- •Жалпы физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу - құралы Алматы, 2013 ж.
- •1. Қозғыш тіндер физиологиясы і. 1.1. Тақырып: Қозғыштық. Қозғыштықтың көрсеткіштері. Қозғыш тіндердің биоэлектрлік құбылыстары.
- •VI. Студенттердің өзіндігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестік.
- •Жұмыс №1. Бақаны қимылсыздандыру тәсілі.
- •Жұмыс №2. Жүйке-ет препаратын даярлау тәсілі.
- •4.2. Гальванидің екінші тәжірибесі (металсыз жиырылу).
- •Жұмыс №3. Қозу табалдырығын тура және жанама тітіркендіру арқылы анықтау әдісі.
- •Жұмыс № 4. Қозатын тіндердегі биоэлектрлік құбылыстар.
- •4.1. Гальванидің бірінші тәжірибесі.
- •Жұмыс № 5. "Екінші тетанус" тәжірибесі (Маттеучидің тәжірибесі).
- •Жұмыс № 6. Электромиография.
- •Жұмыс № 7. Жақ еттерінің биологиялық потенциалдарын жазып алу.
- •Жұмыс № 8. Хронаксиметрия.
- •VI. Студенттердің өзіндігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестік. Зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістері мен аннотациясы.
- •Балалар қозғалтқыш аппаратының жас ерекшелігі
- •Парабиоз. Синапстардың физиологиялық қасиеттері.
- •Vі. Студенттердің өзіндігінен дайындалуға арналған сұрақтары:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестік. Зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістері мен аннотациясы. Жұмыс №1. Жүйке талшығы бойымен қозудың жеке өтуі.
- •Жұмыс №2. Жүйке талшықтарының қажымауы.
- •Жұмыс №3. Парабиоз.
- •Жұмыс №4. Қозудың жүйке талшығы бойымен екі бағытта тарауы.
- •Жұмыс №5. Жүйкенің тұтастығы туралы заң.
- •Жұмыс №6. Жүйке-бұлшықет түйіспесіндегі қозу өтуінің бұзылуы.
- •Ерте онтогенездегі қозғалтқыш нейромотор бірлігінің сипаттамасы.
- •1.4. Қозғыш ұлпалар физиологиясына арналған ситуациялық есептер
- •Қозғыш тіндер физиологиясы бойыншы тест сұрақтары
- •2. Орталық және вегетативтік жүйке жүйесі физиологиясы
- •2.1. Тақырып: Орталық жүйке жүйесінің рефлекстік қызметі. Жұлын рефлекстері. Рефлекс уақыты
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •Ақпараттық-дидактикалық жиынтық.
- •2.2. Тақырып: Жүйке орталықтары, олардың физиологиялық қасиеттері. Ожж-дегі тежелу. Ожж-нің рефлекстерді үйлестіру (координациялау) қызметі.
- •III.Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық-дидактикалық жиынтық.
- •Бір ізді жинақы қозу Кеңістіктік жинақы қозу
- •I. 2.3. Тақырып: Вегетативтік жүйке жүйесі. Ми бағанасының тонустық рефлекстері.
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •Ақпараттық-дидактикалық жиынтық.
- •2.4. Мәселелік тапсырмалар:
- •11. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің 1-нейрондарының орналасқан жерлері:
- •12. Ахилл рефлексінің жұлындағы орталығы
- •13. Рефлекс доғасы звеносы мен қызметі арасындағы сәйкестілік
- •14. Тізе рефлексінің жұлындағы орталығы
- •15. Рефлекстің орталық уақыты дегеніміз -
- •3. Ішкі сөлініс бездер физиологиясы
- •III. Сабақтың мақсаты: Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •Ақпараттық дидактикалық жиынтық:
- •Сабақтың мазмұны
- •3.2. "Ісб физиологиясы" тақырыбы бойынша мәселелік тапсырмалар
- •4. Қосымша
- •Арқылы қозудың таралу механизмі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Ағылшын тілінде:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Қозғыш тіндер физиологиясы................................................ .........3
Жұмыс №2. Жүйке талшықтарының қажымауы.
Жүйке талшықтарына қажымау қабілеті тән. Себебі, жүйкеде зат алмасу қарқыны өте төмен және қайта синтездеу (ресинтез) өте жоғары деңгейде жүреді. Сонымен қатар қуатты өте аз пайдаланады.
Жұмыс жасауға қажет. Бақа, миограф, электростимулятор, тәжірибені жасауға қажетті құрал-саймандар, мұз, физиологиялық ерітінді.
Жұмысты орындау. Даярланған жүйке-ет препараттын миографқа бекітіп (немесе операциялық тақтайша), жүйкеге жалғасқан омыртқа бөлігін тығын үстіне орналастырады. Қозу табалдырығын тауып, тоқ күшін жоғарлатады. Электрод пен бұлшықет арасындағы жүйке талшығына мұз қояды. 2-3 минуттан кейін салқындатылған аймақта (мұз қойған жерде) жүйке талшығының физиологиялық тұтастығы бұзылады, яғни «суық блок пайда болады. Жүйкені жиілігі 1 Гц-ке тең тоқ күшімен 8-10 минут бойы үздіксіз тітіркендіреді. Сонан кейін мұзды алып тастайды, бірақ электродтарға тимей жүйкеде қалдырады. Біраз уақыттан кейін бұлшықет қайтадан жиырыла бастайды. Бұл жүйке талшығының қажымайтындығын көрсетеді.
Жұмыс №3. Парабиоз.
Егер жүйкеге қандайда бір химиялық тітіркендіргіш (эфир, хлороформ, кокаин, кейбір тұз ерітінділері және т.б.) ұзақ әсер етсе, онда оның лабилдігі төмендейді. Яғни жүйкенің тітіркендіру аймағында әрекеттік қозғалғыштығы төмендеп, «парабиоз құбылысы туады. Бұл қозғыш ұлпаның өмір мен өлім арасындағы (немесе шалажансар) жағдайы. Парабиоз құбылысын Н.Е. Введенский зерттеп, тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Парабиоз құбылысының дамуы бірнеше кезеңімен сипатталады. Бұл тітіркендіру жиілігі мен күші және оған беретін жауап реакциясы арасындағы қалыпты жағдайының өзгерісі (14-сурет).
14-сурет. Парабиоз, оның кезеңдері.
Бірінші (I)– теңестіру кезеңі. Бұл кезеңде тітіркендіргіштің төменгі, орташа және жоғары жиілігі мен күшіне бұлшықет бірдей жиырылып жауап береді.
Екінші (II) – парадоксальды кезеңі. Бұл кезең - жүйкеге әлсіз тітіркендіргіш әсер етсе бұлшықет жоғары, ал күшті тітіркендіргішке төмен жиырылып жауап береуімен сипатталады.
Үшінші (III) – тежелу кезеңі. Бұл кезеңде бұлшықет ешқандай тітіркендіргіш күшіне жауап қайтармайды.
Қазақ ғалымы Атчабаров Б.А. және оның шәкірттері жүйке талшығындағы парабиоз үрдісінің даму себебі мен механизмін зерттеді. Олар, парабиоз жағдайында Nа-насосының қызметі тікелей бұзылмайтынын, бірақ энергия (АТФ – мөлшерінің) тапшылығынан жүйке талшығы қызметінің тежелетінін анықтады. Сонымен қатар АТФ жүйке талшығының қозғыштық және өткізгіштік қызметін қайта қалпына келтіріп, парабиоз үрдісінің дамуына жол бермейтінін тәжірибе жүзінде дәлелдеді.
Сондықтан, толық парабиоз кезінде, әсер еткен жерде жергілікті және тарамайтын ерекше қозу жағдайы (немесе стационарлық қозу) пайда болады.
Жұмыс жасауға қажет. Бақа, миограф, кимограф, стимулятор, электродтар, штатив, мақта, тәжірибені жасауға қажетті құрал-саймандар, физиологиялық ерітінді, дәкелік салфетка, кокаин (немесе эзерин, КСІ).
Жұмысты орындау. Жүйке-бұлшықет препаратын даярлап, оны миографқа бекітеді. Жүйкені стимуляторға қосылған электродпен тітіркендіріп, қозу табалдырығын анықтайды. Сонан кейін жүйкеге ырғақты тоқтың үдемелі жиілігімен әсер ете отырып, айналып тұрған кимограф барабанына бұлшықеттің биіктігі әр түрлі үш сіреспе жиырылуын жазып алады. Бұлшықеттің сіреспе жиырылуының биіктігі тітіркендіру жиілігіне тікелей тәуелділігі, яғни «күш заңың» байқалады. Содан кейін, электрод пен бұлшықет арасындағы жүйкенің үстіне кокаин, эзерин немесе КСІ ерітіндісімен дымқылданған мақтаны қояды. Жүйкені қайтадан тоқтың сол жиілік тітіркендіргішімен әсер етсе, парабиоздың әрбір кезеңдерінің дамуы байқалады. Толық парабиоз кезеңі пайда болысымен жүйкеден дымқылданған мақтаны алып тастап, оны физиологиялық ерітіндімен шайады. Жүйкені жиілігі әр түрлі тоқпен тітіркендірсе, парабиоз кезеңдерінің кері дамуы байқалады. Яғни жүйке қозғыштығы қалыпты жағдайға келеді.
