- •Жалпы физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу - құралы Алматы, 2013 ж.
- •1. Қозғыш тіндер физиологиясы і. 1.1. Тақырып: Қозғыштық. Қозғыштықтың көрсеткіштері. Қозғыш тіндердің биоэлектрлік құбылыстары.
- •VI. Студенттердің өзіндігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестік.
- •Жұмыс №1. Бақаны қимылсыздандыру тәсілі.
- •Жұмыс №2. Жүйке-ет препаратын даярлау тәсілі.
- •4.2. Гальванидің екінші тәжірибесі (металсыз жиырылу).
- •Жұмыс №3. Қозу табалдырығын тура және жанама тітіркендіру арқылы анықтау әдісі.
- •Жұмыс № 4. Қозатын тіндердегі биоэлектрлік құбылыстар.
- •4.1. Гальванидің бірінші тәжірибесі.
- •Жұмыс № 5. "Екінші тетанус" тәжірибесі (Маттеучидің тәжірибесі).
- •Жұмыс № 6. Электромиография.
- •Жұмыс № 7. Жақ еттерінің биологиялық потенциалдарын жазып алу.
- •Жұмыс № 8. Хронаксиметрия.
- •VI. Студенттердің өзіндігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестік. Зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістері мен аннотациясы.
- •Балалар қозғалтқыш аппаратының жас ерекшелігі
- •Парабиоз. Синапстардың физиологиялық қасиеттері.
- •Vі. Студенттердің өзіндігінен дайындалуға арналған сұрақтары:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестік. Зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістері мен аннотациясы. Жұмыс №1. Жүйке талшығы бойымен қозудың жеке өтуі.
- •Жұмыс №2. Жүйке талшықтарының қажымауы.
- •Жұмыс №3. Парабиоз.
- •Жұмыс №4. Қозудың жүйке талшығы бойымен екі бағытта тарауы.
- •Жұмыс №5. Жүйкенің тұтастығы туралы заң.
- •Жұмыс №6. Жүйке-бұлшықет түйіспесіндегі қозу өтуінің бұзылуы.
- •Ерте онтогенездегі қозғалтқыш нейромотор бірлігінің сипаттамасы.
- •1.4. Қозғыш ұлпалар физиологиясына арналған ситуациялық есептер
- •Қозғыш тіндер физиологиясы бойыншы тест сұрақтары
- •2. Орталық және вегетативтік жүйке жүйесі физиологиясы
- •2.1. Тақырып: Орталық жүйке жүйесінің рефлекстік қызметі. Жұлын рефлекстері. Рефлекс уақыты
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •Ақпараттық-дидактикалық жиынтық.
- •2.2. Тақырып: Жүйке орталықтары, олардың физиологиялық қасиеттері. Ожж-дегі тежелу. Ожж-нің рефлекстерді үйлестіру (координациялау) қызметі.
- •III.Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық-дидактикалық жиынтық.
- •Бір ізді жинақы қозу Кеңістіктік жинақы қозу
- •I. 2.3. Тақырып: Вегетативтік жүйке жүйесі. Ми бағанасының тонустық рефлекстері.
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •Ақпараттық-дидактикалық жиынтық.
- •2.4. Мәселелік тапсырмалар:
- •11. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің 1-нейрондарының орналасқан жерлері:
- •12. Ахилл рефлексінің жұлындағы орталығы
- •13. Рефлекс доғасы звеносы мен қызметі арасындағы сәйкестілік
- •14. Тізе рефлексінің жұлындағы орталығы
- •15. Рефлекстің орталық уақыты дегеніміз -
- •3. Ішкі сөлініс бездер физиологиясы
- •III. Сабақтың мақсаты: Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •Ақпараттық дидактикалық жиынтық:
- •Сабақтың мазмұны
- •3.2. "Ісб физиологиясы" тақырыбы бойынша мәселелік тапсырмалар
- •4. Қосымша
- •Арқылы қозудың таралу механизмі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Ағылшын тілінде:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Қозғыш тіндер физиологиясы................................................ .........3
2.4. Мәселелік тапсырмалар:
Рефлекс уақыты неліктен аралық нейронға байланысты?
Жүйке жасушасын бір мезгілде бірнеше аксон арқылы табалдырықтан төмен күшпен тітіркендірсе, ол қоза ма? Қозса, бұл неліктен?
Физиологиялық қызметтердің жүйке арқылы реттелуінің, гуморальдық реттелуден қандай артықшылығы бар?
Нейрондар жиі-жиі тітіркендіріліп, осы кезде ацетилхолин толық жойылмай постсинапстық мембранада көбейе түссе, жүйке орталығында қандай өзгерістер `` ``туады?
Стрихнин енгізілген бақа денесін тітіркендірсе, оның еті тырысып жиырылады. Оның себебі неді?
Перфузиялық сұйықтыққа холинэстераза мен моноаминоксидаза ферменттерін қосса, жүйке-ет препаратының жиырылуы қалайша өзгереді?
Бұдан екі ай бұрын мишығы кесіп алынып тасталған иттің қимыл-әрекетінде қандай өзерістер туады?
Жануардың ми бағанасындағы торлы құрылымы зақымдалған. Осыған орай М.И.Сеченов тежелуі байқала ма?
Жүйке жүйесінің жұмысы неге негізделген? Схемасын сызыңыз
10. Ми бағанасындағы көпір мен ортаңғы ми арасынан кесілсе , бұлшық тонусында қандай өзгерістер болады? Бұл өзгеріс қалай аталады?
Тест сұрақтары
1. Шынтақ рефлексінің жұлындағы орталығы
ІІ-ІІІ мойын сегменттері
ІV-V мойын сегменттері
ІІІ-ІV мойын сегменттері
І-ІІ кеуде сегменттері
III-IV бел сегменттері
2. Рефлекс түрлері мен олардың рецепторларының орналасуы арасындағы сәйкестілік
А. Экстероцептивтік
Б. Интероцептивтік
В. Проприрецептивтік
1. Рецепторлардың ішкі ағзада, ұлпаларда және тамырларда орналасуы
2. Рецепторлардың буында және жалғамаларда орналасуы
3. Рецепторлардың теріде, көзде және ауыз қуысының кілегейлі қабатында орналасуы
1. А-3 Б-1 В-2 2. А-1 Б-2 В-3 3. А-2 Б-3 В-1 4.А-3 Б-2 В-1 5.А-1 Б-3 В-2
3. Рефлекс уақыты дегеніміз -
1. Рецепторларды тітіркендіргеннен басталып, жауап аяқталғанға дейінгі уақыт
2. Рецепторларды тітіркендіргеннен басталып, жауап бергенге дейінгі уақыт
3. Қозудың афференттік талшықтардан өту уақыт
4. Қозудың эфференттік талшықты өту уақыты
5. Қозудың орталықтан өтетін уақыты
4. Жұлын нейрондарының түрлерімен олардың орналасуы арасындағы сәйкестілік
А. Сезімтал нейрон 1. Жұлынның артқы мүйізі
Б. Аралық нейрон 2. Жұлынның алдыңғы мүйізі
В. Қозғалтқыш нейрон 3. Жұлын түйінінде
1. А-1 Б-2 В-3 2.А-2 Б-3 В-1 3. А-3 Б-1 В-2 4.А-1 Б-3 В-2 5. А-3 Б-2 В-1
5. Үш нейронды сомалық рефлекс доғасы құрамына жатпайды:
1. Рецептор
2. Сезімтал нейрон
3. Аралық нейрон
4. Постганглионалдық жүйке талшығы
5. Қозғалтқыш нейрон
6. И.М.Сеченовтың орталықтағы тежелу тәжірибесінде:
1. Ас тұзы кристалын жұлын тілігіне қойғанда рефлекс уақыты ұзарады
2. Ас тұзы кристалын көру төмпешігінің тілігіне қойғанда рефлекс уақыты ұзарады
3. Ас тұзы кристалын көру төмпешігінің тілігіне қойғанда рефлекс уақыты қысқарады
4. Ас тұзы кристалын көру төмпешігінің тілігіне қойғанда рефлекс уақыты өзгермейді
5. Ас тұзы кристалын жұлын тілігіне қойғанда рефлекс уақыты қысқарады
7. Қозудан кейінгі тежелу мынаған байланысты:
1. Жасуша мембранасының ұзақ іздік деполяризациясы
2. Жасуша мембранасының ұзақ іздік реполяризациясы
3. Жасуша мембранасының ұзақ іздік гиперполяризациясы
4. Жергілікті жауапқа
5. Баяу реполяризацияға
8. Негізгі үйлестіру қызметінің үрдістері мен олардың сипаттамасы арасындағы сәйкестілік:
А. Иррадиация 1. Бір орталықтағы қозудың үстемділігі
Б. Концентрация 2. ОЖЖ-де қозудың жайылуы
В. Индукция 3. Қозу мен тежелудің бір орталыққа жиналуы
Г. Доминанттық қозу 4. Бір-біріне қарама-қарсы үрдістің пайда болуы
9. Дивергенция дегеніміз-
1. Серпіністердің бір нейронға жиналуы
2. ОЖЖ-де серпіністердің бір нейроннан таралуы
3. Қозудың ми қыртысында таралуы
4. Тітіркеністен кейінгі әрекет
5. Серпіністердің бір орталыққа бітеліп қалуы
10.ОЖЖ-нің үйлестіру қызметінің қағидалары мен олардың қызметі
арасындағы сәйкестілік:
А. Иррадиация
Б. Реципроктық тежелу
1. Жүйке орталығында пайда болған бір үрдістің, басқа орталыққа жайылуы
2. Бір орталықтың қозуы, екінші орталықтың тежелуін тудырады
