Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аралык баклау.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
170 Кб
Скачать
☆
  1. Ауыз қуысының жеке гигиенасы;

  2. Ауыз қуысының дәрігерлік гигиенасы.

Тіс пен ауыз қуысы ауруларын алдын алуда ең қолайлы, қарапайым және тиімді болып ауыз қуысының жеке гигиенасы саналады.

Ол өз ішіне төмендегілерді қамтиды:

  1. әр дайым жылына кемінде 2 рет стоматолог–гигиенист қабылдауына бару;

  2. күніне 2 рет тіс мәсуегі мен сықпа жәрдемінде мұқият тазалау;

  3. әр бір тамақ қабылдауынан кейін ауыз қуысын тазалау;

  4. тіс аралықтарын тазалап тұру;

  5. тамақ құрамын реттеу;

  6. жағымсыз әдеттерден өзін тыйу.

Ауыз қуысының жеке гигиенасы бұл - әр дайым арнайы гигиеналық құрал–жабдықтармен ауыз қуысын, тістер, қызыл иекті тамақ қалдықтарына және жұмсақ кірлерден тазалауға айтылады.

Ауыз қуысының жеке гигиена құрал-жабдықтарына тіс мәсуегі, тіс сықпалары, тіс шұқығыштар, флостар, ауыз шайғыштар, тіс ұнтағы және т.б. жатады.

Тіс мәсуегі – ауыз қуысына күтім жасауды тіс мәсуегін таңдаудан басталады. Олар қолмен жұмыс істейтін және автоматталған (электрлік, дыбыспен, ультрадыбыспен) болады.

Қолмен тазалайтын мәсуектер – қозғалысқа адам қолмен келтіреді. Ал электрлік мәсуектерде электрлік мотор арқылы тербетуші қозғалыстар жасайды.

Тіс мәсуектерінің жіктелуі:

  • талшықтардың түріне қарай;

  • талшықтардың қаттылығына қарай;

  • талшықтардың қатар санына қарай;

  • жұмысшы бөлігінің мөлшеріне қарай;

  • тағайындалуына қарай;

  • талшықтардың қысқа–ұзындығына қарай.

Соңғы кездерде көпшілік синтетикалық талшықтардан жасалған (нейлон, нерлон, дерлон, полиуретан т.б.) және табиғи талшықтардан жасалған мәсуектердің артықшылықтарына қарай оны таңдап отыр.

Синтетикалық тіс мәсуектерінің әр бір талшығына микро кеуекшеге ұқсаған полимерлі жамылғы жағылған болып, ол тістерді тазалау кезінде тек ұшы емес, сонымен бірге бүйір беткейлері де тазалайды.

Синтетикалық тіс мәсуектерінің жақсы жақтары:

  1. қалаған қалыңдық, ұзындық және қаттылықтағы талшықтар жасай алуда;

  2. кем жарақаттап, жақсы тазалайды. Талшықтардың ұшы жұмыр, тегістелген;

  3. талшықтардың микробиологиялық тазалығы және зарарсыздандыру мүмкіндігі.

Синтетикалық заттарға аллергиясы бар адамдарға арнайы табиғи өнімдерден мәсуек жасалады. Синтетикалық талшықтан жасалған мәсуектерді тісте патологиялық өзгерістер болған кезде қолданбайды. Мәсуек тұтқадан және жұмысшы бөліктен тұрады. Жұмысшы бөлікке талшықтар топ–тобымен және қатарымен орналастырылады. Мәсуек әр түрлі етіп жасалып жатыр. Мәсуектің қолданудың тиімділігі талшықтар алаңына байланысты. Мәсуектердің қаттылығына қарай төмендегі түрлерге ажыратамыз:

  1. өте жұмсақ (сенсетив);

  2. жұмсақ (софт);

  3. орташа қатты (медиум);

  4. қатты (хард);

  5. өте қатты (экстра хард).

Бір жасқа дейінгі балаларға арналған мәсуектер талшықсыз арнайы жұмсақ поролонды негізде болады. Оны қайнатылған суға салып, ауыз қуысын тазалайды.

Жұмсақ мәсуектер жас балаларға және пародонтозбен сырқаттанған, ауыз қуысы шырышты қабығы ауруларында, тіс жегі емес ауруларда науқастарға тағайындалады. Бірақ әр дайым жұмсақ мәсуектерден пайдаланғанда пигменттелген дақтар мен тіс кірлерінің пайда болуына алып келеді.

Қатты және өте қатты мәсуектер ересектерге, пародонт ауруларымен ауырмаған және тіс кірлері тез пайда болатын адамдарға тағайындалады. Сонымен бірге тіс протездерін тазалауда да қолданады.

Тістердің және пародонттың қалыпты жағдайында орта қаттылықтағы мәсуектер қолданады.

Соңғы кездерде түрлі қаттылықтағы мәсуектер шығарылуда. Талшықтар қаттылығына қарай түрлі түсті болады. Ортасына әдетте қатты талшықтарды орналастырады.

Сонымен бірге жас балаларға, өспірімдер мен ересектерге арналған мәсуекте болады:

  1. үлкендерге арналған мәсуектің жұмысшы басының мөлшері, ұзындығы 23–30 мм, ені 7,5–11мм;

  2. балаларға ұзындығы 18–25мм, ені 7–9мм.

Талшықтардың орналасу қатарына қарай:

  • төрт қатарлы болады;

  • үш қатарлы болады;

  • көп шоғырлы болады;

  • аз шоғырлы болады.

Шоғырлардың ара қашықтықтары 2,2–2,5 мм, бір шоғырда 20–40 талшық болады. Шоғырлар параллелді не бұрыш астында орналасады. Мәсуек басы 3 тісті жауатын болу керек.

Қосымша тазалау шараларын жасайтын тіс мәсуектері.

Бұл мәсуектерді тістем аномалияларында, пародонтозда, пародонтитте және ауыз қуысында ортодонтиялық не ортопедиялық конструкциялар болғанда қолданылады.

Оларға төмендегі тіс мәсуектері жатады:

  1. ұзына бойы мәсуек алаңы V – тәрізді майысқан ортопедиялық тіс мәсуектері;

  2. ауыз қуысында ортопедиялық аппараттар болғанда тазалауға арналған көп шоғырлы, тегіс не үшкірленген алаңды мәсуектер;

  3. аз шоғырда небәрі 7 шоғыры бар алаңды айнала 6 және ортада 1 шоғыры бар мәсуектер. Олар тістер тығыз орналасқанда не имплантаттар болғанда қолданылады;

  4. екі қатарлы «сулькус» типті, жіңішке басты мәсуектер. Оларды қызыл иек жүлгесін және сызаттарын, тығыз орналасқан тістер мен алынбайтын протез болғанда қолданады;

  5. сына тәрізді ақау және тісте патологиялық жейілушендік болғанда өте жұмсақ тіс мәсуектері кең қолданылады;

  6. протездерді тазалауда қолданатын тазалау алаңы 2-ге бөлінген, бір жағы кең иректелген сыртқы беткейлі, екіншісі жартылай шар тәрізді дөңес алаңды, протездің ішкі беткейін тазалауға арналған мәсуек;

  7. оңға не солға бұрылыс жасайтын бұрышты тіс мәсуектері. Ол оң қолмен және сол қолмен жұмыс істейтін адамдарға арналған мәсуектер.

Электрлік тіс мәсуектері – электр моторлы мәсуек болып, ол секундына 45–48 тербету жасайды, топтамада түрлі түсті 4 мәсуек болады. Ол арқылы тек тісті тазалау ғана емес, сонымен бірге қызыл иекті ұқалайды. Микромотор мәсуектің сабында орналасқан болып, минутына 3000–4000 айналады. Бұл мәсуектерді мүгедектерге, жас балаларға және кейбір жағдайларда пародонт ауруларымен ауырған науқастарға тағайындалады.

Электрлік мәсуектерді қолдану ережесі:

  1. әр бір тістің тұсында мәсуекті бір неше секунд ұстап тұрып, кейін басқа тіске өтеміз;

  2. қызыл иекті де алдын кіреберіс кейін ішкі беткейін тазалаймыз;

  3. электрлік мәсуекті қолдану кезінде оны қатты баспау керек;

  4. тісті тазалау кезінде мәсуекпен ысқалау керек емес.

Ультрадыбысты тіс мәсуектері – оның сабында модуль болып, талшықтарға сигнал береді. Мұндай мәсуектерде 2 сигнализаторлар бар. Бірі тіс тазалау аяқталғандығы жайлы, ал екіншісі мәсуектің тіске қатты басып тұрғанынан белгі береді. Дыбыс диапозоны арқылы тіс кірлері тазаланады және бактерияларды жояды. Олар қызыл иектің қанағыштығын азайтады, қабынуды басады, тіс кірлерін алып тастайды.

Мұндай мәсуектерді ауыз қуысында ортопедиялық аппараттары бар, имплантаттар мен пародонт ауруларына шалынған науқастарға тағайындалады.

Тіс сықпалары – ауыз қуысының жеке гигиенасын сақтауда қолданатын ең негізгі жабдықтардың бірі болып саналады. Тіс ұнтақтары қолданудан шығып қалған. Себебі олар микрофлоралармен ластанған болуы мүмкін, сықпаларға қарағанда кіреукені көбірек қырып тастайды, емдік қасиеті жоқ.

Тіс сықпаларына қойылатын талаптар:

  1. сықпалардың құрамында фтор компоненттері болуы керек;

  2. сықпаларда табиғи қант болмауы керек;

  3. сықпалардың жақсы тазалайтын қасиеті болуы керек;

  4. сықпалардың құрамында микробтарға қарсы триклозан болуы керек;

  5. сықпалар жақсы көбіктенуі қажет;

  6. сықпалар ауыз қуысының иісін жаңалату қажет.

Тіс сықпаларын таңдау кезінде тістер мен шырышты қабықтың жағдайына көңіл бөлу керек. Әр түрлі сықпаларды бірге араластырып қолданған мақсатқа сай болады.

Сықпаларды 2ге бөлеміз;

  • тазалайтын (гигиеналық);

  • емдік – алдын алушы.

Гигиеналық тіс сықпалары – тек тазалайтын және ауыз қуысының иісін жаңалайтын әсері болады. Мұндай сықпалардың дәмі тәтті, исі, антисептикалық әсері болып, ауыз қуысы және тістердің аурулары болмағанда қолданамыз.

Тазалайтын тіс сықпаларының құрамында тістің барлық беткейлерін, тіс аралықтарын тазалайтын майда бөлшектері (микрочастица) болып, тісті оңай, кіреукені жарақаттамай жылтыратады.

Оларға төмендегі тіс сықпалары жатады:

«Семейная», «Апельсиновая», «Санино», «Дентикс», «Свежее дыхание», «Vitadent fresh», «Omnodent new» т.б.

Емдік – алдын алушы сықпалар.

Құрамында биологиялық белсенді заттар, яғни дәрумендер, сығындылар (экстрат), дәрілік тұнбалар, микроэлементтер, тұздар, ферменттері болады.

Олар төмендегі топтарға бөлінеді:

  1. құрамында өсімдік препараттары бар қабынуға қарсы тіс сықпалары;

  2. құрамында тұз қоспалары бар тіс сықпалары;

  3. құрамында ферменттері бар, жоғары тазалау қасиетіне ие болған тіс сықпалары;

  4. құрамында түрлі биологиялық белсенді қоспалары бар тіс сықпалары;

  5. құрамында минералды қоспалары мен фторы бар, тіс жегіге қарсы қолданатын сықпалар;

  6. тісті ағартатын тіс сықпалары;

1 Қабынуға қарсы тіс сықпаларына төмендегілер жатады:

«Кедровый бальзам», «Лесная», «Пародонтал», «Лесной доктор», «Для всей семьи», «Colgate Herbal», «Welda children», «Premier», «Дентофарм», «Эрилекс».

2 Тұз қоспалары бар тіс сықпаларына – «Бальзам», «Юбилейная», «Поморин», «Pomorie Active», «Зубная паста на грязевой основе». Олар тіс кірлерін ерітіп, тістерді тазалап, қабынуға қарсы әсер етеді, қызыл иектің қанағыштығын азайтады, тіндердің регенерациясын күшейтеді, ауыз қуысының исін жоғалтады.

3 Жоғары тазалағыш қасиеті бар тіс сықпалары – «Бело розовая», «Чародейка» т.б. Оларды пародонт және АҚШҚ ауруларын емдеуде қолданады.

4 Биологиялық белсенді қоспалары бар тіс сықпалары – «Прополисовая», «Бороглицериновая», саңырауқұлақтарға қарсы, жансыздандырушы, жараны жазушы, қарапайымдарға қарсы қолданады.

5 Тіс жегіге қарсы тіс сықпалары – тіс жегінің алдын алады. Құрамында натрий фтор, қорғасынды фтор, фторлы цирконии және т.б. элементтер бар. Оларға: «Фтородент», «Colgate», «Lakalut flour», «Каримед с фтором», «Новый жемчуг», «Plidenta sensitive», «Blend – a – Med Pro Mineral Action» т.б. жатады.

6 Тісті ағартатын тіс сықпалары - құрамында көптеп қырғыш заттар болып, қолдану уақытын дәрігер – стоматолог анықтайды. Оларға «Новый фтордет- F», «Colgate», «Mega Dent», «Rembradt», «Aquamit c фтором», «Lakalut» ж/е т.б.

7 Кешенді әсер ететін тіс сықпалары- соңғы уақыттарда көптеп шығарылып жатыр. Оларға: «Blend – a – Med Complete Night с витамином Е и провитамином В5», «Colgate Total», «Pepsodent plus», «Blend – a – Med Complete Herbal», «Blendax», «Альбадент», «Полиминерал» т.б.

Тісті тазалау әдістері.

Стандартты әдіс. Тіс қатары бірнеше бөліктерге бөлінеді: үлкен азу тістер, кіші азу тістер, алдыңғы тістер. Тістерді түйістірместен мәсуекті 45 градус бұрыш астында орналастырылады. Тістердің алдын ұрт беткейінен бастап тазаланады. Сол жақтың бір бөлігіне 10 сыпырушы әрекет жасаймыз, кейін басқа бөліктеріне өтеміз. Екінші болып таңдай беткейлері сыпырушы әрекеттермен тазаланады. Үшінші болып азу тістердің шайнау беткейлері қыру әрекеттері жасалып, әр жақта 10 – 15 қимыл жасалады. Соңында ұқалау қимылдары жасалады. Мұнда тістер тістеседі, солдан – оңға қарай айнала әрекеттермен тазаланады. Төменгі жақта да сол әрекеттер жасалады.

Леонард әдісі. Мәсуекті тіс беткейіне перпендикуляр орналастырып, тіс мойынынан төмен қарай қимылдар жасалады. Кіреберіс беткейді тістесу уақытында, ал таңдайды ауызды ашып тұрып тазаланады. Шайнау беткейлерін алдына – артына қозғалыстар жасау арқылы тазаланады.

Басс әдісі. Бұл әдіспен үлкен азу тістердің мойындарын жақсы тазаласа болады, себебі мәсуек тіс өсіне 45 градус бұрыш астында орналастырылады. Ол көбіне қызыл иек жүлгесіне кіріп тұрады. Кіреберіс және тіл – таңдай беткейлерін дірілдеуіш қимыл жолымен, ал шайнау беткейлерін алға – артқа қарай қимылдар жасалу жолымен тазаланады.

Фонес әдісі. Тістер тістесуі кезінде мәсуек тіс беткейлеріне перпендикуляр орналастырылып, айнала әрекеттер жасау арқылы жоғарғы және төменгі жақтар тазаланады. Бұл пародонт ауруымен ауырған науқастарда қолданады.

Рейт әдісі. Мәсуек алдын тіс өсіне паралель, кейін 90 градус бұрыш астында орналастырылып қызыл иектен сауытқа қарай сырғанау қимылдарын жасайды.

Смит – Белла әдісі. Мәсуекті шайнау бетіне перпендикуляр орналастырып, мәсуекті қызыл иекке басып – айналдыру қимылдарын жасайды да кейінгі тіске өтеді.

Стильман әдісі. Мәсуекті тіс өсіне 45 градус бұрыш астында орналастырып, оны қатты басады, соңынан айнала қимылдармен қызыл иектің түсі қайта қалпына келгенше ұқалайды, ал тіл не таңдай беткейіне мәсуекті тіс өсіне паралель орналастырып тазалайды.

Чартер әдісі. Қызыл иек шетіне мәсуекті 45 градус бұрыш астында орналастырып түрлі қимылдармен айландырып, қағып, дірілдетіп тіс аралықтарына ендіріп тазалайды.

Тісті тазалағаннан соң оның сапасын бағалау.

Ол үшін бояйтын таблетканы жайлап жейді, алдын ерінді вазелинмен майлап қояды. Егер бояйтын таблетка болмаса, онда Люголь – ерітіндісін тістердің барлық беткейлеріне жағылады. Жұмсақ тіс кірлері қалған жерлерде ол қою қоңыр түске боялады.

Ауыз қуысын тазалайтын қосымша жабдықтар

Ауыз қуысын тазалауда тіс мәсуектері әр дайым жеткілікті нәтиже бермейді. Себебі жасанды тіс сауыттары, алынбайтын тіс протездері оған мүмкіндік бермейді. Мұндай кездерде қосымша тазалайтан құрал – жабдықтар қолданамыз. Оларға: тіс жіптері (флоссы), тіс тасплары, флоссеттер, тіс шұқығыштар, шайнау резинасы, тіс аралық стимуляторлар, тіс аралық мәсуектер, ёршиктер, ирригаторлар жатады. Сонымен қатар арнайы тіс кірлерін алу үшін өшіргіштерде қолданады.