиеттерімен анықталады. Орталық жүйке жүйесінің ең көрнекті және маңызды қызметінің бірі - рефлекстерді үйлестіру. Орталық жүйке жүйесінің интегративті және үйлестіру қызметі міндетті түрде тежелу үрдісінің қатысуымен жүреді. Тежелу туа пайда болған үрдіс, ол организмнің өмір сүру барысында әрдайым жетіле түседі.

III.Сабақтың мақсаты:

Студент білуі қажет:

1. Жүйке орталығы туралы ұғым

2. Жүйке орталықтарының қозуды өткізу ерекшеліктері

3. ОЖЖ-дегі тежелу, түрлері

4. ОЖЖ-нің үйлестіру механизмі

Студент орындауы қажет:

1. Бақада қозудың жұлын арқылы таралуы (иррадиация)

2. Бақада қозудың бір ізді және кеңістіктік жинақталуы

3. И.М.Сеченовтың ОЖЖ-нің тежелу тәжірибесі

4. Бақаның аяқты жазу және құшақтау рефлекстері орталықтарының доминантты қозуы

IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:

1. Жүйке орталығы туралы ұғым

2. Жүйке орталықтарының қозуды өткізу ерекшеліктері

3. ОЖЖ-дегі тежелу, түрлері, механизмі

4. ОЖЖ-нің үйлестіру механизмі

V. Ақпараттық-дидактикалық жиынтық.

Зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістері мен аннотациясы.

1-жұмыс. Жұлын рефлекстерінің орталықтан тежелуі

И.М.Сеченов тәжірибесі

Орталық жүйке жүйесінің негізгі үрдістеріне қозу мен тежелу үрдістері жатады. 1863 жылы И.М. Сеченов бақаның көру төмпешігін тітіркендіру арқылы жұлын рефлексі уақытының ұзаруына байланысты ОЖЖ тежелу құбылысын ашты.

Жұмыстың орындалуы: Бақаның басын екі көзінің сыртын ала жоғарғы жақ сүйектерімен қоса кесіп тастаса, тілік көру төмпешігін басып өтеді. Бақаны иегінен штативке іледі де, күкірт қышқылының 0,3%-дық ерітіндісін пайдалана отырып, Тюрк әдісі бойынша рефлекс уақытын анықтайды. Содан кейін бастың кесілген жерін мақтамен құрғатып, аралық мидың үстіне ас тұзының кристалдарын салады да, 15 сек. өтісімен тағы да рефлекс уақытын анықтайды. Осы екі уақытты салыстыра отырып, рефлекс уақытының едәуір ұзарғанын көруге болады. Сонан соң ас тұзын алып тастап, тілінген жерді физиологиялық ерітіндімен шайып жібереді де 2 минут өтісімен қайтадан рефлекс уақытын анықтайды.

6-сурет. И.М.Сеченов тәжірибесі

2-жұмыс. Қозудың жұлын арқылы таралуы (иррадиация)

Орталықтағы қозу сол жерде қалмай, басқа орталықтарға жайылуын иррадиация деп атаймыз. Қозудың жайылу дәрежесі тітіркендіргіштің күшіне тікелей байланысты.

Жұмыстың орындалуы: Жұлынды бақаны төменгі иегінен штативке

іліп қояды да , бақа табанына 1 Гц жиілікте электродпен

тітіркендіру арқылы қозу табалдырығын анықтайды. Осы мөлшерде

ток күшімен әсер етсе, бақаның башпайлары бүгіледі. Содан

кейін біртіндеп ток күшін көбейтсе, сирақ асық буыны одан әрі

тізе, ұршық буыны бірінен соң бірі бүгіле бастайды, бара-бара бақа

денесі түгелдей қозғалысқа келеді. Ток әсерінен туған рефлекстер

орталық жүйке жүйесіне жетеді де, мұндағы жүйке

орталықтарын қоздырады.

3-жұмыс. Қозудың орталық жүйке жүйесіне жинақталуы.

Жинақы қозуды алғаш рет И.М. Сеченов ашты. Жинақы қозу бір ізді және кеңістіктік деп екіге бөлінеді.

Жұмыстың орындалуы: а/ Бір ізді жинақы қозу. Жұлынды бақаны иегінен штативке іледі де, оның балтыр терісіне 1 Гц жиілікте электродпен тітіркендіру арқылы қозу табалдырығын анықтайды. Ток жиілігін өзгертпей, қозу табалдырығынан төмен күшпен әсер етсе, бүгілу рефлексі пайда болмайды. Ал ток күшін сол күйінде қалдырып, ток жиілігін 10-15Гц-ке көбейтсе, жинақы қозудың әсерінен бүгілу рефлексі туады.

б/ Кеңістіктік жинақы қозу. Тәжірибеге жоғарыда аталған бақаны пайдалануға болады. Қос электродтың біреуін бақаның балтыр

терісіне, яғни сирақ-асықты буынына жақын жерге, екіншісін тізе буынына жақын жерге тигізіп қозу табалдырығын анықтайды. Егер 1 Гц жиілікте табалдырықтан төмен күшпен жеке-жеке тітіркендірсе

рефлекс пайда болмайды. Ал қос электродпен бір мезгілде тітіркендірсе, қозу үрдісі жинақталады да бүгілу рефлексі пайда болады.

7-сурет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]