Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhalpy_fiziologiasy.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

Ерте онтогенездегі қозғалтқыш нейромотор бірлігінің сипаттамасы.

Қаңқа бұлшықеті мезодермадан дамиды. Ал бір бөлігі эмбриональдық дамудың 3-ші аптасында сомиттерге бөлінеді. Сомиттің жоғарғы бөлігінде миотомдар түзіледі. Олар көлденең жолақты бұлшықеттердің негізін құрайды. Миотомдар миобластардан тұрады. Ұрықтың 5-ші аптасынан бастап, белоктар синтезделеді: миозин, актин, тропонин, тропомиозин. Белоктардан жиырылғыш жіпшелер – миофиламенттер түзіледі. Сонымен қатар белоктардың холинорецепторлар синтезі басталады.

10-15 апта аралығында миобластардан көп ядролы миотүтікшелер түзіледі. Кейінірек 20-шы аптада миотүтікшелер бұлшықет талшықтарына (миондарға) айналады. Миофибрилдер ішкі кеңестікті толтырып, ядроны сарколемма астына ығыстырады. Синапстық байланыс түзіледі. Миотүтікше кезеңінде (5-10 апта) бұлшықеттердің жиырылу қабілеті пайда болады. Өз кезегі, бұлшықеттердің ерте кезеңде жиырылу қабілетінің пайда болуы, буындар дамуы мен аяқ-қол өсуінің реттелуін қамтамасыз етеді. Жүйке-ет синапсының қалыптасуы, бұлшықет жиырылу күші мен дамуын реттейді. Сонымен қатар, бұлшықеттің өсуін аксон мен мотонейрон денесінен келетін заттар мен жүйке серпінісі реттейді. Қозғалтқыш моторлы бірліктің әрекеттік ажыратуының тез және баяу қалыптасуы, бұлшықетті иннервациялайтын мотонейрондардың жетілуіне байланысты. Егер жүйкені кессе, онда миотүтікшелердің түзілуі және бұлшықеттердің тез және баяу ажыратылуы тоқтайды. Жаңа туған жануарлардың баяу бұлшық етінің шеткі жүйкесін кесіп, оған тез бұлшықеттің орталықтан келетін жүйкесін тіксе, онда баяу бұлшықет тез бұлшықетке айналады.

Сөйтіп, қозғалтқыш нейромотор бірлігінің қалыптасуы ұрықтық дамудың 20 аптасының миотүтіктер кезеңінде басталып, бұлшықеттің жиырылуы жүзеге асады. Тез және баяу бұлшықеттердің құрылымдық ерекшелігі алғашқыда пайда болады, ал әрекеттік ажыратылуы мотонейрондардың дамуына тәуелді болады.

1.4. Қозғыш ұлпалар физиологиясына арналған ситуациялық есептер

1. Егер Nа+ иондарының жасуша ішіне өтуі көбейіп, ал К+ иондарына өтімділігі өзгермесе, мембраналық потенциал қалай өзгереді ?

2. Nа+ каналдарының активтілігі жойылса( инактивация), мембраналық потенциал қалай өзгереді?

3. Егер Nа+-К+ байланысты АҮФ-ның қызметін токтатса, мембраналық потенциал қалай өзгереді ?

4. Миастения деп аталатын адамның жүйке жүйесі ауруларының бірінде жүйке-ет синапсына берілетін әрбір жүйке серпінісі аз мөлшерде ацетилхолин бөледі. Осы құбылыс нәтижесінде жүйке-ет берілуінің қандай заңдылықтары бұзылған?

5. Мембрананың гиперполяризациясында деполяризацияның аумалы шегі өз деңгейінде қалса, тіннің қозғыштығы қалай өзгереді ?

6. Келесі көрсеткіштер бойынша Гоорвег –Вейс кисық сызығын салыңыз: 1 вольт-жауап жоқ; 1,5 вольт-80 мс; 2,5 вольт-25 мс; 3 вольт-10 мс; 3,5 вольт -9 мс; 4 вольт -9мс. Осы тіннің хронаксиясын табыңыз.

7. Тітіркендіргіш күші қозу табалдырығына жақын болған кезде, жауап қандай болады ?

8. Жүйке талшығы ішіндегі К+ ионының мөлшерін 30% төмендетсе , МП-дың деңгейі өзгере ме?

9. Екі еттің қозу табалдырығы 0,6 және 1,2 волтке тең болса, қай еттің қозғыштығы жоғары.

10. Егер жүйке-ет препаратын жанама және тура тітіркендіргенде қозу табалдырығы 0,5 пен 0,8-ге тең болғандағы сәйкестілікті көрсет.

11. Жүйке, ет және синапстың лабилдігін салыстырыңыз. Қайсысының лабилдігі жоғары немесе төмен?

12. Зертханаға екі зерттеу тәсілі меңгеріліп және жетілдіріліп енгізілген: электромиография және миография. Бұлшықеттің жиырылу белсенділігін тіркеу үшін осы әдістердің қайсысы қолданылады?

13. Жүйке-ет препаратында 150 Гц жиілігі пессимумды тудырса, қандай жиілік оптимум тудырады?

14. Жүйке-ет препаратының жүйкесін тітіркендіргенде, бұлшықет қажиды. Егерде осы уақытта бұлшықетті тікелей тітіркендіргенде не болар еді?

15. Жүйке тітіркендіргіш электродтарының арасында байланған. Тоқпен әсер еткенде жүйке-ет препаратының бұлшықеті тек тұйықталған сәтінде ғана қысқарған. Қандай электрод бұлшықетке жақын орналасқан?

16. Тұссыз ортаға орналасқан жүйке талшығы қандай күшпен тітіркендірсе де қозбайды. Себебін түсіндіріңіз.

17. Жүйкені үзбей, оның физиологиялық тұтастығын қалай бұзуға болады?

18. Қанда Nа+ иондары көбейді. Қозғыш тіндердің қозғыштығы қалай өзгереді?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]