Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhalpy_fiziologiasy.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

Парабиоз. Синапстардың физиологиялық қасиеттері.

ІІ. Тақырыптың маңыздылығы: Жүйке талшықтарының ерекше құрылысы мен оның бойымен қозудың өту заңдарын білу, дәрігерге тірек-қимыл аппарат патологиясында ғана емес, сонымен қатар жүйке жүйесінің ауруларының патогенезін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Жүйке талшығының физиологиялық қасиетін білу, жүйке жүйесімен қозудың өтуін реттеуде және жансыздандыру үшін фармакологиялық препараттарды хирургияда, гинекологияда, стоматологияда және т.б. салаларда қолдануға мүмкіндік береді. Бала емдеу студенттеріне жүйке талшықтарының онтогенез кезеңінде миелиндену уақыты мен кезеңдерін білу керек, өйткені бұл үрдіс балалардың қозғалыс әрекетінің қалыптасуының негізін құрайды.

ІІІ. Сабақтың мақсаты.

Студенттер білуі тиіс:

• Жүйке талшықтарының құрылысы мен түрлері.

• Жүйке бағаны бойымен қозудың өту заңдары мен механизмі.

• Жүйке талшықтарының жіктелуі және олар арқылы қозудің өту

ерекшеліктері.

• Парабиоз құбылысы (Н.В. Введенский), оның механизмі мен маңызы.

Студенттер білу қажет:

• Жүйке талшығы бойымен қозудың жеке өтуін тәжірибе жүзінде дәлелдеу.

• Жүйке талшығының қажымауын бақылау.

• Жүйке талшығындағы парабиоз кезеңдерінің дамуын бақылау.

Vі. Студенттердің өзіндігінен дайындалуға арналған сұрақтары:

  1. Жүйке талшықтарының құрылысы мен қызметі. Миелинді және миелинсіз жүйке талшығының құрылысы.

  2. Қозуды өткізудегі жүйке талшығының плазмалық мембранасы мен қабығының маңызы.

  3. Жүйке бойымен қозудың өрістеу заңдары.

  4. Миелинді және миелинсіз жүйке талшықтары арқылы қозудың таралу ерекшеліктері.

  5. Жүйке талшықтарының жіктелуі (А, С, В типтері).

  6. Жүйке талшықтарының қажымауы немен түсіндіруге болады.

  7. Парабиоз құбылысы (Н.П. Введенский).

  8. Парабиоз кезеңдерінің сипаттамасы (қисық сызығын салып, тітіркендіру жиілігін белгілеу керек).

  9. Н.Е. Введенский ілімінің парабиоз құбылысын зерттеудегі маңызы.

  10. Лабилдік туралы түсінік, оның парабиоз кезеңіндегі өзгерісі.

  11. Синапстардың құрылысы, жіктелуі мен функционалдық қасиеттері.

  12. Қозудың синапс арқылы өту механизмі. Синапс арқылы қозуды өткізетін медиаторлардың (дәнекерші заттар) сипаттамасы. Олардың түзілуі, сөлінісі және әсерлері.

  13. Ерте онтогенездегі қозғалтқыш мотонейрон бірлігінің сипаттамасы.

V. Ақпараттық дидактикалық бірлестік. Зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістері мен аннотациясы. Жұмыс №1. Жүйке талшығы бойымен қозудың жеке өтуі.

Әрбір жүйке талшығы қозуды қатар жатқан жүйке талшығына өткізбей өз бойымен жеке өткізеді. Себебі, жасуша аралық саңылаудағы сұйықтықтың кедергісі жүйке талшығы мембранасына қарағанда төмен.

Жұмыс жасауға қажет. Бақа, электростимулятор, тәжірибені жасауға қажетті құрал-саймандар, жіптер, физиологиялық ерітінді.

Жұмысты орындау. Қимылсызданған бақаның кеуде омыртқасының төменгі аймағынан көлденең кесіп, оны ішкі мүшелермен бірге алып тастайды да, артқы аяқтары терісін сыдырып алады. Дайын болған препаратты, жұлыннан шыққан жүйке бағаны көрінетіндей етіп, операция столына орналастырады (13-сурет). Шонданай жүйке талшықтары астына жеке-жеке жіп өткізіп, оны байламай бос күйінде қалдырады. Сонан соң әрбір жіпті бөлек тартып жүйке талшығын көтереді де, оны кезек-кезек әлсіз тоқпен тітіркендіреді. Өз кезегі, қозу бір жүйке талшығынан басқа жүйке талшығына тарамай белгілі бір бұлшықет топтарын жиырылтады.

13-сурет. Қозудың жүйке талшығы бойымен жеке

өтуінің схемасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]