- •Жалпы физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу - құралы Алматы, 2013 ж.
- •1. Қозғыш тіндер физиологиясы і. 1.1. Тақырып: Қозғыштық. Қозғыштықтың көрсеткіштері. Қозғыш тіндердің биоэлектрлік құбылыстары.
- •VI. Студенттердің өзіндігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестік.
- •Жұмыс №1. Бақаны қимылсыздандыру тәсілі.
- •Жұмыс №2. Жүйке-ет препаратын даярлау тәсілі.
- •4.2. Гальванидің екінші тәжірибесі (металсыз жиырылу).
- •Жұмыс №3. Қозу табалдырығын тура және жанама тітіркендіру арқылы анықтау әдісі.
- •Жұмыс № 4. Қозатын тіндердегі биоэлектрлік құбылыстар.
- •4.1. Гальванидің бірінші тәжірибесі.
- •Жұмыс № 5. "Екінші тетанус" тәжірибесі (Маттеучидің тәжірибесі).
- •Жұмыс № 6. Электромиография.
- •Жұмыс № 7. Жақ еттерінің биологиялық потенциалдарын жазып алу.
- •Жұмыс № 8. Хронаксиметрия.
- •VI. Студенттердің өзіндігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестік. Зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістері мен аннотациясы.
- •Балалар қозғалтқыш аппаратының жас ерекшелігі
- •Парабиоз. Синапстардың физиологиялық қасиеттері.
- •Vі. Студенттердің өзіндігінен дайындалуға арналған сұрақтары:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестік. Зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістері мен аннотациясы. Жұмыс №1. Жүйке талшығы бойымен қозудың жеке өтуі.
- •Жұмыс №2. Жүйке талшықтарының қажымауы.
- •Жұмыс №3. Парабиоз.
- •Жұмыс №4. Қозудың жүйке талшығы бойымен екі бағытта тарауы.
- •Жұмыс №5. Жүйкенің тұтастығы туралы заң.
- •Жұмыс №6. Жүйке-бұлшықет түйіспесіндегі қозу өтуінің бұзылуы.
- •Ерте онтогенездегі қозғалтқыш нейромотор бірлігінің сипаттамасы.
- •1.4. Қозғыш ұлпалар физиологиясына арналған ситуациялық есептер
- •Қозғыш тіндер физиологиясы бойыншы тест сұрақтары
- •2. Орталық және вегетативтік жүйке жүйесі физиологиясы
- •2.1. Тақырып: Орталық жүйке жүйесінің рефлекстік қызметі. Жұлын рефлекстері. Рефлекс уақыты
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •Ақпараттық-дидактикалық жиынтық.
- •2.2. Тақырып: Жүйке орталықтары, олардың физиологиялық қасиеттері. Ожж-дегі тежелу. Ожж-нің рефлекстерді үйлестіру (координациялау) қызметі.
- •III.Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық-дидактикалық жиынтық.
- •Бір ізді жинақы қозу Кеңістіктік жинақы қозу
- •I. 2.3. Тақырып: Вегетативтік жүйке жүйесі. Ми бағанасының тонустық рефлекстері.
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •Ақпараттық-дидактикалық жиынтық.
- •2.4. Мәселелік тапсырмалар:
- •11. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің 1-нейрондарының орналасқан жерлері:
- •12. Ахилл рефлексінің жұлындағы орталығы
- •13. Рефлекс доғасы звеносы мен қызметі арасындағы сәйкестілік
- •14. Тізе рефлексінің жұлындағы орталығы
- •15. Рефлекстің орталық уақыты дегеніміз -
- •3. Ішкі сөлініс бездер физиологиясы
- •III. Сабақтың мақсаты: Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •Ақпараттық дидактикалық жиынтық:
- •Сабақтың мазмұны
- •3.2. "Ісб физиологиясы" тақырыбы бойынша мәселелік тапсырмалар
- •4. Қосымша
- •Арқылы қозудың таралу механизмі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Ағылшын тілінде:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Қозғыш тіндер физиологиясы................................................ .........3
VI. Студенттердің өзіндігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
Қанка етінің құрылысы.
Ет ұлпаларының физиологиялық қасиеттері.
Еттің жиырылу режимдері мен түрлері.
Еттің жеке жиырылуы, оның кезеңдері.
Жинақталу (толық және шала).
Тетанус (тісті және тегіс).
Тітіркендіру жиілігінің оптимумы және пессимумы.
Еттің күші.
Еттің жұмысы.
Еттің жиырылу және босаңсу механизмі.
Еттің қажуы, оның орналасуы мен механизмі.
Жекеленген бұлшықеттің және дене еңбегі кезінде тұтас организмдегі қажудың дамуы механизмі.
Статикалық және динамикалық жұмыстар кезіндегі кажу. Белсенді демалу туралы түсінік.
Қажуды тудыратын өндіріс факторлары.
Бірыңғай салалы етінің әрекеттік сипаттамасы.
Жана түған баланың қимыл козғалыс аппараттының ерекшеліетері.
Жасқа байланысты бұлшықеттердің дамуы мен ерекшеліктері.
Мастикациографияның маңызы (стоматология факультетіне).
V. Ақпараттық дидактикалық бірлестік. Зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістері мен аннотациясы.
Жұмыс №1. Бұлшықеттің жеке жиырылуын тіркеу және оны талдау.
Организмнің қалыпты өмір жағдайында, бұлшықеттің жеке жиырылуы тек жүрек етіне тән қасиет. Барлық қаңқа еттері тетанустық (сіреспе) жиырылады, себебі оларға орталық жүйке жүйесінен жеке серпіністер емес жиі ырғақты серпіністер тарайды. Сондықтан қаңқа бұлшықетінің жеке жиырылуын тек тәжірибе жүзінде дара тітіркендіргіштермен әсер ете отырып, тез айналып тұрған кимографқа жазып алады (9-сурет). Бақаның балтыр бұлшықетінің жеке жиырылу ұзақтығы 0,11–0,12 сек, ол 3 кезеңнен тұрады:
Жасырын кезеңі – 0,01 сек. Ол тітіркендіргіш әсер еткен сәттен бұлшық еттің жиырыла бастағанға дейінгі уақыты.
Жиырылу кезеңі – 0,05 сек.
Босаңсу кезеңі – 0,05-0,06 сек.
9-сурет. Бұлшықеттің жеке жиырылуы, оның кезеңдері.
Егер қаңқа етіне бір емес, бірінен соң бірі тез екі тітіркендіргішпен әсер етсе, онда бұлшықет екінші тітіркендіргішке биік шайқалыммен жауап береді, себебі бұлшықет жиырылуының жинақталысы болады. Гельмгольцтің жорамалы бойынша бұлшықет жиырылуының күшею нәтижесінің себебі бірінші жиырылу екінші жиырылуға сәйкес келуіне байланысты. Бұлшықет жиырылу мөлшері – жинақталысының себебін Н.Е. Введенский дәлелдеген болатын. Яғни, екінші тітіркендіргіш еттің жоғары қозғыштық (экзальтация) кезеңіне сәйкес келеді.
Бұлшықеттің толық немесе толық емес жинақталып жиырылуы, тітіркендіргіш жеке жиырылудың қай кезеңіне сәйкес келуіне байланысты. Егер тітіркендіргіш еттің жиырылу кезеңіне сәйкес келсе - толық жинақталу, ал егер босаңсу кезеңіне сәйкес келсе – толық емес жинақталысы байқалады.
Жұмыс жасауға қажет. Бақа, кимограф, миограф, штатив, тәжірибені жасауға қажетті құрал-саймандар, пипетка, дәкелік салфетка, Рингер ерітіндісі, стимулятор.
Жұмысты орындау. Бақаның балтыр етінен жасалған препаратты миографқа орналастырып, жазғыш ұшын кимограф барабанына жақындатады. Препаратты электр тоғымен тітіркендіріп, 1 Гц жиілігендегі қозу табалдырығын анықтайды. Бұлшық еттің дара жиырылуның қисығын жазып алу үшін кимограф барабаның щапшан айналдыру қажет Содан соң тоқ күшін сәл ұлғайтып, еттің жеке жиырылуын айналып тұрған кимографқа жазып алады.
Жұмыс №2. Бұлшықеттің сіреспе (тетанус) жиырылуын
тіркеу және оны талдау.
Бұлшықеттің, ырғақты тітіркендіргішке, ұзақ қысқарып жауап беруін – сіреспе жиырылу (тетанус) деп атайды. Тітіркендіргіш жиілігіне байланысты, сіреспе жиырылу: тісті және тегіс болып бөлінеді. Егер бұлшықетке жиілігі 10-20 Гц аралығындағы ырғақты тітіркендіргішпен әсер еткен кезде, әрбір келесі импульс еттің босаңсуы бастаған кезеңіне сәйкес келсе – тісті сіреспе жиырылу пайда болады. Ал егер тітіркендіру жиілігін 20 Гц және одан әрі ұлғайтса, онда әрбір келесі серпініс еттің қысқару (жиырылу) кезеңіне дәл келу нәтижесінде ұзақ және үздіксіз еттің жиырылуы байқалады. Бұл тегіс сіреспе жиырылу.
Жұмыс жасауға қажет. Миограф, стимулятор, кимограф, штатив, тәжірибені жасауға арналған қажетті құрал-саймандар, пипетка, дәкелік салфетка, Рингер ерітіндісі, бақа.
Жұмысты орындау. Бақаның балтыр етінен жасалған препаратты миографқа бекітіп, препаратты электр тоғымен тітіркендіріп, 1 Гц жиілігендегі қозу табалдырығын анықтайды. Миограф қаламның ұшын айналып тұрған кимограф барабанына жақындатып, бұлшық еттің 2-3 жеке тітіркендіргішке жауабы жазып алынады. Сонан кейін тітіркендіру жиілігін 10-20 гц-ке жеткізгенде бұлшықеттің тісті (өркешті) сіреспе жиырылуын көруге болады (10,а-сурет). Егер тітіркендіру жиілігін одан әрі жоғарлататын болса, бұлшықеттің тегіс сіреспе жиырылуы байқалады (10,б-сурет).
10-сурет. Сіреспе жиырылу түрлері.
Зертханалық жұмысты орындап болғаннан кейін, кимографқа жазып алынған схеманы дәптерге салып, қорытынды жасау керек.
Жұмыс №3. Тітіркендірудің жиілігінің оптимумы мен пессимумы.
Н.Е. Введенскийдің пайымдауынша, егер бұлшықетке ырғақты тітіркендіргішпен әсер етсе, сіреспе жиырылудың шайқалымы (амплитудасы) әр түрлі болады. Ол әсер етуші тітіркендіргіш жиілігіне байланысты. Бұл негізінен, бұлшықетке ырғақты тітіркендіргіш әсер еткенде, әрбір алдыңғы (келесі) тітіркендіргіш еттің қозғыштығын өзгертіп, оның келесі жауабына әсерін тигізеді. Бұлшықеттің максимальды сіреспе (шайқалымы) жиырылуын қамтамасыз ететін тітіркендіргіш жиілігі мен күшін оптимум деп атайды. Егер тітіркендіргіш күші мен жиілігін арттырса, сіреспе жиырылудың шайқалымы күрт төмендейді. Бұл тітіркендіргіш жиілігі мен күшінің пессимумы деп аталады.
Жұмыс жасауға қажет. Миограф, стимулятор, кимограф, штатив, тәжірибені жасауға арналған қажетті құрал-саймандар, пипетка, дәкелік салфетка, Рингер ерітіндісі, бақа.
Жұмысты орындау. Миографқа даярланған жүйке-ет препаратын бекітеді оның қаламының ұшын кимограф барабанына жақындатады. Жүйкені электродпен тітіркендіріп, бұлшықеттің қозу табалдырығын анықтайды және оның максималды жеке жиырылуына келтіретін тоқтың күшін белгілейді. Сонан кейін, бұлшықеттің тегіс сіреспе жиырылуына келтіретін тітіркендірудің ең жоғарғы, тиімді жиілігін табады - бұл оптимум (11,а-сурет). Бұлшықеттің осындай жиырылуы, 5-7 сек арасында жай айналып тұрған кимограф бетіндегі қағазға жазылады.
Егер сол уақытта тітіркендірудің жиілігін кенеттен ұлғайтса, онда бұлшықеттің жиырылу шайқалымы төмендеп кетеді. Себебі, бұл тітіркендірудің жиілігі, бұлшықетке ең қолайсыз болады да, оның жауабы төмендеп, пессимум үрдісі байқалады (11,б-сурет).
1
Гц 15 Гц 20 Гц 50 Гц
100 Гц 200 Гц
11-сурет. Тітіркендірудің жиілігінің оптимумы мен пессимумы.
Бұлшықет препаратының электр тоғының күші мен жиілігінің ұлғайуына әртүрлі жауап қайтаруы, оның лабилдік қасиетіне байланысты.
Зертханалық жұмысты орындап болғаннан кейін, схемаларын дәптерге салып, қорытынды жасау керек
Жұмыс №4. Динамометрия.
Еттің жиырылу күші оның әрекеттік сипаттамасының бірі болып табылады. Бұлшықеттің жиырылу күші оның іске қосылған қозғалтқыш бірлігінің санына, жиырылуының түрлеріне (тісті немесе тегіс тетанус), физиологиялық қимасының ауданына, яғни ет талшықтарының көлденең қимасының жиынтығына және т.б. тәуелді болады.
Физиологиялық қимасы 1 см2-ге тең бұлшықетте дамитын ең жоғарғы жиырылу күшінің шамасы оның абсолюттік күші деп аталады. Бұл әртүрлі қаңқа бұлшықеттерінде, 6-17 кг/см2-ге (орташа 10 кг/см2) тең болады.
Бұлшықеттің максимальды күшін, төзімділігін, жұмыс жасау қабілетінің төмендеуін және әр түрлі бұлшықет топтарының (қол-аяқ еттері және т.б.) күшін өлшеу үшін арнаулы - динамометр деген құрал қолданылады.
Қол динамометрімен - қол бұлшықетінің күшін, ал тұлға динамометрімен – бел жазылдырғыш бұлшықеттерінің күшін анықтайды (1 кестені қараңыз).
Кесте 1.
Жасқа байланысты бұлшықет топтарының изометрлік
күшінің орташа шамасы
Көрсеткіштер
|
Жасы, жылы |
||||
20 |
25 |
35 |
45 |
55 |
|
Қол күші (кг/см2): - ерлерде - әйелдерде
|
55,9 37,5
|
59,9 38,5 |
58,5 38,0 |
55,6 35,6 |
51,6 32,7 |
Тұлға жазылдырғыш күші (кг/см2): - ерлерде - әйелдерде
|
81,6 56,6 |
87,4 58,3 |
90,7 59,2 |
89,8 57,7 |
85,7 49,1 |
Жұмыс жасауға қажет. Динамометр, секундомер.
Жұмысты орындау. Зерттелуші адам түрегеп тұрып қолын тұлғадан жанына созады да, 10 рет 5 секунд сайын жиілігі 1 реттен қолындағы динамометрді қысады. Сөйтіп, бұлшықет күшінің ең жоғарғы көрсеткіш нәтижесін анықтайды (кесте 2).
Бұлшықеттің жұмыс жасау қабілетін төменгі формуламен анықтауға болады:
Р= (f1+f2+f3+ . . . f n)/ n;
- бұнда, Р – жұмыс жасау қабілет деңгейі;
- f1, f2 және т.б. - әр түрлі жағдайдағы бұлшықет
күші - динамометр көрсеткіші;
- n - әрекетті қайталау саны.
Алынған мәлімет көрсеткіштерін пайдаланып, бұлшықеттің жұмыс жасау қабілетінің төмендеуін төменгі формуламен анықтауға болады:
S = ﴾ (f1 – fmіn) / fmax ﴿ х 100;
- бұнда, S – бұлшық еттің жұмыс жасау қабілетінің
төмендеу көрсеткіші;
- f1 – алғашқы бұлшықет күші көрсеткіші;
- fmіn - бұлшықет күшінің ең төменгі көрсеткіші;
- fmax - бұлшықет күшінің ең жоғарғы көрсеткіші.
Қол бұлшықетінің әр түрлі жағдайдағы күшін анықтау үшін: алғашқы күшті анықтағаннан кейін, білек үстіне мұз салынған грелканы 2-3 минутқа қояды. Қол бұлшықет күшін қайталап анықтағанда, оның күшінің төмендегені байқалады. Бұл, сол аймақтағы қан айналымының төмендеуіне байланысты.
Кесте 2.
Динамометрмен анықталған қол басы бұлшықеттері
күшінің орташа шамасы (кг/см2)
№ р/р |
Аты, жөні |
Ж А С Ы |
Жынысы |
Динамометрия |
Ескерту |
||
Оң қол |
Сол қол |
||||||
1. 2. 3. |
|
|
|
|
|
|
|
Бұлшықеттің жиырылу күшін анықтау нәтижесі - организмнің физикалық дамуын, спортсмендерге тиімді физикалық жаттығуды белгілеуге, аяқ-қол протезін жасауда және т.б. жағдайларда кеңінен қолданылады.
Жұмысты аяқтағаннан кейін қорытынды жасалады.
Жұмыс №5. Мастикациография.
Шайнау – ас қорыту үрдісінің алғашқы кезеңі. Ауыз қуысында - түскен ас ұсақталып, ұнтақталып, сілекеймен шылынап нәтижесінде ас кесегі қалыптасады.
Шайнау үрдісі – тағамның құрамына байланысты, ол орташа 10-15 секундқа дейін созылады. Шайнау үрдісінің сілекей бездеріне, қарынның сөлініс және қозғалыс қызметіне рефлекторлы әсерін И.П. Павлов өз еңбегінде анықтады. Шайнау – сонымен қатар қан айналым мен зат алмасуға оң әсерін тигізеді. Шайнау актісі рефлекторлы түрде жүзеге асады. Ас кесегі ауыз қуысындағы қабылдағыштарды тітіркендіреді. Ал олардан шыққан серпіністер афференттік үшкіл жүйке талшықтарымен ОЖЖ-гі шайнау еттерінің жиырушы нейрондарын тітіркендіреді. Шайнау актісінің үйлесімді қызметінде, жақ еттерінің проприорецепторларынан шыққан серпіністердің маңызы зор.
Астың механикалық өңделуіне тіс, жақ пен бет еттері, ерін және тіл қатысады. Шайнау бұлшықеттері төменгі жақтың горизонтальды және вертикальды бағытта қозғалысын, ал ауыздағы ас кесегінің ұсталуын ерін мен бет бұлшықеттері және тіл қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, тағам сілекеймен шалынып - ас кесегі қалыптасады.
Шайнау қозғалысы түрлі бағытта жүзеге асады және бірнеше кезеңнен тұрады: 1) бастапқы; 2) жақтың төменге түсуі; 3) жақтың жоғары көтерілуі; 4) тістердің айқасуы (немесе қабысуы).
Шайнау қозғалысын – мастикациограф аспабымен тіркеп, жазып алуға болады. Бұл әдіспен тек адамдарды зерттейді.
Жұмыс жасауға қажет. Кимограф, Марей капсуласы, резеңке манжетка мен түтікшелер.
Жұмысты орындау. Зерттелуші адамды орындыққа отырғызады да, оның иегіне резеңке манжетканы таңады. Ал манжетканы резеңке түтікшелер арқылы Марей капсуласына жалғастырып, оны ауаға толтырады. Қалам жазғышын айналып тұрған кимографқа жақындатып, жақ қозғалысын жазып алады. Тағам құрамына байланысты, шайнау кезеңінің ұзақтығы әртүрлі. Ол: қимылсыз күйден, тағамды ауызға енгізуден, бағдарлау, негізгі шайнау, ас кесегінің қалыптасуы мен жұту кезеңінен тұрады (12-сурет).
12-сурет. Мастикациограмма.
1. Тыныштық күй.
2. Тағамды ауызға енгізу.
3. Бағдарлау.
4. Негізгі шайнау кезеңі.
5. Ас кесегінің қалыптасуы мен жұту кезеңі.
Жұмыс №6. Шайнау бұлшықетінің күші. Шайнау
қысымы. Гнатодинамометрия.
Шайнау актісі – жақ бұлшықеттерінің қатысуымен жүзеге асады.
Бұлшықеттің максимальды жиырылуын қамтамасыз ететін кернеуді – бұлшықеттің абсолюттік күші деп аталады. Бұлшықеттің күшін анықтау үшін, оның максимальды жүкті көтеру қабілетін анықтайды.
Еттің максималдық күшінің анатомиялық көлденеңінің 1 см2 ауданына қатынасын – салыстырмалы күш деп атайды. Төменгі жақты көтеретін бұлшықеттің абсолюттік күші – бір жағында – 195 кг, ал екі жағында – 390 кг. Сөйтіп шайнау бұлшықеттерінің жоғары дәрежеге жеткізу күші байқалады.
Бұлшықеттің абсолюттік күшінен басқа, шайнау қысымы деген ұғым бар. Бұл, белгілі бір жазықтықтағы бұлшықет күші. Шайнау қысымы азу мен алдыңғы тістерде әртүрлі болады. Оны гнатодинамометр аспабымен анықтайды. Оның құрылысы ауыз кеңейтетін серіппе және шайнау күшін көрсету тілінен тұрады.
Анықтау кезінде алынған сандық көрсеткіштер бұлшықет күшін толық қамтып көрсетпейді, себебі ауырсыну нәтижесінде периодонт аймағында бұлшықеттің жиырылуы тоқтайды. Клиникалық тәжірибеде шайнау бұлшықеттерінің белгілі бір асты ұсақтау немесе уату күшін анықтаудың маңызы зор. Мысалы Шредер мәліметі бойынша:
қайнатылған ет - 30-47,5 кг;
қуырылған ет - 24,8-30,2 кг;
карамель - 31 кг;
жаңғақ (түрлі) - 43,5-102 кг.
