Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аралык баклау.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
170 Кб
Скачать
☆

2. Оқытушының кіріспе сөзі (5 минут):

Сабақ тақырыбына мотивациялық сипаттама беру, маңыздылығына тоқталу, сабақтың жоспары мен мақсаттарын айту.

3 Тақырыптың мотивациялық сипаттамасы.

Тұрақты пломбалық материалдар.

Тістің анатомиялық формасын және қызметін қайта қалпына келтіруде қолданатын пломбалық материалдар.

Тұрақты пломбалық материалдарға қойылатын талаптар:

  • тіске шайнау кезінде түсетін механикалық әсерге, қысымға, үйкелуге қарсы тұратын болуы керек;

  • ауыз қуысының сұйықтықтарының, сілекейдің әсеріне химиялық тұрақты болуы керек;

  • көлемін және көрінісін ұзақ уақытқа өзгертпеуі керек;

  • ағзаға, шырышты қабыққа және тіс тіндеріне зиянды әсері болмауы керек;

  • ұлпаны термиялық жолмен тітіркендірмеу үшін төмен жылу өткізетін болу керек;

  • термиялық кеңеюдің жылулық коэффиценті тістің қатты тіндеріне жақын болу керек;

  • пломбаны қуысқа енгізу, оны мүсіндеу кезінде оңай болу үшін ол жұмсақ болуы керек;

  • ол тіс қуысының қабырғаларына өте жақсы жабысуы керек;

  • тістің түсіне сәйкес болуы керек.

Көп жылдарға дейін осы талаптарға жауап беретін пломбалар болмай жүрген еді. Соңғы кездерде компомерлердің шығарылуына байланысты, бұл талаптардың барлығына толық жауап беретін пломбалық материалдар шықты.

Тұрақты пломба үшін қолданатын материалдадың бірнеше топтары бар:

    1. Цементтер

    2. Композициялық материалдар

    3. Пластмасса негізіндегі пломбалар

    4. Амальгамалар

    5. Компомерлер

І. Цементтер – оны тұрақты пломба салу, көпір тәрізді протез, жасанды сауыт, ортодонтиялық аппараттарды бекіту үшін, арналарды пломбылау, оқшалау үшін қолданылады. Цементтердің барлығы ерітінді мен ұнтақтан тұрады. Ұнтақтардың негізін мырыш, кремний, алюминий, магний, кальций тотықтары түзеді. Кремний тотығы жылтыр түсті береді. Алюминий тотығы қаттылық пен мықтылықты береді. Мырыш тотығы жабысқақтық, жақсы адгезия береді.

Магний тотығы жұмасқтықты береді. Тотықтардың мөлшеріне қарай, пломбалық қасиеттері өзгеріп тұрады. Ал ерітіндіде орта, мета, парафосфор қышқылдары бар.

Цементтердің қасиеттері талаптарға толық жауап бермегенмен , олардың арзандығы , оңай дайындалуына қарай кең қолданылады.

Цементтерді 8 топқа бөлеміз:

1. Мырыш-фосфатты цементтер;

2. Силикатты цементтер;

3. Силикат-фосфатты цементтер;

4. Бактерицидті цементтер;

5. Мырыш эвгинолды цементтер;

6. Поликарбоксилатты цементтер;

7. Стеклоиономерлі цементтер;

8. Полимерлі цементтер;

Цементтерді шыны айнада шпателмен араластырамыз. 1 порцияға 1,8-2,2гр ұнтаққа 0,5 мл ерітінді алынады. Шпательді айналдырып ерітіндіге аз-аздан ұнтақ қосып араластыра береміз. Оларды шыны пластинкада шпатель жәрдемінде 60-90 секунт уақыт аралығында қару қажет.

Дайын болғанда цементтен шпательді алғанда ол созылып, жіпшелер пайда болмайды. Қоюланып қалған қоспаға ерітінді үстінен қосылмайды.

1. Мырыш фосфатты цементтер- протезді ортодонтиялық аппараттарды, арналарды пломбылау, оқшаулау үшін қолданылады. Ұнтақ құрамында мырыш тотығы (75-90%), магний тотығы (10%), шамалы кремний , висмут тотықтары қосылады. Ерітіндісі-ортофосфар қышқылынан тұрады және алюминий, магний, мырыш фосфаттары қосылады. Оларға : фосфат, унифас, адгезор т.б. жатады.

2. Силикатты цементтер – алдынғы және кіші азу тістерді пломбалауда қолданады. Оларда ұнтақ пен ерітіндерден тұрады. Ұнтақ құрамында фтор, натрий тотығы, мырыш тотығы, магний, литий, барий, пигментерден тұрады.

Кемшіліктері – тез сынғыш, осалдау, ерігіш, улайтын қасиеті де бар, жақсы жабыспайды.

Шыны айна үстінде араластырады. Араластыру уақыты 1 минут. Оларға «силицин», «белацин» жатады.

3. Силикофосфат цементтер – олар фосфат пен силикаттардың ортасында тұрады. Ұнтақтың 80% силициннен, 20% фосфат цементтен тұрады. Ерітіндісінің құрамы да силикат цементтің ерітіндісіне жақын. Ол механикалық мықты, химиялық тұрақты, жақсы жабысады, ұлпаға улы әсері шамалы, бірақ жылтырлығы аз. Оларға «беладонт», «силидонт» жатады.

4. Бактерицидті цементтер – фосфат цементінің құрамына бактерияға қарсы тұратын күміс, мыс, сынап тұздары және т.б. жатады.

Кемшіліктері – қуыстан тез шайылады. Сондықтан оларды амальгаманың астынан оқшаулау үшін қолданады. Оларға – фосфат цемент құрамында күмісі бар және «уницем» бактериоцидті цементтері кіреді.

5. Цинк эвгенолды цементтер – тұрақты пломба салуға жарамайды. Оларды тек емдік, оқшаулайтын арналарды толтыратын пломба және протездерді уақытша бекітуде қолданады. Оларға – «кариосан», «эодент - Rapid», «эндосоль» жатады.

6. Поликарбоксилат цементтер – бұл кіреуке мен дентинге жақсы жабысатын, жұмсақ, ұлпаны тітіркендірмейтін, ылғалдан қорқпайтын материал. Құрамында мырыш тотығы мен аз мөлшерде магний тотығы бар, полиакрил қышқылының судағы ерітіндісі. Оларға – «корбоко», «белакор» жатады.

7. Стеклоиономерлі цементтер – стоматология саласының кең қолданылатын цемент болып, ол өзінің жақсы жабысуы және кіреуке мен дентиннің тіс жегі мен зақымдануына қарсы тұру күшін арттырады.

Құрамы – ұнтақ: өте майдаланған фторалюмосиликатты шыны. Оның негізі кремний, алюминий тотығы және кальций фториді, кальций фосфаты, алюминий фосфатынан тұрады. Ерітіндісі – 40-55% полиқышқылдардың сулы ерітіндісі.

СИЦтердін жалпы қасиеттері:

- моллекулалар деңгейінде кіреуке мен дентинге су өткізбей жақсы жабысады;

- ұлпаны тітіркендірмейді;

- аз мөлшерде ериді;

- рентгеноконтрасты;

- қатқаннан кейін ұзақ уақыт фтор бөледі;

- композиттерге тән отыруды тоқтатады;

- тіс кіреукесінің түсіне сәйкес;

- қышқылдардың әсеріне тұрақты;

- дентинмен термиялық кеңейу коэффициенті жақын;

- жейілуге тұрақтылығы жоғары.

СИЦтер төмендегі топтарға бөлінеді.

Қолдану орнына қарай:

а) оқшаулайтын пломба ретінде;

б) тұрақты пломба ретінде;

в) протездері қатайту мақсатында;

г) арналарды пломбалауда;

Қатуына байланысты:

а) химиялық жолмен қататын;

б) жарықпен қататын;

в) аралас.

СИЦтің түрлері өте көп.

- Сына тәрізді ақау, тұрақты тістер ойықталуында 3,5 сынып қуыстарында «Цемион РХ», «Фуджи 2», «Стион-РХ» қолданады.

- Сүт тістердің барлық сыныптарында «Цемион-РХ», «Цемион АПХ».

- Табиғи ойықтарды жабуда (гермитизация) қолданылады.

- Оқшаулайтын пломба ретінде «Цемион РХ» қолданылады.

- Реставрация жасауда, негізін қалыптастыруда «Сендвич», «Фуджи2», «Base line».

- Протезді қатайтуда «Фуджи 1», «Aqua Meron», «Цемион-Ф»

- Арналарды пломбылауда-«Стиодент»

- Полимерлі цементтер – 2 түрлі жолмен қатады: галоген шамымен полимеризациялайды және химиялық жолмен. Олармен винир, брекет, көпір тәрізді протездерді қатырады. Оларға «Резимент», «Бификс» жатады.

ІІ. Композиттер - бейорганикалық бөлшектердің органикалық негіздегі коспасы болып, ол үшін мономерлер жүйесін БИСГМА (бисфенол-А-глицил-метакрилат) колданады. Ол өте жоғары тұтқырлықта болғандықтан, таза күйде қолданбайды да, төмен тұтқырлықтағы мономерлермен мәселен ТЭГДМА(триэтилен-гликоль-диметакрилат) мен бірге қолданады. Пломбаның негізіне қосымша полимеризациялайтын, түс беретін және толтырушы бөлшектер енгізіледі. Толықтырушы зат болып – кварц, кремний қоспалары, түрлі шынылар енгізіледі. Толықтырушылар – силанмен қапталған. Олар бөлшектердің молшеріне қарай сыныптарға жіктеледі.

1 сынып – макрофилдер. 1-100мк дағы неорганикалық толықтырушы қоспалардан түзілген болып, олар 75-85 % салмағын, 80-70% көлемін құрайды. Олар өте мықты, сондықтан тегістегеннен кейін де, айтарлықтай тегіс болмайды. Ол өз кезігенде микробтардың пломбаға жабысып, екіншілік тіс жегі дамуына алып келеді. Макрофилдермен реставрация жасалмайды, өкілдеріне «эвикрол» жатады.

2 сынып – микрофилдер. Толықтырушының мөлшері 1мк да кем болып 30-60% салмағын, 20-30% көлемін түзеді.

Ерекшеліктері - өте жақсы тегістеледі, бірақ мықтылық жағынан жақсаруды күтеді. Оларға – «selioprogress»жатады.

3 сынып – гибридтер. Құрамындағы бөлшектері ірі және майда болып, толықтырушы 78-85%, ал көлемі 64 % құрайды. Жанжақты қолдануға болатын пломба болғандықтан барлық реставрациялық жұмыстарда колданады. Олар шамалы жейіледі, термиялық кеңею коэффициенті аз, полимеризация уақытында аз отырады, қысылғанда және сындырғанда жоғары мықтылық көрсетеді, суды кем адсорбция жасайды. Олардың өкілдеріне «charisma», «herculate XRV», «Z-100» және т.б. жатады. Жарықпен қататын пломбалық материалдарды қолдану кезінде полимеризациялайтын диодты шам қолданылады. Материалдың қасиетіне қарай пломбалық материалды қуысқа енгізгеннен кейін 20- 40сек аралығында ұстап тұру қажет болады. Пломбалық материалдар жұқа қабатпен, 2 мм қалыңдықтан асырмай қолдану қажет болады. Пломбаны қолданудан алдын қолдану парағымен міндетті түрде танысып шығу қажет.

Композиттер – қатайуына байланысты:

- химиялық жолмен қатайтын (сықпа+сықпа, ұнтақ+ерітінді).

- адгезив жүйесімен бірге жарықпен қататын болып 2ге бөлінеді.

Қолдауына қарай түрлі сыныптардың ақауларын пломбалайтын болып бөлінеді.

Композиттердің сапасына қарай – минералды толықтырғыштардың бөлшектерінің ірі – майдасына, органикалық негізіне, жабысу қасиетіне қарай 1,2,3,4 және 5 туындылары болады.

Композитердің кемшіліктері:

- олар ұлпаға қарай отырады;

- қолдану кезінде міндетті түрде тіндерді улау қажеттілігі;

- қолдану әдісі бұзылса, оның сапасы өзгереді;

- құрамында эвгенол болған заттармен шамалы әрекетте болғанда полимеризация үрдісі бұзылады;

- сүт тістерді белсенді деминирализациялайды;

- ауыз қуысына хлоргекседин, не ағартатын заттарды қолданып болмайды;

- металл шпатель қолдануға болмайды, жарамдылық мерзімі өтсе де қолдануға болмайды.

4 Білім деңгейін көрнекілік және оқытудың техникалық құралдарының көмегімен бақылау (20-25 мин):

Бақылау сұрақтар.

Сұрақ: Тұрақты пломба дегеніміз не?

Жауап: Тістің анатомиялық формасын және қызметін қайта қалпына келтіруде қолданатын пломбалық материалдар.

Сұрақ: Тұрақты пломбаға қойылатын талаптар

Жауап: Тұрақты пломбалық материалдарға қойылатын талаптар:

  • тіске шайнау кезінде түсетін механикалық әсерге, қысымға, үйкелуге қарсы тұратын болуы керек;

  • ауыз қуысының сұйықтықтарының, сілекейдің әсеріне химиялық тұрақты болуы керек;

  • көлемін және көрінісін ұзақ уақытқа өзгертпеуі керек;

  • ағзаға, шырышты қабыққа және тіс тіндеріне зиянды әсері болмауы керек;

  • ұлпаны термиялық жолмен тітіркендірмеу үшін төмен жылу өткізетін болу керек;

  • термиялық кеңеюдің жылулық коэффиценті тістің қатты тіндеріне жақын болу керек;

  • пломбаны қуысқа енгізу, оны мүсіндеу кезінде оңай болу үшін ол жұмсақ болуы керек;

  • ол тіс қуысының қабырғаларына өте жақсы жабысуы керек;

  • тістің түсіне сәйкес болуы керек.

Сұрақ: Тұрақты пломбалардың түрлері

Жауап: Тұрақты пломба үшін қолданатын материалдадың бірнеше топтары

бар:

Цементтер

Композициялық материалдар

Пластмасса негізіндегі пломбалар

Амальгамалар

Компомерлер

Сұрақ: Тұрақты пломбалардың қасиеттері

Жауап:

- моллекулалар деңгейінде кіреуке мен дентинге су өткізбей жақсы жабысады;

- ұлпаны тітіркендірмейді;

- аз мөлшерде ериді;

- рентгеноконтрасты;

- қатқаннан кейін ұзақ уақыт фтор бөледі;

- композиттерге тән отыруды тоқтатады;

- тіс кіреукесінің түсіне сәйкес;

- қышқылдардың әсеріне тұрақты;

- дентинмен термиялық кеңейу коэффициенті жақын;

- жейілуге тұрақтылығы жоғары.